Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 19:35, реферат
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Концентрация, химияда – қоспа, ерітінді, қорытпа құрамындағы заттардың салыстырмалы мөлшері. Концентрация ұғымы ерітінділердегі еріген зат молекулаларының салыстырмалы мөлшерлерін сипаттау үшін қолданылады. Концентрацияның бірнеше түрі бар: массалық үлес Концентрациясы – еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы; оны процентпен сипаттауға болады.
Концентрация
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Концентрация, химияда – қоспа, ерітінді, қорытпа құрамындағы заттардың салыстырмалы мөлшері. Концентрация ұғымы ерітінділердегі еріген зат молекулаларының салыстырмалы мөлшерлерін сипаттау үшін қолданылады. Концентрацияның бірнеше түрі бар: массалық үлес Концентрациясы – еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы; оны процентпен сипаттауға болады. Сондықтан оны проценттік Концентрация деп те атайды; көлемдік үлес Концентрациясы – еріген зат көлемінің ерітіндінің жалпы көлеміне қатынасы; бұл да процентпен сипатталады; молярлық Концентрация – еріген зат мөлшерінің ерітіндінің көлеміне қатынасы (моль/м3); эквиваленттің молярлық Концентрациясы – ерітіндідегі зат эквивалентінің зат мөлшерінің ерітіндінің көлеміне қатынасы (моль/л); молярдік Концентрация – ерітіндідегі еріген зат мөлшерінің ерітіндінің массасына қатынасы (моль/кг); титр – еріген зат массасының ерітіндінің көлеміне қатынасы (г/л); молярлық үлес Концентрациясы – еріген зат мөлшерінің ерітіндідегі барлық заттардың мөлшерлерінің қосындысына қатынасы.
Пайдаланылған әдебиет[өңдеу]
"Қазақ Энциклопедиясы", 11 - том
Мақала бастамасы Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.
Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.
Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі. (молярлық концентрация)
[ Скачать с сервера (16.2Kb) ]
↓ Предыдущий материал | Следующий материал ↑
№3 сабақтың тақырыбы: Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі. (молярлық концентрация)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еріген заттың массалық үлесі және ерітіндінің концентрациясы туралы түсінік қалыптастырып, оны есептеуге және іс жүзінде қолдана білуге үйрету.
Тірек білім мен біліктер: Зат мөлшері, мольдік масса, элементтің күрделі заттағы массалық үлесін есептеу білігі. Физика курсынан еріген заттың массалық үлесі.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын төмендегі сұрақтармен тексереміз.
1. Судың физикалық қасиеттерін сипатта.
2. Суды қолданылатын мақсатына қарай тазарту әдістерінің қандай түрлері бар?
1. Молекулалық теорияға сүйеніп, еру құбылысын қалай түсіндіруге болады?
2. Қаныққан және қанықпаған ерітінділер дегеніміз не?
Қанықпаған ерітіндісінің анықтамасын
еске түсіргеннен кейін, оқушылармен
осы ерітіндінің сандық
құрамын қалай анықтауға
1. Массалық үлес бірліктерімен:
немесе процентпен өрнектеледі: ә) ω%= m еріген зат . 100%
Оқушылардың физика мен математика сабақтарынан алған есептеу біліктерін қолдана отырып, еріген заттың массалық үлесін есептеуге жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін, мысалы 25% -дық ерітінді туралы сөз болғанда, оқушылар 100г мұндай ерітіндіде 25г тұз бар екенін білуге қажет. Ол есептеу жүргізу барысында пропорция құруды жеңілдетеді. Бұл жерде процент дегеніміз – санның жүзге қатынасы екенін де ескерген жөн, яғни 25 % дегеніміз 25 , бұл жағдайда пропорцияның мәні өзгеріп,
20 = 25
80 100
х = 25 2. 20 = 25 3. 20 = х
80 100 х 100 80 100
Бірінші пропорцияға мынадай есеп сәйкес келед: 80г 25% -тік тұз ерітіндісі берілген. Еріген тұздың массасы қандай?
