Ядролық қару
Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы.
Дүние жүзіндегі ең бірінші
атом бомбаларының бірі, салмағы 20т (1950
жылдар)
Атом бомбасы (Атомная бомба)
— авиациялық ядролық
бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті
жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына
негізделген.Термоядролық
синтез реакциясына негізделген сутек
бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық
бомба" деген термин орнықты.[1]
Ядролық қару орталығы
Ядролық қарудың өзінен,
оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға
дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі
басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық
және термоядролық болып бөлінеді.
Ядролық қару
Ядролық қару жаппай қырып-жою
құралы ретінде қысқа мерзім ішінде
әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп
және әскери нысандарды, әскерлер тобын,
флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны
радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру,
суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады.
Ядролық қару адамдарға күшті
моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы
тротилдік эквивалентпен бағаланады.
Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилденбірнеше ондаған млн. тротилге
дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық
қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен
(мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы
күштердің барлық түрлері қолдана алады.
Ядролық қару қуаттылығы бойынша
стратегиялық, оперативті-тактикалық
және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық
қару жарылған кезде: екпінді толқын,
жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен
электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы
факторлар пайда болады.
Мазмұны
[жасыр]
- 1 Екпінді толқын
- 2 Өтпелі радиация
- 3 Электр-магниттік импульс
- 4 Атом бомбасын сынау
- 5 Ядролық қарудың әлемдегі запастары
- 6 Сілтемелер
- 7 Пайдаланылған әдебиеттер
|
Екпінді толқын
Екпінді толқын өз жолында
кездескен барлық нысандарға әсер етеді.
Мысалы, 100 кт тротилдік эквиваленті
бар ядролық жарақ ауада жарылған
кезде екпінді толқын жасырынатын
орыннан сыртқа, жарылыс эпицентрінен
1,6 км қашықтықтағы адамдарды апатқа
ұшыратып, 4,5 км радиустағы көп қабатты
тас ғимараттарды толықтай қиратады.
Жарылыс кезіндегі жарықтық сәулелену
әр түрлі материалдарды балқытады,
тұтандырады, түрін өзгертіп, көмірлендіреді.
Жанды тіндер әр түрлі дәрежедегі
күйіктерге ұшырайды; 1,4 км қашықтықта
жасырынған адамдар жарықтық сәулеленуге
ұшырайды, 3,5 км-де ауыр дәрежедегі, 3,8 км-де
орташа дәрежедегі, 5 км-ге дейін жеңіл
дәрежедегі күйікке ұшырайды, 7 км радиуста
өрттер шығады.
Өтпелі радиация
Өтпелі радиация (ядролық
жарылыс кезіндегі гамма-сәулелену
мен нейтрондар ағыны-әсері 10 – 15 с-қа созылады)
сәуле ауруының пайда болуына әкеп соғады.
100 кт тротилдік эквивалентті ядролық
жарық жер үстінде жарылған кезде жасырынатын
жерден тыс орналасқан адамдар 1 км радиуста
өлімге ұшырап, 1,7 км-де ауыр дәрежедегі,
1,9 км-де орташа, 2 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі
күйікке ұшырайды. Қоршаған орта мен онда
орналасқан нысандардың радиоактивті
зақымдануы ядролық жарылыс бұлтынан
және радиоактивтік заттардың түсуінен
пайда болады.
Электр-магниттік импульс
Электр-магниттік импульс
(ядролық жарылыстар кезінде пайда
болатын қысқа мерзімдік электр
және магниттік өрістер) антенналарға,
сымдарға, кабельдік тармақтар мен
байланыс құралдарына әсер етіп, істен
шығарады. Ядролық қарудың жасалуы
20 ғасырдағы ядролық физиканың дамуымен байланысты болды.
20 ғасырдың 40-жылдарының бас кезінде АҚШ ғалымдарының тобы ядролық
жарылысты жүзеге асырудың физика қағидаларын дайындады.
