Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 07:51, реферат
Байланыс тізбегін құрайтын екі сымның арасындағы электрлік және магниттік өрістер бір-бірімен белгілі бір электромагниттік энергия мөлшерінде байланыста болатын толқын. Бағыттаушы байланыс жолы бойымен таралатын бірнеше электромагниттік толқындар. Оларға жататындар: электромагниттік көлденең толқын, жоғарғы ретті электр Е толқыны, жогарғы ретті магниттік Н толқын және аралас толқындар. Көлденең толқын негізгі толқын болып саналады.
Электромагниттік толқындар
Электромагниттік толқындар
Олар электромагниттік энергияны металл немесе диэлектрик толқын жолдарымен және сыртқы толқынды бір сым бойымен бергенде пайдаланылады. Аралас толқындарда барлыгы алты (үш координатта) толқын компоненттері болады. Мұндай аралас толқындарга диэлектрлік толқын жолдардагы және сәуле тарататын жарықжол (сәулежол) толқындары жатады.
300 000 км/с (жарықтың таралу жылдамдығымен бірдей). Біртекті изотроптық ортада электрлік кернеулік (Е) және магниттік кернеулік (Н) бірбіріне және толқынның таралу бағытына перпендикуляр болады, яғни электромагниттік толқын колденең толқын болып табылады. Кеңістіктің кез келген нүктесінде Е және Н толқындарының фазасы бірдей болады. Е және H қашықтықтың (R) артуына қарай 1/R шамасына азайып отырады. Өрістердің осылай баяу өшуі — электромагниттік толқын арқылы аса үлкен қашықтықпен байланыс орнатуга жағдай жасайды. H толқын ұзындығы бойынша H >1012 см толқындар радиотолқындар қатарына, 5- 10-2 - 7,4-10-5 толқындар инфрақызыл толқындары қатарына жатады.[1]
Қосымша
Айнымалы электромагниттік өріс тербелістерінің кеңістікте таралуын электромагниттік толқын деп атайды. Максвеллдің болжамы бойынша электромагниттік толқын тогы бар өткізгіштің бойымен, диэлектрикте және электр зарядтары жоқ вакуумде де тарала алады. Максвелл теориясынан шығатын аса маңызды салдардың бірі — электромагниттік толқынның таралу жылдамдығының шектілігі. Оның есептеулері бойынша электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы:
м\с, (3.1)
мұндағы Ф\м — электрлік және Гн\м— магниттік тұрақтылар. Бұл электромагниттік өрістің іргелі қасиеті. Электромагниттік толқынның ортадағы таралу жылдамдығы Максвелл формуласы бойынша анықталады:
, (3.2)
мұндағы
— ортаның сыну көрсеткіші,
— ортаның диэлектрлік және
— магниттік өтімділіктері.
Электромагниттік толқынның теориялық
есептеулер арқылы табылған вакуумдегі
жылдамдығы тікелей өлшенген жарық жылдамдығына
тең болуының маңыздылығы ерекше. Жарық
— электромагниттік
толқын болып шықты.
Енді электромагниттік толқынның
кеңістікте таралу механизмін қарастырайық.
Осы түрленулерді жүзеге 3.5-сурет
асыру үшін кеңістіктің кез келген
бір аймағында өрістің
Электромагниттік толқындағы және векторларының кез келген нүктесіндегі тербеліс фазалары бірдей. Бірдей фазада тербелетін ең жақын екі нуктеніц арацашыцтыгы электромагниттік толқын шындығын береді:
(3.3)
Электромагниттік толқынның
негізгі сипаттамасы — оның тербеліс
жиілігі
(немесе периоды
). Себебі электромагниттік толқын бір
ортадан екінші ортаға өткенде толқын
ұзындығы өзгереді, ал жиілігі өзгермей
тұрақты күйде қалады. Электр өрісінің
кернеулік және магнит өрісінің индукция
векторларының тербеліс бағыттары толқынның
таралу бағытына перпендикуляр. Демек,
электромагниттік толқын — көлденең толқын.
Электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы
кернеулік және индукция векторлары жататын
жазықтықтарға перпендикуляр орналасады.
Демек, электромагниттік толқындағы
және
векторлары бір-біріне және толқынның
таралу жылдамдығының бағытына перпендикуляр.
Егер бұрандасы оң бұрғыны
векторынан
векторына қарай айналдырса, онда бұрғының
ілгерілемелі қозғалысы толқын жылдамдығының
векторымен дәл келеді (3.6-сурет). Сонымен,
электромагниттік толқындарды тербелуші
электр зарядтары шығарып таратады. Бұл
қалайша жүзеге асады?
Өткізгіштегі ток
күші өзгергенде оның магнит
өрісі де өзгереді. Ал ток күшінің
өзгеруі өткізгіштегі электр зарядтарының
қозғалыс жылдамдығының өзгеруіне, яғни
зарядтардың үдемелі қозғалысына байланысты.
Және бұл эксперимент жүзінде дәлелденген.
Ендеше, электромагниттік толқын электр
зарядтарының үдемелі қозғалысы кезінде
туындайды. Зарядтың үдеуі неғұрлым үлкен
болса, туындаған толқынның интенсивтігі
соғұрлым жоғары болады. Зарядталған бөлшек
үдей қозғалғанда электромагниттік өріске
тән инерттілік байқалады. Өріс үдей қозғалған
зарядталған бөлшектен бөлініп шығады
да, электромагниттік
толқындар түрінде кеңістікте еркін тарала
бастайды.[2]
Электромагниттік өріс
Электр өрісін электр заряды бар денелер туғызады. Бойымен электр зарядтары өтетін өткізгіштің төңірегінде магнит өрісі пайда болады. Қозғалмайтын зарядтың электр өрісі барлық уақытта да өзгеріссіз қалады. Бірқалыпты қозғалатын зарядтардың, яғни тұрақты электр тоқтарының төңірегінде пайда болатын магнит өрісі де өзгермейді.
