Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 12:16, реферат
Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің біріне айналды. Өнеркәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. Өйткені көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жылу электр станциялары түбі бір экологиялық проблемалардың асқынуына әкеп соқтыратыны белгілі жайт. Сондықтан әлем қайта қалпына келетін жергілікті энергия көздерін энергия үнемдеудің басты қайнар көзі ретінде қабылдап отыр.
Баламалы энергетика – сарқылмас қуат көзі
Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің біріне айналды. Өнеркәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. Өйткені көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жылу электр станциялары түбі бір экологиялық проблемалардың асқынуына әкеп соқтыратыны белгілі жайт. Сондықтан әлем қайта қалпына келетін жергілікті энергия көздерін энергия үнемдеудің басты қайнар көзі ретінде қабылдап отыр.
Соңғы жылдары елімізде де қалпына келетін энергия көздеріне энергетикалық кешенді дамытудың бір тармағы ретінде қарай бастады. Мемлекет пен бірқатар бизнес құрылымдар тарапынан оны қолданысқа енгізуге зор күш салынып жатыр. Оның өз жөні бар. Ең алдымен, қайта қалпына келетін қуат көздерін тиімді пайдалану энергияны үнемдеуге мүмкіндік берсе, екіншіден экологиялық мәселелердің түйінін тарқатады деуге болады. Қазақстанда қалпына келетін энергия көздерінің тұрақты кешенін құру мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асатын шаруа болғандықтан, бұл мәселе үкімет деңгейінде қолға алынған.
Қазақстан қалпына келетін энергия көздерін пайдалануда зор әлеуетке ие. Зерттеулерге сүйенсек, Қазақстанның жалпы су әлеуеті жылына 170 млрд кВт/сағатқа жетеді екен. Солай бола тұра, қазіргі таңда Қазақстанның басты қуат көздеріндегі СЭС-тің үлесі тек 12,3%-ды құрайды. Әрине, бұл көрсеткіш экономикасы дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Дегенмен, бұл салада жүргізілген жұмыстар нәтижесіз емес, Қазақстан бірнеше, атап айтсақ, қуаты 300 МВт-қа тең Мойнақ СЭС-і, 49,5 МВт-ты құрайтын Кербұлақ СЭС-і мен қуаты 68,25 МВт Бұлақ СЭС-і сияқты ірі жобаларды іске асыруды бастап кетті.
Географиялық орналасуы жағынан Қазақстанның жел энергетикалық әлеуеті де жоғары, жылына 0,929-дан 1,82 млрд кВт/с-қа жетеді. БҰҰ-ның Жел энергетикасы бойынша даму бағдарламасы аясында жүргізілген зерттеулер Қазақстанның бірқатар өңірлерінде, яғни 50 мың шаршы метрге тарта аумақта желдің жылдамдығы 6 м/с-тан асатынын дәлелдеп берді. Бұл ретте, Жоңғар қақпасының жел энергетикалық ресурстары мен Балқаштың климаттық жағдайы ерекше маңызға ие. Балқаш өніріңде Сарыарқаның аңызық желі үздіксіз соғып тұрады.
Жалпы, қалпына келетін дәстүрлі емес жел энергиясының келешегі зор, экологиялық таза, қоры ешуақытта сарқылмайды, әрі арзан, тиімді. Оларды пайдалану табиғат баланстарын бұзбайды. Сол себепті, еліміз 2011 жылдың наурызында Жамбыл облысында екі бірдей ірі жобаны – Жаңатас (400 МВт) және Шоқпар (200 МВт) жел энергетикалық кешенін іске асыру жұмыстарын бастады. Олардың құрылысына құйылған инвестиция көлемі 1 млрд долларға жуықтады. Сонымен қатар, 2014 жылға қарай мемлекеттің қолдауымен 51 МВт қуаттылықпен Шелек дәлізі, Жоңғар қақпасы (алғашқы кезеңде 50 МВт) аумағында, ШҚО Ұлан ауданында (24 МВт) және өзге де өңірлерде жел энергетикалық кешені құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.
Желді адамдар мыңдаған жылдар бойы энергия көзі ретінде пайдаланып келді. Жел энергиясы арқылы желкенмен жүзген. Дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін жел диірменін пайдаланды, қажеттілігіне жаратты. Осыдан-ақ адамзат үшін жел энергиясының маңызы ешқашан жоғалмайтынын пайымдауға болады.
Қазақстанның климаттық жағдайы күн энергиясын пайдалануға қолайлы болып табылады. Елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 млрд кВт/сағатқа бағалануда. Қазақстан солтүстік ендікте орналасқанына қарамастан, республика аумағындағы күн радиациясының әлеуеті өте жоғары. Сонымен қатар, өңірде күн энергиясы электр қуатын өндіру үшін ғана емес, жылу алу үшін де пайдалануға болады. Ол үшін орталық электр және жылумен қамтамасыз ету жүйелерінен шалғай жатқан аудандарда күн қондырғылары орнатылуы тиіс.
