Қорғалуға тиісті есептеу техникалық құралдарының объектісінің сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 21:13, курсовая работа

Описание

Бүгінгі күні Интернет, сонымен қатар басқа желілер жоғары биіктерге көтерілді. Барлық ұйымдар мен мекемелер Интернетпен байланысты, ал олардың көпшілік бөлігінің ішкі желілері де бар. Интернет пайда болғаннан бастап, жұмыс тиімді және ыңғайлы болды. Қазіргі уақытта желі ауа сияқты, онсыз алға басу тоқтап қалады. Технологиялардың дамығаны өте жақсы, деректер жоғары жылдамдықпен жіберіледі. Бірақ осының бәрі бір секунд ішінде бұзылуы мүмкін, егер жүйеде қаскөй пайда болатын болса. Сонда сіздің барлық ақпаратыңыз қауіп қатерге тап болады. Сіздің технологияларды басқалар пайдаланатыңызды байқайсыз. Мекеме құпиялары ашылады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................
1 Корпоративті желі..............................................................................................
2 Желілік шабуыл..................................................................................................
2.1 Man-in-the-Middle Attack шабуылы, одан қорғау……………………

2.2 Жалған ICMP Redirect хабары…………………………………………
2.3 Жалған ICMP Redirect хабарының алдын –алу, қорғау…………….
2.4 ІР-спуфинг......................................................................................................
2.5 IP sequence number (IP-spoofing) болжау...........................................
3 Желіаралық экран..............................................................................................
3.1 Lan2net NAT Firewall 1.95.0175 орнату және баптау........................
Lan2net NAT Firewall 1.95.0175 мүмкіншіліктері..........................
IDS/IPS — Шабуылдарды айырып-табу және алдын-алу жүйелері...........
4.1 IDS үшін қосымшалар: Honey Pot и Padded Cell жүйелері…………..
4.2 Шабуылдардың алдын-алу жүйесі (IPS).............................................
5.1 Қорғалуға тиісті есептеу техникалық құралдарының объектісінің сипаттамасы ……………………………………………………………………
5.2 Объектідегі ақпараттың сыртқа кету арналары……………………
№206 бөлмені ұйымдастыру мен қорғау шаралары ……………….
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Работа состоит из  1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 802.00 Кб (Скачать документ)
 
 

    Шабуылдың алдын-алу жүйелері

    ODS Networks, Cisco Systems, ISS, Star Force, Juniper, Россия - 3Com, McAfee, Sourcefire, Top Layer, NFR, V-Secure, StillSecure, DeepNines, NitroSecurity и Reflex Security. 
     
     
     

             

   5.1 Қорғалуға тиісті есептеу техникалық құралдарының   объектісінің   сипаттамасы 

      №206 БӨЛМЕ ҮШІН

      Объектіні қалай қорғау керек екендігін  қарастырмас бұрын оның іш-сыртына, яғни оның ішіндегі заттардың қалай орналасқанына, оның өлшеміне т.б. тоқталып өтеміз.

      Қорғалуға берілген объект Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің  негізгі оқу ғимаратының №206 бөлмесі болып табылады. Бұл – “Есептеу техникасы” кафедрасының зертханалық бөлмесі.

      Терезе  қараған жақта, 150 м жерде шетел  елшілігі орналасқан.

      Өлшемін көрсететін болсақ, аса үлкен емес: 4х5х3,2 м. Қабырғалары бетоннан жасалған. 3 терезесі бар. Есігі – ағаш есік. Терезесі жоқ, қалған үш қабырға сыртқа шықпайды, дәлізбен, екі бөлмемен жанасқан.

      Бөлмеде компьютер, 1 принтер, 1 аналогтық телефон аппараты бар. Электр желісі дәлізге қарай тарамдалады. Жылу құбыры бар.  

      Бөлменің толық сипаттамасы -суретте көрсетілген. 
 

     5.2  Объектідегі ақпараттың сыртқа кету арналары 

      Ақпараттың  сыртқа кету арналарының алуан түрлері  бар. Негізгі белгілі түрлерін үлкен  екі топқа бөлуге болады: техникалық арналар және адамның тікелей  араласуынан болатын арналар.

      Адамның тікелей қатысуын талап ететін, яғни оларға ақпаратты тасуыштарды ұрлау, есіктің сыртынан тыңдау, бөлмеге  жасырын ену сияқты іс-әрекеттер  жатады. Бұлардың қалайша іске астындығын сипаттау маңызды емес, ол әркімге  белгілі.

