Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 09:56, реферат
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) – бұл ядролық технологияларды бейбіт пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың жетекші дүниежүзілік форумы. 1957 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде жеке ұйым ретінде құрылған МАГАТЭ, 1953 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы сессиясында «Әлем үшін атом» атты АҚШ президенті Эйзенхауердің бағдарламалық сөзін іске асырды. Ол атом энергиясын бақылауға, сонымен бірге оны пайдалануға ат салысуға шақыратын халықаралық орган құруды ұсынды.