Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 12:00, статья
ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕСІ, химиялық элементтердің жіктелуі – Д.И. Менделеев ашқан периодтық заңның кестелік (графиктік) бейнесі (қ. Менделеевтіңпериодтық заңы). Э. п. ж-н Д.И. Менделеев жасаған (1869 – 71). Менделеев элементтерді периодтық жүйеге орналастырғанда олардың атом. салмақтарының өсуіне, сонымен қатар олардың хим. қасиеттерінің өзгеруіндегі периодты заңдылыққа сүйенді. Ол кестедегі кейбір элементтерді (Co – Nі, Te – І) атом. салмақтарының өсу бағытына сай емес, хим. ұқсастығына қарай орналастырды, бірнеше элементтердің сол кезде қабылдаған атом салмақтарын 1,5 – 2 есе өзгертті (Іn, Cl, U, т.б.).