Шет тілін оқытуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 09:49, реферат

Описание

Зерттеу жұмысының мақсаты − шет тілі сабағында мәдениет түсінігін қалыптастыруда негізгі талаптаптарды табу және оқышылардың қабылдау процессін қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Шет тілі елінің мәдениеті бойынша сабақтар мен талаптардың мақсаттарын қалыптастыру.
2. «Мәдениет» түсінігін қалыптастыру үшін шет тілі сабақтарында қолданылатын құралдарды сипаттау.
3. «Мәдениетті» шет тілі сабағындағы тәрбиелеу мақсаты ретінде қарастыру.
4. Ағылшын тілі сабағындағы шет тілі елінің мәдениеті туралы зерттеу фактілерін талдау.

Работа состоит из  1 файл

на каз.docx

— 27.54 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

        Шет тілін оқытуда  оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын  қалай сақтауға болады? Бұл сұрақ  соңғы жылдарда  әдістемелік әдебиеттерде кеңінен қарастырылуда. Шет тілін  оқытудағы сабақтарда мотивтерді сақтауда елтану элементтері маңызды рөл  атқарады. Шет тілін оқыту процессінде  елтану сипатындағы мәтіндер бүгінгі  таңда үлкен орын алады. Осындай  мәтіндердің арқасында, оқушылар үйреніп  жатқан тілдің елінің реалийлерімен  танысады, география, білім, мәдениет саласында  қосымша білім алады. Елтанулық  мәтіннің мазмұны оқушыларға маңызды, белгілі бір жаңашылдығы болуы  керек. Елтану сабақтары шет тілін  оқушыларда болашақта елтанушылық  деректермен жекелеп таныса беру мүмкіндігін туғызады. Және соның  ішінде лингвоелтану мен мәдениет ұғымдары мотивацияны сақтауда қызмет етуі тиіс.                                                                    

        Сонымен осы тәжірибе шет тілін оқыту процесінде лингвоелтанушылық  деректердің рөлін анықтау үшін қажет. Осыған байланысты және біздің зерттеу пәніміз болып лингвоелтанушылық  деректерді меңгеру процесі табылады. Себебі бұның мектептің әдістемелік  базасы үшін маңызы зор болып келеді. Біздің уақытымызда бір немесе бірнеше  шет телін меңгеру өте қажет  және беделді болып табылады. Шет  тілін оқытудың жедел оқу, бірақ  әрдайым әсерлі бола бермейтін көптеген жолдары пайда болды. Осыған байланысты мектепте шет тілін оқыту деңгейі  жоғарылауы керек, ал бұл үшін сабақ  берудің жаңа тәсілдерін игеру қажет. Лингвоелтанушылық деректер шет тілін оқуға қызығушылық тудыратын және сол қызығушылықты қолдайтын ең мықты бастама болып табылады. Осыдан егер де біз лингвоелтанушылық сипаттағы элементтерді енгізсек негіздеме еселенеді және қол жетімді болатынын көруге болады. 

        Ғылыми түсініктемеде  мәдениет дегеніміз адамның кез  келген әлеуметтік қызметі, процесі  мен нәтижесінің жиынтығы. Осыған байланысты адамды қоршаған шынайылылық  табиғат пен мәдениет түрінде  беріледі.     Кең таралған мәдениеттанулық лингвистикалық білімнің дамуына мүмкіншілік тудырады (лексиканы  байыту, аудару дағдысы, фразеологизмдермен жұмыс жасау), сонымен қатар шет  тілін оқушыларды шет тілі мәдениеттерінің  нақты аспектілерімен таныстырады. Осындай уақыт аралығы шет  тілін үйренушілерге кездескен  көптеген  қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік  береді.

        Зерттеу жұмысының  объектісі – шет тілі сабағында мәдениет түсінігін қалыптастыру процессі.

        Зерттеу жұмысының  мақсаты − шет тілі сабағында мәдениет түсінігін қалыптастыруда негізгі талаптаптарды табу және оқышылардың қабылдау процессін қарастыру.

