Ядролық жарылыстың қоршаған ортаға , тірі организмдерге әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:57, реферат

Описание

Дүниеге келгеннен бастап-ақ ядролық қару өзіне ие болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады. Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында ядролық қару міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ. Ол қолданылды да. Әлемді дүр сілкіндіріп Хиросима мен Нагасаки жапон қалаларын жермен жексен қылды. Адамдардың басым көпшілігі ядролық (атом) бомбаларының барын біледі, олардың жарылыс салдары туралы да естіген болатын. Алайда, ракеталық-ядролық соғысынан көтерілетін экологиялық проблемаларды, шығындардың мөлшерін, жалпы қирау көрінісін нақтылы мәнінде көз алдына елестете алатын тұлғалардың саны шамалы болса керек. Айтарлық, жалпы қырып жоятын қарудың қолданылуы аса шығындарды халық қалың орналасқан аймақтарда келтіреді, ядролық жарылыстардың адамдарға психологиялық жағынан ететін әсерін де есептен шығаруға болмайды

Содержание

I. Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1 Қазақстанның ең апатты полигоны
2.2 Ядролық жарылыс және түрлері
2.3 Ядролық қарудың зақымдаушы факторлары
2.4 Ядролық жарылыстың қоршаған ортаға , тірі организмдерге әсері
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Ядролық жарылыс түрлері.docx

— 89.33 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ Қорытынды

 

      Ядролық жарылыс – адам өміріндегі маңызды орын алатын үлкен ғылым жаңалығы болып табылады. Ал бұл құбылыстың ғылымдағы маңызы қаншалықты зор болса, оның ағзаға, табиғат пен қоршаған ортаға, жер бетіндегі  барлық тіршілік иелеріне келтіретін зиянының да бар екенін ұмытпау керек.

      Ядролық жарылыс бүкіл адамзатты толғандыратын, бүгінгі таңдағы өте өте өзекті мәселелердің бірі. Ол – жеке аймақтың ғана емес, планетарлық масштабтағы проблема. Сондықтанда тұрғындарды қорғау жөніндегі мемлекеттік шаралар ластану дәрежесін есепке ала отырып, бүкіл аумақтарды қамти отырып жүргізілуі қажет.

      Әрине, біздің қоғамымыз ұлы державаларды ядролық қаруды сынауды тоқтатуға мәжбүр ете алмас па?! Бірақ, халықтың радиациялық проблемаларды шешуге белсенділік таныту біздің қолымызда.

      Ядролық қарудың зардаптары – шегі жоқ, ұлтқа, дініне, жас ерекшелігіне қарамастан барлығына бірдей зиян келтіретін құбылыс әрқашан білінбей әсер етеді және жылдар бойы организмде жиналып ең соңғы сәтте көрінеді. Ал бұл сәтте шаралар қолдануға өте кеш болуы мүмкін.

Дұрыс экологиялық сананың  экономикалық қажеттіліктердің ықпалына түспеуі адам мен табиғат арасындағы гармониялық, жер шарындағы өркениеттің стратегиялық бағыты болып табылады. Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қатысушы бола отырып, Қазақстан тиісті халықаралық міндеттемелерін қатаң орындауда және халықты қырып-жоятын қарудың басқа да түрлерін таратпау саясатын дәйектілікпен жүргізіп келеді. Таяуда Қазақстан аумағында ядролық ракеталардың соңғы ұшу қондырғылары жойылды. Осылайша, біздің елмізде бұдан былай ядролық қару атымен жоқ. Оның жиынтық әлеуеті өзінің қуаты жөнінен планетада төртінші орында болатын. Ядролық қару қайтадан адамдарды қырып-жойып, табиғатты талқандаудың құралына қандай жағдайда да айналмауға тиіс. Ядролық қару сынағын тоқтау – бұл ядролық қаруға ие мемлекеттердің ең асқақ ізгілікті миссиясы.

 

 

 

 

 

 

IV Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Батырбаев Н. «Радиациялық ластанудың құқықтық жауапкершілігі». «Алматы»  газеті, – 2003.-№ 3.
  2. Радиоактивные загрязнения: события и последствия. «Наука и высшая школа Казахстана», - 2003 г. 1- март.
  3. Темірбеков Ж. Радиацияның адам ағзасына әсері.  «Ақиқат» баспасы, - 2002. - № 12.
  4. Гриходько Н.  Безопасность жизнедеятельности. Алматы,- 1999ж.
  5. Сагимбаев Г.К.  Экология и экономика. Алматы,- 1997ж. 
  6. «Алматы ақшамы» баспасы, - 2003 ж. 19-сәуір. «Ақша қымбат, денсаулық арзан болғаны ма?».
  7. Глонкопий М.С. Экономика и природопользования. Алматы,- 2003 ж.
  8. Н.Ә. Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі». – Астана: «Елорда»,- 200ж.
  9. О. Жанайдаров. Менің елім — Қазақстан. – Алматы: «Балауса баспасы»,- 2003ж.
  10. Журнал «Арай» 1988 жыл № 10 Назарбаев Н.Ә. Ядролық сынақтарға жан-жақты түгел қамтитын тиым салу туралы шарт// Егемен Қазақстан. – 1996. – 30 қыркүйек.
  11. Назарбаев Н.Ә. ХХІ ғасыр – ядролық қатерден құтылатын ғасыр// Заң газеті. – 2001ж. – 5 қыркүйек.
  12. Қайырбек А. Ядролық от – жалынның өтінде: Атом полигонына шолу// Қазақ әдебиеті, – 2001. – 13 шілде.
  13. Тоқаев Қ. Семей кешегі күннің жарасы, Семей – ертеңге жүктелген аманат// Егемен Қазақстан, – 1999. – қыркүйек.
  14. Жылқышыбаев Қ. Ядролық сынақ зардаптары//Саясат,- 1998, №7.
  15. Рахматуллин Ұ. Ядролық сынақ – ұрпақ қасіреті // Егемен Қазақстан, – 1999ж.

 

 

 

2


Информация о работе Ядролық жарылыстың қоршаған ортаға , тірі организмдерге әсері