Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 10:10, реферат
Тарихи тұлға, ақын және композитор, ол IX ғасырда Сырдария даласында туған. Қобызды жасаушы, аңызшы, ақындардың, музыканттардың иесі, бақсы. Аңыздар бойынша Қорқыт түйені сойып, терісінен қобыз жасайды
Өмірбаяны
Тарихи тұлға, ақын және композитор, ол IX ғасырда Сырдария даласында туған. Қобызды жасаушы, аңызшы, ақындардың, музыканттардың иесі, бақсы. Аңыздар бойынша Қорқыт түйені сойып, терісінен қобыз жасайды
Биография
Қорқыт
Тарихи тұлға,
ақын және композитор, ол IX ғасырда
Сырдария даласында туған. Қобызды жасаушы,
аңызшы, ақындардың, музыканттардың иесі,
бақсы. Аңыздар бойынша Қорқыт түйені
сойып, терісінен қобыз жасайды. "Қорқыт
атаның кітабы" - түрік халықтарының
эпикалық жазба ескерткіші. Әрбір аңыздың
өзіндік сюжеті бар және олардың әрқайсысының
басты қаһарманы Қорқыт ата -дана, көсем,
басшы, тағдыр туралы болжап - пісуші. Аңыз
бойынша және Қорқыттың өзінің өтінішімен,
оның қабіріне денесімен бірге, желмен
дыбысталып тұратын қобыз бірге салынады.
Қорқыт атаның құрметіне 1980 жылы Қызылорда
облысында архитектуралық ескерткіш салынған.
Белгілі қазақ жазушысы, академик Мұхтар
Әуезов арқылы әңгімеленетін "Қорқыт
туралы аңыздардың" мәні аса жоғары,
себебі, ол -адамға қызмет ету арқылы өнердің
өлмейтіндігін, мәңгіліктігін көрсетеді.
Қарақожа ұлы
Қорқыт Ата қазіргі Қызылорда
облысы, Қармақшы ауданына қарасты
Сырдария өзенінің төменгі жағасында,
Жаңакент (Иеникент) қаласында ( VIII—IX ғ.ғ.)
өмір сүрген. Өз халқының бақыты үшін “Жер
ұйығын” іздеп, көптің мүддесін көздеген
Қорқыт Ата — ақын, жырау, композитор,
әнші, күйші, қобызшы, өз дәуірінің ойшылы
болған адам. Бұл жаңа қала Сыр өзенінің
Арал теңізіне құйылар жерінде тұрғандықтан,
қазақ халқы оны “Су аяғы — Ер қорқыт”
деп те атаған.
Тарихи жазба
мәліметтер мен халық шежіресі бойынша
Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына
жататын Баят дейтін рудан шыққан, ал шешесі
қазақ құрамына кіретін қыпшақ қызы, оның
туған жері қазіргі Қостанай облысының
Аят өзені. Қорқыт мініп, жер дүниенің
төрт бұрышын кезіп, аңызға айналған атақты
Желмаяны оның шешесінің жақын туыстары
сыйлаған. В.М.Жирмунскийдің айтуынша,
Қорқыт Ата жыраулар мен жыршыларға тән
көне халық поэзиясының ерекшеліктерін
бойына сіңірген әнші-жырау әрі болжағыш
ақылгөй болған.
Оғыз-қыпшақ қоғамның
ішкі-сыртқы істерінің білгірі Қорқыт
өз заманында төрт-бес хандықты басынан
өткізіп, солардың бәрінде де бас уәзірлік
қызметін атқарып отырған. Олар: Инал хан,
Дойлы хан, Көл-Еркі, Тұман хан және Қаңлықожа.
Хандарға күшті ықпал жасағандықтан, олар
Қорқыттың ақылды кеңесінен аса алмаған.
Осы пікірді шығыс тарихын зерттеуші Әбілғазы
да баса айтқан.
Әр түрлі аңыз-әңгілелерде
Қорқыттың туған жыл мен жасы
жөнінде әр түрлі пікір айтылады.
Кейбір деректер Қорқытты 95 жыл жасаған
десе, кейбірінде — 195-ке, тіпті 400-ге келген
деген болжам бар. Ал “Деде Қорқыт кітабында”
Қорқыттың өмір сүрген уақытын Мұхаммед
пайғамбардың заманына жақындатады. “Расул
ғалей һи уәс-салам заманына жақын Баят
бойында Қорқыт Ата дейтін бір ер тұрыпты”,
— дейді ол кітапта.
