Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 13:46, курсовая работа
Жаңа информациялық технологиялар (Электронды машиналар) - көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау өңдеу және жеткізу процестерін айтады. Жаңа информациялық технологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы - әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы – дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.
Информациялық процестер – адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғалар да және қоғамдық өмірлерде информацияны жеткізу жинақтау және түрлендіру процестері.
Кіріспе 2
1.1 Информатика 5
1.2 Ақпараттық жабдықтар 6
1.3 Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы 6
Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы 8
2.1 Дербес компьютердің негізгі блоктары 8
2.2 Микропроцессор. 9
2.3 ЭЕМ-нің жедел жады. 10
2.4 Графиктік адаптерлер 13
3.1 Дискідегі информацияны жинақтауыш 15
3.2 Принтерлер мен плоттерлер 18
3.3 Компьютерге информация енгізу құрылғылары 20
3.4 Қосымша құрылғылар 21
Қорытынды 22
Іntel 8088, 80286, 80386 тәрізді бұрын шыққан микропроцессолардың аралас сандар мен амалдарды жылдам орындайтын арнаулы командалары жоқ, сондықтан олар жұмыс өнімділіктерін арттыратын қосымша математикалық сопроцессорлармен (Turbo режимі) жабдықталады.
Компьютерлер алып жүруге ыңғайлы вариантта да жасалады (Laptop немесе Note book). Мұндай ЭЕМ-дерде жүйелік блок, монитор және пернелік бір қорапта жасалған: жүйелік блок пернелік астында ал монитор пернеліктң қақпағы түрінде жасалған.
Оперативті есте сақтау құрылғы немесе ЭЕМ-нің жедел жады (RAM), сондай-ақ тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM) компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеу мен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадыннан (магниттік дискілерден) жедел жадына жазылады.
Компьютердің жедел жадына осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен бағдарламалар ғана сақталады. Информация керек кезінде магниттік дискіден жеделжадқа көшіріліп, өңделген соң олар қайта сыртқы жадқа жазылып қойылады. Жедел жадқа информация тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.
Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информация көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі.Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не магниттік дискідегі сақталатын информация 360кб, 720кб немесе 1,44 Мб болып жазылуы мүкін Мұнда 1кб (килобайт)=1024 байт, 1Мб (1 мегабайт)=1024 кб, ал винчестер деп аталып жүрген қатты дискіде, 1000-10000Мб (1-4 Гигабайт) және оданда көлемд информация жазылып сақталады.
Әдетте ІBM PC XT (бұрынғы модель) компьютерлерінің жедел жадының көлемі 640 кб, ІBM PC AT үшін – 1Мб-тан жоғары, ал олардың жоғарғы модельдері 1-ден 16 Мб-қа дейін, бірақ оның көлемі 32 Мб не одан да жоғары бола береді – жедел жадтың көлемін оның негізгі тақшасына микросхема қоса отырып үлкейтуге болады.
Компьютерлердің жедел жадыннан өзгеше оның тұрақты жады бар, ол өзгертілмейтін информацияны сақтайды, ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, оны тек оқуға болады. Әдетте тұрақты жадтың көлемі шағын 32 – 64 Кб шамасында. Тұрақты жадқа керекті бағдарламалар оны шығаратын заводта жазылады. Олар көбінесе компьютерді тоқ көзіне жалғаған кезде оны тексеріп іске қосу үшін ғана қажет.
Сиымдылығы 1 Мб немесе одан да жоғары болып келетін компьютерлердің жедел жады екі бөлімнен тұрады – алғашқы 640 Кб қолданбалы бағдарламалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалғаны төмендегідей мақсаттарға пайдаланылады:
Жедел жадтың көлемі сөз болғанда, оның бірінші бөлігі туралы айтылады, ал ол кейбір бағдарламаларды орындауға жеткіліксіз болып қалады. Міне, осындай сәттерде компьютердің жедел жадының кеңейтілген бөлігі (extended) қосымшасы (expanded) пайдаланылады.
ІNTEL фирмасының 80286, 80386 SX және 80486 SX сияқты процессорлары 1-16Мб жедел жад көлемімен, ал 80386 және 80486 – процессрлары 4-8 Мб көлемі мен жұмыс істей алады. Бірақ операциялық жүйе үлкен көлемді жадты толық пайдалана алмайды. Қосымша жадты пайдалану үшін арнаулы бағдарламалар – «драйверлерң жасалынады, олар қолданбалы бағдарламадан тапсырма алады да, процессордың «қолданбалы режимң жүйесіне көшеді. Тапсырманы орындаған соң, драйвер алғашқы режимге көшуді қамтамасыз етеді де, микропроцессор жұмыстың қалыпты режиміне ауысады.
Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жад (Cash) немесе бүркеме-жад деп атайды. Ол жедел жад пен процессордың жұмысын жылдамдату үшін аралық дәнекер жад ретінде пайдаланылады.
