Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 14:45, реферат
Резина өнеркәсiбiнде бутадиен-стиролды каучуктер көптеген сұранысқа ие. Олар бутадиеннiң (дивинилдiң) стиролмен немесе метилстиролмен бiрге полимерлену өнiмдерi болып саналады.
Компоненттерiнiң мөлшерлiк қатынасына байланысты каучуктердiң қасиеттерi әжептеуiр өзгеруi мүмкiн. Стирол мөлшерi көбейген сайын
каучуктiң қаттылығы артады және оның негiзiндегi вулканизаттардың созылымдылығы төмендейдi.
Бутадиеннiң стиролмен немесе метилстиролмен полимерленуiн сулы эмульсияда жүргiзедi.
Кіріспе
1. Физикалық қасиеттері
2. Химиялық құрылысы
3. Технологиялық қасиеттерi
4. Бутадиен-стиролды каучуктердің негізіндегі
резина қоспалары және вулканизаттар қасиеттері
Вулканизаттардың қасиеттерi
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Көпшiлiк тұтынатын бұйымдарды жасағанда негiзгi вулкандаушы агент, әртүрлi үдеткiштермен бiрге қолданылатын күкiрт болып табылады. Бутадиен-стиролды каучуктердiң вулкандану жылдамдығы табиғиға қарағанда анағұр-лым төмен. Сондықтан да вулкандағанда активтiлеу үдеткiштердi пайдаланады. Бутадиен-стиролды каучуктердiң вулкандану жылдамдығы, әсiресе процестiң алғашқы кезеңiнде, күкiрт мөлшерiне қарағанда үдеткiштердiң үлесiне (доза-сына) байланысты.
Бутадиен-стиролды каучуктер (СКС-30АРК)
негiзiндегi қоспаларды вул-кандау температурасын
150-1600С дейiн көтерсе, модулдердiң,
кейбiр жағдай-ларда салыстырмалы ұзаруының
төмендегенi байқалады. Кейбiр авторлар
мұндай вулканизаттардың техникалық қасиеттерiнiң
төмендеу мүмкiндiгiн, көбiнесе автопокрышкалардың
тез тозуын атап көрсетедi.
Вулканизаттардың қасиеттерi.
Толықтырылмаған
қоспалардың вулка-низаттарының берiктiгi
20-30 кгс/см2 аспайды, сол себептi бутадиен-стиролды
каучуктер негiзiндегi барлық қоспаларға
күшейткiштер қосады. 1 кестеде СКС негiзiндегi
вулканизаттарды сынақтауға арналған
резина қоспаларының құрамы келтiрiлген.
1 кесте
Резина қоспаларының құрамы
Ингредиенттер | Каучуктiң 100 салм.б. шаққандағы салм.б. мөлшерi | |||
СКС-30АРК және СКМС-30АРК | 100,0 | - | - | - |
СКС-30АРКМ-27
және
СКМС-30АРКМ-27 |
- |
100,0 |
- |
- |
СКС-30АРКМ-15
және
СКМС-30АРКМ-15 |
- |
- |
100,0 |
- |
СКМС-30РП | - | - | - | 100,0 |
Күкiрт | 2,00 | 2,00 | 2,00 | 2,00 |
Альтакс | 3,00 | 2,75 | 1,50 | 1,75 |
Дифенилгуанидин | - | - | 0,30 | - |
Мырыш оксидi (тотығы) | 5,00 | 5,00 | 5,00 | 5,00 |
Техникалық стеарин | 1,50 | - | 2,00 | - |
Рубракс | - | - | - | 5,00 |
ДГ-100 күйесi | 40,00 | 40,00 | 50,00 | 50,00 |
Резина қоспаларын төмендегiдей режимде дайындайды (мин түрiнде):
СКС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . | 0 |
Техникалық стеарин немесе рубракс . . . . | 5 |
Мырыш оксидi . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . | 8 |
Үдеткіштер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . | 12 |
Күйе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . | 15 |
Күкiрт . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . | 27 |
Жалпы бiлiктерде араластыру уақыты 33 мин.
Өндiрiлетiн бутадиен-стиролды каучуктердiң сипаттамасы ГОСТ 11138-65 бойынша 2 кестеде келтiрiлген мәндерге сәйкес келуi тиiс.
СКС-30АРК алынған вулканизаттарға қарағанда, СКМС-10 каучугiнен алынған вулканизаттардың созғандағы берiктiк шегi шамалы төмен, бiрақ аязға төзiмдiлеу.
СКС-30АРК алынған вулканизаттармен салыстырғанда, СКМС-10 каучу-гiнен алынған вулканизаттарының кемшiлiгi жұлмалауға қарсылығының төмен-дiгi, жарықшақтардың ұлғаюына қарсылығының өте төмендiгi және көп реттi деформацияға шыдамдылығының аздығы болып саналады. Активтi қажуға қарсы тұрушыларды енгiзсе бұл аталған кемшiлiктердi әжептеуiр жоюға болады.
2 кесте
Бутадиен-стиролды каучуктердiң қасиеттерi
Көрсеткiштер |
Каучук маркiлерi | |||
СКС-30АРК, СКМС-30АРК | СКС-30
АРКМ-27, СКМС-30 АРКМ-15 |
СКС-30
АРКМ-15, СКМС-30 АРКМ-15 |
СКМС-30РП | |
Қатаңдығы
I топ II топ III топ |
600-800 - - |
600-800 - - |
500-650 651-800 - |
225-375 376-525 526-700 |
Созғандағы
берiктiк шегi, кгс/см2, кем емес
I топ II және III топтар |
280 - |
220 - |
240 250 |
210 220 |
Салыстырмалы ұзаруы, %, аспайды | 20 | 20 | 30 | 28 |
Ыршығандағы созылымдылығы, %, кем емес | 37 |
28 |
27 |
32 |
Табиғи каучуктен жасалған резиналарға қарағанда, бутадиен-стиролды каучуктен жасалған резиналардың көп реттi деформацияларда жылу түзуi жоғары; мұны гистерезистiк шығынның табиғи каучукпен салыстырғанда көп екендiгiмен түсiндiруге болады.
Ескiргендегi бутадиен-стиролды каучуктiң механикалық қасиеттерiнiң өзгеруiнiң табиғи каучуктiң қасиеттерiнiң өзгеруiне қарағанда әжептеуiр айыр-машылығы бар. Мысалы, ауа немесе оттегi ортасында ескiргенде бутадиен-стиролды каучуктердiң берiктiгi, табиғиға қарағанда анағұрлым жақсы сақта-лады; сонымен бiрге СКС және СКМС каучуктерiнiң салыстырмалы ұзаруы қатты төмендейдi, модулдерi мiндеттi түрде артады, қаттылығы өседi, жұл-малауға қарсылығы шамалы ғана өзгередi.
Қолданылуы - шина, резина техникалық, кабельді, аяқ киім және басқада өндіріс салаларында қолданылады.
Шығарылу формасы: 30 + 1 кг салмақты брикеттер.
Орама - брикеттерді полиэтиленді қаптама мен қаптайды. Әр брикетті қосымша төрт қабатты қағаз қаппен немесе түбін полиэтиленді қаптамамен төселінген жәшікті төсенішпен қаптайды,
Тасымалдау - каучукты жабық теміржол немесе автомобилді көліктерде тасымалдайды.
Сақталуы - жәшікті төсеніштерде қапталған каучукті, штабельдерде сақтайды. Күн сәулесінің тіке түспейтін, атмосфералық тұнбалардан және ластанудан алшақ сақтау керек.
Қорытынды
Лекция «Бутадиен стиролды каучук» тақырыбында орындалды.
СКС пен СКМС жалпылама қолданылатын каучуктер болып саналады және автомобиль шиналары мен резина-техникалық бұйымдар үшiн кеңiнен қолданылады.
Осылайша, бутадиен –стиролды каучук төмен молекулалы қосылыстарға тән жоғары комплексті химиялық қасиеттерге ие.
Бутадиен-стиролды каучуктер қос байланысты реакцияларға қатыса алады (каталитикалық гидрлеу, галогендер , галогенсутектер қосылысы, гидратация, эпоксидрлену), және де ароматикалық сақина қатысында да (алкилдеу, галогендеу, қышқыды деструкция).
Полимерлдердің
реакциялық қабілетін ереже бойынша,
диффузия шектейді. Реакциялық қабілетке
сонымен қатар макромолекулалардың құрылысына
негізделген бірқатар эффекттер әсер
етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
5 Бақылау сұрақтары
1 Бутадиен стиролды каучуктің қолданылу аймағын атаңыз.
2 Бутандиенстиролды каучукті алу.
3 Бутадиен стиролды каучуктің негізгі қасиеттері?
4 Бутадиен стиролды каучуктің физикалық қасиеттері?
5 Бутадиен стиролды каучуктің өзге каучуктермен салыстырғандағы ерекшеліктері?
6 Бутадиен стиролды каучуктен алынатын бұйымдар және олардың қолданылу аймағы?
7 Бутадиен стиролды каучуктің технологиялық қасиеттері?
8 Бутадиен стиролы
каучукті вулкандау процесі?
Глоссарий
Резиналық қоспа – каучуктен немесе каучуктердің қоспасынан және әр-түрлі ингредиенттерден тұратын көпкомпонентті күрделі жүйе. Резина – вулкандалған резиналық қоспа.
Вулканизат – вулкандалған резина қоспасы.
Иілімділік – дененің сырттан берілетін күштің әсерінен деформациялана білу, ал күш түсіруді тоқтатқан жағдайда пішінін сақтай білу қасиеті. Иілімділік күй вулканданбаған каучукке , сондай-ақ олардан бұйым алардағы резина қоспаларына тән.
Созылымдылық – материалдың деформациялана білу және деформациялаушы күшті алған соң қайтадан бастапқы пішініне ие болу қабылеті, яғни былайша айтқанда әжептеуір қайтымды деформациялану қабылеті. Созылымдылық вулканданған резина үшін маңызды.
Модификация - макромолекуласына азғана табиғаты басқа фрагментті енгізу арқылы полимерлердің қасиеттерін бағыттап өзгерту.
Толықтырғыш - резиналардың химиялық, технологиялық, физика-механикалық және экономикалық көрсеткіштерінің жиынтығына тиімді әсер етуге мүмкіндік беретін резина қоспаларының рецептурасының маңызды компоненттерінің бірі.
Полимер ─ бір-бірімен сызықты, көлденең немесе координацияланған байланыстармен байланысқан, қайталанып келіп отыратын буындардан тұратын жоғары молекулалық қосылыс.
Полимеризатор – полимерлену процесі жүзеге асырылатын вертикальды болып келетін араластырғышпен жабдықталған аппарат.
Дегидрлеу – деген сутегінен ажырату.
Инициатор ─ полимерлеу реакциясын бастауға ұйытқы болатын активті орталықтың түзілуіне себепші болатын зат.
Реттегіш ─ полимер тізбегінің өсуін реттеу үшін полимерлеу процесінен қосылатын үстеме.
Тұрақтандырғыш ─ полимерлену процесінде алынған полимерді тұрақтандыру үшін қосылатын үстеме.
Ингибитор ─ белгілі бір мақсаттағы өнімге немесе сұйық затқа қосылатын қосынды зат.
Антиоксидант ─ оттегі әсерінен болатын полимерлердегі тотығу процесін баяулататын немесе тоқтатуға арналған ескіруге қарсы тұрушы.
Тест
1. Каучуктер табиғатына қарай қалай бөлінеді:
А) табиғи және синтетикалық
В) арнайы және жалпы
С) табиғи және резина
Д) арнайы және қолданбалы
Е) жалпы және
қолданбалы
2. Каучуктер
қолдануына қарай қалай
А) табиғи және синтетикалық
В) арнайы және жалпы
С) табиғи және резина