Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 19:45, реферат
Қазақстан өнеркәсiптiң мұнай-химия саласын дамыту үшiн көмiрсутек шикiзатының iрi қорына - табиғи және iлеспе газдарға, мұнай және оны өңдеуден алынатын өнiмдерге, сондай-ақ мұнай битуминозды жыныстарға ие. Негізгі кен орындары Қазақстанның батыс өңiрлерiнде игерiлген. Геологиялық барлаудың болжамдық деректерi бойынша солтүстiк, орталық және шығыс аудандарда да көмiрсутектердiң қорлары аз емес.
Кіріспе
Қазақстан өнеркәсiптiң мұнай-химия
саласын дамыту үшiн көмiрсутек шикiзатының
iрi қорына - табиғи және iлеспе газдарға,
мұнай және оны өңдеуден алынатын өнiмдерге,
сондай-ақ мұнай битуминозды жыныстарға
ие. Негізгі кен орындары Қазақстанның
батыс өңiрлерiнде игерiлген. Геологиялық
барлаудың болжамдық деректерi бойынша
солтүстiк, орталық және шығыс аудандарда
да көмiрсутектердiң қорлары аз емес.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы
өнеркәсiбiнiң мұнай-химия саласына көмiрсутек
шикiзаты негiзiнде (полистирол, полипропилен,
резеңке-техникалық бұйымдар, шиналық
өнiмдер, мұнай өнеркәсiбi үшiн реагенттер:
деэмульгаторлар, өрт сөндiруге арналған
көбiк жасағыштар, тотықтыру ингибиторлары,
тұз түзiлiмдерi, парафин түзiлiмдерi, депрессорлық
қондырғылар және т.б.), өнiм шығару жөнiндегi
кәсiпорындар жатады. Барлық мұнай-химия
кәсiпорындары өз ресурстары болмауынан
негізiнен Ресей Федерациясынан импортталатын
шикiзатпен жұмыс iстейдi. Жиырмасыншы
ғасырдың сексенiншi жылдарында Қазақстанның
мұнай-химия кешенi КСРО-ның бiрыңғай кешенiннiң
құрамдас бөлiгі ретiнде қалыптасты және
жалпы өндiрiстiк- технологиялық кешенiнде
аралық буын болып табылды.
Қазақстан Республикасын дамытудың Стратегиялық
жоспарының және Қазақстанның 2010 жылға
дейiнгі экономикалық дамуының бiрiншi
кезектегі мiндеттерiнде ғылымның отандық
және Дүниежүзiлiк алдыңғы қатарлы әзiрленiмдер
базасында көмiрсутек шикiзатын тереңдетiп
өңдеу жөнiндегi жоғары технологиялық
жаңа өндiрiстердi жасау белгіленген.
Құрылымдық қалыптасуы көмірсутек шикiзатын
шығарудан бастап оның кешенді өңделуi
және жоғары қосылған құнмен тауарлық
өнім шығарумен ұлттық немесе iрi Дүниежүзілік
мұнай-химия компанияларының базасына
негізделген сатылас интеграцияланған
құрылымдар республиканың экономикалық
қауiпсiздiгін, көмірсутек шикiзатының
Дүниежүзiлiк бағаларының өзгерулеріне
экономикалық жұмылдырудың жоғарғы дәрежесiн
қамтамасыз етедi. Қазақстанда осындай
сатылас интеграцияланған құрылымдарды
"ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ-ның, "ПетроҚазақстан
Құмкөл Ресорсиз" ААҚ-ның және т.б. кәсіпорындарының
базасында құруға болады.
Мұнай-химиясы үшiн тиісті шикізаттық
қорлардың болуы кезінде деңгейлес интеграцияланған
құрылымдар полистирольдық пластиктер,
полипропилен, полиэтилен, жасанды каучук,
резеңке-техникалық бұйымдар, шиналық
өнiмдер, пластикалық құбырлар және қосылған
құнмен өнiм жасаудың технологиялық тiзбегi
бойынша басқа да өнiмдер өндірісімен
жұмыс істеп тұрған және құрылатын мұнай-химиялық
кәсiпорындардың базасында пайда болды.
