Химия – биология бағытындағы негізгі мектепті бітірту үшін қорытынды аттестациясының бақылау жұмысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 18:01, методичка

Описание

Бақылау жұмысы 5 тапсырмадан тұрады және сарамандық (практикалық) жұмыс
Бақылау жұмысы оқу бағдарламасының келесі тарауларынан құрастырылған:
1. Атом құрылысы және химиялық элементтердің қасиеті, химиялық элемент. Химиялық элементтердің Д.И Менделеев жасаған периодтық заңы мен периодтық жүйесі. Химиялық байланыс және зат құрылысы.
2. Химиялық реакциялар, жүру жағдайы. Химиялық кинетика. Химиялық тепе –теңдік.
3. Химиялық айналымдар.
4. Ерітінді.

Работа состоит из  1 файл

Химия_ХБН_11_kz (1).docx

— 160.16 Кб (Скачать документ)

АОО «Назарбаев Зияткерлік мектептері »

Үлгі 

Химия – биология бағытындағы негізгі мектепті бітірту  үшін қорытынды аттестациясының  бақылау жұмысы

Химия

  1. Экзамен құрылымы

Бақылау жұмысы 5 тапсырмадан тұрады және сарамандық (практикалық) жұмыс

Бақылау жұмысы оқу бағдарламасының  келесі тарауларынан құрастырылған:

 

  1. Атом құрылысы және химиялық элементтердің қасиеті, химиялық элемент. Химиялық элементтердің Д.И Менделеев жасаған периодтық заңы мен периодтық жүйесі. Химиялық байланыс және зат құрылысы.
  2. Химиялық реакциялар, жүру жағдайы. Химиялық кинетика. Химиялық тепе –теңдік.
  3. Химиялық айналымдар.
  4. Ерітінді.

 

Тап

сыр

ма 

 Тексерілетін элементтер

Тексерілетін элементтерді орындағаны үшін қойылатын ұпай

Тапсырманы орында

ғаны үшін қойыла

тын ұпай.

1

Берілген химиялық элемент  атомының электрондық конфигурациясын дұрыс жаза алады.

0,1

4

 

Берілген химиялық элемент  атомының валенттілік электрондарының конфигурациясын негізге ала отырып Паули принципін түсіндіре алады.

0,1

Берілген химиялық элемент  атомының валенттілік электрондарының конфигурациясын үшін Хунд ережесін түсіндіре алады.

0,1

Берілген химиялық элемент  атомының валенттілік электрондарының конфигурациясын негізге ала отырып Клячковский ережесін түсіндіре алады.

0,1

  Барлық квант сандарын ( бас, қосымша н/е орбиталь, магниттік,  спин) пайдаланып атомдағы электронның  күйін сипаттай алады.

 

0,2

Атомның валенттілік мүмкіндіктері  мен тотығу дәрежелерін анықтай біледі.

0,2

III-ші период элементтерінің  мысалында элементтердің тотықтырғыштық  – тотықсыздандырғыштық қасиеттерін түсіндіреді.

1

III-ші период элементтерінің  мысалында  қышқылдық –негіздік  қасиеттерін түсіндіреді.

1

Ковалентті полюсті байланыстың дара электрондардың жұптасу механизмі бойынша түзілуін түсіндіреді.

0,2

Ковалентті полюсті байланыстың  донорлы -акцепторлы бойынша түзілуін түсіндіреді.

0,2

Берілген қосылыстағы  орталық атомның электрон бұлттарының  гибридтену  типін анықтай алады

0,2

Берілген қосылыстың гибридтену типіне сәйкес   геометриялық формасын анықтай алады.

0,2

Берілген қосылыстағы  байланыстардың түзілуін валенттілік  байланыс әдісі бойынша түсіндіре алады.

0,2

орталық атомдағы байланыстың  қаныққандығын және бағытын көрсете алады.

0,2

2

 Химиялық реакция жылдамдығының  анықтамасын, математикалық өрнегін  дұрыс жазады.

0,4

4

Химиялық реакция жылдамдығын  әрекеттесуші заттардың массалар заңына сүйене отырып (концентрация )түсіндіре алады.

0,4

Химиялық реакция жылдамдығына температуранын әсерін Вант –Гофф ережесін қолданып түсіндіре алады.

0,4

Біртекі ортада жүретін химиялық реакция жылдамдығына катализатордың әсерін біледі және нақты мысалдармен химиялық өндірістегі катализатордың рөлін түсінеді.

0,4

Әртекті ортада жүретін химиялық реакция жылдамдығына катализатордың әсерін біледі және нақты мысалдармен химиялық өндірістегі катализатордың рөлін түсінеді.

0,4

Катализдің химия мен  биохимиядағы рөлін түсіндіре алады.

