Толық емес индукцияның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 12:27, реферат

Описание

Ивдукциялық ой қорытындысы, шынында да, толық емес индукция: біз ол арқылы, тек кейбір оқиғаларды ғана зерттеуден оқиғалардың класы жөнінде ойқорытындысын шығарамыз; кластың тек бір бөлігін ғана зерттеп, бүкіл класс жөнінде ой қорытындысы туралы ой түйіндейміз.
Толық емес индукция ой қорытындылардың дәлелдеу гәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді.

Работа состоит из  1 файл

Толык емес индукцияның түрлері.docx

— 146.40 Кб (Скачать документ)

Толык емес индукцияның түрлері 
Ивдукциялық ой қорытындысы, шынында да, толық емес индукция: біз ол арқылы, тек кейбір оқиғаларды ғана зерттеуден оқиғалардың класы жөнінде ойқорытындысын шығарамыз; кластың тек бір бөлігін ғана зерттеп, бүкіл класс жөнінде ой қорытындысы туралы ой түйіндейміз. 
Толық емес индукция ой қорытындылардың дәлелдеу гәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді.

Толымсыз индукция. Толымсыз индукция дегеніміз — зерттеліп отырған құбылыстың барлық жағдайларын қамтымайтын алғышарттардан жалпы қорытынды шығаратын индукциялық ой қорытындының бір түрі. Толымсыз индукцияның ерекшелігі және сонымен бірге күндылығы мынада: біз толымсыз индукция арқылы зерттеп отырған құбылыстың барлық жағдайлары жөнінде жалпы қорытынды жасай алмаймыз. Бірақ толымсыз индукцияның сілтемелерінде ол жағдайлардың бәрі емес, біразы ғана көрсетіледі. Алайда толымсыз индукцияны қолданатын жағдайлар есепке алынбаса, оның бұл ерекшелігі қате корытындыларға әкеп соқтыруы мүмкін. Мысалы, адамдар ақкудың барлығы ақ болады деп ойлап келген. Бұл қорытынды толымсыз индукция аркылы жасалған. Толымсыз индукцияның мұндай түрін қайшы жағдайлар кездеспейтін жай атап көрсету индукциясы деп атайды. Ғылыми индукция. Ғылыми индукция дегеніміз — белгілі топқа жататын нәрселердің кейбір бөлігінің себепті байланыстарын және мәнді қасиеттерін зерттеу негізінде, сол топқа жататын барлық нәрселер жөнінде жалпы қорытынды шығаратын индукциялық ой қорытындының бір түрі. Мұндай қорытынды жасау мүмкіншіліғі бір текті нәрселердің, қүбылыстардың өздеріне төн заңдылықтары мен себептерін білуге негізделген. Ғылыми индукция мен толымсыз индукцияның айырмасы осы жай атап көрсетуден корытындыланады. Мысалы, біз өзіміз көріп жүрген кұстардың барлығының ауамен тыныс алатынын бай- каймыз. Осыдан "барлық құстар ауамен тыныс алады" деген қорытынды жасаймыз. Бұл жай атап көрсету индукциясы деп аталады. Бірақ, біз бірнеше немесе тіпті бір құстың тіршілік ету үдерісін есептегенде ауаның өмір сүруге кажетті нөрсе екенін анықтағанбыз, енді біз ауаның барлык күстарға кажетті екені туралы жалпы қорытынды шығара аламыз. Бұл ғылыми индукция болады. Ол өзінің қорытындыларында тек байқалған фактілердің санына сүйенуден гөрі (жай атап көрсету индукциясы секілді), фактілерді мұқият және жан-жақты зерттеуге ба- сымырақ сүйенеді. Егер фактілер зерттеу ісіне жаңа материалдар беретін болса және мұндағы заңдылықты тереңірек түсіну үшін мүмкіндік беретін болса, ғылыми индукция үшін фактілердің саны маңызды болады. Ой қорытындының үшінші формасы жекеден жекеге қарай жасалады. Бұл форманы аналогия деп атайды.

 

"Күн жүйесі мен атом арасындағы аналогия"

Аналогия дегеніміз — екі нәрсенің кейбір белгілерінің үксастығынан бүл нәрселердің басқа белгілерінің ұқсастығы туралы корытынды жасауға мүмкіндік беретін ой корытындының формасы. Аналогия бойынша ой корытынды жасаудың мәнісі мынадай: А құбылысына бакылау жүргізіп, оның а, ә, б белгілері бар екенін анықтап, одан кейін Б құбылысына бақылау жүргізіл, оның да сол сиякты а, ә, б белгілері бар екенін аньщтадык деп есептейік. Оның үстіне Б құбылысында А құбылысында байқалмаған х бар екенін көрдік. Содан соң А мен Б-ның, а, ә, б белгілерінің үксастығына сүйеніп, А құбылысында да х белгісі бар болуы ықтимал деп күтеміз.


Информация о работе Толық емес индукцияның түрлері