Атом бомбасын сынау
Ядролық жарылыс
Бірінші жарылыс Аламогордодағы сынақ полигонында 1945 жылғы
16 шілдеде жасалды. 1945 ж. тамызда әр қайсысының
қуаттыдығы 20 кт болатын 2 атом бомбасы Жапонияның Хиросима (8 тамыз) мен Нагасаки (9 тамыз) қаласына тасталып,
үлкен адам шығынына ұшыратты (Хиросимада 140 мыңдай, Нагасакида 75 мыңға жуық адам). КСРО-да академик И.В. Курчатов басқарған
ғалымдар тобы ядролық қару жасады. 1947
ж. Кеңес
үкіметі КСРО үшін атом бомбасының құпиясы жоқ екендігін
мәлімдеді. 1949 ж. тамызда КСРО-да Семей полигонында бірінші атом бомбасын сынау өткізілді. 1952
ж. 1 қарашада АҚШ-та қуаттылығы 3 мт термоядролық
қондырғы жарылды. Авиациялық бомба түріндегі термоядролық
қару АҚШ-та 1954 ж. жасалды. КСРО-да термоядролық бомба 1953 жылдың
12 тамызында бірінші рет сынақтан өткізілді.
50-жылдардың ортасында АҚШ пен КСРО-да ядролық қаруды әр түрлі
қашықтықтарға жеткізуге арналған әр
түрлі кластар мен типтердегі тасығыштар
жасалды. 1960 ж. КСРО-даҚарулы
Күштердің ерекше түрі – стратегиялық
мақсаттағы ракеттік әскер құрылды. АҚШ пен КСРО-дан басқа Ядролық қару 1952 ж.
30 қазанда Ұлыбританияда, 1960 ж. 13 ақпанда Францияда, 1964 жылдың 16 қазанында Қытайда пайда болды. Кейіннен Ядролық
қаруға Үндістан мен Пәкстан да ие болды. Қазіргі кезде кем
дегенде 30 ел ғылыми-техникалық жағынан
ядролық қару шығаруға дайын. АҚШ-та 1975 жылдың өзінде 30 мың бірліктен
астам ядролық қару-жарақ түрі болды (әскери-әуе,
әскери-теңіз күштері мен құрлықтағы әскерлердің
иелігіндегі 80 мың стратегиялық және 22
мыңдай тактикалық түрі). Ядролық қаруды
межеге жеткізу үшін әр түрлі алып ұшақтар жасалып, олар тұрақты әскери
дайындыққа келтірілді. 1976 жылдың қарсаңында АҚШ-тың стратегиялық шабуылдаушы
күштерінің құрамында 1054 құрлықаралық
баллистикалық зымырандар (“Титан-2”,
“Минитмен-2”, “Минитмен-3”), 400-ден астам ұшақтар (В-52 және В-111) болды, 41 атомдық сүңгуір қайық “Поларис А-3”
және “Посейдон” зымырандарымен жарақтандырылды.
Осы тектес атомдық қару түрлері басқа
атомдық державаларда да жеткілікті дәрежеде.
Сондықтан ядролық қару бүкіл адамзат
үшін орасан қауіп болып есептеледі.
Мысалы, Америка мамандарының есептеулері бойынша
қуаттылығы 20 мт термоядролық қару 24 км
радиустағы барлық тұрғын үйлерді жермен
жексен етіп, оның эпицентрінен 140 км-ге
дейінгі аралықтағы тіршілік иелерін
жоя алады. Атом қуатын әскери мақсаттарға
қолдануға байланысты қауіп халықтардың ядролық қаруға тыйым салу жолындағы
қуатты қозғалысын тудырады. Ядролық қаруға халықаралық тыйым салу жолындағы маңызды
кезең ауада, кеңістікте, су астында, аспанда Ядролық
қаруларды сынауға тыйым салу туралы шарт
(1963); мемлекеттердің Айды және т.б. аспан денелерін қоса
алғанда аспан кеңістігін зерттеу және
оны пайдалану бойынша іс-әрекет қағидалары
туралы шарт (1967), Ядролық қаруды таратпау
туралы шарт (1968); теңіздер және мұхиттер
түбінде, олардың қойнауларында ядролық
қарумен басқа да жаппай қырып-жоятын
қаруларды орналастыруға тыйым салу туралы
шарт (1971) болып табылады. БҰҰ-ның “Халықаралық қатынастарда күш қолданбау
және ядролық қаруды қолдануға түпкілікті
тыйым салу туралы” резолюциясы аса маңызды
қадам болды. Кезінде КСРО мен АҚШ арасында жасалған “ядролық
соғыстың туу қаупін азайтудың шаралары
туралы келісім” (1971) де үлкен маңызға
ие. Ол бойынша кездейсоқ немесе рұқсат
етілмеген жағдайда ядролық қаруды қолдануға
ескерту қарастырылған. Ракетаға қарсы қозғалыс жүйесін шектеу
және стратегиялық шабуыл қару-жарағын
шектеу саласында кейбір шаралар туралы
Уақытша келісім (1972); ядролық соғыстың
алдың алу туралы келісім (1973), сонымен
қатар ядролық қаруды жер астында сынауға
шек қою туралы шарт (1974), т.б. келісімдер
бар. 1976 ж. 31 наурызда КСРО мен АҚШ мемлекеттері ядролық қаруды жер астында
сынауды жүргізбеуге міндеттеме қабылдады.
