Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 18:24, реферат
Бірақ, бүгінгі Қазақстан аумағында азды-көпті болса да жүйелі және орталықтандырылған статистикалық қызметтің өмірге келуі 18-ғасырдың екінші жартысына, былайша айтқанда Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне жатады. Оның аумағындағы бірінші жалпы халық санағы, Орыс патшалығының барлық жеріндегідей, 1897 жылдың 9-ақпанындағы (28 – қаңтардағы) жағдай бойынша өткізілді.
4-принцип: Теріс пайдалануды болдырмау
«Статистикалық ведомствалар статистикалық деректерді қате түсіндіру немесе теріс пайдалану жөнінде өз ойларын айтуға құқылы».
5-принцип: Ресми статистиканың дереккөздері
Статистикалық мақсаттар үшін деректер статистикалық зерттеулер немесе әкімшілік есептілік сияқты дереккөздердің барлық түрлерінен жиналуы мүмкін. Статистикалық ведомствалар дереккөзді сапасын, уақытылығын, жұмсалған шығындар мен респонденттерге түсетін жүктемелерді ескере отырып іріктеуі қажет».
6-принцип: Құпиялық
« Статистикалық ақпарат дайындау үшін статистикалық ведомствалар жинайтын жеке деректер, олар жеке немесе заңды тұлғаларға жату-жатпауына байланыссыз, қатаң құпиялылық сипатта болуы керек және тек статистикалық мақсаттар үшін ғана пайдаланылуы тиіс.
7-принцип: Заңнама
«Статистикалық жүйелер басшылыққа алып жұмыс істейтін заңдар, нормалар мен шаралар жария болуға тиіс».
8-принцип: Ұлттық үйлестіру
«Статистикалық жүйеде келісімділік пен тиімділікті қамтамасыз ету үшін статистикалық ведомстволар қызметін үйлестіруді ел деңгейінде жүзеге асыру қажет».
9-принцип: Халықаралық стандарттарды пайдалану
Әрбір елде статистикалық ведомстволардың халықаралық тұжырымдамаларды, сыныптамаларды және әдістерді пайдалануы барлық ресми деңгейлердегі статистикалық жүйелердің келісімділік пен тиімділікті қамтамасыз етуіне ықпал етеді».
10-принцип: Халықаралық ынтымақтастық
«Статистика
саласындағы екі жақты және
көп жақты ынтымақтастық барлық
елдерде ресми статистика жүйесінің
жақсаруына жрдемдеседі».
2.3 Біртұтас есеп жүйесі және статистика туралы түсініктеме.
Бақылауға қажетті мәліметтерді кәсіпорындардың ұйымдар мен мекемелердің, шаруашылықтардың, фирмалардың әр түрлі есептеу жолдар арқылы, яғни оперативті жедел, бухгалтерлік есеп жүйелері арқылы жинақталады, өңделеді және талдау жасалынады.
Оперативті жедел немесе оперативті техникалық есептің негізгі мақсаты – сол кәсіпорындардың, шаруашылықтың бөліктері мен цехтарында болған жұмыс көрсеткіштеріне күнделікті бақылау жасау үшін жүргізіледі.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – есептің бұл түрі барлық кәсіпорындарда, мекемелерде және т.б. жүргізіледі. Бұл есеп арқылы әрбір кәсіпорындар, мекемелер және тағы басқа ақша қаржыларының қозғалысын, өндірілген өнімнің өзіндік құнын, материалдық шығындар мен оның пайдалануын, еңбекақы мөлшерін кіріс пен шығыс көрсеткіштерінің нақты есептелінуі.
Статистикалық есеп – статистикалық есепте қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің барлық сандық көрсеткіштері мен сапалық жақтары есепке алынады және жинақталады, өздеріне тән белгілеріне қарай әр түрлі топқа бөлінеді.
Ұлттық есеп жүргізу департаменті
Ұлттық есеп жүргізу жүйесінің статистикасы бойынша әдіснамалық және статистикалық жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады, республиканың макроэкономикалық көрсеткіштерін есептеу және макроэкономикалық баланстық есептеу жүйесі бойынша әдіснамалық және нұсқаулық материалдар әзірлейді; республиканың ұлттық шоттарын, тауарлар ағыны бойынша ҰШЖ-ның баланстық кестелерін қалыптастырады.
Кәсіпорындар статистикасы, соның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногы бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Болжауға және индикативтік
жоспарлауға қажетті
Біртұтас
есеп жүйесі және
статистика
1. Оперативті жедел немесе оперативті техникалық есеп. Негізгі мақсаты: сол кәсіпорындардың, мекемелердің, бірлестіктердің, фирмалардың тағы басқа бөліктері мен цехтарында болған жұмыс көрсеткіштеріне шикізаттар мен материялдардың жұмсауына, еңбек құралдарының қолданылуына және тағы басқа операциялардың жүргізілуіне бақылау жасау үшін жүргізіледі.
2. Бухгалтерлік есеп – есептің бұл түрі барлық кәсіпорындарда , мекемелерде, және тағы басқа жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп арқылы әрбір кәсіпорындар, мекемелер және тағы басқа ақша қаржыларының қозғалысын, өндірілген өнімнің өзіндік құнын, материалдық шығындар мен оның пайдалануын, еңбекақы мөлшерін кіріс пен шығыс көрсеткіштерінің нақты есептелінуі.
3. Статистикалық
есеп – бұл есепте қоғам өмірінде
болып жатқан әлеуметтік-экономикалық
құбылыстардың, процестердің барлық
сандық көрсеткіштері мен сапалық
жақтары есепке алынады, жинақталады,
өздеріне тән белгілеріне қарай
әр түрлі топқа бөлінеді.
3.1 Статистикалық бақылау
Статистикалық бақылау дегеніміз – қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама бойынша ғылыми ұйымдастырылған жүйені тіркеу, жинау тәсілі.
Статистикалық бақылаудың бағдарламасы мен ұйымдастыру мәселесі. Бақылауға жататын құбылыстың тіркелуге тиісті нышанының тізбегі байқаудың бағдарламасы болып табылады. Бағдарламаны дұрыс жасау үшін құбылыстың сапалық негізін терең білу қажет. Бақылау бағдарламасы зерттеудің алдына қойылған мақсатына , құбылыс бітімі негізінде тығыз байланысты. Бағдарлама құбылыстың негізгі нышаны түгелдей кіргені шарт. Бақылау бағдарламасының өзіндік негізі емес нышаны беріледі. Ол екі топқа бөлінеді: тану және бақылау нышаны.
Тану нышанына бағдарламадағы тұрғындардың жеке белгілері кіреді. Мысалы, нышанның аты-жөні, тұрағы , кәсіпорынның атауы, оның қай салаға кіретіні, кімге бағынатыны, тағы басқа мәліметтер тану белгілеріне жатады. Бағдарламаның тану белгілері бақылауды ұйымдастыруға, бақылау мәліметтеріндегі көзге түскен қателерді жөндеу үшін керек.
Бақылау
нышаны тіркелген мәліметтің
дұрыстығын анықтауға пайдаланады.
Мысал, халық санағының бағдарламасында
адам жасы, білімі, отбасы
балаларының саны, олардың жасы,
білімі жайында сауалдар . Бұл
сұрақтар тану белгісінің де,
бақылау нышанының да міндетін
атқарады. Қазіргі тәжірибеде сауалдың
жауабы сараптауға, жинақтауға
жеңіл болуы шарт. Ол үшін жауап
нұсқасына шартты белгі немесе
код қойылады. Сауал-жауап бірнеше түрлі
болса, шартты белгі қолданылады.