Дұрыс тамактану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 19:43, творческая работа

Описание

Микроэлементтер – ағзаның қалыпты жұмыс атқаруы үшін аса қажетті химиялық заттар. Олар ағзаға тамақпен түседі.

Работа состоит из  1 файл

Д Ұ Р Ы С Т А М А Қ Т А Н У.doc

— 32.00 Кб (Скачать документ)
 

Д Ұ Р Ы С    Т А М А Қ  Т А Н У

Тиімді  тамақтану деген  не?

    Тиімді тамақтану рационы минералдық элементтерді, көмірсуларды, майларды және майлы қышқылдарды, ақуызды және витаминдерді қамтиды. Бұл негізгі құнарлы элементтердің жеткіліксіздігі және олардың қатысы тиімсіз болған жағдайда, өсу және даму бәсеңдейді, сондай-ақ инфекцияларға шалдығу қатері жоғарылайды және заттардың алмасуы бұзылып, жүрек ауруларына, семіздікке, онкологиялық ауруларға әкеліп соқтырады. Ақуыз өсу, даму және ағза жасушаларының құрылысы үшін аса қажет. Ақуыздар өсімдік және мал тектес болады.

      Көмірсулар көмегімен ағза жылуды сақтайды және қуат алады. Құрамында көмірсулар бар тағамдар: нан, картоп, жармалар, банандар, қант, бал және т.б. Көмірсуларды көп қолдануға болмайды. Майлар қуатты өндіреді және оны ағзаға майлы ұлпа түрінде жинақтайды. Олар өсімдік және сары майда, мал майында болады. Витаминдер ағзаға аурулардан сақтануға көмектеседі.Витаминдерге бай тағамдар – жемістер мен көкөністер.

   Микроэлементтер – ағзаның қалыпты жұмыс атқаруы үшін аса қажетті химиялық заттар. Олар ағзаға тамақпен түседі.

   Микроэлементтердің жеткіліксіздігі неге әкеліп соғады?

     Негізгі витаминдердің және кальций, йод, темір сияқты минералды элементтердің жетіспеуі келесі ауруларға әкеліп соғады,мысалы:

1) йодтың тапшылығы естің нашарлауына, ақыл – ой дамуының төмендеуіне, кретинизм және «жемсау» дерттеріне әкеліп соғады.

2)Темір  тапшылығы анемияға, ақыл-естің төмендеуіне,  бөспеуіне, созылмалы  діңкесі құруға, дене  бітімінің жәнеақыл  - ес дамуының бәсеңдеуіне әкеліп соғады.

3)Кальцийдың  тапшылығы рахитке  , сүйектің  сынғыштығына , тістін түсуіне  , кариеске , тісте  артық дақ пайда  болуына , тырнақтын  түсуіне әкеледі.

Бұлардың  алдын алуға :

    Йодталған тұзды, сүт және сүттен өндірілген тағам түрлерін, етті, бауырды, алманы, балықты, теңіз тағамдарын т.б пайдалану керек. Дұрыс тамақтану режимі үнемі бір уақытта, бірақ күніне 4-5 реттен кем емес ас ішуді көздейді. Кешкі асты ұйқыдан кем дегенде 2-3 сағат бұрын қабылдаған дұрыс. Ұйқыдан 1-1,5 сағат бұрын сүт , кефир немесе кисель ішуге болады. Ас қабылдау арасында үзіліс кем дегенде 4-5 сағаттан аспау керек. Жеткіліксіз шайналған, асығыс ішілген құрғақ тамақ, ыстық және суық тамақтықтың араласуы асқазан-ішек жолдарының әртүрлі ауруларына әкеледі.

                     
 

                                               Қ Ұ Р М Е Т Т І   О Қ У Ш Ы!

    Газдалған сусындардың, шоколад, кериешки, чипсылар мен гамбургерлердің, пиццалардың тәбетіңді ашатын әсем жарнамаларына еліктеп, сен өз денсаулығыңа зиян келтіресің. Сенің ағзаң тез дамуға оған көп қуат қажет. Сен оны тамақпен аласың. Сондықтан құрамында ағзаңа пайдалы заттар ішуің қажет.

Балалардың  көбі дерлік тамақтану режимін жиі бұзады:

              шамадан артық тамақ ішу;

              тамақты тез, құрғақ  күйде ішуі;

              тамақ ішу кезінде  басқа заттармен  айналасуы;

              майлы, тәтті, тұзды,  қуырылған, газдалған  сусындарды тұтыну;

    Бұл әдеттер сенің өскелең ағзаңа зиян әкеледі, мысалы , іш өту, асқазан шаншу, артық салмақ, тістер жегісі байқалуы мүмкін.

    Денің сау, ақылды болып өсу үшін сен өзіңді балалық шақтан бастап дұрыс тамақтану режиміне әдеттендіруің қажет. 

   Таңертеңгі ас міндетті түрде ыстық, сүт тағамы, қара нан, көкөністерден салат;

   Түскі ас көкөністермен, еттермен, балықпен, сонымен қатар компотпен;

  Бесіндік ас – жеміс немесе көкөніс шырыны,  сүт сусындары мен жемістер;

  Кешкі ас жеңіл, майлылығы төмен, сүт немесе жарма тағамдары, жемістер болуы қажет.  

Егер  адам дұрыс тамақтану тәртібін ұстанғанда:

    Оқу үлгерімі, ойлау  қабілеті жақсарады.

    Дене бітімің әсемденеді  – терің таза, жұмсақ, тістерің ақ, шашың қалың, тырнағың қатты болады.

   

        Өзіңе сенімділігің артып, үнемі береке иесі боласың!

  

                                                                          

Информация о работе Дұрыс тамактану