Массаның жылдамдықтан тәуелдiлiгi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 12:09, лекция

Описание

Шоқжұлдыз дегеніміз не. Бұлтсыз және Айсыз түнде қала жарығынан алыс жерде көз алдымызға жұлдызды аспанның ғаламат көрінісі ашылады. Бір қарағанда жұлдыздар шашырандыын ажыратып білу мүмкін емес сияқты көрінеді. Ал мұны көптеген адамдардың білгісі келеді. Жұлдызды аспанды танып-білу қызық әрі пайдалы. Ол ежелден-ақ адамдардың назарын өзіне аударған. Мыңдаған жылдар бұрын адамдар неғұрлым жарық жұлдыздарды неше түрлі фигураларға (шоқжұлдыздарға) топтап,

Работа состоит из  1 файл

жұлдызды аспан.doc

— 228.00 Кб (Скачать документ)

Жұлдызды  аспан

Шоқжұлдыз дегеніміз не. Бұлтсыз және Айсыз түнде қала жарығынан алыс жерде көз алдымызға жұлдызды аспанның ғаламат көрінісі ашылады. Бір қарағанда жұлдыздар шашырандыын ажыратып білу мүмкін емес сияқты көрінеді. Ал мұны көптеген адамдардың білгісі келеді. Жұлдызды аспанды танып-білу қызық әрі пайдалы. Ол ежелден-ақ адамдардың назарын өзіне аударған. Мыңдаған жылдар бұрын адамдар неғұрлым жарық жұлдыздарды неше түрлі фигураларға (шоқжұлдыздарға) топтап, оларды ежелгі мифтер мен аңыздардың кейіпкерлерінің есімдерімен, жануарлардың немесе заттардың аттарымен атады. Жұлдыздар туралы әр халықтың өз мифі мен аңызы, өздері қойған аттары бар, оған қоса шоқжұлдыздар саны әр түрлі болады.

Бүгінгі аспан шартты түрде қатаң белгілі шекарасы бар 88 бөлікке бөлінген. Бұл бөліктер шоқжұлдыздар деп аталады, ол шоқжұлдызға оның шекарасының ішіндегі барлық жұлдыздар жатады, мысалы, Үлкен Аю шоқжұлдызына «ожауды» елестететін жұлдыздар ғана емес, сонымен бірге көптеген көмескі жұлдыздар да кіреді.

Жұлдыздың қандай да бір шоқжұлдыздарға жататыны Жерде тұрған бақылаушының бұл жұлдыздарды қатар көретіндігімен ғана анықталады. Шын мәнінде бұл «көршілік» шартты көрініс қана, өйткені кеңістіктегі жұлдыздар бір-бірінен аса үлкен қашықтықта орналасқан.

Әрбір шоқжұлдыздардың жұлдызы грек алфавитінің әріптерімен белгіленген. Олардың алғашқысымен әдетте альфа ең жарық жұлдызы белгіленеді, онан кейін бета, гамма, дельта, эпсилон және тағы басқа болып кете береді. Ең жарық жұлдыздардың жеке аттары бар: Века, Сүмбіле және тағы басқалар.

Басты шоқжұлдыздар.  Біз алдымызға орта географиялық ендіктерде көрінетін барлық шоқжұлдыздарды танып-білу мәселесін қоймаймыз, олардың кейбіреулерімен ғана шектелеміз. Ол үшін біз сурет пен жұлдызды аспанның картасын пайдаланатын боламыз. әуелі Үлкен Аюдың бета және альфа жұлдыздары арқылы Кіші Аюдың альфа жұлдызын табамыз. Бұл    Т  Е  М  І  Р  Қ  А   - З Ы Қ, осы жұлдызбен Кіші Аю шоқжұлдызы «ожауының» сабы аяқталады. Темірқазықтың астыңғы тұсында көкжиекте солтүстіктің нүктесі бар. Мұны білу арқылы қай жерде тұрғаныңды, әлемдегі елдерді (солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс) оңай анықтауға болады. Егер де Үлкен Абдың эпсилон жұлдызы арқылы Кіші Аюға қарай кететін сызықты ойша одан әрі жалғастыратын болсақ, онда біз жарық жұлдыздары көзге төңкерілген М әрпін елестететін шоқжұлдызды көреміз. Бұл ҚАРА ҚҰРТ  (Кассиопея) шоқжұлдызы. Орта ендіктерде Үлкен Аю, Кіші Аю және Қарақұрт шоқжұлдыздары жыл бойы батпай, батпай көрініп тұрады. Сондықтан да жұлдызды аспанмен біз осы шоқжұлдыздарды іздеуден бастадық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Массаның жылдамдықтан тәуелдiлiгi