Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 19:25, реферат
Жалпы статистикада санды мәліметті жариялап көрсетудің бірнеше жолы бар. Оның жиірек қолданылатын түрі – мәліметті қара сөзбен жазу, кестеге түсіру және сызықты икекіндеме (график) арқылы көрсету жатады.
Мәліметті сөз арқылы түсіндірудің маңызы жоғары болғанымен, ол өте көп жазуды керек етеді және әр уақытта түсінікті бола бермейді. Мәліметті жеңіл, түсініңті көрсету үшін кесте және кескіндеме қолданылады.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Статистикалық кестелер:
a) Статистикалық кесте және оның элементтері
b) Кестелердің түрлері
c) Статистикалық кестені безендірудің негізгі ережелері
2. Статистикалық графиктер:
a) Статистикалық графиктер және оларды салудың ережелері
b) Графиктің түрлері бойынша класиффикациясы
c) Диаграммалар және олардың негізгі түрлері
3. Статистикалық карталар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бастауыш – қылмыс жасаған жасөспірімдер тобы.
Кесте №10
Банктік қарыздардың котировкасының мөлшері бойынша қорлық нарығының эмитенттерін бөлу
Банктік қарыздың котировкасының шамасы бойынша эмитенттердің тобы, млн теңге |
Орташа мөлшерлеме бойынша эмитенттердің тобы |
Эмитенттердің саны |
97-1745 |
50-75 75-100 |
6 9 |
Топ бойынша барлығы |
15 | |
1745-3393 |
50-75 75-100 |
2 2 |
Топ бойынша барлығы |
4 | |
3393-5041 |
50-75 75-100 |
3 2 |
Топ бойынша барлығы |
5 | |
Топтар бойынша барлығы |
50-75 75-100 |
11 13 |
Барлығы |
24 |
Бастауыш – қор биржасының эмитенттер тобы.
Статистикалық кестені безендірудің негізгі ережелері
Статистикалық кестені безендірудің негізгі ережелері:
Статистикалық кестелердің
ақпараттары бойынша
Статистикалық графиктер және оларды салудың ережесі
Әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды қазіргі кезеңдегі талдау мәліметтерді графикалық әдістерді қолданусыз көзге елестету қиын.
Графикалық әдіс – статистикалық мәліметтерді геометриялық фигуралар, сызықтар, нүктелер және әр түрлі символикалық образдар арқылы шартты көрсету әдісі. Статистикалық графиктердің негізгі артықшылығы – көрнектілігі. Графикті салу үшін оның қандай мақсат үшін жасалатынын анықтау және бастапқы материалды терең зерттеу қажет.
Статистикалық графиктердің негізгі элементтері: графиктің алаңы, графикалық бейне, кеңістіктік және масштабтық бағдарлар, графиктің экспликациясы.
Графиктің алаңы ол орындалатын орын, оған қағаз беттері, географиялық карта, жердің жоспары жатады. Графиктік алаңның жақтары белгілі бір пропорциямен салынады. Жақтары 1:1,3-тен 1:1,5-ке дейін тікбұрышты формадағы графиктер ең ыңғайлы графикке жатады, кейде квадрат формасындағы график алаңдары қолданылады.
Графикалық бейне – бұл символикалық белгілер, олардың көмегімен статистикалық мәліметтер көрсетіледі. Графикалық бейнелерге: сызықтар, нүктелер, геометриялық фигуралар және көлемдік фигуралар жатады.
Графикалық бейнелерді график алаңында орналастыру кеңістік бағдарларды анықтайды. Кеңістік бағдарлар координата сеткасымен немесе контурлық сызықтармен беріледі. Статистикалық графиктерде тікбұрышты (декарттық) координаттар жүйесі жиі қолданылады.
Сондай-ақ графикалық бейнелеудің тәжірибесінде полярлық координаттарда қолданылады. Координаттардың полярлық жүйесінде бір сәуле, көбіне оң горизонталды сәуле координат осі болып қабылданады, соған сәйкес сәуленің бұрышы табылады. Екінші координатаға радиус деп аталатын оның сеткасының ортасынан арақашықтығы есептеледі. Радиалды графиктердің сәулелер уақыт кезеңін, шеңберлер зерттелетін құбылыстың шамасын көрсетеді.
Статистикалық графиктің масштабтық бағдарлары масштаб және масштабтық шкаламен анықталады. Статистикалық графиктің масштабы сандық шамаларды графикалық шамаларға ауыстыру өлшемі, ал масшабтық шкала – белгілі бір нүктелері белгілі бір сан болып оқылатын сызық. Шкала сызықтан (шкаланың алып жүруші) және сызықта белгілі бір тәртіппен орналасқан нүктелерден және белгіленген нүктелерге сәйкес сандардың сандық белгілерінен тұрады. Шкаланы алып жүруші тіксызықты және қисықсызықты (шеңбер және доға). Шкалалар бірқалыпты және бірқалыпсыз болады.
Шкаланы алып жүруші тік және қисық сызықты болуы мүмкін. Сондықтан шкалалар тік сызықты (милиметрлік сызғыш) және қисықсызықты-сопақ және дөңгелек (сағаттың циферблаты) болып табылады. Графикалық және сандық интервалдар тең және тең емес болып бөлінеді. Егер шкаланың өн бойында тең графикалық интервалдарға тең сандар сәйкес келсе, онда бұл шкала бірқалыпты деп аталады. Ал тең интервалдарына тең емес графикалық интервалдар сәйкес келсе бұл шкала бірқалыпсыз деп аталады. Бірқалыпты шкалының масштабы бірлік деп қабылданған және бір шамалармен өлшенген кесіндінің (графикалық интервалдың) ұзындығы.
