Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 23:04, курсовая работа
Осы тақырыпты қозғай отырып, эквивалентсіз лексиканың жаратылысы, типтері мен оларды аудару тәсілдері мәселелері әлі күнге дейін толық зерттелмегенін көреміз. Сонымен қатар, мәдениет аралық қарым-қатынас үрдісі кезінде эквивалентсіз лексиканың мәні (рөлі) өте зор. Шетел тілдерін оқыту әдістемесінің қазіргі дамуы шетел тілін оқыту кезінде туған тіл мен оқытылатын тілдің ұлттық мәдениетін үйлестіріп оқытуды ұйғарады. Соңғы кездері тіл білімі мен лингводидактикалық лингвоелтану саласы кең таралуда. Оқытушының міндеті – оқушыны басқа мәдениетке, басқа өркениетке қатыстыра отыра, оның назарын ұлттық-таңбаланған лексикаға аударып, оның белгілі бір фондық елтанушылық ақпаратты иеленіп, белгілі бір ассоциацияларының пайда болуына сілтеу.