Қазiргі уақытта Қазақстанның көмірсутек
шикiзатын қайта өңдеу, негізінен мұнай-химиялық
шикізатты онан әрi тиiмдi қолданусыз, мұнай
мен газды айырумен шектеледі. Қазақстанның
мұнай-химиялық және тұтыну рыногына жұмыс
жасайтын солармен шектес химиялық өндiрiстерiнiң
үлесі 15%-дан төмен, экономикалық дамыған
елдерде бұл көрсеткiш 50-60%-ке жетедi. Қазақстан
Республикасы көмірсутек шикiзатының
зор қорларына ие бола тұра, оларды өңдеу
бойынша жеткілiктi қуаттары жоқ, сондықтан
өнеркәсіптің мұнай-химия салалары үшiн
өз шикізаттық қорларымен өзін жеткілікті
көлемде қамтамасыз ете алатын жағдайда
емес.
Интеграция, өндірістерді құрамалау,
ағымдарды оңтайландыру, инфрақұрылым
объектілерiн қолданудың арқасында оң
нәтиже бередi. Мұнай-химиялық қондырғылар
шикізатты төмен бағалармен ала алады
және масштаб пен арзан шикiзатты құрамалаудың
тиімділiгі есебiнен өнiм бәсекеге қабілеттi
болады.
Ipі мұнай-химия орталықтары Қытайда және
Иранда құрылған. Мысалы, Қытайда Шанхайда
және Янцзыда әлемдегі ең ірі мұнай-химия
орталығының құрылысы басталып кетті.
Мұнай алыптары BP және Sinopec Corp (50% үлесiмен)
қытай компаниясы 2005 жылы іске қосу мерзімімен
құны 2,7 млрд. доллар тұратын іpi мұнай-химия
кешенінің негізiн салды. Жылына 900,0 мың
тонна этилен шығару жоспарланды.
BASF - YPC Соmраnу Ltd - BASF немiс компаниясы мен
қытайлық Petroleum & Сhеm Corp. (50%-де 50% үлеспен)
бiрлескен кәсіпорны Янзцы провинциясында
интеграцияланған мұнай-химиялық кешенді
іске қосуға әзірленуде. Кешеннiң негізінде
жылына 600,0 мың тонна этилен өнімдiлігімен
булы крекинг қондырғысы бар, ол тоғыз
зауытты жабдықтайтын болады. Жобаға салынатын
жалпы инвестиция 2,65 млрд. долларды құрайды.
Иранда салынып жатқан тоғыз мұнай-химиялық
кәсіпорындар 70-90% даярлық сатысында тұр,
2004 жылы қатарға қосылатын болады. Жалпы
өнiмдiлiк жылына 2,75 млрд. доллар сомасына
6 млн тонна. 2005 жылдан 2013 жылға дейiн Иран
мұнай-химия саласына 7,5 млрд. доллар (олефин,
хош иiстi заттар, метанол бойынша 4 зауыт)
салынатын болады.
Бұл бағдарламаларда көмiрсутектер ресурстарын
игеру бойынша инфражүйе өнеркәсiптерiнiң
аймақтарына жақын маңда бiрнеше мұнай-химия
кешендерiн салудың бiрнеше инвестициялық
жобаларын iске асыру көзделген. Шикiзат
базасы тiкелей өндiрiске жақын маңда болатындықтан,
инфрақұрылымдарға жақын маңда құрылыстар
салу, көмiрсутектерi шикiзатын негiзгi
көлемiн игеру нұсқасы экономикалық жағынан
тиiмдi болғандықтан, ТМД-ның, алыс шетелдердiң
қазiргi бар мұнай-химия кешендерiне қарағанда
энергия сыйымдылықтарының, шикiзат құнының,
көлiктiк шығыстардың өзiндiк құны және
соның салдары ретiнде өнiмнiң босату бағасы
анағұрлым төмендейтiн болады.
Бұдан басқа, мұнай-химия кәсiпорындары
үшiн отандық ресурстардың болмауына қарамастан,
қазiргi уақытта мұнай-химия кәсiпорындарының
жұмысы қайта қалпына келуде. Өндiрiс қуаттарының
20-30%-ке жүктелуi кезiнде кәсiпорын сыртқы
рынокта бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығарып
отыр. Кәсiпорындардың толық емес өндiрiс
қуаттарымен жұмыс iстеуi кезiндегi саладағы
жұмыс жасаушылардың саны 5000-ға жуық адамды
құрайды.
Осылайша, мұнай- және газхимиялық кешендерiн
салу мен iске қосу, сондай-ақ жұмыс iстеп
тұрған мұнай- және газ өңдеу зауыттарын
жаңғырту және технологиялық жаңарту:
- Қазақстан Республикасында мұнай мен
газ өндiру және тазартудан бастап көмiрсутек
шикiзатын тереңдетiп өңдеу және жоғары
қосылған құнмен тауарлық мұнай-химия
өнiмдерiн шығару бойынша жұмыс iстейтiн
технологиялар мен өндiрiстер құруға дейiнгi
қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн сатылас-интеграцияланған
кешендер қалыптастыру үшiн негiз жасайды;
- көмiрсутек шикiзатын терең өңдеу жөнiндегi
құрылымдарды, отандық мұнай-химия саласын
дамыту базалары ретiнде құруға кiрiсуге
мүмкiндiк бередi, бұл жоғары қосылған құнмен
мұнай-химия өнiмдерi рыногының жасалуы
туралы айтуға мүмкiндiк бередi;
- Қазақстан экономикасының мұнай мен
газға Дүниежүзiлiк бағалардың конъюнктурасына
тәуелдiлiгiн азайтады, iшкi рынокты отандық
мұнай-химия өнiмдерiмен толықтыруды қамтамасыз
етедi.
Қазақстанда үш мұнай
өңдейтiн зауыт (МӨЗ) және үш газ өңдейтiн
зауыт (ГӨЗ) бар. Барлық мұнай-газ өңдейтiн
зауыттар iске қосылған, бiрақ отындық
нұсқа бойынша жұмыс iстейдi. Iс жүзiнде
барлық МӨЗ және ГӨЗ зауыттары өңдеген
барлық өнiм көлемiнiң бiр де бiр тоннасы
өнеркәсiптiң мұнай-химия салалары үшiн
шығарылмайды, сондықтан кәсiпорын шикiзатты
Ресей Федерациясынан импорттайды.
Мұнай өңдейтiн зауыттар: 1 "Атырау мұнай
өңдеу зауыты" ААҚ (АМӨЗ); 2) "Павлодар
мұнай-химия зауыты" ЖАҚ (ПМХЗ); 3) "Петро
Казахстан Ойл Продакс" ААҚ (ПКОП), өндiрiстiк
қуаттардың толық жүктелмеуiнен және шикiзатты
терең өңдеудiң төмендiгiнен республиканың
мұнай өнiмдерiне деген сұранымын қамтамасыз
етпейдi. Өндiрiстiк қуаттар жылына 18,6 млн.
тонна құрайды, бұл ретте МӨЗ-ның орташа
жүктемесi (шамамен 40%) жабдықтардың жұмысы
мен шикiзаттың терең өңделуiне терiс әсер
етедi.
АМӨЗ 1945 жылы салынған болатын.
Зауыттың өндiрiстiк қуаты жылына 5 млн.
тонна мұнайды құрайды, құрамында парафинi
бар ауыр мұнайды өңдеу тереңдiгi 2002 жылы
63,96 %, мөлдiр фракцияларды таңдап алу 41,1
% құрады. AMӨЗ мұнай өңдеушi кәсiпорындармен
тұрба құбырлары жүйесi арқылы байланысады,
технологиялық және негізгі жабдықтар
табиғи және моральдық жағынан тозған.
