Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 10:55, реферат
Орталық ішкі секреция жүйесінің құрамына кіретін гипоталамус аралық мидың есебіне кіріп, таламустың астына қарай орналасқан нейросекреторлық және өткізгіш жүйкелік жасушалардан түзелген мүше. Ол ағзаның вегетативті қызметтерінің жоғарғы реттеу орталығы және жүйкелік, эндокриндік жүйелердің өзара байланысатын жері болып табылады. Гипоталамуста жүйкелік және эндокриндік қызмет біріктірілген.
Орталық ішкі секреция жүйесінің құрамына кіретін гипоталамус аралық мидың есебіне кіріп, таламустың астына қарай орналасқан нейросекреторлық және өткізгіш жүйкелік жасушалардан түзелген мүше. Ол ағзаның вегетативті қызметтерінің жоғарғы реттеу орталығы және жүйкелік, эндокриндік жүйелердің өзара байланысатын жері болып табылады. Гипоталамуста жүйкелік және эндокриндік қызмет біріктірілген.
Гипофиз эмбриогенездің 4-5 аптасында дами бастайды. Ұрықтың ауыз шұңқырының эктодермальдық эпителийінен гипофизарлық қалта оқшауланады да, дамып келе жатқан миға қарай орын ауыстырады. Бұл қалта аденогипофиздің бастамасы. Оның дифференцировкасы бас миының бастамасының «аралшығына» түйіскенде ғана басталады. Эпителиальдық гипофизарлық қалтаның өсуімен оның дифференцировкасы басталады. Алдыңғы қабырғасынан аденогипофиз дамиды. Артқы қабырғасынан аралық бөлігі пайда болады. Артқы гипофиз нейроглиядан түзіледі. Гипоталамус: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерін ажыратады.
Алдыңғы бөлігінде - супраоптикалық және паравентрикулярлық ядролар орналасады. Супраоптикалық ядро ірі пептидохолинергиялық нейросекреторлық жасушалардан тұрады. Олар АДГ немесе вазопрессин гормонын бөледі. Нейросекреторлық жасушалардың аксоны гипофизарлық аяқшалар арқылы нейрогипофизге өтеді де капиллярлардың қабырғасында аксовазалды синапстарды құрайды (Херринг жинақтаушы денешіктері). Паравентрикулярлық ядроның ортаңғы бөлігінде ірі пептидохолинергиялық нейросекреторлық жасушалар, ал шетіне қарай ұсақ адренергиялық нейросекреторлық жасушалар орналасады.
Паравентрикулярлық ядрода окситоцин гормоны түзіледі. Окситоцин қуықтың және жатырдың қабырғасындағы жазық бұлшық ет тінінің жиырылуын реттейді. АДГ зәр түзілу процессін реттейді.
Ортаңғы бөлігінде– аркуатты, вентромедиальды және дорсомедиальды ядролар орналасады (аденогипофизотропты гормондар): либериндер- аденогипофиздің гормон бөлуін ↑ және статиндер-оны тежейді. Гормондар медиальды эминенцияда орналасқан біріншілік капиллярлар торы арқылы аденогипофизге жетеді.
Гипофиздің қызметі мен құрылысы
1. аденогипоизге тәуелді эндокринді бездердің жұмысын реттеу.
2. гипоталамустың нейрогормондарын жинақтау.
3. пигменттік және майдың алмасуы.
4. организмнің өсуін қамтамасыз ететін гормонды өндіру.
5. нейропептидтерді (эндорфиндерді) өндіру.
Гипофиз – адено- және нейрогипофизден тұрады. Аденогипофиздің 3 бөлігін ажыратады: алдыңғы, аралық және туберальды.
Аденогипофиз- эктодермадан (Ратке қалташығының эпителийінен), нейрогипофиз – нейроглиядан дамиды.
Алдыңғы бөлігі эпителиальдық
созындылардан тұрады, олардың араларында
синусоидты гемокапиллярлар мен
борпылдақ дәнекер тінінен
Базофильді эндокриноциттер:
1.Тиротропоциттер -тиротропин гормонын бөледі, эндокриноциттердің пішіні үш бұрыш тәрізді, секреторлық түйіршіктері ұсақ, негізгі бояулармен боялады – қалқанша безінің гормондарының бөлінуін ↑. Егер организмде йодотирониндер жетіспесе тиротропин гормонының түзілуі күшейеді. Тиротропоциттер көлемінде ұлғаяды, ЭПТ цистерналары кеңейеді, цитоплазмасы ірі көпіршіктерден тұрады. Мұндай вакуольденген тиротропоциттер тироидэктомия жасушалары деп аталады.
2. Гонадотропоциттер- пішіні
1)Фоллитропин (ФСГ)-
2)Лютропин (ЛГ)–сары денешіктің дамуын, оның прогестерон гормонын бөлуін және интерстициальды (Лейдиг) жасушалардың аталық жыныс гормонын бөлуін арттырады.
