Канның физикалық қасиеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 11:47, доклад

Описание

Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4,5-5 л. Қанның құрамы - плазмадан{55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады .
Қан сарғылттау келген сұйық зат – плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан жасушаларының, яғни пішінді элементтерден тұрады. Ересек адамда қанның көлемі салмағының 6-8%-іне тең (5-6 литрдей). Қан жасушалары қызыл түйіршіктер (эритроциттер) мен ақ түйіршіктер (лейкоциттер), қан пластинкалары – тромбоциттер. Плазма қан құрамының 52-58%-іне, қан жасушалары 42-48%-не тең.

Работа состоит из  1 файл

Қанның құрамы.doc

— 94.50 Кб (Скачать документ)


 

 

 

Жезқазған медициналық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қанның құрамы

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Болатова Мадина

Группа ЛД-89

Қабылдаған: Сәуле Тұрғынбаевна

 

 

 

 

 

Қанның құрамы

Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4,5-5 л. Қанның құрамы - плазмадан{55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады .

Қан сарғылттау келген сұйық зат – плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан жасушаларының, яғни пішінді элементтерден тұрады. Ересек адамда қанның көлемі салмағының 6-8%-іне тең (5-6 литрдей). Қан жасушалары қызыл түйіршіктер (эритроциттер) мен ақ түйіршіктер (лейкоциттер), қан пластинкалары – тромбоциттер. Плазма қан құрамының 52-58%-іне, қан жасушалары 42-48%-не тең.

Қан жасушалары жалпы гематокриттік көрсеткіші 42-48%, ал қанның әр литрінде 0,42-0,48 литр. Соңғысы гематокриттік көрсеткіш деп аталады.

Қан — ағзадағы дәнекер тканінің бір түрі. Оның негізгі бөлігі клетка аралық сұйық зат — плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары — эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары — тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы клеткалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.

Қанның құрамы: a — эритроцит; b — нейтрофиль; c — эозофиль;         d — лейкоцит.

 

Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі организм үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмірқышқыл газынан, ал бүйректе — судың артық мөлшері мен онда еріген минералды тұздардан арылады.

Плазманың құрамы.  Қан плазмасы (қан сарысуы) - қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Егер қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты плазма. Ал астыңғы қызыл түсті қабаты - қан жасушалары. Оның 90-92%-і судан, қалғаны (8-10%) құрғақ заттардан тұрады. Соңғыларының 8-9%-і органикалық заттар, оның ішінде белок 6-8%, 0,9%-1% бейорганикалық заттар. Бұлардың көбі ас тұзы (90%). Органикалық заттардың көбі белоктар: альбумин, глобулин, фибриноген. Альбуминдер мен фиброриноген бауырда, ал глобулиндер бауырда және сүйек кемігінде, көкбауырда, лимфалық түйіндерде түзіледі. Бұлармен қатар плазмада глюкоза, липидтер, сүт қышқылы, пировиноград қышқылы және молекуласында азоты бар заттар (амин қышқылдары, мочевина, зәр қышқылы, креатин, креатинин) түрлі ферменттер, гормондар, витаминдер, пигменттер, еріген күйінде оттегі, көмірқышқылды газ, азот болады.

Фибриноген нәруызы қанның ұюына қатысады. Құрамында фибриноген нәруызы болмайтын қан сарысуы сарысу деп аталады .Қан сарысуы мен сарысудың айырмашылығы: қан сарысуы қаннын сұйық бөлігі, ал сарысу ұйыған қаннан кейінгі сұйықтық (қан ұйығының сығындысы). Альбумин мен глобулин нәруыздары жасушадағы су мен денедегі сұйықтықты реттеуге қатысады. Минералды калий, кальций, магний тұздары болады. Нәруыздар қан ұюына қатысып, плазмаға жабысқақтық қасиет береді. Глюкоза - жасушалар үшін негізгі қуат көзі. Плазмада глюкоза мөлшері 0,04%-дан аз болса, ми жасушалары қатты қозып, бұлшақеттер жиырылып, құрысады, түйіледі. Гліокозаның концентрациясы тым азайып кетсе, қанайналымы мен тынысалу бұзылып, адам өліпкетуі мүмкін.

Қан жасушалары. Қан жасушаларына - эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады Қызыл денешіктер - эритроциттер, ағы - лейкоциттер. Жасушалар арасында тромбоциттер бар.

Эритроциттердің құрылысы. Эритроциттер (грекше «еrythros» — қызыл) қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары. Жаңадан түзілген эритроциттерде ядро байқалады да, кейіннен жойылып кетеді . Қанның басқа жасушаларына қарағанда салмақтырақ болғандықтан, ыдыстың ең түбіне тұнады. Эритроциттердің пішіні - ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың, ортасы жұқарған тиынға ұқсайды. Пішінінің мұндай болуы олардың беткі көлемін үлкейтеді. Эритроциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан сұйықтығының ағынымен жылжиды .

Адам эритроциттерінің диаметрі 7,5 мкм, қалыңдығы 1-2 мкм. Қанның 1 мм3-де - шамамен 4,5-5 млн, жаңа туған нәрестенің 1 мм2 қанында 6-7 млн эритроцит бар. 3 айдан соң оның мөлшері азайып, қалыпты мөлшерге (5 млн) келеді. Эритроциттердің қызыл түсі гемоглобинге (грекше «гема» - қан) құрамында темір бар нәруызды қызыл пигментке байланысты. Оттекпен қосылған гемоглобинді оқ-сигемоглобин дейді. Оксигемоглобинмен қаныққан қан - алқызыл түсті артерия қаны, көмірқышқыл газымен қаныққан қан күңгірт қызыл түсті вена қаны. Молекулаларының осы қасиеті гемоглобин оттекті өкпеден дененің барлық ұлпаларына жеткізіп қана қоймай, көмірқышқыл газын ұлпадан өкпеге жеткізетінін анықтайды.

Қанның қызметі. Қан келесі қызмет атқарады:

1.     асқорту – қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;

2.     бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдері шығарады;

3.     тыныс алу - өкпе мен ұлпалардыңарасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;

4.     регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін аңықтайды, организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бесеңдетеді)

5.     қорғаыш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы белоктар - антиденелер болады, олар ұлы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды да олардың бөліп шығарады.

6.     терморегуляторлық – қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.



Информация о работе Канның физикалық қасиеттері