2003 жылға дейiн АМӨЗ-ты сұйытылған газ,
автобензин, дизельдік отын, мазут, авиакеросин,
майлар, пештік отын, кокс, уайт-спирит,
битум шығарды. Мұнай өнімдерiнің өзіндік
құны ресейліктердің осы тақылеттес өнiмiнен
жоғары және ПКОП пен ПМХЗ-ың мұнай өңдеу
шығындары 2 есе дерлік жоғары.
ПМХЗ - 1978 жылы пайдалануға
берiлген. Зауыттың техникалық жай-күйi
мұнай өнiмдерінің мынадай кең ассортиментiн
шығаруға мүмкіндік бередi: автобензин,
керосин, дизельдік отын, мазут, қазандық
отын, битум, сұйытылған газ, күкiрт, кокс,
жанама өнiм түрінде - пропан - пропилен
фракциясы (зауыттың толық қуатты жұмысы
кезiнде), соның iшiнде пропилен, бутан -
бутилен фракциясы, соның ішінде изобутилен,
н- бутилендер. "Жанама" өнiмдер тұрмыстық
отын ретiнде пайдаланылады. Жарық мұнай
өнімдерінiң үлесi жақсы деген кездерде
өнiмнiң жалпы көлемiнде 36%-ғa жеткен. Зауытты
барынша жүктеу кезiнде Қазақстанда мұнай
өнiмдерi өндірісінің жалпы көлемiнен бензин
мен керосин бойынша оның үлесi 50%, ал дизельдiк
отын бойынша - 40% болуы мүмкiн. ПМӨЗ-ның
жобалық қуаты жылына 7,5 млн. тонна мұнай.
Соңғы жылдар бойында оны өңдеу көлемдерi
жылына 3 млн. тоннадан асқан жоқ. Осы уақыттағы
өңдеу тереңдiгі 76% жуықты құрайды.
ПКОП - жобалық қуаты жылына 6 млн. тоннаны
құрайды. Өңдеуге мұнай мұнай өңдейтiн
кәсiпорындардың оңтүстік тобынан түседі:
"Харрикейн Құмкөль Мұнай", "Құмкөл
Лукойл", "Қазгермұнай" және т.б.
Шикiзат өңдеу тереңдігі шамамен 51%-ын
құрастырады. ПКОП (бұрынғы - ШНОС) пайдалануға
1985 жылы енгiзiлген болатын. Қазiргi уақытта
ПКОП-ың тауарлық өнiмдер ассортиментiнде
әртүрлi маркалы бензин, дизельдiк отын,
керосин, сұйытылған газ, мазут бар. Жұмыс
iстеп тұрған өндірiстерді жаңғырту есебiнен
шығарылатын өнімнің ассортиментi кеңейдi.
Бензиннiң АИ-85, АИ-93, АИ-95, РТ авиациялық
керосин сияқты негiзгі түрлерi игерiлген,
сондай-ақ АИ-92, АИ-96 маркалы бензин шығаруға
дайындық үстiнде.
Жаңажол газ өңдеу зауыты (ЖГӨЗ) -
"CNPS - Ақтөбемұнайгаз" ААҚ-ның құрамына
енедi, жылына 0,7 млрд. текше м. газды өңдеу
қуаты бар. Жаңғыртудан соң зауыттың қуаты
жылына 0.8 млрд. текше м. газ өңдеуге дейiн
кеңейтiлдi. 2003 жылдың қыркүйегiнде табиғи
газ өңдеу өндiрiстiк қуаты жылына 1.4 млрд.
текше м. екiншi Жаңажол ГӨЗ iске қосылды.
Теңiз газ өңдеу зауыты (ТГӨЗ) - "Теңiзшевройл"
БК әзiрлеп жатқан Атырау облысының Теңiз
кен орнында орналасқан. Қайта құрылғаннан
және кеңейтiлгеннен кейiн зауыт жылына
6,0 млрд. текше м. газ бен млн. тонна сұйытылған
газ өңдеуге қабiлеттi. Болжамдық бағалау
бойынша Қазақстан Республикасында iлеспе
газ шығару: 2005 жылы - 30,0 млрд текше м., 2010
жылы - 61,1 млрд.текше м., 2015 жылы - 80,9 млрд.текше
м. (жалпы өнiм) құрайды.
Ресейде iлеспе мұнай газы ресурстарын
қолдану деңгейi сала бойынша, тұтастай
алғанда, 80% құрайды, қалғандары алауларда
жағылады. "Сургутнефть" ААҚ-да, "Лукойл
- Пермь" ЖАҚ-да, "ЛангесапНГ" ТПП-да
осы газды қолдану коэффициентi 95% құрайды.
Өнеркәсiптiң мұнай-химия саласының өндiрiсi
техникалық жетiлген салаға жатады, бұл
көмiрсутек шикiзатының бiрлiктерiн өңдеу
кезiнде мақсатты өнiмдердiң жоғары алынуына
қол жеткiзуден көрiнедi. Газды тереңдетiп
өңдеу негiзiнде кәдеге жарату газдың артық
көлемiн азайтуға және оның құнын едәуiр
арттыруға мүмкiндiк бередi.
Мұнай-химиялық жартылай өнiмдер мен өнiмдерiнiң
бiр тоннасына 1,5 тоннадан 4,0 тоннаға дейiн
шикiзат жұмсалады. Мысалы, Теңiз кен орындарының
1 млн. текше м. iлеспе газынан пиролиз әдiсiмен
шамамен 200 тонна этан алуға болады. Этанның
көрсетiлген көлемiнен керi сутексiздеу
жолымен 130 тонна этилен алуға болады,
бұл тиiсiнше 85 тонна және 60 тонна көлемдерде
полиэтилен мен полистироль пластиктерiн
өндiру үшiн бастапқы шикiзат болып табылады.
1 млн. текше м. газ өндiруден алынатын тауарлық
өнiм көлемi шамамен 110 мың долларды құрайды.
Газдың осы көлемiн отын ретiнде пайдалану
кезiнде жеткiзушi 18-20 мың долларға ие болады.
Бұл газды тереңдетiп өңдеудiң экономикалық
мақсатқа сай келетiнiн растайды.
Қазақстанда iлеспе газ көп жағдайда алауларда
жағылады. Мұнай өңдеу кезiндегi құрғақ
газдардың құрамында негiзiнен метан болады
және отыннан басқа арзан сутегi мен олефиндердiң
көзi ретiнде (этилен, пропилен және т.б.)
пайдаланылуы мүмкiн. Мұнай өңдеу кезiндегi
майлы газдардың құрамында оның негiзiнде
жай мономерлер алу мен онан арғы әрi синтездеу
үшiн бағалы мұнай-химия шикiзаты С1 - С2 көмiрсутектерi
болады. Бұдан басқа майлы фракциялардың
құрамында 7%-ға дейiн олефин болады, бұл
онан арғы синтездер үшiн пайдаланылуы
мүмкiн. Бiрiншi кезекте бұл олефиндер бутан
бутилен қоспасынан жоғары октанды бензин
алуымен алкилдеу үшiн қолданыла алады.
Мұнай өңдеу кезiндегi майлы газдар шикiзат
ретiнде этилен, пропилен, бутилен, бутадиен
және басқа қосылыстарды алу үшiн шикiзат
ретiнде пайдаланылады.
Бұдан басқа Қазақстанда өнеркәсiп ең
қымбат бағалы мұнай өнiмдерi, мысалы, Қазақстанда
өндiрiсi жоқ жағар майлар, нақ осыдан алына
тұра, ЖЭС-да мазутты отын ретiнде қолдануды
жалғастыруда. Мұнайдың осы бөлiгiнен,
үкiметтiң басым мiндеттерiнiң бiрі болып
жарияланған жол құрылысы үшiн бүгiнде
өте қажет битум алу үшiн шикiзат болатын
- гудрон алынады.
Осылайша, Қазақстан Республикасындағы
мұнай- және газ өңдейтiн қуаттардың жай-күйiнiң
талдауынан көрініп тұрғандай, алынатын
көмірсутек шикiзаты терең өңдеусіз едҚуiр
мөлшерде Қазақстаннан шетелге экспортқа
шығарылады, ал табиғи (iшiнара) және iлеспе
газдар (толық) Қазақстан экономикасы
салаларында мардымсыз қолданылады.
Қазақстан Республикасы
өнеркәсiбiнің мұнай-химия саласына көмірсутек
шикiзаты негiзiнде полистирол пластиктерiн,
полипропилен, резеңке-техникалық бұйымдарын,
шиналық өнiмдердi шығарумен айналысатын
кәсіпорындар жатады. Барлық мұнай-химиялық
кәсiпорындар Ресей Федерациясынан импортталатын
шикiзатпен жұмыс iстейдi. Республикада
көмiрсутек шикiзатын терең тазалауларынан
кейiн жоғарғы технологиямен бастапқы
мұнай-химиялық өнiмдерiн алуға өз өндiрiстерiнiң
жоқ болуы себептi, яғни қажеттi шикiзаттық
қорлардың болмауы, мұнай-химиялық салалары
кәсiпорындарына толық жүктемелiк режимiнде
жұмыс істеугe мүмкіндiк бермейдi, бұл тиiсiнше
жоғары қосылған құнмен сапалы тауарлық
өнiмдердi жеткілiктi көлемде шығаруды
жолға қоюға мүмкiндiк бермейдi.
2003 жылдың басына Қазақстан Республикасында
бес мұнай-химиялық кәсiпорындарының қызметі
қалпына келтiрiлдi: "Пластикалық массалар
зауыты" ЖШС, Ақтау қ., "Сараньрезинотехника"
ААҚ және "Карагандарезинотехника"
ЖШС, Сарань қ., Қарағанды облысы; "ИнтерКомШина"
ААҚ, Шымкент қ:, "Поливропилен зауыты"
ЖШС, Атырау қ.
Негізгі өндiрiс қорлары бұдан 20 жыл бұрын
құрылған бұл мұнай-химиялық кәсiпорындар
қолда бар өндiрістiк қуаттар негізінде
шетелдік аналогтарына жақын келетiн полистирол,
полипропилен, резеңке-техникалық бұйымдар,
шиналық мұнай-химия өнiмдерiн (импорттық
мұнай-химиялық шикiзатты пайдалануға
бағытталғандықтан) шектеулі мөлшерде
шығарады.
Yш жаңа мұнай-химия кәсiпорыны құрылды:1997
жылы (Алматы қ.) "Казнефтехим" ЖШС,
Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Астана, Орал қалаларындағы
филиалдарымен құрылды. Көмiрсутек кен
орындарын әзiрлеу, барлау және көмірсутек
шикiзатын тасумен, сақтау және өңдеу жөніндегі
дамушы мұнай-химиялық кәсiпорын.
"Рауан" ЖШС, (Атырау қ.) Кәсiпорын
1998 жылы құрылды, қызметiнiң ең негізгі
түрi - мұнай өнеркәсiбi үшiн реагенттердi:
деэмульгаторлар, өрт сөндіруге арналған
көбiк жасағыштар, коррозия ингибиторларын,
тұз шөгінділерін, парафин шөгінділерін,
депрессорлар көшетiн, асфальт-шайыр және
парафиндi шөгінділерінің кетіргіштері
мен ерiткіштерiн өндiру.
Атырау қ., "Шеврон МұнайгазИнк" компаниясының
полиэтилен құбырларын шығаратын зауыты.
2003 жылдың сәуiрiнде 600 тонна көлемiнде
құбырлардың бiрiншi партиясы шығарылған
болатын. Экологиялық таза және экономикалық
пайдалы тығыздылығы жоғарғы полиэтилендік
құбырларды өндiру үшiн қазiргі заманғы
технологиялық ғылымды қажетсінетін үш
желі құрастырылған. Негiзгi шикiзат - РЕ
80 маркалы полиэтилен Ресей Федерациясынан
және РЕ 100 алыс шетелден жеткiзiледi. Қазiргi
уақытта зауыт тек бiр желiде жұмыс iстейдi,
бұл қуаттар жүктемелiгiнің 30% ғана сай.
Зауыт толық қуатында жұмыс iстегенде
пластмассалық құбырлардың 7000 метрлік
тонналарын шығаруға қабiлетті.
Дайын өнiмнiң өзiндiк құнында импортталатын
полиэтилен құны 65% құрайды. Сондықтан
тығыздылығы жоғарғы полиэтиленнiң отандық
шикiзат базасын жасау - дайын өнім - құбырлардың
бағасына айтарлықтай ықпал eтeді. Полиэтилендік
құбырлар су мен канализациялық тараптар,
табиғи газ тасымалдау жүйесiн, коммуникациялардың,
ирригациялар, дренаж жабдықтау үшiн, сондай-ақ
өнеркәсіптің өндiру және өңдеу өндірісі
саласы үшiн шығарылады.
1.1.Процестің теориялық негіздері
Автомобильге арналған жанар-
Каталитикалық риформинг (хошиістендіру)
үлкен көлемді күшейтілген қысымның үлкен
көлемді сутектің қатысуымен 5000С температура
кезінде атқарылады; бұл жағдай сутектің
бөлінуі арқылы және катализаторда қорытқы
көмірдің жинақталуы арқылы өтетін хош
иісті көмірсутектердің жинақталуындағы
керіайналымды реакциялардың өтуін қиындатады. Катализатордың қыз
R-86 бейметалл катализатордағы каталитикалық риформинг (платформинг) – мұнай өңдеу саласындағы ең маңызды үрдістердің бірі. Бұл үрдістің автокөлік және әуе құралдарына арналған жоғары октанды бензин өндіруде алатын маңызы ерекше.
ЛГ-35-11/300-95 қондырғысының шикізаттық өнімділігі жылына 300 мың тоннаны құрайды. Зерттеу әдісі бойынша 97 шекке дейінгі октандық санмен жоғарғы октанды компонент алу арқылы бензиндік нұсқада пайдаланылады. Қондырғы 1971 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген. Бас жобалаушысы “Ленгипрогаз” институты.
Қондырғыда жылдық өнімділік қуатын 450 мың тоннаға жеткізу мақсатында төмендегідей қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді:
1-кезең. 1995 жылы АП-64 катализаторы американдық R-56 фирмасы шығарған бейметалл катализаторға ауыстырылды.
2-кезең. 1997 жылы сумен тазарту блогының П-101 пеші өңделіп, іске қосылды, риформинг реакторлары бар П-1 пешінің камераларын қайта түйіндеу жұмыстары жүргізілді.
3-кезең. 2004 жылы Т-1/1, Т-1/2, Т-1/3 сумен тазарту блогының жылуалмастырғыштарды алмастырылды.
4-кезең.
2005 жылы Т-6/1-4, Т-6а/1-4 риформинг блогының жылу алмастырғыштары алмастырылды.
Реакторлардың ішкі құрылғылары «Скэллоптарға» алмастырылды .
Сумен тазарту және риформинг катализаторлары S-120 және R-86-ға алмастырылды.
Каталитикалық риформинг қондырғысы үш блоктан тұрады:
Тіке айдалатын бензинді алдын-ала сутекпен тазарту (нафта).
Сутекпен тазартылған бензиннің платформингі (гидрогенизат).