Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 17:14, курсовая работа
Бұл жұмыста симметриялы xDSL технологияларының өмірге келуінің алғышарттары, олардың орнын басқан технологиялардын артықшылығы, жұмыс істеу механизмдері, қолданылатын компоненттер, іске асырылатын операциялар, оның кемшіліктері және т.б. ерекшеліктері жайлы мәліметтер келтірілген. Бұл технологияның қолданылу аясы, басқа xDSL технологиялардан ерекшелігі, классификациясы туралы айтылады.
хDSL технологиясы кеңжолақты технологиялар класына жатады. Ол ақпаратты тарату жылдамдығын 128кбит/с-тен 13 Мбит/с-ке дейін жететін байланысты қамтамасыз ете алады;
Коммутациялық қосылысқа қарағанда, хDSL технологиясының қосылу процедурасы тек қана бір қосымша этапты, АТС-ты сандық құрылғыға ауыстыруды, қажет етеді. Қалған процедураларды абонент өзі-ақ жасай алады.
хDSL аббревеатурасында «х» символы нақты DSL технологиясының түрін білдіреді, ал DSL – digital subscriber line – сандық абоненттік линия деген сөзді білдіреді. DSL технологиясы көптеген түрлерге, көптеген параметрлері бойынша бөлінеді (2.2-сурет).
2.2-сурет
Әр түрін жеке қарастырайық.
HDSL(High Bit-rate Digital subscriber line – жоғары жылдамдықты сандық абоненттік линия).HDSL технологиясы деректер таратудың симметриялық желісін ұйымдастыруды қарастырады, яғни пайдаланушыдан желіге таралатын және желіден пайдаланушыға таралатын деректер жылдамдығы бір-біріне тең. Деректер тарату жылдамдығының арқасында (екі қоссым бойынша 1,544 Мбит/с және үш қоссым бойынша 2,048 Мбит/с) телекоммуникациялық компаниялар HDSL технологиясын T1/E1 желілеріне альтернатив ретінде қолданады
HDSL технологиясының артықшылықтары:
1)Сигналды адаптивті
сандық өңдеу технологиясының
арқасында байланысты
2)Симметриялаусыз және параметрлерді терусіз көпсымды телефондық кабельдерінің екі жұбы арқылы сигнал жіберу мүмкіндігі;
3)Регенераторлардың
қолданбауы салыстырмалы алыс
қашықтықта жүйенің
4)HDSL құрылғылары үшін қосымша диагностикалық аппаратура кажет емес;
5)Алдыңғы қатарлы схемотехника HDSL-линияларының бөгеулерге жоғары шыдамдылығын қамтамасыз етеді, HDSL-дың қателік коэффициенті сигналды процессорларды және сигналдарды адаптивті өңдеуді қолдануының арқасында оптоталшықтық линиялардікімен шамалас.
SDSL (Simmetrical/single pair
DSL – симметриялық/бір жұпты
IDSL (ISDN DSL). Стандартталмаған сигналды бір жұп мыс сым арқылы 128 кбит/с жылдамдықпен тарататын технология. Технологияны реализациялау кезінде эхокомпенсациясы бар 2B1Q жеткізу әдісі қолданылады және ISDN желілірендегідей модемдер мен терминалды адаптерлер қолданылады, бірақ IDSL технологиясы, ISDN-ге қарағанда провайдермен тұрақты байланыс режимін ұстап отырады. IDSL бір уақытта ақпарат пен сөзді үлкен арақашықтықтарға(40км дейін) бір жұп сым арқылы жеткізуді ұйымдастыруда қолданылады.
MDSL (Moderate Speed DSL – орташа жылдамдықты сандық абоненттік линия).SDSL технологиясының орташа жылдамдықты түрі (384-тен 1168 кбит/с дейін). Технологияда жеткізу жылдамдығы байланыс жағдайына адаптация жасайтын 2B1Q коды қолданылады.
MSDSL (Multirate Symmetrical/single pair DSL – көп жылдамдықты симметриялы сандық абоненттык линия). SDSL технологиясының жылдамдығы 144-тен 2320 кбит/с дейінгі аралықтағы түрі. MSDSL технологиясының реализациясы байланыс жағдайларына жылдамдықты САР модуляция арқылы адаптация қолданылады.
