Фарадей құбылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:11, курс лекций

Описание

Фарадей құбылысы — зат ішінде магнит өрісінің күш сызықтары бойымен таралатын электрмагниттік толқынның поляризация жазықтығының бұрылуы. Бұл құбылысты 1846 жылы М.Фарадей ашқан. Жалпы жағдайда магниттелген затты бір ғана п сыну көрсеткішімен сипаттауға болмайды. Магнит өрісінің әсерінен айналмалы оң және сол поляризацияланған жарықтар үшін сыну көрсеткіштері әр түрлі (п+ және п–) болады. Осының салдарынан сызықтық поляризацияланған сәуле магнит өрісін бойлай орта арқылы өткенде оның оң және сол айналмалы поляризацияланған құраушылары оптик. жүріс жол айырымына сызықты тәуелді жол айырымын алып, әр түрлі фазалық жылдамдықпен

Работа состоит из  1 файл

Фарадей құбылысы.docx

— 11.17 Кб (Скачать документ)

Фарадей құбылысы — зат ішінде магнит өрісінің күш сызықтары бойымен таралатын электрмагниттік толқынның поляризация жазықтығының бұрылуы. Бұл құбылысты 1846 жылы М.Фарадей ашқан. Жалпы жағдайда магниттелген затты бір ғана п сыну көрсеткішімен сипаттауға болмайды. Магнит өрісінің әсерінен айналмалы оң және сол поляризацияланған жарықтар үшін сыну көрсеткіштері әр түрлі (п+ және п–) болады. Осының салдарынан сызықтық поляризацияланған сәуле магнит өрісін бойлай орта арқылы өткенде оның оң және сол айналмалы поляризацияланған құраушылары оптик. жүріс жол айырымына сызықты тәуелді жол айырымын алып, әр түрлі фазалық жылдамдықпен тарайды. Нәтижесінде ортада l жол жүрген, толқын ұзындығы сызықты поляризацияланған монохроматты жарықтың поляризация жазықтығы бұрышқа бұрылады. Магниттік өріс аса күшті болмаған аймақтарда айырма (п+–п-)магнит өрісінің кернеулігіне сызықты тәуелділікте болады. Жалпы түрде фарадейлік айналу бұрышы VHI өрнегімен сипатталады. Мұндағы пропорционалдық тұрақты — V заттың қасиеттеріне, сәуленің толқын ұзындығына және темп-раға байланысты. Ол Верде тұрақтысы деп аталады. Поляризация жазықтығының бұрылу бағыты электрмагниттік толқынның таралу бағытына емес, магнит өрісінің таралу бағытына тәуелді болады. Фарадей құбылысы оптикада, т.б. ғыл. зерттеулерде кеңінен қолданылады.


Информация о работе Фарадей құбылысы