Висмут

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 11:04, курсовая работа

Описание

Висмут ( лат. Wismuthum ) Ві – элементтердің периодтық жүйесінің Vтобындағы химиялық элемент.Атомдық ядросы 83, атомдық массасы 208,980. Висмут 16 ғасырдан белгілі болғанымен химиялық элемент екендігі 18 – ғасырдың ортасында ғана дәлелденді. Бір ғана тұрақты изотопы ( ²º³Ві ) бар. Қосылыстарында 2, 3 және 5 валентті. Висмут жәй зат күйінде күміс түсті ақ металл, морт сынғыш, оңай ұнтаұталады, тыыздығы 9,8 г\ см³, балқу температурасы 271ºС , қайнау температурасы 1560ºС . Ауада оксид қабығын түзіп сақталады. Висмут қыздырганда оттекпен қосылып Ві2О3 оксидін түзеді.

Содержание

І. Кіріспе ..........................................................................................................
ІІ. Әдебиетке шолу........................................................................................6
ІІ. Негізгі бөлім.............................................................................................10
3.1 Препараттың жануар ағзасына әсері……..............................…......….10
3.2 Висмут қосылыстары .............................................................................12
3.3 Висмут препараттары.............................................................................14
IV. Қорытынды...........................................................................................19
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................20
VI. Қосымша

Работа состоит из  1 файл

Висмут.doc

— 111.50 Кб (Скачать документ)

Сақтау шаралары. Висмут субцитратын  ( Де- Нал) ұзақ уақыт  көп мөлшнрде қолдануға болмайджы, оның салдарынан энцефалопатил оның концентрациясы 5 мкг/ -ді құрайды, ол қарсы әсері 100 кг/п концентрациясында байқалады. Висмут  препаратын қолданғанда ішімдік ішуге болмайды.

Висмут препаратын ішкеннен кейін , 30 мин ішер алдында әртүрлі  сусындарды, сүтті, антацидті препараттарды  қолдануға  болмайды.

Тетрациклинді висмут препараттарымен қатар қолданғанда оның сорылуы азаяды.

Басқа дәрілерді висмут препараттарын қолданғанда, құрамында висмут ( викалин, викаир, ротер) бар, қандағы висмут концентрациясын көтереді.

Висмут препараттары- тұтқырлағыш және антисептикалық дәрілік  заттар ретінде асқазан-ішек  жолдарының ауруларына, сыртқы терінің мқабыну ауруларында қолданылады.

Викалин – құрамында  висмут  нитраты  бар қышқылға қарсы, әлсіз әсер ететін таблеткалар.

Викаир ( Ротер) қолдану  мөлшерлері Викалинге ұқсас, күніне 3 рет 1-2 таблетка тамақтан кейін ½ стакан жылы сумен ішеді, емдік курсы-3 ай, диета сақтау міндетті.

Бисал – жансыздандырғыш, тұтқырлағыш, антисептикалық заттар ретінде энтеритте және колитте 1 таблетка 2-3 рет тағайындайды.

Бүркегіш және сіңіргіш дәрілік затар. Белсенді көміртегі, иіссіз, түссіз қара ұнтақ.Көміртегі шығу тегіне байланысты жануарлық және өсімдіктік болып арнайы өңделіп және беткі қабатында газды, ішімдікті токсиндерден қорғайтын қабат түзеді. Диспепсия, метеоризм, азықтық ішімдікпен улану, ауыр металл тұздарымен уланғанда қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • 3.2. Висмутың қосылыстары
  • Висмутин  -   сульфидтер   класының   Ві2S3. Ромбылық    сингонияда призма, таяқша тәрізді   кристалдар, түйірлі масса, сеппе, талшық сияқты агрегаттар   құрайды. Түсі ақ, қорғасындай сұр, металдай жылтыр. Қаттылығы 2.0-2.5, меншікті салмағы 2,0-6,8 г/см³, электр тогын өткізбейді. Висмут гидротермальді-желілі және жапсарлы – метасоматтиті   кендерде   түзіледі, жеке кендері сирек кездеседі, көбіне қалайы,   вольфрам, мышьяк кендерінде жеке элементті висмут түрінде немесе   арсенопирит, халькопирит және  басқа минералдармен   бірге   кездеседі.    Тотығу белдемінде   оңай бұзылып   оксид немесе карбонат түрлеріне өзгереді . Висмутиннен   висмут   металы  алынады.

    Висмут кентастары  -   құрамында висмуты бар шикізат. Бұл қатарға жеке висмут кентастарымен    құрамында висмут бар түсті  және асыл металдардың  кешенді    кентастары кіреді. Висмут   кентастарының басты минералдары висмут, висмутин, козалит, айкинит, гетрадимит    теллуровисмутит, бисмит, бисмутит.  Висмут  кентастарында сондай-ақ,  қорғасын , мыс, күміс, алтын, кобальт, никель кездеседі.

