Дидактикалык ойындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 18:37, курсовая работа

Описание

Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып, дамып, дәстүрі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі.
Ойын – тәрбиенің барлық саласымен, өнермен ұштасып жатады.
Ойын әрекетінің бала дамуына қызмет атқаратындығы жөнінде Ж.Аймауытов, Ә.Тәжібаев, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Ш.Құдайбердіұлы т.б. қоғам қайраткерлері де ой айтқан.
Баланың аса маңызды адамгершілік қасиеттері бастауыш сыныптарда қалыптаса бастайды. Егерде мектептен ата-ана бала бойындағы өзгерістерді жете қадағалап, жасына лайықты тәрбие алуына бағыт-бағдар беріп көмектеспесе, ол олқылық орны толмас өкінішке, жаман қасиеттерге ұласуы мүмкін.
Сабақта қызықтылық материалдарын пайдалана отырып, ойын арқылы оқыту танымдық әрекеттерге үлкен нәтиже беретінін зерттеуші ғалымдар дәлелдеп көрсетуде. Оны бірнеше мысалдар арқылы көрсетейік: «Занимательная наука делает труд интересным, а потому и приятным, стремится опровергнуть тысячилетнюю поговорку о горько корне учения. Занимательная наука не превращает обучения в роду забавы». (3.23) Қызықты тапсырмалар оқушыны тілдік материалдарды дұрыс меңгеруге, сауатты әрі байланыстыра жазуға үйретуге, тілге деген қызығушылығын арттыруға арналған (4.5)

Работа состоит из  1 файл