Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 20:41, реферат
Бұл дәрісте жергілікті желіде қолданылатын байланыс тізбегінің түрлері, ерекшеліктері, жұмыс істеу принциптері, артықшылықтары мен кемшіліктері, қолдану ережелері жайында айтылады.
Негізгі тіркестер: тарату ортасы, таралу кідірісі, сигналдың бәсеңдеуі, өткізу жолағы, коаксиалды кабель, өрілген жұп сымдар, оптоталшықты кабель, радиоарна.
Жергілікті желідегі байланыс тізбегінің түрдері 3
Өрілген жұп сымдар негізіндегі кабельдер 5
Коаксиалды кабель 11
Оптоталшықты кабель 13
Кабельсіз байланыс арналары 15
МАЗМҰНЫ
Жергілікті желідегі
байланыс тізбегінің түрдері
3
ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІДЕГІ БАЙЛАНЫС ТІЗБЕГІНІҢ ТҮРЛЕРІ
Бұл дәрісте жергілікті желіде қолданылатын байланыс тізбегінің түрлері, ерекшеліктері, жұмыс істеу принциптері, артықшылықтары мен кемшіліктері, қолдану ережелері жайында айтылады.
Негізгі тіркестер: тарату ортасы, таралу кідірісі, сигналдың бәсеңдеуі, өткізу жолағы, коаксиалды кабель, өрілген жұп сымдар, оптоталшықты кабель, радиоарна.
Мазмұны
Компьютерлер арасында ақпарат алмасу жүргізілетін байланыс тізбектерін (немесе байланыс арналарын) – ақпаратты тарату ортасы деп атайды. Қазіргі кезде сымсыз желілердің кең ауқымды қолданылуына қарамастан, көптеген компьютерлік желілерде (әсіресе жергілікті) сымды немесе кабельді байланыс арналары пайдаланылуда.
Жергілікті желілердегі ақпарат көбінесе тізбектелген кодтар түрінде таратылады, яғни бит соңынан бит болып. Параллельді кодты пайдаланған уақыттағыға қарағанда, мұндай тарату баяу және қиынырақ. Дегенмен, жылдам параллельді тарату кезінде (бір уақытта бірнеше кабель арқылы) біріктіруші кабельдер саны, параллельді кодтар разрядының санына тең болып көбейетінін ескеру қажет (мысалы, 8 разрядты код кезінде 8 есе). Бұл өте маңызды нәрсе. Желі абоненттерінің ара қашықтығы алыс болған жағдайда кабельдің құны компьютер құнына тең немесе қымбат болуы мүмкін. Оның үстіне 8,16 немесе 32 кабельдің орнына 1 кабель төсеу оңайырақ. Сонымен қатар кабельдің зақымдалған жерін анықтау мен жөндеу арзанға төседі.
Ақпаратты өте алыс қашықтыққа тарату барлық кабель түрлері үшін күрделі жіберуші және қабылдаушы аппаратты қажет етеді, себебі бұл уақытта жіберуші тарапынан күшті сигнал тудырып, қабылдаушы тарапында әлсіз сигнал детектрлеу керек. Ақпаратты тізбектеп тарату кезінде бұл процесс үшін жалғыз жіберуші және жалғыз қабылдаушы аппарат жеткілікті. Ал параллельді тарату кезінде қажет болатын жібергіш пен қабылдағыш саны, қолданылатын параллельді код разрядтылығына пропорционалды өседі. Осыған байланысты, аз қашықтықты желі құру барысында да, ақпаратты тізбектеп тарату қолданылады.
Сонымен қатар параллельді тарату кезінде жеке кабельдердің ұзындықтарының бір біріне тең болуы өте маңызды. Себебі әр түрлі ұзындықты кабельдер арқылы тарату нәтижесінде қабылдаушы жақта сигналдар арасында уақыттық ауытқу пайда болады, ал ол өз кезегінде желінің жұмысқа қабілеттілігін жоюы мүмкін. Мысалы, тарату жылдамдығы 100 Мбит/с және бит ұзындығы 10 нс кезінде уақыттық ауытқудың шамасы 5-10 нс аспауы қажет.
2-4 кабель арқылы ақпаратты параллельді тарату кейбір жоғары жылдамдықты жергілікті желілерде пайдаланылады, ал жоғары жылдамдықты тарату, өткізу жолағы өте аз арзан кабельдерді қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ бұл жағдайда кабель ұзындығы 100 метрден аспауы керек. Мысал ретінде FAST Ethernet желісіндегі 100 BASE-T4 сегментін келтіруге болады.
Өнеркәсіпте кабельдердің көптеген түрлері шығарылады, мысалы, жалғыз Belden кабельдік компаниясының өзі кабельдің 2000-нан астам түрін ұсынуда. Дегенмен барлық кабельдерді үлкен 3 топқа бөлуге болады:
Кабельдің
әрбір типінің өзіндік
Кабельдердің мынадай негізгі параметрлерін көрсетуге болады:
Қазіргі уақытта кабельдерге келесі стандарттар ықпал етеді:
Көрсетілген
стандарттар жалпы бірдей кабельдік
жүйелерді сипаттайды, бірақ терминологиясымен
және параметрлік нормаларымен ерекшеленеді.