Процессордан бөлек компьютер құрамында:
Енгізу-шығару порттары ішкі негізгі құрылғылармен байланыс жасайтын арнайы порттан және шеткері құрылғылармен (принтер, тышқан тетігі т.с.с) байланыстыратын жалпы мақсаттағы порттардан тұрады. Жалпы мақсаттағы порттар LPT1 - LPT3 деп белгіленетін параллель және COM1 – COM3 болып белгіленетін тізбекті бөліктерге жіктеледі. Параллель порттар жұмысты жылдам істейді, бірақ байланысу үшін көбірек сым шоғырларын керек етеді (принтермен жалғастыратын порт параллель, ал модеммен телефон желісі арқылы байланысатын порт тізбекті түрге жатады).
Монитор немесе дисплей – ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шектері құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін қажет Экран түстеріне қарай дсплейлер монохромды (ақ-қара) және түрлі-түсті болып, ал экранға шығарылатын информация түрлеріне байланысты символдық (тек символдық информация) және графиктік (символдық және оған қоса графиктік информация) болып бөлінеді.
ЭЕМ-нің бейнелік құрылысы екі бөліктен: монитор мен адаптердан тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан
Электрондық сәуле экранда секундтің 1/50 бөлігінде жүріп өтеді, бірақ экран бейнесі одан жәй өзгереді. Сондықтан экранның бір көрінісі үшін бейне сигналды бірнеше рет қайталап беріп отыру керек. Адаптерде бейнелер көрінісін сақтауға. Арналған бейнелік жад бар.
Көбінесе символдық режимде дисплей экранында 80 таңбадан тұратын 25 жол мәлімет шығарылады (барлығы 2000 таңбадан тұратын стандарртты машинка қағазындағы символдар саны), ал графикалық режимдегі экранның бейнелеу (көрсету мүмкіндігі) қабілеті адаптер тақшасын жүйелік блокпен байланыстыру құрылғысының мүмкіндіктеріне сәйкес болады.
Экрандағы кескін көрінісінің сапасы графикалық адаптердің типіне қарай өзгеріп отырады.
Кең таралған адаптерге мыналар жатады EGA, VGA және SVGA. Қазіргі кезде VGA және SVGA (Super VGA) кеңінен қолданылады, SVGA-ның көрсету қабілеті өте жоғары. Адаптерлер бейнелерді айқындап көрсету қабілеті мен ерекшеленеді.
Адаптердің бейнелеу қабілеті оның графикалық режимде экранда көрсетіле алатын бір жолдағы нүктелер (рикселдер) санына байланысты. Мысалы720*348 мүмкіндікті немесе одан да жоғары монитор вертикаль (тік) бағытта 348 жол-нүктені көрсете алады, ал оның әр жолында 720 нүкте бар. Баспахана жүйелерінде 800*600 және 1024*768 мүмкіндікті немесе одан да жоғары мониторлар қолданылып жүр. Бірақ олар қымбатырақ тұрады.
Экран бетінің мөлшері диагональ стандарт (14 дюйм-1 дюйм =2,54см.) бойынша жасалады, үлкейтілген (15 дюйм) және теледидар (17,20 және 21 дюйм – диагоналы бойынша 54 см-ге дейін) тәрізді болып та жасалғандары кездеседі, олар түрлі түсті (16 млн-нан бінеше ондаған млн түстерге дейін) немесе ақ қара (монохромды) болып та шығарыла береді.
Адптерлер стандартты түрлі түсті монитордағы түстер палитрасын (жиынын) анықтайды: CGA ескі модель) стандартты режимде 4 түспен,EGA – 64 түспен, VGA – 256 түске дейін, ал SVGA – милионнан аса түстермен жұмыс істей алады. Бірақ символдық режимде көрсетілген стандарттағы экранның барлығы да 16 түсті ғана қолданады.
Монитор типін ЭЕМ-де қойылған мақсатқа байланысты таңдау керек. Егер тек мәтіндік информация мен жұмыс істейтін болсақ,онда монохромды символдық мнитор жеткілікті Ал, егер де автоматтандырылған жобалау жұмыстары мен айналысу қажет болса, онда түрлі түсті графикалық монитор қажет болады. Бірақ көптеген бағдрламамен жұмыс істеу кезінде түрлі түсті графикалық мониторларды қолданған ыңғайлы екенін есте сақтаған жөн.
Информаци жинақтауыштар – кез келген ЭЕМ-нің қажетті бөлігі – оларды көбінесе информацияның сыртқы жинақтауыштары немесе компьютердің сыртқы жады дейді. Олар көлемді информацияны ұзақ уақыт сақтау үшін қажет және ондағы мәліметтер ЭЕМ-нің жұмыс күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жадты кез келген бағдарлама немесе жәй мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның мәліметтерінің кітапханасы деуге болады.