    Висмут кентастарында эндогендік және экзогендік жағдайда түзіледі. Эндогендік кендер гранитоид  кешендерінің соңғы сатыларымен байланысты. Олардың түзілуі, негізінен, грейзендік, скарндік  және   жоғарғы температуралы гидротермальдік.   Экзогендік жағдайда түпкі кендердің бұзылуынан түрлі генезисті    шашыранды кенқорымдар   түзіледі. Қазақстанда висмут кентастары  Сарыарқаның сирек металл кендерінде  және Кенді    Алтайдың    полиметалл кендерінде шоғырланған.

    Бисмофальк  – комбинирленген  препарат. Таблетка түрінде жіберіледі. Құрамы галлат висмут негізінде және 10 мг нитрат висмут негізінен тұрады. Асқа дейін 2 таблеткадан күніне 3 мезгіл беріледі.

    Ранитидин  -   висмут  цитраты Н2- блогтарының антисекреторлық әсері және  висмуттың бактериоцидтік   әсері   болып   табылады. Базальді және тұз қышқылының  стимульденген өңдеуі  мен антигеликобактериалдық   әсер   береді.  Препаратты   құру  мақсатында   таблеткалардың  жалпы  саны   азайтылды.  Ауру организмі жара кезінде   эрадикациоды   терапия   курсын  жүргізгенде таблетканы күн сайын ішу қажет.  Ранитин -  висмут  цитраты мен тағы да 2  апта  бойы  жара  дефектісін  толық  жазылғанға  дейін   жалғастырады. 400 мг/нан таблетка  түрінде жіберіледі.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

  • 3.3. Висмут препараттары
  • Висмут нитраты  негізі ( Bismuthi subnitras) .

    Ві NO3 ( ОН )2, Ві О NО3 және Ві ООН қоспалары.

    Синонимдері : Bismuthum nitricum, bismuthum  subnitricum, magisterium bismuthi  

    Ақ аморфты немесе ұсақ криссталды ұнтақ.  Тәжірибе жүзінде  су  мен спиртте ерімейді,  тұз  қышқылында  оңай  ерітеміз.  Жергілікті тұтқырлағыш және  қабынуларға қарсы әсер  көрсетеді. 

    Бұрынғы  уақытта  май  түрінде  терідегі  бөртпелермен  терінің  қабыну  ауруларында ( дерматитте, ойық  жарада,  эрозияда,  экземада) қолданылған.  Қазіргі кезде салыстырмалы  түрде шектеулі  қолданылады.

    Асқазанның   ойық  жарасында  және  он  екі  елі  ішектің  ,  гастритте  ішке антоцидтізаттар  ретінде    қарсы  тағайындалады. ( красавка  экстрактысымен  және  басқалар )

    Құрамында висмут нитрат  негізі  бар,  комбинирленген  препараттарды  салыстырмалы  түрде  кең  қолданылады -  « Вивалин» , « Викаир», « Акцид»  таблеткалары және тағы  басқалары сонымен қатарэкстемпоральды дайындалған   ұнтақтар ( құрамында холинолитинттер мен спазмолитинттері  бар) ,  дерматологиялық тәжірибеде  майлар  түрінде де  қолданылады.

    шкі  қолданысқа (15-30 мин тамақтан  бұрын ) ересектерге 0,25 г   дозада,  балаларға – 0,1 – 0,2 – 0,3 г күніне 3 – 4 рет)

    Rp : Bismuthi subnitralis 0.25

    Extr. Belladonnae 0.015

    Mf. Pulv.

    D.t.d.  N. 20

    S.  күніне  2-30рет 1 ұнтақ

    Rp:  Ung. Bismuthi subnitratis 10% 25.0

    D.S . жағын май ( тері ауруларында )

    «Викалин» таблеткасы ( Tablettae «Vicalinum»)  Құрамында 0,35г висмут нитрат негізі ,  0,4 г  магний карбонаты,  0,2 г натрий гидрокарбонаты,  0,025 г  кора  крушинасы мен  аир  тамыр  сабағының  ұнтағы, 0,005 г рутин  және  кемин  бар.

    Препарат  кешенді  әсер  көрсетеді.   Висмут  нитрат  негізі,  натрий гидрокарбонат  және  магний карбонат  антацидті  және  тұтқырлағыш  әсерлер  қамтамасыз  етеді,  кора крушинасы( азғана дозада да)  ішті  жүргізгіш  әсер  етеді.  Рутиннің  кейбір  қабынуларға  қарсы  әсері  бар,  ал  кеминнің – босатқыш ( бұлшықетті,  қан тамырларын,  ішкі  мүшелерге) әсер етеді.