Бұл курста EIA/TIA 568 стандартының терминологиясына
жүгіну ұсынылады.
Өрілген жұп сымдар арзан және қазіргі кезде ең танымал кабельдерде пайдаланылады. Өрілген жұп сымдар негізіндегі кабель жұмсақ және орнатқанға ыңғайлы болып келеді. Сымдарды орау кабельдің индуктивтік әсерін минимизациялауға және өтпелі процесстердің әсерін азайтуға мүмкіндік береді.
Әдетте кабельде екі (2.1-сурет) немесе төрт өрілген жұп сымдар болады.
2.1-сурет. Өрілген жұп сымды кабель
Экрандалмаған өрілген жұп сымдар сыртқы электромагниттік бөгеуілдерден, сонымен қатар, өнеркәсіптік мақсаттағы рұқсатсыз тыңдаулардан әлсіз қорғанушылығымен сипатталады. Желі арқылы таралатын ақпаратты ұрлау кабельмен байланысу әдісімен, сонымен қатар кабель сәулелендіретін электромагниттік өрісті радиоаулау әдісімен де мүмкін. Оның үстіне кабель ұзындығының артуымен бөгеуілдердің әсері мен сәулеленудің шамасы да артады. Бұл кемшіліктерді жою үшін кабельдерді экрандау қолданылады.
Кабельдің сәулеленуін азайту үшін, сыртқы электромагниттік бөгеуілдерден қорғану үшін экрандалған өрілген жұп сымдарда STP өрілген жұп сымның әрбірі металл экран орамаға орнатылады. Әрине, экрандалған өрілген жұп сымдар экрандалмағанға қарағанда қымбатырақ. Оны пайдалану арнайы экрандалған ағытпаларды қажет етеді.
Экрандалмаған өрілген жұп сымдардың негізгі артықшылықтары - кабель соңындағы ағытпалардың қарапайым құрастырылуы және кабель ақауларының жеңіл жөнделуі. Қалған барлық сипаттары басқа кабельдермен салыстырғанда нашар. Мысалы, берілген тарату жылдамдығында олардағы сигналдың бәсеңдеуі коаксиалды кабельдердегіге қарағанда көбірек. Қазіргі уақытта өрілген жұп сымдар 1000 Мбит/с жылдамдыққа дейінгі ақпараттарды тарату үшін қолданылады. Дегенмен мұндай жылдамдықта пайда болатын техникалық ақаулар өте күрделі.
EIA/TIA 568 стандарты бойынша, экрандалмаған өрілген жұп сымдар негізіндегі кабельдердің 5 негізгі және 2 қосымша санаты бар:
EIA/TIA 568 стандарты бойынша, 3,4,5 санатты кабельдердің толық толқындық кедергісі, жиілік диапазоны 1 МГц-тен максималды жиілігіне дейінгі аралықта 100 ±15% Омды құрауы қажет. Талап қатты емес, толқындық кедергінің шамасы 85÷115 Омның арасында бола алады. Осы жерде айта кеткен жөн, стандарт бойынша экрандалған өрілген жұп сымдардың STP толқындық кедергісі 150±15% Ом аралығында болуы керек. Кабель мен құрылғының кедергілері сәйкес келмеген жағдайда оларда сәйкестендіру үшін келістіруші трансформаторлар қолданылады (Balun). Сонымен қатар толқындық кедергісі 100 Ом болатын экрандалған өрілген жұп сымдар бар, бірақ ол аз қолданылады.
Стандарт бойынша белгіленетін, екінші маңызды параметр бұл – кабель арқылы таралатын, әр түрлі жиілікте, сигналдың максималды бәсеңдеуі. 2.1 кестеде 3,4 және 5 санатты кабельдердің 1000 фут қашықтыққа (яғни 305 метр), қоршаған орта температурасы 20º кезінде, бәсеңдеу шамасының максималды мәндері көрсетілген.
2.1 - кесте. Кабельдердегі максималды бәсеңдеу
Жиілік, МГц | Максималды бәсеңдеу, дБ | ||
3 санат | 4 санат | 5 санат | |
0,064 | 2,8 | 2,3 | 2,2 |
0,256 | 4,0 | 3,4 | 3,2 |
0,512 | 5,6 | 4,6 | 4,5 |
0,772 | 6,8 | 5,7 | 5,5 |
1,0 | 7,8 | 6,5 | 6,3 |
4,0 | 17 | 13 | 13 |
8,0 | 26 | 19 | 18 |
10,0 | 30 | 22 | 20 |
16,0 | 40 | 27 | 25 |
20,0 | — | 31 | 28 |
25,0 | — | — | 32 |
31,25 | — | — | 36 |
62,5 | — | — | 52 |
100 | — | — | 67 |
Информация о работе Жергілікті желідегі байланыс тізбегінің түрдері