Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 18:24, реферат
Электр энергетикасы — энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру. Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болатындығында.
Қазақстан Республикасының энергетика кешені
Электр энергетикасы — энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру. Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болатындығында.
Қазақстан электр энергиясы мен электр қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды саласы әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы.
Кеңестiк билiк дәуiрiне дейiнгi кезеңде өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуы оның энергетика базасының Қазақстанда тым кенже қалуы еді. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр станциялардың қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген.
Қазақстан электр
энергетикасының дамуының
Жалпы электр станциялары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне, экономиканы электрлендiру деңгейiне жасалған талдау негiзiнде кеңестiк дәуiрдегi Қазақстан электр энергетикасының даму жолын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады:
Бұл саланы одан әрi дамытудың 1997 — 2000 жылдарға арналған бағдарламасында электр қуаты рыногiн ұйымдастырудың мынадай үлгiлерi көзделдi:
Осы үлгiнiң енгiзiлуi екi жақты мерзiмдi келiсiмшарттар рыногiн құруға мүмкiндiк бердi. Бiр орталықтан диспетчерлiк басқару жүйесi қайта құрылды, ол электр қуатын бәсекелi (электр қуатын өндiру мен тұтыну) және монополиялы (электр қуатын тарату және бөлу) бөлiктерiнiң бөлiнiсi жағдайында жұмыс iстеуге бейiмделдi, сондай-ақ, электр қуатының сапалық көрсеткiштерi, атап айтқанда, электр тогының жиiлiгi жақсартылды. Электр энергетикасы секторын реформалау бағдарламасын дәйектiлiкпен iске асыру нәтижесiнде 2000 жылдан бастап оң өзгерiстерге қол жеткiзiлдi: екi жақты мерзiмдiк (форвардтық) келiсiмшарттар рыногi құрылып, жұмыс iстей бастады. Қазақстанның электр энергетикасы секторының бастапқы экспорттық әлеуетi 2001 жылдың басында 500 — 1000 мВт деп бағаланды. Мысалы,Екiбастұз АЭС компаниясы 2001 жылдан Ресейге (Омбы қаласының маңына) 300 мВт электр қуатын экспортқа шығара бастады. 2030 ж-ға дейiн электр энергетикасын дамыту бағдарламасы шеңберiнде Қазақстанның электр энергетикасы жөнiнен тәуелсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2005 жылға дейiнгi жоспары әзiрлендi.Нарықтық экономика жағдайында электр энергетикасы секторындағы табиғи монополияның барлық құрылымдары уәкiлеттi орган (Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі) тарапынан мемлекеттік бақылауға алынған. Электр қуатын тарату және бөлу жөнiндегi тарифтердi Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi реттеп отырады. 2000 ж. 1 сәуiрде Тарифтер жөнiндегi бөлiмшеаралық комиссия «КЕGOC» ААҚ-ның аймақаралық деңгейдегi электр тораптары бойынша электр қуатын тарату жөнiндегi қызмет көрсетуiне арналған тарифтi есептеудiң жаңа әдiстемесiн қолданысқа енгiздi.
Қазақстанда қазiр энергетика өнiмнiң 2/3-сiне жуығы ЖЭС-терде, қалған бөлiгi энергиясын СЭС-терде өндiрiледi. Қазақстанның батыс аймағында энергетикалық шикiзат көзi мұнай мен табиғи газ болғандықтан сұйық, газ тәрiздi және аралас типтi отынмен жұмыс iстейтiн станциялар дамытылған. Шығыс және оңтүстік аймақтарда әзiрге су қуатынан басқа меншiктi энергетика көздерi жоқ. Осыған байланысты оларда ядролық отын, тасымал мұнай, газ, көмiр пайдаланылады. Электр қуатын тұтынудың есептiк деңгейлерiне жасалған талдау 1990 жылдан бастап он жылдық кезеңде электр тұтыну көлемi жалпы республикалық және солтүстік, батыс аймақтар бойынша 2 есе дерлiк, ал оңтүстік аймақ бойынша 3 есе дерлiк кемiгенiн көрсетедi.Электр энергиясын тұтыну соңғы 2 — 3 жылда электр энергиясын тұтынудың азаю қарқынының баяулағаны байқалды, ал батыс аймақта ол өсе бастады. 2000 жылдың алғашқы жартысында республикада 27,4 млрд. кВт/сағ электр қуаты тұтынылған, мұның өзi 1999 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 7,2%-ға көп. Электр қуатын өндiру мен тұтыну көлемiнiң өсуi негiзiнен Батыс және Солтүстік аймақтарда (Павлодар-Екiбастұз өңiрiнде) байқалды. Қазақстанның Оңтүстік аймағында (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары) жеткiлiктi бастапқы энергетикалық қор жоқ болғандықтан оның электр энергетикасы тасып әкелiнетiн көмiрге, сырттан әкелiнетiн газ бен мазутке негiзделген.Бұл аймақтағы электр қуатының негiзгi көздерi — Жамбыл МАЭС-i, Шымкент ЖЭО-1, Алматы ЖЭО, Қапшағай СЭС-i. Мұндағы тапшылық Солтүстік Қазақстанның ОЭС-ы, 220 — 500 кВ электр тораптары бойынша Орта Азия республикаларынан әкелiнетiн электр қуаты есебiнен өтеледi.2000 ж. 15 маусымнан бастап Қазақстанның Бiрыңғай энергетикалық жүйесiнiң (БЭЖ) Солтүстік бөлiгiнде Ресейдiң БЭЖ-iмен қатарласқан жұмыс қалпына келтiрiлдi.
Екібастұз еліміздің энергетикалық балансында ерекше орын алады.Екібастұз электроэнергетикасында жалпы қуаты 5 млн.Мвт негізінде құрылған ГРЭС-1 және ГРЭС– 2 жылу электрстанциялары жұмыс істейді.Тоғыз жыл жұмыс ішінде иелік қуаты 2000 МВт – қа дейін артты . Бұл жетістік өндіріс өсіміне септігін тигізді : AЭС Екібастұз 2005 жылы 7,5 млрд. кВт. сағ. өндірді .
AЭС Екібастұз
Қазақстанның энергетикалық
Өскемен республикамыздың ірі энергетика орталығы. Өскемен қаласының өндірістік және коммуналдық тұтынушыларын жылу электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін салынған. Ол орта қысымды: 4 қазандық және бу параметрлері 31,5 Мпа, 4000 С 5 турбина және жоғары қысымды: 5 қазандық және бу параметрлері 13,8 Мпа, 5550С 3 турбина құрал жабдықтарға ие. Станцияның қондырылған электрлік қуаты – 241,5 МВт, жылу қуаты- 959 Гкал / сағ. Станцияның ескілігіне қарамастан барлық құрал- жабдықтар еш шектеусіз сенімді жұмыс істеп тұр.
Қазіргі кездегі Қазақстанның электр энергетикасы.Қазақстан өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, Жамбылда, Шымкентте, Павлодарда iрi аймақтық су электр станциялары (АСЭС) салынды. Ертiс өзенінде Өскемен және Бұқтарма су электр станциялары (СЭС), Iледе Қапшағай СЭС-i жұмыс iстедi. Аса iрi Ақсу АСЭС-ы Екiбастұз кенiшiнiң арзан көмiрiн пайдаланды. Қазақстанның су байлықтары жылына 163 млрд кВт/сағат электр өндіруді қамтамасыз ете алады. Қазақстанның электр энергия станциялары 60 млрд кВт/сағатқа жуық электр энергиясын өндірді. Республиканың бір тұрғынына шамамен 3750 кВт/сағат электр энергиясы келеді.
Қазір республикада жылу
электр станциялары кең таралған.
