Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 22:36, реферат
Циклдің кұрамына кіретін атомдардың жалпы санына қарай гетероциклді қосылыстарды: үш, төрт, бес, алты және көп мүшелі гетероциклдер деп бөледі. Бұлардың ішінде бес және алты мүшелі гетероциклді қосылыстардың маңызы үлкен. Сондықтан бұл тарауда осы қосылыстар қарастырылады.
Бес мүшелі және алты мүшелі гетероциклдер құрамындағы гетероатомдардың санына қарай бөлінеді. Сонымен бірге бұл қосылыстардың ішінде бензол сақинасымен гетероциклдің және екі немесе бірнеше гетероцикддердің конденсациялануынан түзілген күрделі системалар да кездеседі. Сондықган бұларды белгілі бір жүйеге келтіру үшін, мына төмендегідей классификациялайды.