ДЭЕМ-дерде информацияны жинақтауыш рөлін магниттік дискілердегі жинақтауыштар атқарады, оларда мәліметтерді тікелей оқуға не жазуға болады. Соңғы кезде ДЭЕМ-дер үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар – стримерлер шықты, бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанымен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы жәй жүргізіліді. Сол себепті стиримерлер магниттік дискідегі жинақтауышты ауыстыра алмайды, тек толықтырады,
Магниттік дискідегі жинақтауыштар (НМД-накопитель на магнитных дисках) екі түрлі болады: иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш (ИМДЖ) (НГМД-накопитель на гипких магнитных дисках) және қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш (ҚМДЖ) (НГМД –накопитель на жестких магнитных дисках).
Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер) информацияны тұрақты сақтауға арналға. 80286 процессорлы ІBM PC- де қатқыл дискінің мәлімет сиымдылығ 20 – 40 Мб 80386 SX, DX және 80486SX (SX– бір процессорлы, DX – екі процессорлы) – 300 Мб-ға шейін, 80486 DX – 500 – 600 Мб, ал Pentіum – 1-40 Гб-қа шейінгі деңгейде немесе оданда жоғары болады.
Қатқыл диск орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық корпусқа салынып, жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дестеге бекітілген бірнеше дикілерден тұрады. Иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлем сияды, сондықтан оны пайдалану өте ығайлы.
Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмасу үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қою үшін, қатқыл дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек.
Жұмыс процесінде әр адам өзінің мәліметтері мен бағдарламаларының дискіде алатын көлемін білу тиіс және дискіде қанша бос орын қалғанын қадағалап, дискінің көлемін тиімді пайдалануға тырысу қажет.
Иілгіш диск (дискет) – табақша пішінді, бетіне қабыршақ түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластамассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тік төртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу-оқу кезінде дискінің беті мен байланыс жасайтын магниттік бастиектің жылжитын орны пластмасса қапшықта ашық болады.
Дискеттің негізгі параметрі – оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін бір ғана стандарт бар оның диаметрі 3,5 дюймдік дискеттер яғни дискеттің диаметірі 89мм болады.
ІBM PC XT, АТ компьютерлері үшін диаметрі 5,25 дюймдік (133 мм) дискеттер қолданылған болатын.
Мәлімет жазу не оу үшін дискет жүйелік блоктағы дискжетектің ұясына салынады. ДЭЕМ-дерде бір немесе екі дискеттер ұясы болуы мүмкін. Дискеттер алмалы-салмалы құрал болғандықтан, олар әртүрлі мәліметтерді сақтау үшін, әрі компьютерлер арасында мәлімет ауыстару үшін де қажет.
5,25 дюймдік дискеттер дайындау сапасына қарай 720 кб немесе 1,2 Мб информация сақтай алады.
3,5 дискетте екі түрлі көлемде информация жазылады, 1,44 Мб және 720 Кб. 1,44 Мб мәлімет жазылатын дискеттің төменгі оң жақ шетінде кішкене төртбұрышты қосымша ойық болады, ал 720 кбайт көлемді дискетте ол болмайды. Дискеттер қатты пластмасса қорапта орналасады, сол себепті олар әрі ұзақ, әрі сенімді қызымет атқарады. Соңғы шығып жатқан ДЭЕМ-дерде 3,5 дюймдік дискеттер ған қолданылады.
Дискеттерді мәлімет жазудан сақтау. 5,25 дюймдік дискеттерге мәлімет жаздырмау үшін арнайы ойық бар.
Егер осы ойықты қағазбен желімдеп жауып қойса, онда оған мәлімет жаза алмайсыз, яғнибұрынғы информация өзгеріссіз сақталады. Ал 3,5 дюймдік дискеттерде жаңағыдай ойықтың үстінде жылжымалы ілгек бар, оны жоғары-төмен қозғай отырып, мәлімет жазуға немесе жаздырмауға болады.
Дискетті форматтау (белгі салу). Дискетті алғаш рет пайдалану алдында, оны арнайы тәсілмен форматтайды, яғни беттеріне белгі салады. Форматтау операциялық жүйесінің командасымен жүргізіледі.
ДЭЕМ-дерде бұлардан басқа лазерлік компакт-дискі, магниттік оптикалық дискі немесе Бенрулли дискілері тәрізді құрылғылар болуы мүмкін.
Қазіргі ДЭЕМ-дерде көптеген көлемді программалар CD-ROM компакт-дискілеріне жазылады. CD-ROM дисклерінің мәлімет оқу жылдамдықтары әртүрлі болады, мысылы, жәй жылдамдықты, екі еселенген, төрт еселенген, т.с.с. жылдамдықта бола береді. Соңғы кездері шыққан 6-8 жылдамдықты компакт дискілер қатты магниттік дискімен бірдей жылданмдықта атқара алады. Қарапайым компакт-дискінің көлемі 650 Мб, яғни оған 650 миллион символ сияды, бірақ бұдан тек мәлімет өқуға болады, ал жазуға болмайды. Компакт-дискілерге мәлімет жаздыратын құрылғылар әзірше қымбат тұрады. Сондықтан дербес компьютерлер ондай құрылғылармен жабдықталмайды.