        Зерттеу жұмысының  міндеттері:

1. Шет  тілі елінің мәдениеті бойынша  сабақтар мен талаптардың мақсаттарын  қалыптастыру.

2. «Мәдениет»  түсінігін қалыптастыру үшін  шет тілі сабақтарында қолданылатын  құралдарды сипаттау.

3. «Мәдениетті»  шет тілі сабағындағы тәрбиелеу  мақсаты ретінде қарастыру.

4. Ағылшын  тілі сабағындағы шет тілі  елінің мәдениеті туралы зерттеу  фактілерін талдау.

5. Сабақта  қолданылатын тіл және мәдениет  реалияларын қарастыру және олардың  шет тілі сабақтарында практикалық  қолданылуын, тәрбиелік құндылығын  талдау.

        Зерттеу жұмысының  өзектілігі қазіргі таңда мәдениет және лингвоелтанушылық деректемелер шет тілін оқытуда көбірек қолданылуда болып табылады. Сол себепті бұл мәселе өзекті болып табылады.

        Зерттеу жұмысының  теоретикалық маңызы шет тілі сабақтарында мәдинеттанулық фактілер қазіргі таңда кеңінен қолданылуда. Берілген тәсілді теория түрінде дәлелдеу және оны қолдануда лайықтылығын талдау қажет.

        Жүргізілген жұмыс  нәтижелері ағылшын тілі сабағында  мәдениет туралы фактілерді және білім  беру мен тәрбиелеу мақсатында реалиялардың кейбір ерекшеліктерін де қолдану қажет  деп  қорытындылауға мүмкіндік берген3нде  зерттеу жұмысының практикалық маңызы болады.

        Зерттеу жұмысының  әдістері: берілген тәсілдің ерекшеліктерін анықтауда ғылыми әдебиеттердің  талдауы; сипаттайтын әдістер; көрнекілік құралдар пайдалану әдістері.

        Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, теориялық және практикалық  бөлімдер, қорытындыдан және қосымшалардан  тұрады.

І. Шет тілін оқытуының  бір бөлігі ретінде  шет тіл мәдениетін оқыту

1.1 Шет тілдік мәдениетін  оқытудағы мақсаттар  және әдістемелік  тапсырмалар 

        Егер екі ұлттық мәдениетті салыстыратын болсақ, олардың  ешқашан толығымен сәйкес келмейтіндігі  туралы шешім шығаруға болады. Бұл  әрқайсысы ұлттық және ұлтаралық  элементтерден тұратындығынан шығады. Әр мәдениетке осы элементтерлің  жиынтығы әртүрлі болады. Осыны көру үшін  графикалық нысанда бейнелейміз (Қосымша №1).

        Шеңбер мәдениетті құрайтын элементтердің жиынтығын  білдірсін. а және б литерлермен белгіленген аудандар жеке мәдени элементтерді білдіреді (мәдениеттегі ұлттық), ал аб аудандары екі мәдениеттің ортақ элементтерін көрсетеді (ұлтаралық). Тіл мен мәдениет арасында параллелизм болғандықтан, ұлттық және ұлтаралық элементтерді а және б мәдениетінде ғана емес, сонымен қатар А және Б тілдерінде көрсету тиіс.

  1.3. Шет тілі мәдениеті оқудың мақсаты ретінде

        Сонымен біз шет  тілін оқытып жатқанда неге үйретеміз?

И. Я. Лернердің  анықтамасы бойынша  оқыту — бұл  жас ұрпаққа мәдениетті толық  көлемде беру. Жалпы мәдени қор  оның бөлімдерін меңгерудің арқасында  адамдардың қол жеткізген мұрасы болып табылады: физикалық, музыкалық, эстетикалық, көркем мәдениет, сонымен  мектептің бөлек пәндері сияқты: ән айту— музыкалық мәдениеттің  сабағы, сурет салу сабағы—көркем  мәдениеттің сабағы. Соған сәйкес «шет тілі» пәні шет мәдениетті ауқымына алады [9,21].