Олар, негізінен, Қарағанды және Екібастұз
көмірімен жұмыс істейді,әрі бү
(1-кесте) 2007 -2008 жылғы энергетика cаласынан түcкен пайдалар
Кіріс түрінің атауы |
2006 |
2007 |
өзгеріс (+/-) |
өсім % қарқындары |
Электр энергиясын жеткізу |
17 213543 |
17121526 |
92017 |
0,5% |
Техникалық қызмет көрсету |
3 855 051 |
3 183 590 |
671 461 |
21,1% |
Энергия үнемдеуден |
965 036 |
911 331 |
53 705 |
5,9% |
Барлығы |
22 033 630 |
18 904 894 |
3 128 736 |
16,6% |
Барлық электр станцияларын жоғары вольтты бір желіге біріктірген бірыңғай энергетика жүйесін құру кешені Қазақстан Республикасындағы электр энергетикасын дамытудың аса маңызды міндеті болып табылады. Қазақстан энергетикасы — электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы.
Олардың ең ірілері Екібастұзда,Ақсуда,Таразда,
(2-кесте) «КЕGOC» АҚ-ның 2005 жылғы халықаралық қарым-қатынасы
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
барлығы | |
экспорт |
2 142,70 |
2 518,70 |
4 119,20 |
5 319,8 |
2 961,6 |
17 062,0 |
Орталық Азия - Ресей Федерациясы транзиті |
0,00 |
0,00 |
903,54 |
1 800,1 |
936,1 |
9 639,74 |
Қырғызстан - Ресей |
0,00 |
0,00 |
713,9 |
1 800,1 |
936,1 |
3 450,1 |
Тәжікстан - Ресей |
0,00 |
0,00 |
189,64 |
- |
- |
189,64 |
Электр энергиясының экспорты, импорты мен транзиті, млн.кВт.с.
2007 жылы Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 2006 жылмен салыстырғанда 4 668,2 млн.кВт•с-қа немесе 6,5%-ға артты және 76 439,6 млн.кВт•с-ты құрады. Электр энергиясын тұтыну көлемінің өсуі коммуналдық-тұрмыстық пайдалану ғана емес өнеркәсіп жүктемесінің артуы есебінен де болды. 2007 жылы электр энергиясын тұтыну көлемінің өсуі Қазақстанның барлық облыстарында дерлік байқалды. Тұтыну көлемінің ең жоғары мөлшері Қазақстанның Солтүстігінде - 2 552,7 млн.кВт•с немесе 5,4% шамасында болды. Қазақстанның барлық аймағы бойынша электр энергиясын тұтыну мөлшері төмендегідей шамада боды:
Қазақстан.....................
Солтүстік аймақ.....................49 694,6 млн.кВт•с
немесе 65,0%;
Оңтүстік аймақ........................
Батыс аймақ.........................
Қазақстан Республикасындағы біртұтас
электр энергетикалық жүйенің Жүйелік
операторы болып табылатын "KEGOC"
АҚ-ның басты мақсаты - қазіргі
заманғы техникалық, экономикалық,
экологиялық талаптарға, кәсіби қауіпсіздік
және денсаулық қорғау стандарттарына
сәйкес Қазақстан Республикасындағы біртұтас
электр энергетикасы жүйесінің жұмы сенімділігін
қамтамасыз ету.
Қазақстанның электр
энергетикасы саласындағы аймақтық ынтымақтастығы. Қазақстан Республикасының
шет мемлекеттермен электр энергетикасы
саласындағы халықаралық ынтымақтастықтығын
дамытуда ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің
2005 жылғы 26 мамырдағы шешімімен ТМД-ге
қатысушы мемлекеттердің электр энергетика
саласындағы 2020 жылға дейінгі өзара іс-қимылы
мен ынтымақтастық Стратегиясы (негізгі
бағыттары) бекітілді. "KEGOC" АҚ-ның
миссиясы - қазіргі заманғы техникалық,
экономикалық, экологиялық талаптарға,
кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қорғау
стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы
біртұтас электр энергетикасы жүйесінің
жұмыс сенімділігін қамтамасыз ету.
Информация о работе Қазақстан Республикасының энергетика кешені