Қазақтың аңыз-ертегілерінде
Қорқыттың туған күнін өте қорқынышты
етіп көрсетеді. Ол күні алай-түлей боран
соғады, нөсерлі жауын құяды, күн тұтылғандай,
айналаны қара түнек басып, үш күнге дейін
күннің көзі ашылмайды. Қаратауды қаптаған
қалың бұлттан күн күркіреп, жұрттың құтын
қашырып, зәресін ұшырады. Халық аңыздары
мен жазба деректерге және өзінің ғылыми
еңбектеріне сүйенген қазақтың академик
ғалымы Ә.Х.Марғұланның мәлімдеуінде Қорқыттың
шешесі нәрестені тоғыз күн ұдайы қатты
толғатып, ерекше бір ғаламат қорқынышты
жағдайда өмірге әкелгенін айтады. Сырдарияның
жағасы мен Қаратаудың айналасын қара
тұман бұлт басып, күн тұтылады. Сондықтан
Қорқыт туған бұл үрейлі қара түнек күнді
халық “Қараспан” деп аталған. Сұрапыл
дүлейден, қара түнектен қорыққан халық
жаңа туған балаға “Қорқыт” деп ат қойған.
Мағынасы “Қорқыт, қорқытты” деген ұғым
береді.
Махмуд Қашқаридың
айтуынша, халық өлеңдерінде, “Оғызнама”
жырында Қорқыттың туғаны ерекше
сипатталады. Мұны академик Ә. Х.Марғұлан
да қуаттайды. Сырдарияға жақын Қаратау
төңірегінде өмірге келген Қорқыт туғанда
сөйлеп туыпты. Ол тауды Қарашық (Қаратау)
немесе “Қараспан” деп аталған.
Қорқыттың нақыл
сөздері
Баят бойында
Қорқыт Ата дейтін бір ер тұрыпты.
Ол кісі оғыз ішіндегі ең білгіші екен.
Ғайыптан айтқан болжамдарның бәрі тұп-тура
келіп отырған әулиенің көңіліне тәңірім
нұр құйған ғой…
Ол алдымен
оғыз қауымының мүшкіл халін айтқан.
Нендей іс болса да, әбден таныспайынша,
көз жеткізбейінше кіріспейтін
Қорқыт Атаның сөзін халық ақыр соңына
дейін ұйып тыңдаған.
Қорқыт Ата
сөйлейді:
Алла, Алла дейінше,
іс түзелмес, Тәңірі бермейінше, ер байымас,
Әзелде жазылмаса, құл басына қаза келмес,
ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес.
Өлген адам тірілмес, шыққан жан
кері келмес. Ер жігітке қара құрым
мал бітсе, жияр, көбейтер, талап
етер, бірақ несібесінен артығын жемес.
Гүрілдей-шұбыра сулар тасыса, теңіз толмас.
Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес. Көңілі пасық
ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң
да ұл болмас, ол ішіп-жер, киер де кетер,
бірақ көрдім демес.
Күл - төбе болмас,
күйеу бала - ұл болмас. Қара есек - басына
жүген кигізсең де тұлпар болмас. Күңге
қамқа тон жапсаң да ханым болмас. Жапалақ-жапалақ
қар жауса, жазға қалмас. Ескі қамыс - біз
болмас. Ежелгі дұшпан - дос болмас. Мінген
атың қиналмайынша, жол алынбас. Қара болат
өз қылышыңды шалмайынша, жаудың тауаны
қайтпас. Ер малын қимайынша, аты шықпас.
Қыз анадан көрмейінше
өнеге алмас. Ұл атадан көрмейінше сапар
шекпес. Ұлы - атаның ері, екі көзінің
бірі. Дәулетті ұлың болса, ошағыңның
қоры болар. Дәулетсіз ұл болса, атаның
көрі болар. Ұлдың күні қараң, ата өліп,
мал қалмаса. Ата малынан не пайда, баста
дәулет болмаса.
1.Әншінің
өмірбаяны және шыққан ортасы.
2.Әншілігіне
ықпал еткен және өзі ұстаз
тұтқан ад
3.Репертуарындағы
әндер.
Әміре 1888 жылы (кейбір деректерде
1886 жылы) Семей облысы, Абралы ауданына
қарасты Дегелең тауының етегінде
туды. Әкесі Қашаубай кедей адам болып,
тек күнелту айналасында ғана, күнбе-күн
өмірді қуып жүрді. Ауылды жерде тиянақты
кәсіп болмаған соң, Қашаубай көп ұзамай
Семейге көшіп барады. Қалада да кәсіп
істеу оңай болған жоқ. Дала байы мен қала
байының кедейдің, жалшының еңбегін жеуде
қандай айырмасы болсын, Қашаубай әрең
дегенде үй ішін асырап тұрды. Бірақ жасынан
бейнет шегіп, иықбасты болып қалған Қашаубайдың
денесі нашарлап, қажып, бара-бара қара
жұмысқа жарамайтындай халге келді. Ал
Әміренің шешесі Тойған да үй-ішінің ұсақ-түйегі
болмаса білекпен келетін ауыр жұмысқа
о да жарамай қалды. Мұның бәрі келіп, ақыры
жас Әміренің мойнына үлкен ауыр бейнет
қамытын кигізудің басы болды. Басқа амал
болмаған соң жас Әміре Жаңа Семей жағында
Исабек деген байдың (кейбір деректерде
Қаражан деген бай) көлік айдаушысы болады.