      Сондықтан, құпия ақпараттың сыртқа кетуінің техникалық арналарына шолу жасап өтелік.

      Ақпаратты жолай ұстау немесе оның сыртқа кету арналарын пайдалану ақпаратты  тасымалдау, өңдеу, сақтау, оны талқылау кезінде іске асырылады. Сондықтан, осы іс-әрекеттер орындалып жатқанда мүмкін болатын ақпараттың сыртқа кету арналарын қарастырып өтелік.

      Ақпараттың  сыртқа кетуінің техникалық арналарын анықтау кезінде ақпаратты қабылдайтын, өңдейтін техникалық құралдарды, олардың құрамына кіретін негізгі құралдарды, байланыс желілерін (ақпаратты қабылдайтын техникалық құралдар мен олардың элементерінің арасында салынған желілер мен сымдардың жиынтығы), таратуды және комутацияны жүзеге асыратын құрылғыларды, электрлік қорек көздерін, жерлестіру жүйелерін және т.б. ескеру керек. Өйткені бұлар ақпаратты өңдеуге тікелей қатысатындықтан, оларды ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау, тасымалдаудың техникалық құралдары (АҚТҚ) деп атаймыз.

    АҚТҚ-мен бірге үй-жайларда құпия ақпаратты өңдеуге қатыспайтын, бірақ АҚТҚ-мен бірге қолданатын және олардың әсерінен пайда болған электрмагниттік өрісте орналасқан құрылғылар да бар. Осындай техникалық құрылғылар мен жүйелерді көмекші техникалық құрылғылар мен жүйелер (КТҚЖ) деп атайды. Оларға телефондық байланыс, дауыс байланысы, өртке қарсы дабылдама, ылғалдандыру жүйесі, электрификация,  радиофикация, тұрмыстық электр приборларының ашық техникалық құрылғылары жатады..

    Ақпараттың  сыртқа кету арнасы ретінде өзіне  аса көп назар аударатын - ол бақылау аймағынын сыртына шыға алатын АҚТҚ болып есептеледі.

    Бақыланатын аймақ – дегеніміз тұрақты немесе уақытша рұқсаты жоқ, бақыланбайтын адамдар мен көлік құралдарыдың әрекеті алып тасталынған аймақ. Бақыланатын аймақтың ішінде техникалық және режимдік шаралар өткізу нәтижесінде режимдік аймақтан құпия ақпараттың сыртка кету мүмкіншілігін алдын ала болдырмайтын жағдайлар құрылуы керек. Объектінің орналасуының нақты жағдайларын анықтай отырып және жолай ұстаудың техникалық құрылғыларын қолдану мүмкіншілігін ескере отырып, бақыланатын аймақ ұйым басқарылуымен анықталады.

    АҚТҚ мен КТҚЖ-ның байланыс сымдарынан басқа олардың құрамына кірмейтін, бірақ техникалық құрылғылар бар үй-жайлар арқылы өтетін сымдар мен кәбілдер, сонымен қатар жылыту жүйесінің құбырлары және басқа ток өткізетін металқұрылмалар бақыланатын аймақтан тыс шығуы мүмкін. Осындай сымдарды, кәбілдерді және ток өткізетін элементтерді бөтен өткізгіштер деп атайды.

    Ақпараттық  сигналдардың пайда болуының физикалық  табиғатына, олардың таралу орталарына және жолай ұстаудың әдістеріне байланысты ақпараттың сыртқа кету арналарының мынадай түрлерін атап кетуге болады: электромагниттік, электрлік, параметрлік және вибрациялық.

    Ақпаратты өңдеу құралдарымен қатар адамның дауысы да ақпарат көзіболып табылады. Сөздік сигнал – ол күрделі акустикалық сигнал, оның негізгі энергиясы 300-4000 Гц жиілік диапазонында жатыр.

    Адамның дауыс аппараты акустикалық толқындардың алғашқы көзі болып табылады. Ол қысу мен созу тербелісі түріндегі  ауа кеңістігін орнынан қозғайды.

      Акустикалық тербелістердің әсерінен  сөзді таратқыш тұрған үй-жайдың құрылыстық құрылмаларында және инженерлік қатынастарды дірілдік тербелістер пайда болады. Сонымен, сөздік сигнал өзінің бастапқы күйінде үй-жайда акустикалық және дірілдік тербеліс түрінде болады. Акустакалық және дірілдік тербелістерді түрлендіргіштер екінші ретті толқын көзі болып табылады. Оған: телефондар, микрофондар, акселерометрлер, дауыс зорайтқыштар және тағы басқалары жатады.