Осы жылы КСРО мен Франция кездейсоқ және рұқсат етілмеген
жағдайда ядролық қаруды қолдануды ескерту
туралы шарт, ал 1977 ж. Ұлыбритания мен Кеңес
Одағы кездейсоқ ядролық соғыс туындағанда
бетін қайтару туралы келісім жасасты. КСРО-дағы ядролық қаруды сынаудың
барлық түрлері негізінен Семей полигонында өтті. Ол Қазақстанның солтүстік-шығыс және орталық
аудандарына орасан зор экологиялық апат әкелді. Сондықтан КСРО-ның ыдырауы қарсаңында тәуелсіз Қазақстан үшін ең басты мәселе ел аумағындағы
ядролық қарудың тағдыры болды. КСРО-ның ыдырауы алдында Қазақстанда 1040 ұрыс зарядты 104 “РС-20” ракетасы (НАТОклассификациясы бойынша –
“СС-18”) болды. Әлемдегі ең ауыр құрлықаралық
баллистикалық ракета (әрқайсысының қуаттылығы 550
кт-дан тұратын 10 ядролық оқтұмсық) Державинка
(қазіргі Ақмолаоблысы) мен Жаңғызтөбедегі
(Шығыс Қазақстан) екі базада орналасты. Семейдің түбіндегі аэродромда 240 қанатты
ядролық ракетасы бар 40 ТУ-95 МС стратегиялық бомбалаушы ұшақ орналасты.Қазақстанда қуатты ядролық ғылыми-өндірістік
кешен құрылып, жұмыс істеді. Елімізде КСРО-дағы барлық уранның 40%-ы өндірілді.
1994 ж. Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде
бас тартты. Осы жылы Будапештте (Венгрия) АҚШ, Ұлыбритания және Ресей мемлекеттері басшылары Қазақстанның тұтастығына, шекарасының өзгермеуіне,
ел экономикасына қысым көрсетілмеуіне кепілдік
берген құжатқа қол қойды. Олар, егер Қазақстанға қарсы агрессия туындаған жағдайда
осы жағдайды талқылау үшін дереу БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін шақыруға
міндеттенді.
Ядролық қаруға қажетті зарядты жасауға Қазақстан азаматтары үлес қосқан. 1959
ж. Қазақ тау-кен институтының (қазіргі ҚазҰТУ) МЦ-54 “Түсті, сирек және асыл
металдар металлургиясы” мамандығы бойынша
бітірген түлектері: Н.Ф. Болонев, Г.Н. Бунин,
А. И. Галактионов, Е.В. Космачев, А.К. Кузнецов,
Э.П. Куликов, Б.В. Макаренко, С.С. Макаренко,
В.М. Розманов, В.П. Статкун, С.В. Стовярский,
И.В. Токмачев, Ю.П. Штефан Ресейдің Томск-7 қаласындағы п/ж ғ153 құпия
мекемесіне (қазіргі СХК – Сібір химия комбинаты) жолдама алды. СХК-да
жоғары байытылған уран мен плутонийдің негізінде жасалған ядролық
материалдармен жұмыс жүргізілді. Қазақстандық мамандар ядролық зарядты жасау
технологияларын жолға қою ісіне өз үлестерін
қосып, атом өнімдерін жасауға қатысты.
