Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 16:23, реферат
Химиялық реакциялардың жылдамдығын білудің теориялық және практикалық маңызы зор. Теориялық маңызы - зат құрылысы мен атомдар арасындағы байланысының энергетикалық сипаттамасының реакцияласу қабілетіне әсерін анықтап, осыған орай процестің жүру механизімін ашып береді. Практикалық пайдасы – химия өнеркәсібінде өндірілетін заттардың мөлшерін арттырудың жолдарын алдын ала болжап, оған қажетті қондырғыларды, аппаратураларды таңдап алуға мүмкіндік туғызады.