    Асқазан  мен   он екі  елі   ішетің  ойық  жаралары  мен  гиперацидтті гастритте қолданылады. Ішке  күніне 3 рет 1-2 таблеткасын  тамақтан  соң ½  стакан  жылы  сумен  ішкізу  керек. ( таблетканы  ұсақтап  езу керек ).  Емдік курсы 1-2-3 айға  созылады ; айлық үзілістен кейін қайталайды.  Ем  жүргізу уақытында диета сақтау  қажет.

    Препарат  қарсы  көрсеткіштер  тудырмайды, кейде  препарат  дозасы  төмендеп,   азайғанда стулдың жиілігі жойылады.  Таблеканы ішіп  жүрген  кезде нәжіс қара- жасыл немесе  қара  түске боялады.  Сақталуы:  Жарық түспейтін құрғақ  жерде сақталады.

     «Викаир» таблеткасы. (Tabulettae Vicarium ). Висмут нитратының  негізі 0,35г , 0,4 г магний карбонат, 0,2  натрий гидрокарбонат, 0,025г аир  тамыр  сабағы  мен  коры  крушинасыныңы ( ұсақталған )  ұнтағы. 

    «Ротер» таблеткасына  құрамы  жағынан  ұқсас.  Антацидті  әсер  көрсетеді.

    Виколиндегідей  доза  да және  сондай  қолданыстарда ағайындалады.

    Тамақтан  кейін (1-1 ½  сағаттан  кейін) күніне  3  рет .   Азғана  сумен  бірге (¼  стаканда)  ішеді.  Таблетка  жылдам   ерейді,  жақсы  таралады,  қарсы  құбылыстар  тудырмайды.  Сонымен  қатар «  Викалин » таблеткасындағыдай  нәжіс қара  түсті болады.

    Де – Нол (De- Nol)  Висмут  трикалий дицитраты.

    Синонимдері : Бискол,  Иентрисол,  Трибомол,  Biskolcitrate, De – Noltal6, Duosol,  Tribomol,  Tripotassium dicitrabismutate, Ulseron, Ventrisol және  тағы  басқалары  жатады.  Висмут  нитрат  негізінде,  де- нол антацидті  дәрілік  заттарға  жатады.  Кейде  ішкі  қолданысқа  жібергенде  ( таблетка   түрінде )  де- нол біртіндеп   асқазаннның  үстіңгі  кілегей қабықтарында  коллоидты  масса  түзеді,  париентальді  клеткаларды  шайып;  антацидті  әсер  ғана емес, цитопротекторлы  да  әсер  береді.

    «Виалин», «Викаир» таблеткаларымен  бірге  басқа  да  ұқсас  препараттардағыдай  қолданыстарда  таайындалады.  Де – нол  асқазан  және  он  екі  елі  ішектің  ойық  жараларында  висмут  нитраты  негізіне  қарағанда  жақсы  нәтиже  береді,  оның  кілегейлі  қабықты  тазалағышы  қабілетіне  байанысты және де асқазан мен он  екі елі ішектіңпилорикалық  хелио (кампило)  бактерияларын   жоюға да күшті   әсер  етеді.

    Күніне  4  рет 1-20таблетканың  ½- таңертеңгі  астан  1  сағат  бұрын  ,  түскі  аспен  кешкі  аста,  ұйқы  алдыда 1-2 таблетка  қабылдайды.  Емдік  курсы-  4-8 апта.  Қалыпты  жағдайда препараты  жақсы  көтереді:  құсу,  жүрек  айну, лоқсу болуы  да  мүмкін.  Емдік курсын  жүргізгенде нәжіс қара  түске боялады.

    Препаратты  бүйректің  ауыр  бұзылу  функцияларында   қолдануға  рұхсат  етілмейді.  Нейротоксикалық   құбылыстардың  алдын – алу,  болдырмау  үшін  препаратты  ұзақ  уақытқа  және  көп дозада  тағайындауға  болмайды.

    Шығарылу  түрі : 0,12 г  таблеткалар.

    «Пилорид» ( Pulorid ).  Құрамында висмут цитраты,  ранитидин препараты мен қатар ойық   жараларға қарсы   ( Н2 – гистаминді  рецепторлы  блоктар ) таблеткалар. 

      Асқазанның  ойық  жаралары  мен  біріккен  патогенді  Helicobaster pylori  қоздырғыштары  ауруларында  арнайы  емдеуде  тағайындалады.