    Сөздік  сигналдың жолдан ұсталу әдісі мен  таралу ортасына байланысты ақпараттың сыртқа кету арналары беске бөлінеді: акустикалық, дірілдік, акустика-электрлік, оптика-электрлік және параметрлік.

    Қазіргі кезде ақпаратты тасымалдау үшін көбінесе радиорелейлік, тропосфералық немесе космостық байланыс арнасы, телефондық радиобайланыстың түрлері (ұялы байланыс), кәбілдік немесе талшықтық байланыс тізбектері қолданылады. Байланыс арнасы түріне байланысты ақпаратты жолдан ұстаудың техникалық арналарын электромагниттік, электрлік, индуктивті деп бөлуге болады.

    Сонымен, жоғарыдағы айтылғандарды ескере отырып берілген бөлмедегі мүмкін болатын ақпараттың сыртқа кету арналарын тізіп өтелік:

    • дірілдік (ауа тазалағыш құбырларда, жылу құбырларында, терезеде, қабырғада адам дауысының әсерінен пайда болатын тербелістер);
    • акустикалық (сөздік ақпаратты микрофондармен, арнайы бағытталған микрофондар арқылы ұстау);
    • дірілакустикалық (ауа тазалағыш құбырларда, жылу құбырларында, терезеде, қабырғада датчиктер орнату);
    • электр-акустикалық (КТҚЖ желілеріне қосылу арқылы акустикалық тербелістерді жолай ұстау, жоғары жиілікті байланысу арқылы КТҚЖ-ң акустикалық тербелістерін ұстау);
    • электр-магниттік (АҚТҚ-ң жанама электр-магниттік сәулелері);
    • электрлік (кәбілдік байланыс, электр желілері, телефондық байланыс, жерлендіру тізбектерін сәулелендіру);
    • оптика-электронды (бөлменің шағылысатын беттерінен лазерлік құралдар арқылы акустикалық толқындарды ұстау);
    • индукциялық (құралдардан шығатын электр-магниттік өріс);
    • сатып алынған ЖЭЕМ-дерде әдейілеп орнатылған, бірақ сол компьютердің басқа элементтеріне ұқсасатырылып жасалғандықтан, байқалмайтын сыртқа кету арналары (қыстырмалар, радиомаяктар);
    • бөлмеде әдейілеп орнатылған ақпарат жинағыш және таратқыш немесе жазып алғыш құралдар (“қоңыздар”, диктофондар,бейнекамерелар, фотоаппараттар);
    • компьтерлерді пайдалану себебінен пайда болатын сыртқа кету арналары (жедел жады, тұрақты жады, магниттік, лазерлік, оптикалық тасуыштар, ақпарат сақтаудың сыртқы құрылғылары, компьютердің дисплейі, енгізу-шығару құрылғыларының жадылары, байланыс желілері, осы желілерде немесе басқа құрылғыларда өңделетін ақпараттың зиянды генерациялау жиілігінде өңделіп қайта сәулеленуі т.б.).
 
 
 
 

  • №206 бөлмені  ұйымдастыру мен қорғау шаралары .

            

    13-сурет. Бөлменің ұйымдастыру шаралары 

      1. Қабырғадан  дауыс нәтижесінде ақпарат ала  алады, оны болдырмас үшін сыртқа дауыс естілмейтіндей қылып жасау керек;
      2. Акустикалық арна арқылы пернетақтадан және принтерден ақпарат алу және сканерден, принтерден, дисплейден визуалды түсіру. Компьютердің мониторын терезеден бұрып қою;
      3. Жүйелік блокты ашып,ішіндегі деректі алмас үшін, оны мөрлейді, оған дабыл орнатады.
      4. Терезеден акустикалық жолмен ақпарат алу. Алдын алу үшін, жұмыс уақытында терезелер міндетті түрде жабық тұруы керек. Егер 1-2 –ші қабат болса, торлау қажет.Терезелерді арнайы әйнек пакеттермен жапсырып тастау. Терезелерге перде ұстау.
      5. Есіктерді дыбыс оқшауландыратын материалдармен жабу керек.
      6. Желдету арналарын қыстырмалармен жабдықтау керек.
      7. Қарсы ауаны айдайтын желдеткіш орнату. Іщкі жағына тақтайща орнату.
      8. Үй-жайдың ішінен, зертханаларға рұқсат етілмеген жағдайда нәрселерді сыртқа алып шығуды болдырмау үшін жақсы тамғалар, маркерлер орналастыру керек.
      9. Жерлендіру, күзет-өрт дабылы, электрқоректену, ұялы телефон арқылы құпия ақпаратты ала алады. Алдын алу үшін бөлме ішіне күзетке өрттік дабыл беру құралдарын орнату. Соның ішінде қозғалыс, қимыл датчиктерді орнату. Режімдік жағдайда радиотаратқыш құралдарды ешқандай қолдануға болады.
      10. Жылу беру батареяларынан ақпарат алмау үшін батареяның басқа бөлмеге баратын жеріне дыбыс жібермейтін, ақпарат алуға ешқандай мүмкіндік бермейтін құрылғы орнату;
      11. Техникалық құралдары орналасқан үй-жайлардың барлығында, әсіресе рұқсат етілмеген монтаж жасау іс-әрекетін болдырмауда олар мөрленуі тиісті.
      12. Алмалы-салмалы винчестерлер жұмыс біткеннен кейін сейфтарда сақталуы тиіс.
      13. Бөлмеде, қоқысты жәшікке салмастан бұрын, қағаз тасуышты ұсақтайтын құрылғыны пайдалану.
      14. Жұмыс бііткеннен кейін немесе көпке дейін ашылмайтын есіктерді мөрлеу, кілттерін вахтаға қолын қойып қояды.
      15. Құпия отырыс, жиналыс болатын бөлмелердегі барлық артық нәрселер алып тасталу қажет (радио, телефон, магнитофон).
      16. Есік терезелерді жабу.
      17. Құпия жиналысты өткізу кезінде міндетті түрде ол жердегі адамдарды шығарып, құлыптау қажет және күзет қою.
      18. Рұқсатсыз ақпарат құралдарын жүйелі түрде тексеріп тұру. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

                    
     
     
     
     
     

                   
     
     
     
     
     
     

      ҚОРЫТЫНДЫ 

          Бүгінгі күні Интернет, сонымен қатар басқа  желілер жоғары биіктерге көтерілді. Барлық ұйымдар мен мекемелер  Интернетпен байланысты, ал олардың  көпшілік бөлігінің ішкі желілері де бар. Интернет пайда болғаннан бастап, жұмыс тиімді және ыңғайлы болды. Қазіргі уақытта желі ауа сияқты, онсыз алға басу тоқтап қалады. Технологиялардың дамығаны өте жақсы, деректер жоғары жылдамдықпен жіберіледі. Бірақ осының бәрі жүйеде қаскөй пайда болатын болса, бір секунд ішінде бұзылуы мүмкін! Ауқымды желідегі компьютерлік қылмыстармен байланысты жыл сайынғы шығындар жүздеген милиондаған доллармен есептеледі. Сондықтан коммерциялық немесе жеке құпиясы бар ақпаратты жіберу және сақтау үшін де, Интернет желісінде жұмыс істеу үшін де тиімді қорғаныш жүйесін құру қажет.

          Осындай қауіп қатерлерден сақтану үшін ақпарат желісін алдын-ала қорғау қажет. Осы курстық жұмыста желінің  ақпаратының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды қарастырып шықтым.  Жұмыс барысында желіде желіаралық экрандар мен оларды баптаулармен таныстым, сонымен қатар, шабуылдарды айырып табу, алдын алу жүйелері мен баптауларымен таныстым. Ғимаратқа байланысты ақпараттың ағып кетуіне қарсы ұйымдастыру шараларын қарастырдым.    
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

    1. www.google.ru. Корпоративные сети от ВестКолл.htm

    2. И.  Медведовский, П. Семьянов Атака  через Internet. //Мир и Семья-95, 1997г.RFC792 ; ICMPRFC826 ; ARP Protocol for finding out Ethernet addresses.

    3. BugTraq.ru Некоторые подробности по VPN на Kerio WinRoute 6.0

    4. www.google.ru D-LINK - Атаки сети, виды и защита.mht

    5 М.Мамаев, С.Петренко "Технологии защиты информации в Интернете" (СПб: "Питер", 2002).

    6. Бурсуков В.С Безопасность: технологии, средства, услуги,-М КУДИЦ-ОБРАЗ 2001  
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

  • Информация о работе Қорғалуға тиісті есептеу техникалық құралдарының объектісінің сипаттамасы