Адренокортикотропоциттер- аденокортикотропты гормон бөледі (АКТГ), аденогипофиздің ортасында орналасады, пішіні созылыңқы, ядросы бөлшектенген, ЭПТ жақсы дамыған. Бүйрек үсті бездерінің қыртысты затының шоғырлы аймағының гормон бөлуін күшейтеді.
Оксифильді эндокриноциттер:
1. Соматотропоциттер –пішіні
2. Лактотропоциттер - пішіні дөңгелек немесе сопақша болып келген, ядросы ортасында орналасқан, түйіршікті ЭПТ жақсы дамыған. Пролактин гормонын бөледі. Ол жүктілік кезінде сүт безінің өсуін ↑, лактацияға және сары денешіктің дамуына әсер етеді.
Аденогипофиздің аралық бөлігі
1. Меланотропоциттер–
2.Липотропоциттер –липотропин гормонын бөледі липидтердің метаболизмін арттырады.
.Кеннон (1914) мысықтың оң диафрагма жүйкесін симпатикалық жүйкенің шеткі мойын жақ ұшына (калқанша безін жүйкелендіретін) жалғастырғанда 6 айдан кейін гипертиреоз пайда болғанын анықтаған. Себебі қалқанша безімен жалғасқан диафрагмалық жүйкенің талшығы арқылы тыныс орталығынан үнемі дем алған сайын ырғақты қозулар безді тітіркендіреді. Кезеген және симпатикалық жүйкелердің талшықтары ұйқы безіндегі инсулиннің сөлінісін реттейді. Кезеген жүйке оны (стимуляциялайды) күшейтсе, симпатикалық жүйке керісінше тежейді.
Осы күнге дейін бүйрекүсті безінің қыртыс қабаты қызметіне әсер ететін секрециялық жүйкелердің бар-жоғы дәлелденген жоқ, бірақ жүйке жүйесінің гипоталамус-гипофизарлық жүйе арқылы әсер ететіні айқын. Сонымен бірге бұл жүйенің жыныс және қалқанша бездерінің қызметіне әсері дәлелденіп отыр.
Қазіргі кезде эндокриндік бездердің секрециялық қызметіне орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің әсері (ми сыңарларының қыртыстары, гипоталамус, лимбия жүйесі т.б. бөлімдері) әр дәрежеде зерттеліп анықталып отыр. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын алады.
Гипофизбен гипоталамустың арасындағы жүйкелік-гуморальдық байланыс екеуінің атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді. Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық нейрондар аксондары гипофиз аяқшалары арқылы оның артқы бөліміне өтеді. Гипоталамустың аталған ядролары нейросекрециялық қызмет атқарады, яғни олар түрлі нейросекрециялық гормон тәріздес заттар түзеді. Олардың жүйке талшықтары арқылы бөлінетіндігі нейрогистологиялық, физиологиялық және биохимиялық әдістермен дәлелденген. Нейрогипофиздің гормондары белок — нейрофизинмен қосылыста болып, қанға өткенде бұл байланыстан босайды.
Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес, прогормон болып саналады. Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға айналады, яғни гипофиздің артқы бөлімі мен гипоталамус біртұтас құрылымдық және әрекеттік құрылым болып саналады. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлімдері гипоталамуспен қан тамырлары арқылы, яғни гуморалды жолмен байланысады. Виллизи шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді. Бұл торға гипоталамустың нейросекрециялық жасушалары келіп, ұштары нейрокапиллярлық түйіспелер түзетін жүйкелік тор жасайды (25-сурет).
Бұл түйіспелер арқылы қанға нейросекрециялық (стимуляторлар) әсер етушілер шығады.
Қан капиллярлары 10-20-дан қуыс вена тамырларына күйылады. Олар гипофиз сабағы арқылы оның алдыңғы бөліміне өтіп, екінші капилляр торын күрады. Соның арқасында гуморальдық стимуляторлар без тіндеріне тікелей эсер етуге мүмкіндік алады.
Гипоталамустың
Гипоталамус жүйке жүйесінің бөлігі. Мұнда жүйкелік реттеу эндокриндік реттеуге ауысады. Гипоталамус ядроларының нейрондары бөліп шығаратын нейропептидтер либерин және статин деп аталады.
Соңғы кездегі химиялық
зерттеулердің нәтижесінде
Либериндер тобына
Сәйкес үш гормондардың шығуын
тежейтін статиндер тобына
Орталық жүйке жүйесінің ішкі сөлініс бездерге әсері вегетативтік жүйке жүйесінің талшықтары мен гипоталамус — гипофиз жүйесі арқылы іске асады.
Бұл әрекеттік жүйенің болуы да тұтасқан екі реттеу тетіктері — жүйкелік және гуморальдық тетіктер бар екенін дәлелдейді. Ішкі сөлініс бездерінде кең көлемде өзін-өзі реттеу үрдісі жүреді, қызметлардың өзін-өзі реттеуі осы екі реттеуші тетіктерінің қызметінің үйлесімділігіне байланысты. Гормондардың түзіліп, канға өтуінің маңызды себептері — реттелетін жүйелермен үрдістердің өзіндік қалпы болып келеді. Мысалы, қандағы кальцийдің (Са2+) өзгеруі қалқанша және қалқансерік бездерінің гормондарының шығуын реттейді. Ал қандағы қанттың мөлшері ұйқы безінің инсулинді және бірқатар инсулинге қарсы гормондарды шығаруға әсер етеді. Тироксин, глюкокортикоидтар мөлшеріне лайық гипофиздің троптық гормондары түзіледі.
