Везикулалық тасымалдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 08:36, курс лекций

Описание

Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, аминқышқылдаарынан ғана тұратын ақуыздардың өте аз екендігі дәлелденілді, сондықтан жалпы жіктелу жүйесі бойынша алынған жәй ақуыздары екі топқа бөлінеді: ақиқат және шартты жәй ақуыздарға. Ақиқат жәй ақуыздарға гистондар, альбуминдер, протаминдер жатады. Шартты жай ақуыздарға протеинойдтар, глобулиндер, проламиндер, глютелиндер жатады, олардың құрамына өте аз мөлшерде ақуызға жатпайтын компоненттер (моносахаридтер, дисахаридтер, олигосахаридтер, липидтер, металлдар) кіреді.

Содержание

Кіріспе
1.1. Ақуыздардың жіктелуі.
II Негізгі бөлім.
2.1. Жай ақуыздар (гистондар, протоминдер, проломиндер, глютоминдер, альбулимдер, глобулиндер, протеинолдтер).
2.2. Күрделі ақуыздар (хромопротеидтер, хлорофилпротеидтер, фловопротеидтер, гемопротеидтер, нуклепротеидтер, липидақуыз жинағы, фосфопротеидтер, көмірсу – ақуыз жинағы, метоллопротеидтер)
III Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Ақуыздардың жіктелуі..docx

— 32.63 Кб (Скачать документ)

 

Липид-ақуыз жинағы

Осы күрделі  ақуыз суда еритін бос лиіюпротеиндерге (қан плазмасының, сүттің жөне т.б. липопротеиндері) және майда еритін құрылымдық протеолипидтерге бөлінеді.

Құрылымдық липопротеиндер (протеолипидтер) биологиялық мембраналардың құрамына кіреді. Олар полярсыз еріткіштерде (хлороформ мен метанолда 1:1) ериді. Себібі олардың өзегі ақуыздан тұрады да, қабығы липидтерден түзіледі. Протеолипидтердің 65-85% ақуыздардан құралады. Олар жүректе, бүйректе, екпеде, қаңқа бұлшық еттерінде, өсімдік жасушаларында және көп мөлшерде жүйкелердің миелиндік қабығында кездеседі. Осы аталған ұлпалар мен мүшелердің мембраналарының липидтік фазасында протеолипидтер орналасады. Олар жүйке талшықтарының физиологаялық Қызметтерінің атқаруын қамтамасыз етеді және заттарды мембрана арқылы тасмалдауға қатысады.

Қан сарысуыньщ липопротеиндері миццел төрізді  құрылым түзеді оның ішінде гидрофобты ядро, ал сыртқы қабатында гидрофиддік ақуыздар мен фосфолипидтер болады. Липопротеидтер төртке бөлінеді: тығыздығы жоғары липопротеиндерге (ТЖЛП), тығыздьны төмен липопротеиндерге (ТТЛП) тығыздығы өте төмен липопротеиндерге (ТӨТЛП), хиломикрондарға. Бос липопротеиндер тасымалдаушы қызметін атқарады. Хиломикрондар үшгицеридті ішектен ұлпаларға, ТӨТЛП үшглицеридті бауырдан ұлпаларға, ТТЛП холестеринді ұлпаларға, ТЖЛП холестеринді ұлпалардан бауырға тасымалдайды.

Фосфопротеиндерге құрамында 1%-ға дейін фосфор қышқылының қалдығы бар казеиноген жатады. Казеиноген сүттен алынады, Сонымен қатар фосфопротеиндерге жұмыртқаның сарысынан бөлініп алынған вителлинин, вителлин, фосвитин, жұмырқаның ақуызынан алынған овальбумин, уылдырықтың ихтулины жатады. Орталық жүйке жүйесінде фосфопротеиндер кеп мөлшерде кездеседі. Фосфопротеиндер метаболизм процесстерінде өте көп артүрлі биологиялық қызметтер атқарады. Олар организмде энергия көзі және биологиялық пластикалық материал ретінде қолданылады. Жасуша ішіндегі зат алмасу процесстерін реттейтін ферменттердің активтіліп фосфорландыру немесе дефосфорладыру арқылы жүргізіліп отырылады.

 

Гликопротеиндер

Гликопротеиндердің  құрамына 80 – 90 пайызына дейін ақуыздар кіреді. Ал протеоглекондардың құрамына 1,5 – 30 пайызға дейін ғана ақуыздар кіреді. Бұл ережеден яғни көрсеткіштерден  ерекшелік ретінде қанның тобын  анықтайтын заттардың құрамын көрсетуге  болады. Ол заттардың құрамына 80 пайызға  дейін олигосахаридтер кіреді.  Бірақта оларды, глиокопротиендерге жатқызады. Себебі, бұл заттардың  реттелмеген көмірсулы құрылысы протогликондарға айырмашылығын көрсетеді. Ақуызбен  көмірсулар ковалентті байланыспен  байланысады. Көмірсулы компанентер  ақуыздармен байланысқаннан кейін  пайда болған күрделі ақуыздың макромолекуласы  жаңа қасиет көрсетеді. Олардың физика – химиялық қасиеті суық және ыстық  ортада өзгермейді. Басқа ақуыздарға қарағанда гликопротеиндер пепсинмен  трипсиннің әсерінен нашар қорытылады. Глиокопротеиндердің көмірсулық бөліктері  оларға талоғамдалықы қасиетін береді. Олар, көмірсулық бөлігі арқылы басқа  құрылымдардың макромолеклалардың (жасушалардың) бетінің танитын бөлігін  табады. Глиокопротиендер жасушаның  ішінен жылдам сыртына шығарылып отырылады. Олар жасушаның ішінде аз мөлшерде кездеседі.

Гиалурон  қышқылы

Осы қышқыл қайталанып келетін дисахаридтік бірліктен  түзіледі. Дисахаридтік бірлік гликурандт қышқылы мен N – ацетилглюкозаминнен тұрады. Гиалурон қышқылы жаңа туған нәрестенің кіндігінде көздің шыны тәрізді заттарында шеміршекте, жасуаша аралық матриксте, теріде, тізенің сары суында кездеседі. Гиалурон қышқылының негізгі қызметіне суды байланыстыру және оны ұстау, микробтардан қорғау, талғамды өткізгішті қамтамасыз ету жатады. Организм жасушаларында гиалуронадаза ферменті бар. Осы фермент жасуша аралық кеңістікке бөлініп шығарылғанда гиалурон қышқылының  β1→4 гликозидтік байланыстарын гидролизге ұшыратып, ыдыратады. Сондықтан гиалуронизаданы өткізгіштік фактор деп атайды.

 

Дерматансульфат

Осы гетерополисахарид  негізінен теріде және аортада кездеседі. Дерматансульфатқа ұлпалық және бактериялық гиалуронидаза әсер етпейді. Дерматан сульфаттың басқа  кондритинсульфаттардан өзгешелігіне оның дисахаридтік бірлігінің құрамына L - идурон қышқылының кіруі және оның антикоагулирлеуші қасиетін көрсетуі жатады.

 

Гепарин

      Басқа глюкозамингликандардан айырмашылығы гепарен жасушааралық матрикстің құрамына кірмейді. Ол дәнекер ұлпаның ірі жасушаларында синтезделініп жасуша аралық кеңістікке және қан тамырларына бөлініп шығады. Қан тамырларында ол ақуызбен байланысқан күйде болады. Гепарин қанды ұйып қалудан сақтайды және липопротеиддлипаза активтендіріп, хиомикрондардың липидтерін гидролизге ұшыратады.

 

 


Информация о работе Везикулалық тасымалдау