Әміреге бұл бөтен болған жоқ. Өйткені,
ашық ауада, аузы бос, жол қысқарту үшін
болса да, іштен лықсып шыққан үн болса
да Әміре ыңылдап әндетіп жүретін болды.
Бара-бара Әміре дауыстап, өзінің үн қабілетінің
барлығын сезіп, кей кездерде ат айдаушы
екенін ұмытып кетіп, әннің қызығына түсіп,
қожасынан, біздің тілімізбен айтқанда,
сөгістер, қатаң сөгістер алып қалып жүрді.
Бірақ оның бәрі де Әміре үшін мәнді нәрсе
емес, әйтеуір аузының бостығы да әбиір
болып, осы алған бетінен қайтпады.
Әкесінің айта қалғандай өнері
жоқ болса да ’’жаман’’
Мұның бәрі де Исабек
байға ұнамай, ол қалай да Әміренің
мына бір кедейге ’’келіспейтін’’
қылығын тоқтатқысы келді. Бірінші шара
есебінде ол Әмірені жәмшік айдағанда
қаланы аралап, көзге түседі, қалаға танысады,
құлағын түріп оның әнін тыңдайтындар
көбейеді, сондықтан бір жерге қадап қою
мақсатымен, Әмірені тері күзеттіріп қойды.
Ондағысы Әміренің жолын кесіп тастау,
әншіні сүйген халықтан айыру еді. Бірақ
ол мақсатына Исабек жете алмады. Әміренің
дауысы түнгі Семейді тегіс аралап, көше
бойы қыдырып, сайрандаған жастар, терезесін
ашып қойған әнқұмар үлкендер құлақтарын
тосып тыңдап ләззат алды. Жаратылыстан
күшті дауыс кешкітұрым салқынмен бұрынғыдан
да дүрілдеп, ’’мына байлаудан құтқар,
еркіндікке жібер, қанатымды бір қарыштайын,
аспанға бір шырқайын’’ деген сияқты
болып, Әміренің дауысы өзінен бұрын Исабектің
сасық иісті тері қоймасынан іргені аулақ
салуды сұрап тұрғандай, Арқаның жазығына,
Ертістің еркін ағысына шыққысы келгендей
кейіп білдіреді.
Бұл кездерде Әміре аз да болса бірқатар ақылай табысқа ие болып, оларын үйіне беріп, өзі Семейден сыртқа шыққысы келді. Қаншама қиын болғанымен, мейірімді әке-шеше өнерлі баланың алған маңдайын қақпады. Әміре енді әніне бостандық алатын болды. Бірнеше күн тынығып, Исабекпен есеп айырысып, Арқа әншілерінің Мекесі болған Қояндыға жол тартты. Бұл Әміре үшін үлкен, игі сапар болды. Жалпы кең дүниеге шығумен қатар, Әміренің бұл ән сапарына, музыка жәрмеңкесіне тартқан сапары болды. Өйткені осы күнге дейін өзінің ғана білгенін айтып келген Әміре, не бір саңлақ, топтан озған ән иелеріне кездесті. Жасы келіп қалса да, әлі қунақ, күлдіргі қалпынан таймаған, қарт дауысымен әлі де әннің нақысын бұзбай айтатын аға әнші Жаяу Мұсаны көрді. Семейде жүргенде оның’’Ақ сисасын’’, ’’Гауhар қызын’’, ’’Хаулауын’’ айтып, Жаяу Мұсаның өз жүзін көрмесе де шығармашылық жүзіне қанық болатын. Енді міне, ’’құлақ естігенді көз көреді’’ болып, қарт әншінің өзін де көрді. Жас талапкер үшін бұл үлкен рухани олжа болды. Ал тап осы кезде нағыз бабында тұрған Бапидің Мәдиі, Ғаббастың Айтпайы, Байжанның Қалиын есіткенде Әміренің бұл күнге дейінгі орындап жүрген әндерінде көптеген ’’күнәлар’’ болып шықты. Ол бір дүниені сындырып алған жазықты баладай, үндемей, томпиып, құлағымен де, көзімен де бірдей тыңдады. Мынау әннің базары Әмірені еліттіріп, енді қайтып Исабектің терісінің иісіне оралмастай іштей уәде айтты.