Кәсіпорынның қаржылық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 13:33, реферат

Описание

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өізнің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуына байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір

Содержание

Кіріспе
I. Негізгі бөлім
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
1.3 Қаржылық жағдайды талдаудың әдістері
II. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 46.75 Кб (Скачать документ)

Ақша  қаражаттары – бұл кассадағы  және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.

Операциялық қызмет деп субъектінің табыс  алу жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқада  бір қызметін түсінеміз.

Инвестициялық қызмет дегеніміз – бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.

Қаржылық  қызмет, бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшері өзгеріске  ұшырайтын субъектінің қызметі  болып табылады. Субъект қызметінің барлық осы түрлері ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығуының негізгі  арналары болып табылады.

Сонымен, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдамаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері  ғана емес, сонымен бірге басқа  да қаржылық есеп беру нысандарының көрсеткіштері, түсіндірме хаттағы мәліметтер және де есеп берудегі қосымша ақпараттар мәліметтері де қолданылады.

Қаржылық  есеп берудің жаңа түрі, кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылатын  ақпараттарына сүйенбестен, оның қаржылық жағдайын кешенді түрде талдауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Қаржылық  жағдайды талдау әдістері

 

Нарықтық  қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп  бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың  бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің ақпараттық көздері бар.

Әлемде  тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің  екі түрі бар: Акционерлерді, қалың  жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру  үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын  қаржылық есеп беру. Сонымен қатар  көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі  жағдайын болжауға мүмкіндік беретін  бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару  талдауы, бұл кәсіпорын шығаратн өнімдердіңжеке түрлерінің өзіндік  құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей  қалуына байланысты мәліметтерден  тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып  табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен  пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс  нәтижелерін сипаттайтын маңызды  есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу  деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді  салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке  ақы төлеуде қандай да бір сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту  кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жақдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.

Соңғы кездері  мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басалымдарда қаржылық талдауды жүргізу  бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар  жарық көрді. Бұл еңбектің авторлары  кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның жекелей көрсеткіштерін талдаудың  әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілінде олардың  маңызды ерекшелігі болып табылатын, тәжірибеде қолданылмаған жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.

Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде  және кәсіпорынның өзінде пайдаланылып келген қаржылық жағдайы талдаудың  қалыптасқан әдісінің шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу  жағдайында және негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік  меншік үшін, сондай-ақ уақытша тартылған  қаражаттарды (тұрақты пассивті), айналым  қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу  мақсатында қолданылғаны түсінікті. Бұл  жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін  тежеп отырады және нарықтық қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді.

Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде  әр түрлі баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын  олардың мөлшерлік көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай  әсер етуін зерттеу шешуші роль атқарды. Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі – онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.

Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға  оның қызметі жөнінде көптеген параметрлерді  сырттан бекіткен орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен  бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура  жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға  ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен  тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану  кәсіпорынның өз еркінді, сондықтан  нормативтер туралы ақпараттар, коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың  шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің –  меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың  берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау  мақсатында ғана емес, сонымен қатар  қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың  көзқарасы тұрғысынан алғандағы  өзін-өзі бағалау үшін де қажет.

Қаржылық  талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

  1. көлденең талдау;
  2. тікелей талдау;
  3. трендтік талдау;
  4. салыстырмалы талдау;
  5. факторлық талдау;
  6. қаржылық коэффициенттер әдісі.

Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің  әрбір позициясын өткен кезеңімен  салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы  бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын  анықтауға мүмкіндік береді.

Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеппозициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткішердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері  бойынша қорытынды көрсеткіштегі  және баптардың үлес салмағын анықтауға  мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын  мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және т.б.

Тікелей және көлденен талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік  бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді  оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын  да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.

Тереңдік  талдау барлық көрсеткіштер 100% деп  алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша  айтқанда, трендік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен  салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері  мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған  көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

Қаржылық  талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі  қаржылық коэффициенттерді пайдалану  болып табылады.

Қаржылық  талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде  жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық  түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне  назар аударылмайды. Нәтижесінде  бір көрсеткіштердің мүмкін болатын  маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды  түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар  болашақта да дұрыс бағалауға  мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең  таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.

Салыстырмалы (кеңестіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшілердің  және цехтардың жекелеген көрсеткіштері  бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың  көрсеткіштерімен салыстырғандағы  шаруашылық аралық талдау болып табылады.

Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін  әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен  талдау. Сонымен қатар факторлық  талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде –  тура, ал оның жеке элементтерін жалпы  қорытынды көрсеткішке біріктіргенде  ол – кері (синтез) болуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

        Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.

          Кәсіпорынның қаржы жағдайын ұзақ және қысқа мерзімді даму барысы тұрғысынан бағалауға болады. Бірінші жағдайдағы қаржы жағдайын бағалау өлшемдері – кәсіпорынның өтімділігі мен төлеу қабілеттілігі.

Кәсіпорынның  өтімділігі жөнінде айтқан кезде, ондағы бар ағымдағы активтердің мөлшерінің теориялық тұрғыдан алғанда келісім-шартта белгіленген өтеу мерзімі сақталмаған  жағдайдың өзінде, олардың қысқа  мерзімді міндеттемелерді өтеу үшін жеткілікті болуы назарға алынады.

Төлеу қабілеті тез арада өтеуді талап ететін кредиторлық борыш бойынша есеп айырысу мақсатында осы кәсіпорында  ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің  жеткілікті дәрежеде бар екендігін  көрсетеді. Экспресс-талдау шеңберінде анықталған кассадағы және банктің  есеп айырысу шотындағы қолма-қол  ақшаларды сипаттайтын баптарына  көңіл бөледі. Бұл жағдай түсінікті  де: олар жиынтық қолма-қол ақша қаражаттарын сипаттайды, яғни кез келген басқа  салыстырмалы бағасы ғана бар мүлікті  сипаттайды. Бұл ресурстар әлдеқайда  мобильді, олар кез келген уақытта  қаржы-шаруашылық қызметке енгізілуі  мүмкін.

Кәсіпорынның  қаржы жағдайы ұзақ мерзімді келешекке  арналған бағытта қаражат көздерінің құрылымымен, кәсіпорынның сыртқы инвестициялар  мен кредиторлардан тәуелсіздік  деңгейімен сипатталады және ол туралы келесі бөлімдерде айтылады. Осы жерде  айта кетейік, кәсіпорынның қаржы жағдайын экспресс-талдау түрліше дайындалуы мүмкін: жиынтық көрсеткіштер, қысқаша  тестік есебі түрінде, аналитикалық кесте түрінде және ол осы кәсіпорынның қаржы жағдайын әлдеқайда терең  әрі нақтылы талдау қажетті немесе талдаудың мақсатқа сай екендігін  туралы және осы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы қорытындымен аяқталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ  Ш ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР  ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ

 

 

                                                             «Есеп және аудит» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

             Тақырып: Инвестицияның орнын толтыру коэффициенті

 

 

 

 

 

 

 

 

                    Дайындаған: ФК-09-01 тобының студенті

                                                                      Сисенова Г.Н                                                                                    

                                         Тексерген: ассистент: Таргынова Г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АҚТАУ 2012

 

 


Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайы