Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 20:09, реферат
РАДИО - алыс қашықтыққа сымсыз таралатын жоғары жиілікті элек-тромагниттік тербелістерді пайдалануга негізделген техника саласы. Р. таратқыш жүйе (антенна) аркылы электромагниттік энергияны жан-жаққа тарату және оны қашықтан радио-қабылдағыштың антеннасымен қабылдау мәселелерін іске асырады.
РАДИО - алыс қашықтыққа
сымсыз таралатын жоғары жиілікті элек-тромагниттік
тербелістерді пайдалануга
РАДИОБАЙЛАНЫС — радиотолқындар арқылы
жүзеге асырылатын электр байланысы. Бұл
үшін хабар беретін пункте радиотаратқыш
пен таратқыш антенншан тұратын қондырғы,
ал қабылдау пунктіндегі қабылдағыш антенна
мен радиоқабылдағыштан қүралған қондырғылар
орнатылады. Белгілі бір тасымалдауышы
(радиодиапазондық) жиіліктегі гармониялық
тербелістер таратқыштан генерацияланып,
берілетін хабарға сәйкес модуляцияланады.
Модуляцияланған тербелістер радиосигнал
ретінде таратқыш антеннадан кеңістіке
таралады. Қабылдағыш антеннаға жеткен
мұндай радиосигналдар онда электрлік
тербелістер қоздырады. Қабылдағыш антеннаға
таратылған энергияның өте аз мөлшері
келуі себепті бұл сигналдар әлсіз болады.
Сондықтан олар радиоқабылдағышта күшейтіледі
де, кері модулянцияланады (детектирленеді).
Осының нәтижесіде тасымалдауыш жиілікті
модуляциялаған сигналға сәйкес келетін
электірлік тербелістер алынады. Бұл тербелістөр
арнаулы құрылғылар көмегімен (мыс, дауыс
зорайтқыш) бастапқы хабарға пара-пар
дыбысқа түрлендіріледі.
1906 ж. 29 мемлекет өкілдерінің қатысуымен
Берлинде өткен 1 халықаралық әкімшілік
конффенциясында Р. регламенті және халықаралық
конвеңция қа-былданды. Ол 1908 жылдын 1 июлінен
бастап күшіне енді. 1912 ж. жиілік диапазондары
әр елдегі әкімшіліктерге бекітіліп берілді,
радиомаяк, ауа райын хабарлау т. б. қызметтері
құрылды. 1920 жылға дейінгі Р-та толқын
ұз. Жүз метір-ден ондаған км арасындағы,
ал 1922 жылдан декаметрлік толқындар пайдаланылады.
1930 ж. метрлік, ал 1940 ж. түзу сызықпен таралатын
дециметрлік және сантиметрлік толқындар
алқабы игерілді. Ңысқа толқындар негізінде
көп каналды байланыс орнатылып, телөфон,
радио, телевизия байланыстары арқылы
өте көп информация қабылдау-тарату мүмкіндігі
туды. Ретрансляция немесе байланыс спутниктері
көмегімен Р. қашықтығын күрт арттыру
мүмкін болды. Байланыс спутниктері арқылы
кез келген қашықтыққа бір мезгілде мыңдаған
телефон байланысы мен ондағаи телевизиялық
программалар орнатуға болады.
БАЙЛАНЫС линиялары телефон, телеграф
хабарларын, цифрлық информация ағынын,
телевизиялық хабарларды таратуға пайдаланылады.
Р. халықаралық одақтық және жалпы мемлекеттік
турлерге ажыратылады. Мемлекеттік Р.
ма-гистральдық (астаналар мен ірі қалалар
арасында}, облыс аралық және аудан аралық
болып бөлінеді.