        Шет мәдениет  —  шет тілін оқушыларға шет тілін  оқулық, танымдық, дамытушылық және тәрбиелілік аспектілермен меңгеру  процесін әкелуге мүмкіншілігі бар. Оқудың мақсаты ретінде шет мәдениет әлеуметтік, лингвоелтанушылық, педогогикалық  және психологиялық оқудың барлық аспектілерімен сәйкес келетін және«шет тілі» пәнінің  мазмұнынан шығатын  мазмұнға ие. Алайда осындай қоғамдық түрде шет мәдениеті  оқудың мақсаты болып табыла алмайды, себебі оны меңгеру бірден емес, ақырындап іске асады. Осыған байланысты шет мәдениетінде бірінші  оның мәндік бөліктері анықталады — мақсат бөліктері, кейіннен олар оқу объектілерінде нақтыланады. Соған байланысты екі тапсырманы шешудің маңызы зор:

1) бір  сағатта меңгеруге болатын объектілердің  шеңберін анықтап алу;

2) оқу,  танымдық, дамытушы және тәрбиелілік  аспектілердің қатарына кіретін  объектілер топтарының арақатынастарын  белгілеу;

        Оқу объектілерінің толық тізімі — класс бойынша  бөлінген, оқулықтарда орналастырылған  шет тілі бойынша бағдарламада болуы  тиіс нәрселер. Әр сабақта нақты  бір мөлшерде шет тілі мәдениетінің лингвоелтанушылық, әлеуметтік, педогогикалық  және психологиялық мазмұны иегіруі  тиіс [12,18].

        Осы тәсіл оқуды  басқарылатын етеді және шет тілі мәдениетін меңгеруге мүмкіндік  береді. Басқалары секілді бұл  да төрт элементтен тұрады:

1) Тілді  меңгеру, мәдениет, қызметтерді білу  қарым қатынас құралы ретінде;

2) Оқу  және ауызша білімдер — білімді  пайдалану тәжірибесі;

3) Барлық  ауызша қызметтерді жүзеге асыру  қабілеті;

4) Негіздеме  — жекенің құндылығы жүйесіне  бағытталған тәжірибе.

        Шет мәдениеті мазмұнының элементтерін оқу аспектілерімен сәйкестендіре  келе, оқудың мақсаты ретінде шет  тілдік мәдениеттің бөлігін анықтауға  болады:

1) оқу   аспекті - мақсаттың әлеуметтік  мазмұны. Берілген аспект жекеліктердің  арасындағы қатынастың құралы  ретіндегі шет тілін меңгеруді,  сонымен қатар шет тілдік мәдениет  деңгейінің дамытылу процесі  сияқты  жеке жұмыс білімін  иеленуді өзіне қосады.

2) Танымдық  аспекті — мақсаттың лингвоелтанушылық  мазмұны. Жеке тұлғаның рухани  әлемін байыту құралы ретінде  қолданылады және қызметтің құрамдылық  түрлері негізінде жүзеге асады:  оқу және аудиттеу.

3) Дамытушы  аспекті — мақсаттың психологиялық  мазмұны. Берілген осы аспектіге  басты мақсат кіреді— оқу жүйесіне  қосылған арнайы құралдармен  дамыту қажет болып табылатын  ауызша мүмкіншіліктерді, психикалық қызметтерді, қарым қатынас жасай білуді, негіздеменің белгілі бір  деңгейін дамыту.

4) Тәрбиелеуші  аспекті — мақсаттың педогогикалық  мазмұны. Шеттілдік мәдениетті  оқыту барлық жағынан тәрбиелеу  болып табылады [2,41].

        Қоғамда мәдениет бірнеше  қызметті атқарады: гуманистикалық, коммуникативті, танымдық, нормативтік және ақпараттық.

        Мәдениет қызметімен ауызша қызмет әрекеттері тығыз байланысты болады. Себебі тіл мәдениеттің сақталуы мен бір адамнан екінші бір  адамға берілуінің негізі болып табылады. Ауызша қызметтің басты әрекеті  болып коммуникативті табылады: адам басқа адамдардың әрекетіне, ойларына, сезімдеріне, саналарына әсер ету үшін айтады.