2015 жылға дейін жалпы қуаттылығы 91 МВт күн қондырғыларын іске қосу қарастырылған. Сонымен бірге, Қазақстанда күн энергетикасын дамытуға қажетті кремний және фотоэлектрлік элементтер шығаратын өндірістік база құруға бағытталған шаралар қабылданып жатыр. Күн батареялары қатты кремний материалынан жасалынады, бұл жер қойнауындағы оттегіден кейін ең көп таралған элементтердің бірі. Фотоэлектрлік станциядағы 1 келі кремний өндіретін энергияның көлемі жылу электр станциясында 75 тонна мұнай жұмсап өндірілген энергиямен пара-пар. Сондықтан кремнийді 21 ғасырдың мұнайы десек те артық айтпаймыз.
Биологиялық отынды қолдану белгілі бір көлемде қордың жиналуына ықпал ететінін атап өту керек. Ауыл шаруашылығы өндірісі қалдықтарын қайта өңдеу есебінен жыл сайын 35 млрд кВт/с электрлік және 44 млн гигакалориялы жылу энергиясын алуға болады екен. Биогаз өміріміздегі экологиялық, энергетикалық, агрохимиялық проблемаларды шешуге қауқарлы. Биогазды жарықтандыруға, үй жылытуға, тамақ пісіруге, көлік, электр генератордың роторларын қозғалту мақсатында қолданады. Ғалымдардың есептеуінше, 1 м2 аумақты жылыту үшін жылына 45 м3 биогаз қажет, ал су жылыту үшін күніне 5-6 м3 биогаз керек.
Қазақстанда қалпына келетін энергия көздерін пайдаланудың басты мақсаты энергетиканың қоршаған ортаға кері әсерін төмендету екенін айттық. Әлемдік тәжірибеде солай. Мысал үшін, бір ғана 2009 жылдың өзінде ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметі көрсеткендей, атмосфераға шығарылған ластаушы заттардың көлемі 3,4 млн тоннаны құрап, оның 85%-ы 43 ірі кәсіпорынға тиесілі болған. Оның үстіне, қазіргі таңда Қазақстанда жалпы өндірілетін электр энергиясы 85%-ға дейін органикалық отынды – негізінен, жергілікті көмірді және аз көлемде көмірсутекті шикізаттарды жағу жолымен алынатынын ұмытпаған жөн. Стационарлық көздерден еліміздің атмосферасына қалдықтардың 10%-ға жуығын және улы қалдықтардың басым үлесін мұнай және ілеспе газ өндіру саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар шығарады. Осы ретте, қалпына келетін энергия көздерін қолдану арқылы энергетикадан бөлінетін парник газдарын 500 мың тоннадан 2,5 млн т СО2-ге дейін азайтуға мүмкіндік бар.
Қалпына келетін энергия көздерін пайдаланудың экономикалық тиімділігі де бар. Атап айтсақ, оны электр қуатын өндіру және жеткізу үшін қолдану арқылы Қазақстанның энергияға тапшы өңірлерінде үнемділікке қол жеткізуге болады. Сонымен қатар қайта қалпына келетін энергетика елдің шалғай өңірлерін дамытудың маңызды факторына айналмақ.
Мемлекеттік деңгейде шаралар қабылданып жатқанына қарамастан, Қазақстанда қайта қалпына келетін және баламалы энергетика кенже қалған. Өкінішке қарай, бірнеше құрылысты, атап айтқанда, жел энергетикасы кешендерін салуға талпыныс жасалғанымен республикамызда бүгінгі күнге дейін бұл салада бірде-бір ірі жоба іске қосылмаған екен. Мәселен, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, 2010 жылы баламалы энергия көздерінің үлесі 0,03%-ды құраған. Яғни, жалпы энергия көлемінің бір пайызына да жетпейді. Бұл дегеніміз, бұл саланы әлі де болса жетілдіре түсу қажет екенін көрсетсе керек. Салыстыру үшін айтсақ, тіпті, озық қалпына келетін энергия көздерін қолдану бойынша әлемдік аутсайдерлердің қатарына кіретін Ресейде де оның үлесі төмен, жалпы өндірілген энергияның бар-жоғы 1%-ын құрайды. Сонымен қатар оның базасында алынған жылу энергиясы 3%-ға жуықтайды.
Ірі су электр станцияларында өндірілген энергияларды есепке алғанда Қазақстанның энергия балансындағы қалпына келетін энергия көздерінің үлесі 12,3%-ға әрең жетеді.
Қазақстанда соңғы жылдары қалпына келетін энергия көздерін қолдауға бағытталған заңнамалық базалар мен бірқатар салалық бағдарламалардың қабылдануы бұл саланың дамуына оң ықпал етеді деп сенеміз. Республикалық заңнамалық базаның маңызды ережелерінің қабылдануына байланысты қазірдің өзінде Қазақстандағы қалпына келетін энергия көздері жобасына инвесторлардың қызығушылығы артып жатыр. Оның ішінде Қытай және Германия сияқты жетекші елдердің де инвесторлары бой көрсетуде.
