Конденсаторлар, түрлері, жалғануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 20:13, реферат

Описание

Конденсатордың негізгі сипаттамасы оның электрсыйымдылығы болып табылады. Ол конденсатордың электр зарядын жинақтау қабілетін көрсетеді. Сыйымдылықтың анықтамасы бойынша конденсатордың жапсарларындағы заряд оның жапсарларының арасындағы кернеуге тура пропорционал.

Работа состоит из  1 файл

конденсатор.docx

— 20.88 Кб (Скачать документ)

   КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ                       МИНИСТРЛІГІ

                  

      М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК       УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

                                                             Кафедра: Техникалық кибернетика

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курс:  2

Мамандық:   РЭТ 211-3

Орындаған:    Райымбекова Мөлдір

Қабылдаған:  Айнақұлова Әсел

 

 

 

 

 

                    

                                     Тараз  2012                            

                           Конденсатор 

   

       Конденсатор (лат. condenso – тығыздаймын, қоюландырамын)

 Конденсатордың негізгі сипаттамасы оның электрсыйымдылығы болып табылады. Ол конденсатордың электр зарядын жинақтау қабілетін көрсетеді. Сыйымдылықтың анықтамасы бойынша конденсатордың жапсарларындағы заряд оның жапсарларының арасындағы кернеуге тура пропорционал.

   Конденсатордың сыйымдылығы әдетте 1 пФ –тан жүздеген мкФ –қа дейін, сонымен бірге сыйымдылығы ондаған Ф –қа дейінгі конденсаторлар да кездеседі. Сонымен қатар конденсаторларды жапсарларының пішініне қарай жазық, цилиндр тәріздес, шар тәріздес және т.б деп бөледі.

Егер өткізгіштер жазық болса және параллель орналасса, онда конденсатор жазық деп аталады.

Аталуы

Сыйымдылығы

Электр  өрісінің кернеулігі

Схемасы

Жазық конденсатор

     

Цилиндр тәріздес конденсатор

     

Шар тәріздес конденсатор 

     

Конденсаторлардың жалғануы: Сыйымдылықты арттыру үшін конденсаторларды параллель қосады. Бұл кезде конденсаторлардың аттас зарядталған жапсарлары бірге қосылады,немесе параллель жалғағанда кернеу бірдей және тізбектің кернеуіне тең, яғни U=U1=U2=…=Uболғандықтан    С=С1немесе  С=C1+C2+…+Cn

     Конденсаторларды тізбектей жалғаған кезде барлық конденсаторлардағы заряд бірдей болады және олардың әр аттас зарядталған жапсарлары қосылады.Әрбір конденсатордың кернеуі; Конденсатордың жалпы кернеуі     U=U1+U2+…+Un

   Ажыратқыш конденсатор (Разделительный конденсатор) — күшейткіш каскадтарды немесе сигнал көзін күшейткіш каскад кірісінен ажыратып, тұрақты токты өткізбей, тек айнымалы сигналды өткізетін конденсатор. Күшейткіш каскадтар арасында ажыратқыш конденсатор алдыңғы каскадтың шығысынан келесі каскадтың кірісіне кернеу немесе токтың тұрақты құрастырушысын бөгеп өткізбей, тек күшейтілген сигналдың айнымалы құрастырушысын еркін өткізіп жіберуі тиіс. Ажыратқыш конденсатор ретінде олардың қосылу полярлығын сақтай отырып, оқшаулау кедергісі өте үлкен диэлектриктерді (қағаз, пластмасса немесе слюда) және ылғалдан қорғалған конденсаторларды қолданған жөн. Олардың сыйымдылығы бірнеше мың пикофарад болуы мүмкін. Сондай-ақ ажыратқыш конденсатор электронды-сәулелік аспаптың бейнеленетін, берілген немесе түрлендірілетін кескіннің ұсақ бөліктерін айырып тану қабілетін сипаттайды. Қабылдағыш электронды сәулелік аспаптарда ажыратқыш конденсатор ажыратылып көрінетін немесе кескіннің берілген айқындылығына сәйкес келетін кескін элементтерінің өлшемі немесе санымен анықталады. ЭСА экранында электрондық сәуле сызып шығатын сызық енімен; биіктік, диоганаль немесе экран диаметрі бойынша не ұзындық бірлігіндегі жеке бейнеленетін сызықтардың (штрихтардың) ең үлкен санымен; жолдағы кескін элементтерінің максималды санымен сипатталады. ЭСА-да Ажыратқыш конденсаторды теледидарлық сынақ кестесінің берілетін кескініндегі оны жоғары ажыратушы күші бар видеобақылау құрылғысының экранында қайталап шығарғанда айырылып танылатын күңгірт және ашық енсіз жолақтар ("сызықтар") саны бойынша бағалайды.

       Айнымалы конденсатор (Переменный конденсатор) — сыйымдылығын белгілі шектерде өзгертуге болатын конденсатор. Айнымалы конденсатор жеке және баптау конденсаторлары (триммерлер) деп бөлінеді. Айнымалы конденсатордың сыйымдылық өзгөрісін механикалық түрде (кең тараған) немесе электрлік әдіспен (варикондтар және варикаптар) басқаратын түрлері бар. Айнымалы конденсатор вакуумдік, ауалық және керамикалық t болып, сондай-ақ бір бөлімді және көп бөлімді болып бөлінеді. Вакуумдік Айнымалы конденсаторды, негізінен, бірнеше киловольт кернеулерде қуатты, қысқа толқынды радиотаратқыштарда қолданады. Төменгі кернеулерде (бірнеше жүздеген В-қа дейін) ауалық aйнымалы конденсаторды пайдаланады. Мысалы, радио өлшеуіш аппаратурада РЭА-ның тербеліс контурларының жиілігін реттеу, келтіру және баптау үшін қолданады.


Информация о работе Конденсаторлар, түрлері, жалғануы