Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 22:20, реферат
Анатомия — тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін қүрьшысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым. Анатомия — зерттеу нысандарына байланысты жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді.
I. Кіріспе:
II. Негізгі бөлім:
а) Анатомияны тірі адамда оқу әдістері
б) Дене құрылымының түрлері
в) Сүйектің құрылысына түрлі факторлардың әсері
III. Қорытынды:
IV. Пайдаланылған әдебиеттер:
Жоспар:
I. Кіріспе:
II. Негізгі бөлім:
а) Анатомияны тірі адамда оқу әдістері
б) Дене құрылымының түрлері
в) Сүйектің құрылысына түрлі факторлардың әсері
III. Қорытынды:
IV. Пайдаланылған әдебиеттер:
Анатомия — тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін қүрьшысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым. Анатомия — зерттеу нысандарына байланысты жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді. Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді:
жүйелі анатомия — адам мен жануарлар дене мүшелерінің құрылысын, олардың атқаратын қызметтерімен байланыстырып, мүшелер жүйелері ретінде (тері жабыны, сүйектер , бұлшық еттер, ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею, тамырлар, эндокринді бездер, жүйке жүйелері) зерттейді;
мүсіндік (пластикалық) анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің сыртқы дене бітімі мен дене бөліктерінің тұрақты жағдайдағы немесе қозғалыстағы пропорциялық арақатынасын зерттейді. Мүсіндік анатомияның негізін қалаған италиян ғалымы Леонардо да Винчи;
топографиялық анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің белгілі аумақтары мен бөліктеріндегі әртүрлі жүйелер мүшелерінің орналасу орындары мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді;
салыстырмалы анатомия — әртүрлі типтер мен кластарға жататын жануарлардың белгілі бір мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылыстарын салыстырып зерттейді;
түр анатомиясы — жануарлардың түрлеріне байланысты, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды;
түқым анатомиясы — мал түқымдарына сәйкес, олардың дене құрылысындағы салыстырмалы айырмашылықтарды зерттейді;
жас анатомиясы — жануарлардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды;
қалыпты анатомия — ересек адам мен жануарлар организмдерінің дертсіз қалыпты жағдайдағы құрылысын анықтап зертгейді;
сырқаттық (патологиялық) анатомия — ауырған организм дене мүшелерінің құрылысын қалыпты анатомия мөліметтерімен салыстыра отырып зерттейді;
микроскопиялық анатомия — жануарлар организмі мүшелерінің микроскоппен ғана көрінетін құрылысын зерттейді.
Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады:
остеология — сүйектер жүйесі туралы ілім;
синдесмология — сүйектер байланыстары туралы ілім;
миология - бұлшықеттер туралы ілім;
дермотология тері жабыны және онын туындылары туралы ілім;
спланхнология — ішкі ағзалар туралы ілім;
эндокринология — ішкі секреция бездері туралы ілім;
ангиология — тамырлар жүйесі (қанайналым, лимфаайналым, қантүзу мүшелері) туралы ілім;
неврология — жүйке жүйесі туралы ілім;
эстезиология — сезім мүшелері туралы ілім.
Анатомия ғылымының негізін көне грек ғұламалары: Алкмеон Кротонский, Гиппократ, Аристотель, Герофил, Эразистрат, ертедегі Рим ғалымдары: А.К. Цельс, К.Гален, орта ғасыр шығыс ғүламасы Әбу Әли ибн Сина, қайта орлеу дәуірінің ғалымдары: Леонардо да Винчи, А.Везалий және т.б. ғалымдар қалады.
Ескі сипаттамалық анатомия өзінің алдына адам денесі қалай құрылған деген бір-ақ сұрақ қойды. Ол тек адам құрылымын сипаттаумен ғана, оларды атқаратын қызметіне байланыссыз зерттеді де, организмнің даму заңдарын ашуға ұмтылмады, яғни метафизикалық ғылым болды. Ескі сипаттамалық анатомия мақсаты тек сипаттау ғана болды. Қазірде анатомия үшін сипаттау құрылымды зерттеудегі әдістердің біріне айналып отыр.