Екінші пропорция: 20г тұзды ерітіп, 25% -тік ерітінді алу үшін, судың қандай массасын алу қажет?
Үшінші пропорция: егер 80г ерітіндіде 20г тұз бар екені белгілі болса, еріген заттың массалық үлесі қандай?
Осылайша мұғалім бір белгісіз бар теңдеуді шешу арқылы ерітінді дайындау үшін тұздың, судың қандай массасы қажет екенін, еріген заттың массалық үлесін табуға болатынын оқушыларға басқа пәндерден белгілі әдістермен түсіндіре алады. Сонымен қатар еріген заттың массалық үлесін анықтауға арналған формулалардан:
m еріген зат = ω% (ер.зат) · m ерітінді
еріген заттың және судың массасын біле отырып, массалық үлесі белгілі ерітінді даярлауға болатындығын оқушылар өз бетінше қорыта алады.
Ерітіндінің белгілі мөлшерінде еріген зат мөлшері тек пайыздық концентрациясымен ғана өрнектелмейтіндіктен және іс жүзінде өте жиі қолданылатындықтан бұл сабақта молярлық концентрация туралы ұғым қалыптастырылады. Молярлық концентрация 1000мл (1л) ерітіндіде еріген заттың қанша мөлшері болатындығын көрсетеді. Осыған орай оқушылар зат мөлшері деген шама не білдіретіндігін оның өлшем бірліктерін еске түсіреді.
Егер, мысалы, 1000мл ерітіндіде 1моль зат еріген болса, онда мұндай ерітінді бір мольді (1М) деп аталады.
Егер
100мл ерітіндіде 0,5 моль зат
еріген болса, оның
0,5 · 1000 = 5 моль, яғни ерітінді 5М. Көрсетілген концинтрация түрінің
100
өзіндік ерекшелігі бар екеніне көңіл аудару қажет. Мәселен, молярлық концентрациясы бірдей ерітінділердің бірдей көлемдегі зат мөлшері (моль) бірдей болады. Бірақ әр түрлі массаларының моль саны әр түрлі болғандықтан, еріген заттың массасы бірдей болмайды. Мысалы, 100г 10% -тік ас тұзы және қант ерітіндісінде көрсетілген заттар 10г болады. Сарамандық жұмыста – оқушыларды түрлі концентрациялы ерітінділер даярлауға дайындау мақсатында мынадай есептеулер жүргізуге жаттықтыру қажет.
Есеп: 0,4М 100мл глюкоза
Глюкозаның формуласы С6Н12О6 салыстырмалы малекулалық массасы 180.
Молярлық концентрациясы анықтамасы бойынша 1000мл, 0,4М ерітіндіде 0,4 моль еріген зат болады, яғни 180г/моль · 0,4моль =72г Ал 100мл ерітіндіде, еріген зат бір литрдегіден 10 есе аз болатындықтан, мұндай ерітінді даярлау үшін 7,2г глюкоза өлшеп алу қажет болады. Мұндай есептеулер жүргізген соң, оқушыларға молярлық ерітіндіні даярлау барысында өлшеуіш колба мен өлшеуіш цилиндр қолдану ыңғайлы екені ескертіліп, онымен жұмыс істеу технологиясы көрсетіледі.
Оқыған материялды бекіту үшін орындалатын жаттығу жұмыстары.
1. Оқулықтағы 2, 3, 4, 5 ,6–жаттығу.
2. 50мл ерітіндіде 0,1 моль
еріген зат бар. Ерітіндінің
молярлық концентра циясы
3. Қай ерітіндіде зат көп мөлшерде болады: 150г 10% -тік натрий хлоридінің ерітіндісіне ме, әлде осы тұздың 0,1 моль 1л ерітіндісіне ме?
Үйге тапсырма беру: §38.
Есептер жинағынан:3-25,3-26,3-
Категория: Поурочные планы по химии 8 класс на казахском языке | Добавил: heeq | Теги: химия
Просмотров: 1290 | Загрузок: 68