0,2

Химиялық тепе –теңдік ұғымының анықтамасын және Ле –Шателье принципін дұрыс жазады.

0,4

Химиялық тепе –теңдікке  концентрацияның әсерін Ле –Шателье принципін қолданып түсіндіре алады.

0,4

Химиялық тепе –теңдікке қысымның әсерін Ле –Шателье принципін қолданып түсіндіре алады.

0,4

Химиялық тепе –теңдікке  температураның әсерін Ле –Шателье принципін қолданып түсіндіре алады.

0,4

химиялық тепе –теңдіктің тепе –теңдік константасын әрекеттесуші массалар заңы бойынша математикалық  өрнегін  дұрыс қорытып шығарады.

0,2

3

Реакция теңдеулерін жазу

10*0,2

5

Реакцияның жүру жағдайын көрсету 

5*0,2

Жұлдызшамен көрсетілген  сатының механизмін түсіндіру

1

Жұлдызшамен көрсетілген  тұздың гидролиз реакциясының молекулалық , толық  және қысқартылған иондық  теңдеуін жазу

1

4

Есептің қысқаша шартын дұрыс  жазады.

5

Ерітіндідегі еріген заттың массаларын есептеу

Мольдік факторларын анықтау

Реакция теңдеуін жазып, пропорция  құрып оны шешу.

Реакция өнімінің шығымын  есептеу

5

Натрий ацетаты мен  балқыған натрий гидроксиді арасындағы реакция теңдеуін жазып , түзілген метанның массасын( көлемін, зат мөлшерін) есептеу

1

6

Тұз қышқылы мен марганец диоксиді арасындағы реакция теңдеуін жазып, бөлінген хлордың массасын (көлемін , зат мөлшерін ) есептеу

1

Метанның хлорлану реакция  теңдеуін жазып, түзілген хлорсутектің массасын (көлемін , зат мөлшерін ) есептеу

1

Реакцияға түспей қалған хлордың  массасын (көлемін , зат мөлшерін ) есептеу

1

Хлордың сумен реакция  теңдеуін жазып, түзілген хлорсутектің  және хлорлылау қышқылының массасын (көлемін , зат мөлшерін ) есептеу

1

Реакция нәтижесінде түзілген тұз қышқылының  жалпы массасын (көлемін , зат мөлшерін ) есептеу

0,5

Түзілген қышқылдардың натрий гидроксидімен бейтараптану реакциясын жазып, жұмсалған сілтінің мөлшерін есептеу

0,5

 

 

Ұпай сандарын бағаға ауыстыру:

Жалпы ұпай саны - 30.

 

«5»-89-100%        26-30 ұпай

«4»-72-88%          22-25  ұпай

«3»-55-71%          17-21  ұпай

«2»- 54% және     16 ұпайдан  төмен

 

  1. Экзаменнің өтілу уақыты:

Бақылау жұмысы 4 астрономиялық сағат (240минут) 

Сарамандық жұмыс – 1 астрономиялық сағат (60 минут)

 

Сарамандық жұмыстардың  тізімі

  1. Органикалық заттардағы көміртекті, сутекті, хлорды сапалық анықтау.
  2. Этилен алу және оның қасиеттерін зерттеу
  3. Спирттердің альдегидке тотығуы
  4. Көп атомды спирттердің сапалық реакциялары
  5. Карбон қышқылдарының қасиеттерін зерттеу
  6. Сабын алу және оның қасиеттерін зерттеу
  7. Сахарозаның қасиеттерін зерттеу
  8. Ақуыздардың қасиеттерін зерттеу
  9. Магнийдің эквивалентін анықтау
  10. Атом құрылысы. Химиялық элементтердің периодтық заңы мен периодтық жүйесі.

а) натрий гидроксидінің,

б) мырыш гидроксидінің
в) күкірт қышқылының қышқылдық, негіздік және екідайлық  қасиеттерді дәлелдеу.
  1.  Мыс (II) және темір (II) комплексті қосылыстарын алу
  2. Темірдің мырышпен (не қалайымен ) жанасқан кездегі коррозиясы.
  3. Химиялық  реакциялардың жылдамдығы
  4. Хлорид , сульфат, нитрат және карбонат аниондары мен аммоний катионынан сапалық реакция
  5. Аммиакты алу және оның қасиеттерін зерттеу
  6. Химиялық тепе –теңдіктің ығысуы. (әр түрлі концентрациялы калий ( не аммоний ) роданиді, темір (III) хлоридінің ерітінділері мысалында)
  7. Тұздар гидролизі. 1.ерітінділердің ортасын анықтау (AlCl3, Na2 SO4, K2CO3). 2. Темір (III) хлориді + магний ұнтағы гидролизі өнімін зерттеу. 3. алюминий хлоридіне натрий карбонатын қосып қыздырып біріккен гидролизді қарастыру (зерттеу)
  8. Минералды тыңайтқыштарды  танып білу
  9. Органикалық және бейорганикалық газдарды алу , жинау және қасиеттерін зерттеу
  10. Органикалық және бейорганикалық заттарды алу және қасиеттерін зерттеу.

 

Бағалау өлшемдері

ұпай

  1. Жұмыстың мақсаты дұрыс қойылған.

1

  1. Экспериментті жүргізудің жоспары құрылған.

1

  1. Тапсырманы орындау әдісінің теориялық негізі келтірілген (жазылған).

1

  1. Реакция теңдеулері және жұмысты орындаудың алгоритмі жазылған.

1

  1. Эксперименттік бөлім қауіпсіздік техника ережесін сақтай отырып дұрыс орындалған және жұмыс нәтижесі кесте түрінде берілген. (Қажет болған жағдайда графигі тұрғызылған) .

1

  1. Жұмыстың мақсатына орай алынған нәтижелерге талдау жүргізіліп, қорытынды жасалған.

1

барлығы

6 б


 

 Жұмыстың орындалуы: 

 

Этилен алу  және оның химиялық қасиеттерін зерттеу  сарамандық жұмысының мысалы:

 

Бағалау өлшемдері

ұпай

  1. Жұмыстың мақсаты дұрыс қойылған.

1

  1. Экспериментті жүргізудің жоспары құрылған.

1

  1. Тапсырманы орындау әдісінің теориялық негізі келтірілген (жазылған).

1

  1. Реакция теңдеулері және жұмысты орындаудың алгоритмі жазылған.

1

  1. Эксперименттік бөлім қауіпсіздік техника ережесін сақтай отырып дұрыс орындалған және жұмыс нәтижесі кесте түрінде берілген. (Қажет болған жағдайда графигі тұрғызылған) .

1

  1. Жұмыстың мақсатына орай алынған нәтижелерге талдау жүргізіліп, қорытынды жасалған.

1

барлығы

6 б


 

 

 «Этиленді  алу және оның химиялық қасиеттерін  зерттеу»

Қжетті реактивтер мен  құрал жабдықтар: ұстағышы бар метал  тұрғы, қыздыруға қажетті құралдар (спиртшам) газ жүретін түтігі бар  тығынмен тығындалатын сынауық , кішірек  екі сынауық, кәрленнің ұсақ сынықтары, этил спирті, конц. күкірт қышқылы, бром (йод) суы, калий перманганаты ерітіндісі, сіріңке.

Жұмыстың  орындалуы.

Этил  спиртін дегидраттап этилен алу.

Реакция жүргізетін құрғақ сынауыққа 1-1,5 мл этил спирті мен 2-3 мл конц. Күкірт қышқылын ( немесе екеуінің дайын қоспасынан 3-4 мл) абайлап құйып  алыңдар.Қоспаны қыздырғанда біркелкі қайнау үшін, қоспа құйылған сынауыққа  аздап кәрленнің ұсақ сынықтарын салу керек. Сынауықты газ жүретін  түтігі бар тығынмен жауып, көлбек етіп тұрғыға бекітеді.Қоспаны қауіпсіздік  шараларын сақтай отырып, қыздырыңдар.

Этиленнің қасиеттерін зерттеу:

А) газ жүретін түтіктің ұшын 1,5-2 мл бром (йод) суы құйылған сынауыққа  салып, ерітіндінің сарғылт түсі жойылғанша газ өткізіңдер.

Б) газ жүретін түтіктің ұшын 1,5-2 мл калий перманганаты ерітіндісі құйылған сынауыққа салып, ерітіндінің  түсі жойылғанша газ өткізіңдер.

В) газ жүретін түтіктің ұшын жоғары қаратып, бөлініп жатқан газды тұтатып, этиленнің жануын бақылаңдар.

Қыздыруды тоқтатып, қоспа  салқындағаннан кейін жұмыс орнын  жинап, тәртіпке келтір

 

 

 

Бақылау жұмысы тапсырмалары:

 

  I.1. Паули принципі, Гунд ережесі, Клячковский ережесіне сәйкес  № 19 элемент атомының электрондық конфигурациясын жаз. Электронды-графикалық формуласын валенттілік электрондары үшін жазып:а) валенттіліктері мен тотығу дәрежелерін анықта; б) квант сандарын анықта

2.  Д.И Менделеев жасаған  химиялық элементтердің периодтық  жүйесіндегі 3 –ші период элементтерінің: а) тотықсыздандырғыштық- тотықтырғыштық; б) негіздік –қышқылдық қасиеттерінің өзгеруін көрсет.

3. Бор хлоридіндегі: а)  бордың гибридтену типін анықта; б) молекуланың кеңістіктегі геометриялық формасын анықта; б) химиялық байланыстардың түзілу механизмдерін жаз.