Киота келісімдерін іске асыру аясында климаттың өзгеруі жөнінде Копенгагенде өткен коференцияда Қазақстан парник газдарды 1992 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2020 жылға қарай 15%-ға, 2050 жылға қарай 25%-ға төмендету бойынша міндеттемелер алды. Атап айтқанда, 2010-14 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарлама аясында 2009 жылмен салыстырғанда атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтарды кем дегенде 5,9%-ға төмендетуге уәде етіп отыр.
2009 жылы қабылданған «Қалпына келетін энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңы электрлік және жылу энергиясы өндірісі үшін қалпына келетін энергия көздерін пайдалануды ынталандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін бекітті. Бұл Заң қайта қалпына келетін энергия көздері жобасына арналған инвестициялық артықшылықтар беруді, нарықта және оларды желілер бойынша беру кезінде «таза» электр энергиясын пайдаланудың басымдықтарын қарастырады, сонымен қатар мемлекеттің бақылауындағы сертификаттар жүйесі арқылы қолдау көрсетеді.
2020 жылға дейінгі Қазақстанның Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, электр энергиясын тұтынудың жалпы көлеміндегі баламалы энергия көздерінің үлесі 2015 жылға қарай 1,5%-ды, 2020 жылға қарай 3%-ды құрауы тиіс. 2010-14 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы қойған басымдықтар 2014 жылы қайта қалпына келетін энергия көздерінің көлемін жылына 1 млрд кВт/сағат деңгейіне жеткізуді көздейді.
Қорыта айтқанда, еліміз қайта қалпына келетін энергия көздерін дамытуды заңдық тұрғыдан мықтап бекітіп алған. Нақты жұмыстар атқарылуда. Оның үстіне, баламалы энергетиканы іске асыру үшін өзге елдердегідей шиеленіскен түйіндер жоқ бізде. Әлемдік монополистер «жүйеге қосылуға рұқсат бере ме, қуатымызды өткізе ме, жоқ па» деп бас қатырып жатпаймыз. Демек, баламалы энергетиканы қолдану ел экономикасын жаңғыртудың маңызды факторына айналатын күн де алыс емес деген сөз.
Все права защищены.
При использовании материалов BNews.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт BNews.kz обязательна.
При использовании материалов BNews.kz:
- в печатных изданиях
или в иных формах на
- в Интернете или иных
формах использования в
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
Пікір қалдыру Пікір білдіру кезінде:Мақала мазмұнына немесе талқылау мәтініне қатысы жоқ хабарламаға,
сайтқа кірушілерге тіл тигізуге және қоқан-лоқы жасауға,
адамның абыройына нұқсан келтіретін, ұлтаралық және дінаралық алауыздықты тудыратын сөйлемдерге,
мақала мәтініне қатысы жоқ қандай да бір тауар мен қызметті, ресурстарды БАҚ немесе оқиғаларды жарнамалауға қатаң тыйым салынады.
Сiздiң атыңыз* Мәтiн*
Бейнежаңалықтар
АЛМАТЫ. 21 ақпан 2013. BNews.kz Алматыда кеше түнде болған жол апатынан үш бойжеткен қаза тапты (ВИДЕО)
АСТАНА. 19 ақпан 2013. BNews.kz Жоғары оқу орындары мен ғылыми институттар бірге жұмыс істеуі керек – А.Күрішбаев (ВИДЕО)
АСТАНА. 19 ақпан 2013. BNews.kz ҚР Үкіметінің отырысы | 19.02.13
АСТАНА. 15 ақпан 2013. BNews.kz Қазақстан студенттері 1600-ден астам бос білім грантына ие болды (ВИДЕО)
АСТАНА. 15 ақпан 2013. BNews.kz Қазақстанның еңбек министрлігі бала туғанда жәрдемақы қалай төленетінін түсіндірді (ВИДЕО)
ӨзектіТанымал
13:07 21.02.2013 Биыл Астана қаласы 150 жаңа автобус сатып алады – И.Тасмағамбетов
21.02.2013 12:50 Алматыда кеше түнде болған жол апатынан үш бойжеткен қаза тапты
21.02.2013 12:49 Астана тұрғыны әкімге «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын 100 спорт залмен толықтыруды ұсынды
21.02.2013 12:37 Медициналық-құтқару бригадасы «Қызылорда – Көкшетау» пойызының жолаушысына дәрігерлік көмек көрсетті
21.02.2013 12:27 И.Тасмағамбетов: Астана жастарының арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 9,2%
21.02.2013 12:20 Алматыда 10 шақты мектеп пен балабақшаға суық су беру тоқтатылды
21.02.2013 12:09 Алматыда бірқатар үйлерге суық су тоқтатылды
21.02.2013 12:04 Елорданың 6 мектебінде оқушылар үш ауысымда оқып жүр – Астана әкімі (ФОТО)
21.02.2013 12:00 Астанада азық-түлік дүкенін тонағандар ұсталды
21.02.2013 11:46 2017 жылға дейін елордада 1,3 млн шаршы метр қолжетімді баспана салынады
21.02.2013 11:43 Павлодарда полицейлер екі бойжеткенді тұтқыннан босатты
Информация о работе Баламалы энергетика – сарқылмас қуат көзі