ІІ. Шет тілі сабақтарында мәдениет туралы  деректерді қолдану  және олардың қорытындысы

2.1. Реалиялар мәдениет  пен тілде. Реалиялар  классификациясы

        Лингвоелтанудың негізгі  объектілерінің бірі болып оқып жатқан тілдің реалиясы табылады. Реалия —  бұл тұрмысқа, мәдениетке, оқып жатқан тілдің елінің тарихына, батырларына, дәстүрлеріне, салттарына қатысты  нақты фактілер. «Реалия» сөзі латынның көпше түрдегі сын есімі. Ол орыс тілінде аналогиялық лексикалық санаттардың әсерінен зат есімге айналған. Филология пәнінде осы  сөз екі мағынада қарастырылады:

        1) реалия — халықтың, елдің мәдениеті, тұрмысы теориясына  тән және басқа халықтарда  кездеспейтін пән, түсінік, құбылыс; 

        2) реалия — пән  немесе құбылысты білдіретін  сөз; сонымен қатар сөз тіркесі  (әдетте осындай сөздер бар   фразеологизм, мақал, жаңылтпаш) [15,36].

        Реалия — бұл  аралық санаттар арқылы пәнмен қатынасатын  сөз— референт. Референт — бұл объективті түрдегі шынайылылық пен осы  тіл бірлігімен қатынаста болатын  мағыналы мазмұнды құрайтын пән немесе құбылысты білдіретін ой пәні.

            Тілдің басқа сөздерімен салыстырғанда реалияның  айрықша  ерекшелігі болып пәндік мазмұнының сипаты табылады, яғни реалия білдіретін пәннің, түсініктің, құбылыстың елмен, халықпен бір жағынан, және тарихи уақыт  бөлігімен — екінші жағынан тығыз  байланысы табылады.

        Стилистикалық жоспарда реалия ұлттық әдеби тілдің тәуелділігі  болып қалады және олар осымен басқа  ғылыми терминдерден, жаргондардан, кәсіби сөздерден ерекшеленеді.

Реалиялар классификациясы

        Тілтану ғылымдарында реалия сөздердің классификациясы  лингвистикалық қағидаларға негізделген. Жүргізушу лингвисттер классификацияның бірнеше топтарын ерекшелеп көрсетті: 1) реалия — жеке атаулар 2)тарихи жергілікті колоритке байланысты 3) жалпыұлттық  реалия. Шет тілі сабағында пайдаланылған  реалия классификациясын ұсынамыз.

2.2. Мәдениеттанушылық  мәлімет қолданылған  сабаққа талдау

        Бұл жіктеуді қолдану  ретінде 7 сыныптағы ағылшын тілі сабағын қарастырайық. Бұл практика «шет тілі» пәніне жағымды қатынасты қалыптастыруда лингвоелтанушылық мәлімет, сонымен бірге мәдениет түсінігі басты рөлдерді ойнайтындығын дәлелдеу мақсатында жүргізілді. 

        Сонымен, бұл практиканың  мақсаты мынада: оқытылып отырған  тіл еліне оң қатынасты қалыптастыруға және сол ел тұрғындарын, олардың  дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, тарихын, саяси және экономикалық тәртібінің ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік  беру;   Бұл тәжірибенің 7 сыныпқа  өткізілген себебі, дәл осы жастағы  балалар өздерінің санасына, сезіміне және тәртібіне әсер ететіндерге  аса қабілетті болады.  Тәжірибе 15  адамнан тұратын топта жүргізілді. Осы тәжірибені өткізу барысында  келесі әдістемелердің элементтері  пайдаланылды: қарқынды әдістеме, соның  ішінде, Storytelling, ОКЖ (КСО) — оқытудың кешенді жүйесі, сонымен қатар  лингвоелтанушылық сипаттағы мәтіндермен  жұмыс әдістемелері.

Информация о работе Шет тілін оқытуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту