Каучукты резиналық бұйымдарға өңдеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 04:29, курсовая работа

Описание

Каучуктен соңғы кезде алынатын резина өнімдері көп қолданыс тапқан. Автомобиль шиналары, камералары тұрмыста қолданатын резина заттары өндірісінде жасалатын химиялық анализде, олардың көмегімен сапалық қасиеттерін анықтап отырады.
Каучук өндірісінде екі үлкен проблема қарастырылады, олар:
- белгілі қасиеті бар, арзан каучук алу технологиясын жасау;
- каучук алу барысында жасалған химиялық зерттеулерді жетілдіріп, экспресті, арзан, дәл анықтау тәсілдерін жасау.

Содержание

Кіріспе 3

1 Әдебиеттік шолу 4

1.1 Каучук табиғаты 4

1.1.1 Шығу тарихы…………………………………………………………………………………………..9
1.1.2 Құрылысы және түрлері.........................................................................................................................9
1.2 Қасиеттері....................................................................................................................................................18
1.3 Алыну жолдары..........................................................................................................................................20
1.4 Қолданылуы................................................................................................................................................25
2.1 Каучукты резиналық бұйымдарға өңдеу ................................................................................................27
2.2 Силиконды резина қасиеттері..................................................................................................................40
2.2.1 Температураға шыдамдылығын тексеру..............................................................................................41
2.2.2 Химиялық тұрақтылығы…………………………………………………………………………..…..42
2.2.3 Резина анализі.........................................................................................................................................43
Қорытынды...............................................................................................................................................................48
Әдебиет тізімі...................................

Работа состоит из  1 файл

Каучук табиғаты.docx

— 2.75 Мб (Скачать документ)
  1. Резина қоспаларына лабораториялық жағдайда физика-механикалық зерттеулер жүргізу және рецептке жөндеулер енгізу;
  2. Резина қоспаларын өндірістік жағдайда өндірістің негізгі стадияларының  барлығына қолдану және рецептке қосымша  жөндеулер енгізу;
  3. Өнімнің бірінші партиясын шығарған кезде резина сапасын (қажет болған жағдайда) тексеру.

Резина қоспаларының жан  жақты тексергеннен кейін массалы  және сериялы өнім шығару үшін рецептті қабылдаға болады. Резина қоспаларының рецептісін өңдеумен зауыт лабораториялары  сонымен қатар ғылыми зерттеу  орталықтары  да айналысады.

Резина қоспасының құрамына кіретін компоненттердің  санына және құрамына  тәуелді толықтырылмаған  және толықтырылған  қоспа болып  бөлінеді. Толықтырылмаған қоспа  каучуктың көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді (80-90%), оның құрамында каучуктен басқа күкірт, жылдамдытқыштар, активаторлар және кері қартайғыштар (противостарители) болады. Толықтырылған резиналық қоспалардың  құрамында сонымен қатар толықтырғыштар болады. Бұл қоспалардағы каучуктің құрамы 30-90%  құрайды.

Әдетте синтетикалық каучуктердің толықтырылмаған резиналық қоспаларын өнім дайындау үшін қолданылмайды, себебі олар қиын өңделеді және вулканизаттардың керекті физикалық-механикалық қасиеттерімен  қамтамасыз ете алмайды.

 

      1. Силиконды резина қасиеттері

Силиконды резина – бұл эластикалық материал, жоғарғымолекулалық базада кремнеорганикалық каучуктерден алынады.

Силиконды резинаның басты  құрылысы, басқа түрлерінен айырмашылығы, - бұл кремнии және оттегі атомдарының  көлденең тігулерінде. Бұл өзінің бейорганикалық заттарға жақын қасиетінің бар екендігін көрсетеді.

  Силиконды каучук молекуласының фрагменті

Кремнидің қалған буындары органикалық радикалдармен (R) байланысқан, бірінші ретте метильдермен, бұл оның басқа резинамен ұқсастығын көрсетеді.

 

2.2.1 Температураға шыдамдылығын  тексеру

Силиконды резина өзінің қасиеттерін  -50°C-ден +180°C температуада сақтайды.

Оны +250°C жақын температурада бірнеше мың сағат қолдануға болады. Әсіресе +200°C температурада тұрақтылығы өте жоғары.

-100°C температурада да тұрақтылығы сақталады.

Стирол-бутадиенді каучуктың және силиконды резинаның +200°C температурада ыстық ауамен өңдеу тұрақтылығы. Бөлмелік температурада.

 

 

Силиконды резина қаттылығы(ыстық  ауамен өңдегенде). Бөлмелік температурада.

 

2.2.2 Химиялық тұрақтылығы

Силиконды резина тұздарда, қайнаған суда, спирттерде, фенолда, әлсіз қышқылдара, сутек пероксидінде тұрақты.Алифат көмірсутектерінде ісінеді.

Физиологиялық қысым

Егер барлық ережеге сай  өңделсе силиконды резина улы  емес. Сондықтан да ол медицинада таптырмайтын құрал болып есептеледі. 

 

 

 

 

 

2.2.3 Резинаның анализі

Резңке құрамына көпкомплексті  жүйе ретінде құрамына каучук, табиғи және синтетикалық шайыр, антиоксиденттер, күйе, күкірт, минералды толықтырғыш, арнайы қоспалар және т.б. жатады. Каучук 3 топқа бөлінеді:

  1. Карботізбекті құрылысты каучук, мысалы табиғи каучук (Т.К) ~120°C жұмсарады, 250°C температурада ыдырайды. 250-360°C температурада молекулалық тізбек үзіледі.
  2. Силоксан каучугы карботізбекті құрылысты каучукке қарағанда берік. Олардың декструкциясы жоғары температурада өтеді. Бұл Si-C байланысы С-С байланыстан күштірек екенін көрсетеді.
  3. Фторкаучук термостабильді. С-F байланысының беріктігімен түсіндіріледі.

Силоксанды резинаның  ацетонды экстракттағы анализі (SiO2 ні анықтау)

 

Резинаның ұсақталған бөлігін  үлгісін талдау: күл, азот, күкірт барына құрамын талдау. Бөлек бөлігін  эксракциялайды. Экстрактта қышқыл саны, сабындануын, антиоксиданттарды және т.б. ал резинада экстракциядан кейін  күйесін анықтайды.

 Таблица 9 – анализді  орындау

п/п

Жұмыс барысы

Реактив

Жасалуы

1

Резинаның үлгісін алу

-

30-70 мг. Экстрактталмаған  резинаны аналитикалық таразыда  өлшейді, фильтірге орап оны  платина ыдысқа салады және  бір ұшын шығарып қояды

2

Жағу

H2O(дист.), H2O2, О2(газ)

 

Колбаға 20 см3 су құйып, 0,5 см3 H2O2 және газ балоннан 1-2 мин. газ жіберіледі. Реакция толық жүру үшін оны біраз уақытқа жабық қалдырады

3

Сульфат ионын бөлу

-

Колбаның ішіндегі заттарды 100 см3 колбаға шығарады

4

Титрлеуге дайындау

BaSO4 (сусп) , этанол, индикатор нитрохромазо

5-10 см3 буландырып, 15 см3 этил спиртін қосып оған 1-2 тамшы нитрохромазо қосылады

5

Титрлеу

0,02 н. Ba(NO3)2

Барий нитратымен көк түске  дейін титрлейді


 

 

Бельштейн әдісі каучук типін  анықтауға көмектеседі.Ол үшін латун мен мыс сымын жалын түсі өзгергенше қыздырады, сосын салқындатып оған экстракцияланған резинаны қосады. Қыздырғанда жалын түсі жасыл болуы оның құрамында хлор барын көрсетеді. Егер жалын түсі өзгермесе онда одан бөлінген газдың иісін байқайды.  Мысалы каучук жарық түсті жалынмен жанады, пиролиз индикаторының түсі ашық-жасыл, біраз уақыт сақтағанда түсі сары-жасыл түске айналады, жоғары бөлігі ашық түсті. Бұл мағлұматпен бутилкаучук зерттеледі. Полиизопренде жалын түтінденеді, индикатор түсі жасыл, төменгі бөлігі сары.

 

Резинадағы органикалық  заттарды анықтау

Органикалық қоспалар резинамен органикалық еріткіштер нәтижесінде экстракцияланады. Ұсақталған резинаға этанол құйып оны қайнатады (ұсақталған бөлшектері толық әрекеттесуі үшін). Кейін этанолды өлшенген колбаға құйып оны айдап кептіреді.Осыдан колбада бөлінген зат массасын анықтайды.

Есептеу. Резина құрамындағы органикалық заттарды мына формуламен анықтайды:

ω= (m-m0)100/m1=(63,46-62,36)*100/2,534=43,41%

m, m0 – экстракпен және экстрактсыз колба массасы, m1 – өлшенген резина масса

Жасалуы

Шарты

1

Резина  үлгісін алу

2-3 г резинаны өлшеу

2

Экстракция

Конустық колбаға салып  этанол құйылады. Колбаны 1 сағ су моншасында (воденая баня) қайнатады. Резинаға басынан этанол құйылып 30 мин қайнатып оны колбаға құяды.Осы шартты 2-3 рет қайталайды. Экстракцияланғанын оның 2-3 тамшысын шыныға тамызып көреді. Шыныда этанол буланғаннан соң дақ  қалмауы тиіс.

3

Айдап оны таразыға тарту

Колбаны су моншасына салып, ерітіндіні айдайды. Колбаны 70 °C кептіріп, оны салқындатады.


 

Қорытынды.

Синтетикалық каучук негізінде  өндірілген силиконды резина қазіргі  заманғы өндіріс заттарына қойылған талаптарға жауап беретін болғандықтан, табиғи каучук, жасанды каучук және оның туындылары, оның ішінде силиконды резинаға көп көңіл бөлінуде.

Жұмыс барысында тақырып  бойынша толық әдебиеттік мәліметтер жиналды.Әдебиеттік шолу негізінде 

-резинаның қоршаған ортаға  тұрақтылығы

-силиконды резина қасиеттері

-резинаның температураға  шыдамдылығы

-химиялық тұрақтылығы

-резина анализі

бөлімдері  таңдап алынды.

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиет тізімі

1.Мансұров Б.А Органикалық химия 10-11 Атамұра баспасы 2004

2.Глинка Н. Л. Общая химия: Учебное пособие для вузов. — 23-е изд., стереотипное. / Под ред. В. А. Рабиновича. — Л.: Химия, 1984. — 704 с. ил.

3.Фармацевтическая химия Меленьтева том 1 изд. «Медицина» Москва, 1976 третье издание

4.Мегаэнциклопедия, http://mega.km.ru

5.Microsoft® Encarta® Online Encyclopedia 2001, http://www.encarta.com/

6.Encyclopedia Britannica Online, http://www.britannica.com/

7.Башкатов Т.В. Жигалин Я.Л. Технология синтетических каучуков

8.Интернет рефераттар www.bankreferatov.ru, www. http://avelanto.ru.

9.Суреттер www.avelanto.ru сайтынан алынған.

10. www.xumuk.ru химиктерге арналған сайт.

11. Архитектура полимеров  264-269 бет.

 


Информация о работе Каучукты резиналық бұйымдарға өңдеу