    Алцид ( Alcid ).   Құрамында 0,38 г висмут субнитраты , 0,1 г алюминий  гидрооксиді, 0,1 г натрий гидрокарбонаты  және  0,2 г натрий карбонаты бар  таблеткалар.  Басқа да антоцидті   препараттар тәрізді гастритте,  асқазан мен он  екі елі ішектің ойық  жараларында   қолданылады.  Тамақтан  соң күніне 3 рет 1-2 таблетка тағайындайды.

         

    Ксероформ ( Xeroformium )



     

     

    Үшбром  фенолят висмут  негізімен  тотығады.  Ұсақ  аморфты  сары  түсті  ұнтақ,  өзіне  тән  иісі  бар. Тәжірибе  жүзінде  суда,  спиртте,  эфир  мен хлороформда  ерітпейміз.  Тұтқырлағыш,  кептіргіш  және антисептикалық  дәрәлік  заттар  ретінде  ұнтақты сеппе,  жағын  май  түрінде  сыртқа  қолданылады.

    Ксероформ  жақпа  майы ( Unduentum Xeroformi) .  Құрамы: 10 г ксероформ,  90 г вазелин  сарғыш  түсті  май,  консистенциясы  біркелкі,  өзіне  тән  иісі бар.  Тері  ауруларында  қолданылады.

     

    Rp. :  Xeroformi 10.0                                                 

           D.S cenne май

    Rp :  Ung. Xeroformii 3 % 10.0

            D.S  Көздік жақпа май

     

    Rp .: Xeroformii 1.0

            Zinci oxuci 5.0

             Lanolini – 10.0

             Vaselini

            M .f. ung  

             D.S.  жақпа май

        

    Rp.:  Ung. Xeroformii 10% 50.0

             D.S жақпа май ( тері ауруларына)

    Rp .:  Pisis  ligui cae

             Xeroformii aa 3.0

             OL .Ricini ad 100.0

             M. D.S Бальзамикалық линимент ( А. В. Вишневскиий )

    Rp.: Ol. Ricini 20.0

            Xeroformi  1.2

           Uinyleni  1.0

            M.f  linim

            D.S майлы таңдауларда

     

    Дерматол ( Dermatolum ) Висмут галлат негізі

    Синонимдері : Bismuthum  subgallicum, Bismuthi subgallas.

    Сарғыш- лимон  түсті  аморфты  ұнтақ,  иіссіз және  дәмсіз,  су мен  спиртте  ерімейді.  Минералды  қышқылдарда  қайнатып  ерітеміз. Улы  натрий ерітіндісінде  аздап  сары  түсті  ерітінді пайда  болғанын  ерітеміз,   ауада  жылдам  қызарады.  Құрамында  520-56,5 % висмут  тотығы  бар.

    Тұтқырлағыш, кептіргіш  дәрәлік  заттар  ретінде  терінің  қабыну  ауруларына  және  кілегей қабығына  сықпа,  жақпа  май,  балауыз  дәрі  түрінде  сыртқы  қолданыста  қолданылады.  Шығарылу  түрі: Ұнтақ  және 10 %  жағын  май ( вазелин) түрінде  шығарылады. Сақталуы: Жақсылап жабылған ыдыста, жарықтың әсерлерінен қорғанған жерде сақталады.

    IV. Қорытынды

    Висмут препаратын жараларды  емдеуде кеңінен қолданамыз. Бұл  пепарат негізінен өткен ғасырда  кеңінен дамыған. Қазіргі уақытта  да құрамында әртүрлі геликобактериялық эрадикация схемасы бар висмут препаратын қысқа уақыт аралығында жараларды емдеуде қолданады. Бұрынғы уақытта май түрінде терідегі бөртпелер мен терінің қабыну ауруларында қолданған. Қазіргі кезде салыстырмалы түрде шектеулі  қолданылады.

    Препарат қарсы көрсеткіштер тудырмайды, кейде препарат дозасы төмендеп, азайғанда стулдың жиілігі жойылады. Таблетканы ішіп жүрген кезде нәжіс қара – жасыл немесе қара түске боялады. 

    Негізі висмутты қолданылуы  - оны жеңіл еритін балқымалардың  компонеттерін жақсату үшін қолданылады.

    Қазіргі уақытта жаңа шыққан дәрілік заттардың қолдануы мен көрсеткіштері дәрілік препараттарын  сатуда ең басты  болып келеді. Сонымен  қатар бұл заттрадың жағдайы  зерттеуші – дәгіргерлерге өте  ұнайды, олардың ойларын жүзеге асыру  үшін азғана мөлшері болса да олардың қызығушылығын тудырады.

    Висмут пепараты структуралық зақымдалуға және микроорганизмдердің  өлуіне әкеп соқтырады. Висмут құрамында  итрат негізі бар,комбинирленген препараттарды  салыстырмалы түрде кең қолданылады  – «Викалин», «Викаир» таблеткалары бар.

    Информация о работе Висмут