II.1. Химиялық  кинетика. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторларға реакция теңдеулерінен мысалдар келтіре отырып, әсерін көсрет:  а) әрекеттесуші заттардың табиғаты; б) температура ( Вант-Гофф ережесі); в)концентрация; г) қысым; д)өршіткі . Химия және биохимиядағы катализатордың рөлі (гомогенді (біртекті) және гетерогенді( әртекті)).

II.2. Химиялық тепе -теңдік. Химиялық тепе –теңдіктің ығысуын Ле – Шателье ұстанымына сүйене отырып, мысалдар келтіріп түсіндір: а) температура;  б) қысым; в) әрекеттесуші заттармен реакция өнімдерінің концентрациясы.

2CO +O2 = 2CO2 ; ∆H = -566,4 кДж

III. Төменде берілген өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазып, жұлдызшамен көрсетілген реакцияның (*)механизмін түсіндір және (**)тұздың гидролиз реакциясының молекулалық, толық  және қысқартылған иондық теңдеулерін жаз.

NaCl(ер-ді) *→ Cl2 →HCl →C2H5Cl → C2H5OH

↓                                                                 ↑

NaOH→ **Na2CO3→NaHCO3 →CO2→C6H12O6

IV. Көлемі 300 мл 10 % -дық , тығыздығы 1,109 г/мл натрий гидроксиді ерітіндісіне 500мл 30% -дық тығыздығы 1,180 г/мл азот қышқылы ерітіндісін қосқанда  массасы 65 г тұз түзіледі.Реакция өнімінің шығымын есепте.

V. Массасы 20,5 г сусыз натрий ацетатын натрий гидроксидімен қосып қыздырғанда бөлінген газ, жарықтың әсерінен хлормен әрекеттесті.Бұл хлор 130,5 г марганец диоксидін қолданып алынған. Хлорлау реакциясы толық жүріп өткеннен кейін барлық газ тәрізді заттарды суда еріткен. Сонда алынған ерітінді бейтараптау үшін  қажетті натрий гидроксидінің зат мөлшері тап. ( 2моль)

 

Бақылау жұмысының дұрыс жауаптары:

1- тапсырма

    1. №19  калий 4-ші периодтың 1-ші тобының негізгі топша элементі.+19 )2e )8e )8e )1e  1s22s22p63s23p64s1 

4s1


 Валенттілігі – 1, тотығу  дәрежесі: 0;+1   

 Квант сандары: n = 4; l= 0; m = 0; s = +1/2

 

Паули принципі: Атомда барлық квант саны бірдей екі электрон болмайды.

 Мысалы: калий атомының 3-ші энергетикалық деңгейдегі           3s2 электронын алып қарастырсақ:


                                                                                           

                                                                                              n = 4                        n = 4

                                                                                             l= 0                          l= 0

                                                                                              m = 0                       m = 0

                                                                                              s = +1/2                   s = -1/2        

спин квант  сандары өзгеше

Гунд  ережесі: бір деңгейшеде орналасқан электрондардың спин квант сандарының қосындысы максимал болуы шарт, ол үшін электрондар энергетикалық деңгейлерге алдымен бір –бірден толады, соңынан жұптасып орналасады.

Мыс: 4s1                                                                 4s1


                     

          

          S1 = +1/2                           S2 = -1/2    S1 > S2

Клечковский ержесі:

Электрондардың энергетикалық деңгейшелерге орналасуы бас және қосымша квант сандарының қосындысының ( n+l) артуымен болады.Егер бас және қосымша квант сандарының қосындысы бірдей болса, электрондардың деңгейшелерге толуы бас квант санының мәнімен анықталады. Алдымен бас квант санының мәні кішісіне сай орбиталь электрондармен толады

Мыс: n+l = 4        n =3         l = 1   (3p)

                              n=4          l = 0 (4s)

1.2) Д.И Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі 3 –ші период элементтері: Na , Mg, Al, Si, P, S, Cl , Ar

а) атом ядро зарядтары артқан сайын тотықсыздандырғыш ( металдық) қасиеті кеміп, тотықсыздандырғыштық- тотықтырғыштық (бейметалдық) қасиеті артады.

 Мысалы: натрий электронды оңай береді Na -1e → Na+  ал хлор электронды оңай қосып алады   Cl+1e → Cl-

б)Na2O ,  MgO,          Al2O3,               SiO2,      P2O5,    SO3,  Cl2O7


   NaOH, Mg(OH)2 , Al(OH)3,            H2SiO3, H3PO4, H2SO4, HClO4     негіздік қасиеті кеміп, қышқылдық қасиеті артады.

Информация о работе Химия – биология бағытындағы негізгі мектепті бітірту үшін қорытынды аттестациясының бақылау жұмысы