Қазіргі анатомия фактілерді сипаттап қана қоймай, оларды қорытындылауға, организмнің қалай құрылғанын айтып қана қоймай, оның неліктен бұлай құрылғанын белгілеп организмнің, оның ағзалары мен жүйелерінің құрылысы мен даму заңдылықтары қандай екенін анықтауға тырысады. Онымен қатар ол организмнің ішкі, сондай-ақ сыртқы байланыстарын зерттейді.
Қазіргі кездегі анатомияда адам денесі құрылысын зерттеудің түрлі әдістері бар. Зерттеу әдісін таңдап алу зерттеу мақсатына байланысты.
Ең ескі, бірақ әлі де маңызын жоғалтпаған, ғылымға ат берген (грекше anatemno – кесу,боршалау), препараттау. Бұл әдіс ірі түзілістердің сыртқы құрылысы мен топографиясын зерттеуде қолданылады. 20-30 есе үлкейткенде көрінетін объектілерді макро және микропрепараттанғаннан кейін сипаттап жазуға болады. Бұл әдістің бірнеше түрлері бар: түсіп келе жатқан тамшы астында, су қабаты астында препараттау. Оны түрлі қышқылдармен дәнекер тканьді қопсытумен, зерттелетін құрылымдамдың (нервтердің, бездердің) таңдап боялуымен, түтікті жүйелерді (қан тамырларды, өзектерді) боялған массалармен толтырумен (инъекциялаумен) толықтыруға болады.
Инъекция әдісі, егер инъекциялық масса рентген сәулелерін тұтатын болса, рентгенографиямен, егер арнайы өңдеуден кейін объект мөлдірленіп, ал инъекцияланған тамырлар мен өзектер контрастанып, лайланатын болса, жарықтандыру мен ұштастыра қолданылады. Кейіннен тканьдерді қышқылдарда еріте отырып тамыр, өзек, қуыстарды инъекциялау (коррозиялық әдіс) кеңінен қолданылады. Бұның нәтижесінде мүшенің (тамыр, нерв және т.б.) басқа анатомиялық түзілістерге қатысты орналасуын тоңазтып қатырылған дененің арамен кесілген жерін зерттейді. Осы аралап кесу әдісіе бірінші рет қолданған Н.И.Перогов. Егер қалыңдығы микрометрлермен өлшенетіндей кесінді даярлап, оны гистологиялық бояулармен өңдесек, онда мұндай кесінділерден алынған деректерді тканьдік арақатынастар туралы мағлұматтармен толықтыруға болады. Бұл әдіс гистотопография деп аталады.
Гистологиялық кесінділер мен гистотопрограммалар бойынша зерттелетін түзілістің суретін немесе көлемін алуға болады. Бұл амал графикалық немесе пластикалық реконструкция болып табылады. Бәрқатар анатомиялық міндеттерді шешу үшін гистологиялық және гистохимиялық әдістер қолданылады. Жұқалығы соншалық, жарықтық микроскоптан көрінбейтін құрылымдарды көруге мүмкіндік беретін электрондық микроскопия анатомияға кеңінен енгізілуде. Аз және көп үлкейткенде де зерттеу объектісінің көлемдік кескінін беретіндей сканирлеуші электрондық микроскопия әдісінің болашағы зор.
Бұл аталған әдістердің барлығы өлген адамның денесін тексергенде қолданылады. П. Ф. Лесшафт айтуынша «анатомияны зерттегенде негізгі объект әруақытта тірі организм болуы тиіс, ал өлі препарат тірі организмді тексергендегі деректерге қосымша болуы керек».
Қазіргі кездегі техника тірі адам денесінің құрылымын терең зерттеуге әлі де болса мүмкіндік бермейді, мәйітті зерттеу анатомияда жетекші бағыт болып қалып отыр. Сонымен қатар мәйітті де, адамды да зерттеу үшін қолданылатын әдістер бар. Оларға: рентгенография (рентген сәулелерін қолданумен байланысты әдістер) және эндоскопия (арнаулы аспаптардың, мысалы, гастроскоптың, бронхоскоптың және т.б. көмегімен ішкі ағзаларды зерттеу әдісі жатады). Бұл әдістерді аурулардың диагнозын дәлдеп нақтылау қажет болғанда ғана қолданылады.
Рентгенологиялық зерттеудің ең жаңа әдістері мыналар:
1.Жұмсақ тіндердің (терінің, сіңірлердің, шеміршектердің, паренхималық ағзалардың және т.б.) рентгендік кескіндерін алуға мүмкіндік беретін электрорентгенография. Бұл кескіндер әдеттегі рентгенограммаларда айқындалмайды, өйткені рентген сәулелерін ұстамайды.
2.Томография әдісінің көмегімен белгілі жазықтықта жатқан, рентген сәулелерін ұстайтын кескіндерді алуға болады.
3.Компьютерлік томография әдісі көптеген томографиялық кескіндерден жинақталған кескінді теледидар экрандарында көруге мүмкіндік береді.
4.Рентгеноденсиметрия – сүйектердегі минерал тұздардың мөлшерін организм тірі жағдайында анықтауға мүмкіндік береді.
Анатомияның көптеген мәселелері жануарларға тәжірибе жасау арқылы шешіледі. Мұндай эксперименттер жекелеген ағзалардың да, сондай-ақ тұтас организмнің де құрылысы мен қызметін танып-білуде қолқабыс тигізеді.
Антропометрия. Бұл саладағы зерттеу әдістері тек арнайы құрал саймандар арқылы жүргізіліп, сантиметр, миллиметр өлшемдерімен анықталады. Адамның бой биіктігі, қол мен аяқ ұзындықтары, дене пропорциялары, бас пен бет бөлімдерінің көптеген өлшемдері арнайы өлшем құралы (циркуль) арқылы анықталады. Негізінде барлық антропометриялық өлшемдер адамның табиғи морфологиялық ерекшеліктерін нақты анықтауға бейімделіп, шартты түрде қабылданған антропологиялық нүктелер бойынша алынады. Онда әрбір нүктелердің атаулары латын әрпімен белгіленген. Бас пен бет бөлімдерінің жалпы өлшеу саны мен оның көрсеткіштерін қосқанда 20-дан артық атаудан тұрады.Антропометриялық зерттеулерде бас пен бет формаларының ерекшеліктерін дұрыс сипаттау үшін мамандар арнайы қабылданған анатомиялық қағидаларға сүйенеді. Солардың біріне басты табиғи нормада, яғни франкфурт (неміс) горизонталында ұстау болып саналады. Бұл қағида бас пен бет формаларын табиғи нормада алдынан, жанынан т. б. түрлер бойынша дұрыс қарауға мүмкіндік туғызады. Ғылыми әдебиеттерде көп тараған бас анықтамасының біріне бас көрсеткіші жатады. Осы көрсеткіштің принциптеріне орай барлық бас формасы үш түрге бөлінеді: долихокефалия, яғни сопақ бас (көрсеткіші төменнен 75,9-ға дейін), мезокефалия, яғни орта жалпақ бас (көрсеткіші 76,0-ден 80,9-ға дейін) және брахикефалия, яғни жалпақ (жұмыр) бас (көрсеткіші 81,0-ден жоғары). Осы сияқты көрсеткіштерді бет пен мұрын формаларын сипаттау үшін де кең пайдаланады. Бұл бөлімде тағы бір айта кететін жай – ол қандай да морфологиялық зерттеулер болмасын ізденіс барысында кәсіби мамандар әр уақытта жыныс ерекшелігіне (жыныс деморфизміне) айтарлықтай назар аударып, олардың арасындағы биологиялық айырмашылықтарын ескеріп отырулары қажет. Өйткені әр этникалық топ әр түрлі табиғи ортада, мәдени-тарихи кезеңдерде өзіндік тұрмыс жайына қарай тиісті жыныс ерекшеліктерімен оқшаулануы мүмкін.