SHDSL (Single-pair High-speed DSL – бір жұпты жоғары жылдамдықты сандық абоненттік линия).ITU-T-мен стандартталған (Рек. G.991.2) бір жұп сым арқылы 192-ден 2320 кбит/с жылдамдықты сандық ақпаратты таратуды қамтамасыз ететін технология. Екі жұп сым арқылы 384-тен 4640 кбит/с жылдамдықпен жұмыс жасау мүмкіндігі қарастырылған. Жиіліктер жолағы 0,05...0,35 МГц. ТС-РАМ тарату әдісі SHDSL технологиясының құралдарының ISDN, HDSL, ADSL жүйелерімен бір кабель арқылы жұмыс жасағанда спектральді сәйкестігін қамтамасыз етеді. Технологияға АТМ, ІР, Frame Relay траснпорттық технологияларының базасында МСС-те жұмыс жасау мүмкіндігі енгізілген.
HDSL2/4.ANSI (T1.TRQ.06-2001)-да стандартталған T1 ағынын бір немесе екі жұп сым арқылы тарататын және SDSL технологиясының аналогы болып табылатын 1,5 Мбит/с жылдамдыққа дейінгі сигналды тарату технологиясы. Қолданылатын тарату әдісі – TC-PAM.
VDSL (Very high speed DSL – өте жоғары жылдамдықтағы сандық абоненттік линия).Асимметриялы VDSL-жүйесінің, ETSI ұйымының ТS 101 270 стандартында көрсетілген, симметриялы жұмыс жасау режимі. Жай мыс сымдық жұпта сандық ағынның таралу жылдамдығы 13Мбит/с дейін жетеді.
2.3 xDSL технологиясының қолданылуы
xDSL – бөлінген (коммутацияланбайтын) желілерді қарапайым телефон желісі көмегімен ұйымдасытыру үшін пайдаланылады. Коммутацияланатын модемдерден айырмашылығы – басқа жиілік диапазонын қолданады, және де телефон желелері бойынша сигнал тек АТС-ке дейін ғана беріледі. Көбінесе бір уақытта мәліметтермен алмасуды және телефон желісін пайдалануды қамтамасыз ете алады.
xDSL көптеген салаларда қолданылады:
Телефония - HDSL және SDSL жүйелерінің басты қолдану аймағы. Жүйелер бір сымнан 30 жұмыстық линияға дейін байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Ақпаратты жіберу. xDSL технологиялары глобальді (WAN) және локальді (LAN) желілер арасындағы байланыста қолданылады.
Сымдар байланысы жеткіліксіз аймақтарда xDSL қарапайым телефон немесе ISDN-мен қатар сол бір ғана сым арқылы жұмыс істей алады.
Деректерді
жоғары жылдамдықты тарату
xDSL технологияларын
телефондық желінің
xDSL асиметриялық
технологиясы Қазақстан
Қорытынды
Соңғы уақытта желілік технологиялар қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда, Интернетке қатынас құрудың бірнеше альтернативті әдістері бар. Олардың ішінен кеңінен таралынған болып, телефон желісі арқылы коммутациялық қатынас құру болып табылады. Бұл кезде коммутаторлардың өзіндік әдістеріне байланысты болады. Деректің типіне қарай біз каналдар, пакеттер және хабарлар коммутаторын пайдалана аламыз. АлxDSL технологиялары деректерді жоғары жылдамдықта таратуға мүмкіншілік беретін басты құралдарының бірі болып табылады. Бұл жұмыста оның жолдары айқын көрсетілген.
xDSL технологияларының
түрлерге бөлінуі, жұмыс істеу
принциптері, даму жолдары,
Коммутация әдістері жайлы олардың негізгі анықатамалары, даму тарихы, байланыс орнатудағы бір-бірінен ерекшеліктері, физикалық ортаны қолданудағы тиімді және тиімсіз жақтары туралы айтылады. Бұл әдістердің жүзеге асыру механизмдері, олардың қолдану аясы, пайдаланудағы ерекшеліктері жайлы деректер келтірілген.
Уақыт өте келе осы технологиялардың функциялары жетілдіріліп, жылдам қолдануға мүмкіндік береді деген ойдамын.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
6.Телекоммуникационные системы
и сети. Том 1. – Современные технологии
/Под ред. В. П. Шувалова.- М.: Горячая линия-Телеком,
2003.7. http://ru.wikipedia.org/wiki/