Ал егер электр заряды бар бөлшектер тыныштық немесе бірқалыпты қозғалыс калпынан шығып, айнымалы қозғалыс жасаса, онда қандай өріс пайда болар еді? Бұл сұрақтың жауабын ағылшынның ұлы ғалымы Максвелл тапты.
Электр зарядтары айнымалы қозғалғанда, яғни кез келген айнымалы тоқта электр өрісі де, магнит өрісі де уақыт өтуіне қарай өзгеріп отырады. Сонымен қатар бұл өрістер, Максвеллдің 1865 жылғы теориялық пайымдауынша, өздерін біртұтас электро-магниттік өріс түрінде керсетеді.
Максвелл сегіз жыл
бойы тынбай жүргізген физика-
Осылайша өзгеріп отыратын электр және магнит өрістері әр уақытта да өзара байланыста болады, сондықтан олардың ажырамас бірлігін электромагниттік өріс дейді. Электромагниттік өрісті көрнекі түрде бейнелеу үшін оны, бір жағынан, электр ерісінің Е кернеулік векторы арқылы, екінші жағынан, магнит өрісінін В индукция векторы арқылы сипаттап кескіндейді.
Электромагниттік өріс — ақиқат нәрсе. Ол материя формасының бір түрі болып табылады. Материя формасының екінші түрі зат.
Электр зарядтары айнымалы
қозғалыс (мысалы, тербеліс) жасағанда,
олардың туғызатын айнымалы электромагнитгік
өрісі кеңістіктің бір
Айнымалы электромагниттік өрістің кеңістікте таралуын электромагниттік толқын деп атайды.
Электромагниттік толқынның пайда болуы туралы Максвеллдің 1865 ж. айтқан болжамы кейінірек эксперимент жүзінде дәлелденді.
1887—1888 жж. Г. Герц жасаған
тәжірибелер айнымалы
Электромагниттік толқынның
таралу механизмін былай түсіндіруге
болады. Кеңістіктің белгілі бір
нүктесінде (мысалы, координаталары О
бас нүктесінде) заряд тербелмелі
қозғалыс жасады дейік. Зарядтың мұндай
тербелісі Е кернеулік
Сөйтіп, өріс векторларының келесі нүктелердегі тербелісі, алдыңғы нүктелерге қарағанда кешігіп туындайды. Осылайша электромагниттік өріс кеңістіктің барлық бағытында белгілі бір жылдамдықпен электромагниттік толқын түрінде тарайды.
Электромагниттік толқынмен механикалық толқындардың ұқсастықтары да, өзгешеліктері де бар. Солардың негізгілерін атап өтейік.
Электромагниттік толқынның таралу жылдамдығының с векторы кернеулік Е және индукция В векторларына перпендикуляр болады.
Максвелл көрінетін ақ
жарықты с = 3 • 108 м/с жылдамдықпен
тарайтын электромагниттік толқын деп
жорыды. Кейінірек, жарықтың таралу жылдамдығы
эксперимент жүзінде үлкен
Тәжірибеде өлшенген жарықтың таралу жылдамдығы Максвеллдің теорияда анықтаған электромагниттік толқынның таралу жылдамдығымен дәлме-дәл келді. Осылайша жарықтың электромагниттік табиғаты толық дәлелденді.
v = c / n.
өйткені ортаның сыну көрсеткіші n > 1 (3-кесте), ал вакуумде n = 1.
Электромагниттік толқындардьщ λ толқын ұзьшдығы, Т периоды, с жылдамдығы, v тербеліс жиілігі арасындағы қатынастар механикалық толқындардағы сияқты өзгеріссіз калады:
λ = cT = c/v.
Электромагниттік толқындардың
вакуумнен затқа өткенде
λ' = vT = ν/v = λ/n.
Тербелмелі электрлік контурда пайда болатын электромагниттік тербелістердің периоды Томсон формуласымен анықталатыны белгілі.
Бұл өрнек бойынша тербелмелі контурдағы шарғының (катушканың) L индуктивтілігін және конденсатордың С сыйымдылығын өзгерте отырып, электромагниттік тербелістің Т периодын қалауымызша өзгерте аламыз.
Жарық толқындары да, радиотолқындар да, рентгендік сәулелер де, электро-магниттік сәулелердің басқа түрлері де нақ осындай жылдамдықпен тарайды. Олар тек бір-бірінен толқын ұзындығы немесе жиілігі бойынша ғана өзгешеленеді.
Сөйтіп, біз барлық электромагниттік сәулелердің табитты бірдей, яғни олар электромагниттік толқындар деген қорытындыға келеміз. Сөуле жиілігі жоғары болған сайын, оның таситын энергиясының мөлшері де арта түседі, әрі организмге тигізетін биологиялық және химиялық әрекеті де ерекше болады. Ультракүлгін сәулесінің үлкен дозасы көз бен теріні зақымдаса, ал рентгендік және гамма-сәулелер өмірге кауіпті. Адам өміріне ең қолайлы нұр — жеке түсті біртекті (монохроматты) сәулелердің қосындысынан тұратын ақ жарық.[3]