«Организм» деген жалпы ұғым нақты органиизм немесе индивидум туралы ұғыммен байланысты мазмұнды тұтас бере алмайды, ал анатомияны зерттегенде, сондай-ақ дәрігер науқасты емдегенде организмді жете білу керек.
Дене бітімі деп әдетте белгілі бір әлеуметтік табиғи жағдайларда қалыптасатын және организмнің түрлі (соның ішінде патологиялық та) әсерге реакциясынан көрінетін, нақтылы адамға қатысты дара физиологиялық және морфологиялық ерекшеліктер жиынтығын айтамыз. Бұл жиынтықтың негізгі өзегі деп бұрынғы ұрпақтардан алынған бірқатар тұқым қуалайтын қасиеттер есептеледі. Сондықтан әрбір индивидум оның дене құрылысынан көрінетін ішкі (тұқым қуалайтын) және сыртқы (сөздің кең мағынасындағы қоршаған орта) факторлардың бірлігі болып табылады.
Адам денесі бастан – caput, мойыннан - collum, денеден – truncus және 2 жұп қол аяқтан тұрады. Баста: бас-сүйек күмбезін – regiones fornicis capitis және бет бөлімін – regions faciei денеде: көкірек – thorax, іш – abdomen, арқаны – dorsum ажыратады.
Көкірек бетінде бағдарлау үшін тік сызықтар жүргізуді пайдаланады: 1) алдыңғы орта сызық – linea mediana anterior, 2) төс сызығы - linea sternalis, төс сүйектің шеттерімен жүреді, 3) орта бұғана (емшек сызығы) – linea medioclavicularis, s mamillaris, емізік немесе бұғананың ортасы арқылы жүреді; 4) төс сүйек жаны сызығы – linea parasternalis, алдынғылардың ортасы; 5) алдыңғы; 6) ортаңғы және 7) артқы қолтық сызықтары – lineae axillaris, media et posterior , бұлардың біріншісімен соңғысы қолтық шұңқырының алдыңғы және артқы жиектері, ал ортаңғысы оның ортасы арқылы өтеді, жауырын сызығы - linea scapularis жауырынның төменгі бұрышы арқылы жүргізіледі.
Ересек адамдар (20-60 жас) дененің орташа ұзындығы ерлерде 165 см, әйелдерде 154см. Дененің ұзына бойы өсуі ер адамдарда 18-19, әйелдерде 16-17 жаста тоқтайды. Дененің пропорциясы жас пен жынысқа байланысты. Құрсақтағы нәрестенің дамуы процесінде алдымен оның денесінің жоғарғы бөлімдері тезірек өседі. Ал туғаннан кейін төменгі бөлімдері жылдам өседі. Міне сондықтан туғаннан кейін бастың биіктігі тек 2 есе, ал тұлғаның ұзындығы 3 есе, қолдыкі 4есе, аяқтікі 5 есе өседі.
Дене бітімі (конституция). Жоғарыда айқындалған организм деген жалпы ұғым нақты организм немесе индивидум туралы ұғыммен байланысты мазмұнды тұтас бере алмайды, ал анатомияны зерттегенде, сондай-ақ дәрігер науқасты емдегенде организмді жете білуге тура келеді.Дене бітімі деп әдетте белгілі бір әлеуметтік табиғи жағдайларда қалыптасатын және организмнің түрлі (соның ішінде потологиялық та) әсерге реакциясынан көрінетін, нақтылы адамға қатысты дара физиологиялық және морфологиялық ерекшеліктер жиынтығын айтамыз. Бұл жиынтықтың негізгі өзегі деп бұрынғы ұрықтардан алынған бірқатар тұқым қуалайтын қасиеттер есептеледі. Сондықтан әрбір индивидум оның дене құрылысынан көрінетін (тұқым қуалайтын) және сыртқы (сөздің мағынасындағы қоршаған орта) факторлардың бірлігі болып табылады.