Сонымен бездер мен олар реттеуге қатысатын агзалар қызметі арасында екі жақты — тура және кері байланыс бар. Солардың арқасында реттеуші тек қана реттелетін үрдістерге әсер етіп қоймай, ондагы өзгерістер бездердің қызметіне әсер етеді. Өзіндік реттелуде қан тамырларының қабырғасында, тіндерде және гипоталамустың өзінде орналасқан арнайы рецепторлардың маңызы күшті. Гипоталамуста баро-, термо-, хемо-, осмо- және гякжо-рецепторлар орналасатыны анықталды. Олар гомеостаздың түрлі өзгерістерін сезгіш келеді. Тіпті гормондар мөлшерлерінің өзгерістерін сезетін рецепторлары да бар деген болжамдар да кездеседі.
Түрлі рецепторлар мен сөліністік жүйкелердің гипоталамуспен байланыстығының барлық бездерде болуы олардың қызметінің рефлексті түрде өзіндік реттелуін қамтамасыз етеді. Мысалы, Na+ мөлшеріның артуы альдостеронның бөлінуін рефлекс арқылы тежейді, сөйтіп артық Na+ несеп құрамында сыртка шығарылады.
Қандағы Са+ мөлшері артқанда қалқансерік безінің паратгормон бөлуі тежеледі, ал тирокальцитонин артады. Тироксин мөлшері көбейгенде гипофиздің тиреотропин шығаруын тежейді. Глюкокортикоидтар мөлшерінің көбеюі алдыңғы гипофиздің адренокортикотропинді шығаруын тежейді.
Өзіндік реттелу гипоталамус арқылы да, тікелей гуморальдық әсерлердің ішкі сөлініс бездерге әсері арқьшы да орындалады.
Ішкі сөлініс бездердің өзіндік реттелуінің көбінесе ішкі ортаның -гомеостаздың — тұрақтылығын сақтауында маңызы зор. Қандай да болмасын организмдегі өзіндік реттелу жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді. Ол өзін-өзі реттеуші жүйелердің қызметін сыртқы ортаның жағдайларына бейімдейді.
Организмнің бейімделу әсерленістерінда жағымсыз жағдайларға, зиянды экстремалді әсерлерге қарсы түру әсерленістерінда гипофиз — адренал жүйесінің маңызы зор.
Организмнің бейімділігі мен ішкі сөлініс бездерінің қарым-қатынасы канадалық ірі физиолог дәрігер, эндокринолог Ганс Сельенің лабораториясында көп зерттелді. Барлық зиянды, қалыптан тыс төтенше әсерлерді Г.Селье стрессор деп атаған (ағыл. stress — зорлану деген мағынада).
Стрессорларға организмнің зорлануын, яғни стресті тудыратын көптеген агенттер жатады.
Химиялық немесе бактериялық интоксикация, шектен тыс тону, қызу, аштық, өте ауыр дене еңбегі, психикалық әсерлер гипоксия, организмнің ішкі жүйелер қызметтерінің бұзылуы т.б. стрессор болуы мүмкін. Тіпті орта шамадағы ауру, күшті эмоциялық қозу (жағымды, жағымсыз болсын) да стресс тудыруы мүмкін. Жағымды стресстер эвстресс, жағымсыздары дистресс деп аталады. Стресс тетіктеріне қамшымен қатты ұру және құшырланып сүю де есептеледі.
Г.Селье мен оның шәкірттерінің зерттеулері бойынша, барлық стрессорлар алғашқы кезде біркелкі жалпы әсерленіс тудырады: ең алдымен адренокортикоидтардың гиперсекрециясы (әсіресе глюкокор-тикоидтардың) пайда болады. Себебі гипофизде АКТГ көп өндіріледі. Оған қоса айырша бездің гиперқызметсы байқалады. Лимфа түйіндері мен көкбауырдың салмағы мен көлемі азаяды, қанда лимфоциттер мен эозинофилдер азаяды (эозинопения). Соңғы екі өзгеріс Торн зерттеуі арқылы оңай анықталады. Мұндай организмнің арнайы емес әсерленісін жалпы адаптациялық синдром деп атайды. Бұл зиянкес әсерлерге организмнің қарсы түру қабілетін күшейтеді.
Бүйрекүсті бездерінің қандай да болмасын әсерге гиперсекрециясымен жауап беруін Г.Селье алғашқы стресс әсерленісі ягни «қобалжу әсерленісі» деп атаған. Бұл әсерленістен кейін стрестің келесі кезеңі резистенттігі (төзімділігі) яғни бейімделуі басталады да бүйрекүсті бездері гормондарының сөлінісі қалпына келеді.