Ядролық қарудың әлемдегі
запастары
|
1947 |
1952 |
1957 |
1962 |
1967 |
1972 |
1977 |
1982 |
1987 |
1989 |
1992 |
2002 |
2009 |
АҚШ |
32 |
1005 |
6444 |
≈26000 |
>31255[2] |
≈27000 |
≈25000 |
≈23000 |
≈23500 |
22217[2] |
≈12000 |
≈10600 |
5113[3] |
КСРО/Ресей |
0 |
50 |
660 |
≈4000 |
8339 |
≈15000 |
≈25000 |
≈34000 |
≈38000 |
|
≈25000 |
≈8600 |
≈2800 |
Ұлыбритания |
|
|
20 |
|
270 |
|
|
|
|
|
|
512 |
160[4] |
Франция |
|
|
|
|
36 |
|
|
|
|
|
|
384 |
384 |
Қытай |
|
|
|
|
25 |
|
|
|
|
|
|
400 |
|
Үндістан + Пәкістан |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
<100 |
|
Израиль |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
≈200 |
|
Барлығы |
32 |
1055 |
7124 |
>30000 |
39563 |
>40000 |
≈50000 |
≈57000 |
63484 |
|
<40000 |
<20450 |
|
АҚШтың 1945 жылының 6 тамызы Хиросиманың
жапон қаласының атом бомбардировкаларын
өткiздi. Энола Гэйге алда ұшқан ұшақтың
болжалды аудандарында бомбардировкасына
дейiн сағатына үш ауа райының барлаушылары
шықты.
Ұшақтан 6-7 км алып тастауда ядролық жарылыстың
параметр есепке алатын аппаратурасы
бар ұшақ шықты. Км ти 70-шi жарылыстың нәтижелерiн
суретке түсiретiн бомбалаушы келдi. Жапонияның
ЂҚҚы жүйе бомбалаушыларды бiлдiрдi, бiрақ
олардың аз сандысы әуе дабылуға артынан
Хиросима жариялалған жақында бұзылды.
Жапон құртушылары және зенит артиллериясы
сонымен бiрге әуе жауына қарсы әрекеттер
көрсетпедi. Хиросимаға 10 мың метрлерге
биiктiктермен 15 минуттардың 8 сағатында
600 метрлердiң биiктiк опырған балдырған
атом бомбасы құлатқан.
Жайра нәтижеделер және 200 мың адамның
жанында хабарсыз насихатта, жаралы және
160 мың адамның жанында радиоактивтi сәулеге
түсiрулерге ұшырады. Басым көпшiлiгi апатқа
ұшыраған бейбiт азамат болды. Өрттер жарылысты
эпицентрден көп сағаттардың төрт километрлердiң
радиусындағы ағымдарында созылды.
90 мың үй 62 мыңдағаны толық қиратқан. жапон
уақыты бойынша 9 тамыз 11:02 екiншi жапон
қаласын соққыға ұшыратқан - Нагасаки.
Он жылдардан кейiн трагедиялар, 1955 жылдың
6 тамызынан кейiн, Хиросимада атом және
сутектi қаруды тыйымға бiрiншi халықаралық
конференцияда өттi.
Тынық мұхиттiң оңтүстiк бөлiгiн 1985 жылда
ядролық қарусыз аймақпен жариялаған.
Ядролық соғыстың сақтап қалуына әлемнiң
дәрiгерлерi Халықаралық қозғалыстың аткомының
шешiмi бойынша бомбардировканың күнiне
Хиросима әлемге әлемнiң дәрiгерлерi Халықаралық
күн атап өтедi. |
|
|
Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды
балаларға арналған
мамандандырылған облыстық мектеп
- интернаты
Тақырыбы: Ядролық қару
Орындаған: 9 «В» сынып оқушысы
Абдуллаева Гүлбану
Тексерген: Бекбосынова Жансая
Ақтау – 2012