Экспликация - әрбір графиктің сөзбен сипаттамасы болуы қажет, ол масштабтық шкаланың жазуларынан және графиктің кейбір бөліктеріне түсіндірмеден тұрады.
Графиктің түрлері бойынша классификация
Графиктердің көптеген түрлері бар, олардың классификациясы келесі қасиеттерге негізделген:
а) графикалық бейнелерді салу әдісі;
ә) графикалық бейнелеудің көмегімен шешілетін міндеттер;
б) статистикалық көрсеткіштерді бейнелейтін геометриялық белгілер.
Графикалық бейнелерді салу әдісі бойынша статистикалық графиктер диаграммаларға және статистикалық карталарға бөлінеді.
Диаграммалар – графикалық бейнелеудің кең тараған әдісі. Диаграммалар сандық қатынастың графиктері және бір-біріне тәуелсіз жиынтықтарды салыстыру үшін қолданылады.
Статистикалық карталар – нақты территория бойынша сандық бөлудің графиктері. Статистикалық карталардың міндеті – статистикалық көрсеткіштерді кеңістістікте орналастыру. Графикалық бейне бойынша статистикалық карталар картаграммалар және картодиаграммаларға бөлінеді.
Графикалық бейнелеудің
көмегімен шешілетін есептерге
Графиктің ерекше түріне ваиациялық қатарлармен көрсетілген шамаларды бөлу диаграммасы, олар гистограмма, огива, камулята.
Статистикалық көрсеткіштерді бейнелейтін геометриялық белгілер бойынша графиктер нүктелік, сызықтық, жазықтықтық және кеңістіктік болып бөлінеді.
Нүктелік диаграммаларды салғанда графикалық бейне ретінде нүктелердің жиынтығы , сызықтық диаграммаларды салғанда графикалық бейне ретінде сызықтар жиынтығы қолданылады.
Жазықтықтық диаграммаларды салғанда графикалық бейне ретінде геометриялық фигуралар қолданылады және олар бағаналық, дөңгелектік, квадраттық және фигуралық болып бөлінеді.
Диаграммалардың негізгі түрлері
Диаграммалардың негізгі түрлерін салуды нақты сандық мысалдардың негізнде қарастырайық:
Бағаналық диаграммаларды салғанда келесі талаптар орындаллуы қажет:
Өзара тәуелсіз көрсеткіштерді салыстыру үшін салыстыратын шамаларды дұрыс геометриялық фигуралар түрінде көрсетілген диаграммалар қолданылады. Бұл диаграммалар көрсетілетін құбылыстаордың мөлшерін өздерінің ауданымен көсетеді. Мұндағы диаграммаларды құру үшін шеңберлер, квадратта р, тікбұрыштар сияқты геометриялық фигуралар қолданылады.
1990-2004 жылдардағы инвестицияның динамикасы
Стаистикалық қатарлар
Статистикалық қатарлар құбылыстың белгілі бір аумақта жайылу деңгейі мен дәрежесіне сипаттайтын статистикалық мәліметтерді схематикалық-географиялық картада графикалық түрде бейнелеу.
Статистьикалық карталар кртограмма және картодиаграмма болып бөлінеді.
Картограмма – аумақтық бөлу картасына салынған әрбір бірлоіктің шеңберінде көрсеткіштің салыстырмалы жиілігі бояу арқылы көрсетілетін схематикалық карта. Картограммалар фондық және нүктелік болып бөлінеді.
Фондық картограмма – аумақтық бірліктің шеңберінде көрсеткіштің жиілігін бояуды қоюлату арқылы көрсететін картограмманың түрі.
Нүктелік картограмма – кез келген құбылыстың деңгейін нүктелермен бейнелеу.
Нүктелер жиынтықтың бір бірлігін немесе бірнешесін көрсетеді. Географиялық картаға нүктелерді салу арқылы белгілі бір құбылыстың тығыздығы және жиілігі көрсетіледі.
Фондық картограмма орташа немесе салыстырмалы көрсеткіштерді, ал нүктелік картограмма көлемдік көрсеткіштерді бейнелеу үшін қолоданылады.
Картодиаграмма – диаграмма мен географиялық картаның қосындысы. Картодиаграммадағы бейнелеу белгілері ретінде географиялық картаның контурына орналасқан диаграммалық белгілер (бағаналар, квадраттар, шеңберлер, фигуралар). Картодиаграмма: қарапайым салыстыру, кеңістік орын ауыстыру, изосызықтар болып бөлінеді.
Қарапайым салыстыру
картодиаграммасында зерттелеті
Изосызықтар географиялық карта немесе графикте жайылуына байланысты бір шаманың бірдей мәндерінің сызықтары.
Қорыта келгенде, статистикалық мәліметтерді қара сөзбен баяндағаннан көрі, кесте, график, диаграмма немесе карта түрінде бейнелеу өте ыңғайлы екенін көреміз. Мәліметті беру түрін, яғни кесте, график, диаграмма немесе картаны таңдау мәліметтердің мазмұнына байланысты. Себебі, әр мәліметке әр түрлі нысан ыңғайлы, тек сол ныснды дұрыс таңдап алсақ болғаны. Мысалы, әр кезеңдегі көрсеткіштерді салыстырып, олардың қаншалықта өсіп немесе азайғанын көрсету үшін ең ыңғайлысы диаграмма болып табылады.
Сонымен, статистикалық мәліметтерді көрнекі бейнелеудің статистикалық кесте, график, диаграмма және карта сияқты түрлері бар екенін көрдік. Соның ішінде кестенің қарапайым, топтық және комбинациялық түрлері, графиктің сызықтық, жазықтық және көлемдік түрлері, диаграмманың тоғыз түрі, ал картаның картограммажәне картодиаграмма деген түрлері бар екен.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