Электронды кітап

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:24, реферат

Описание

Электрондыкітап — кітаптыңэлектронды (сандық) түрдегінұсқасы. Аталмыш термин сандықтүрдеұсынылғаншығармаларменқатар, олардыоқуғаарналғанқұрылғыларға да қолданылады.
Кітаптардыңсандықнұсқаларынайрықшалаумақсатындаағылшынтілдіелдердеосытерминменқатар, қарапайыммәтіндікфайлдарғанегізделгенашықформатқа e-text (ағылш. электронныйтекст) терминідеқолданылады.Электрондымәтіндерқатарына, құрамынамәтінненбасқарастрлықкескіндер, мәліметтердіңүлгілері, жаттығулар, сұрақтардытудыратынмәселелергеталқыламасыжазылғанэлектрондықұралдардыдажатқызады.

Работа состоит из  1 файл

Электронды кітап.docx

— 358.56 Кб (Скачать документ)

                              Электронды кітап

Электронды кітап — кітаптың электронды (сандық) түрдегі нұсқасы. Аталмыш термин сандық түрде ұсынылған шығармалармен қатар, оларды оқуға арналған құрылғыларға да қолданылады.

Кітаптардың сандық нұсқаларын айрықшалау мақсатында ағылшын тілді елдерде осы терминмен қатар, қарапайым мәтіндік файлдарға негізделген ашық форматқа e-text (ағылш. электронный текст) термині де қолданылады. Электронды мәтіндер қатарына, құрамына мәтіннен басқа растрлық кескіндер, мәліметтердің үлгілері, жаттығулар, сұрақтарды тудыратын мәселелерге талқыламасы жазылған электронды құралдарды да жатқызады.

Электронды кітап (сандық кітап; ағылш. digital book, ауыз екі тілінде «оқығыш», «ридер», «ебук»; ағылш. e-book reader) — электронды нұсқада ұсынылған (мысалы электронды кітап) ұсынылған мәтіндік ақпаратты тамашалау мүмкіндігін беретін мамандандырылған ықшам планшетті құрылғылардың топтық-жинақы атауы. Бұдан басқа, әлдеқайда кең мағынасындағы «электронды нұсқадағы кітап оқығыш құрылғысы» деген анықтамасы бар, бірақ бұл анықтама бірқатар құрылғы түріне — ұялы телефоннан бастап дербес компьютерге дейін сай келеді.

Берілген компьютерлік құрылғы тобының қалта компьютерілерінен, планшетті компьютер немеесе субноутбук сынды құрылғылардан негізгі ерекшелігі олардың кейбір функцияларының шегерілуімен және жұмыс уақытының әлдеқайда ұзақ болуымен ерекшеленеді. Соңғысы E-ink технологиясының пайдаланылуымен байланысты. Бұл технологии бойынша жасалаған дисплей, өзі жарық бөлмей, жарықты шағылдыра отырып, сұр түстің кейбір реңктерін ғана көрсетеді және энергияны тек суреттің жаңартылуына (беттің парақталуына) жұмсайды.

Электронды кітаптар планшетті компьютерлер қатарына жатқызылады. Олардың пайда болуы планшеттік компьютерлердің дамуы мен кәсібиленуімен тығыз байланысты. Кейбір заманауи құрылғылар сенсорлық дисплей жабдықталып, тек қана оқу ғана емес, сонымен қатар мәтінді дұрыстау сияқты кең ауқымды мүмкіндіктерге ие.

 

1971 ж. Майкл Харт Иллинойс штаты университетінің операторларынан алып компьютер Xerox Sigma V-ті шексіз қолдануға рұқсат алған болатын. Осы жағдайды ұтымды әрі саналы түрде қолдану үшін, ол компьютерге АҚШ тәуелсіздігі Декларациясының мәтінін теріп алғашқы электронды кітапты жасап шығарады. Көптеген кітаптардың электронды көшірмелерін жасау жолымен, осылайша, «Гутенберг» жобасы бастау алады.

 

Электронды кітаптар әртүрлі форматтағы файлдарда таралуы мүмкін, дәлірек айтқанда:

Қарапайым мәтін (plain text);

Көмкерілген мәтіндік — HTML, электронды кітаптардың ашық форматы Electronic Publication (.epub), (OPF FlipBook), OpenDocument, SGML, XML, FictionBook (.fb2), TeX, PDF, Microsoft HTMLHelp (.chm), eReader (.lit), PostScript (.ps, .eps), ExeBook, Mobipocket (.prc) и др.;

Графикалық растрлық — TIFF, JPEG, DjVu және т.б.;

Мультимедиалық кітаптар — SWF, EXE, мультимедиалық кітап, аудиокітаптар және т.б.;

Ұялы құрылғылардың java-мидлет форматындағы кітаптар: java (J2ME) қолданысындағы ұялы телефондар, қалта компьютерлері.

Кітаптан бөлек, оны оқуға арналған арнайы бағдарламаны қамтитын, арнайы операциялық жүйеге арналып жасалған, қондыртпа түріндегі кітаптар. Әдетте кітапты көшіріп алу және қондыртпа бағдарламасынан тыс қарау мүмкіндігінен айырылған.

Кейбір форматтағы файлдардың (OpenDocument, PostScript, PDF, MS Word DOC және т.б.) мәтіннен бөлек расторлық және векторлық кескіндері болуы мүмкін.

Заманауи электронды кітап файлдары (мультимедиалық кітап) мәтіннен бөлек бірқатар қабылдау каналын қамтиды: дыбыстық-әуендік, кескіндік-динамикалық (фотосуреттер мен галереялар) және интерактивті-менталды.

Amazon Kindle - Lab126 компаниясы тарапынан электронды кітаптар оқуға арналған бағдарламалық-аппараттық платформа. Платформаның — «Kindle», «Kindle 2», «Kindle 3» (енді «Kindle Keyboard»), «Kindle 4» және «Kindle DX» түрлері және «Kindle for PC»[1], «Kindle for iPhone», «Kindle for Mac», «Kindle for Android» және «Kindle for BlackBerry» қосымшасы бар. Kindle құрылғыларының дисплейі электронды сия(E Ink) технологиясымен жасалған және версиясына қарай EVDO Sprint желісін немесе 3g AT&T желісі арқылы Amazon Whispernet желінен контент жүктей алады. Kindle персоналды компьютерсіз де қолданыла береді, Whispernet арқылы тегін де болады. Құрылғы интернет желісіне кіруге де мүмкіндік береді. 2009 жылға дейін құрылғылар тек АҚШ бойынша қолданыста болса, енді дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі сатып алушылардың да қолдары тиеді. Kindle – ге басқа да : Sony Reader, Barnes & Noble Nook, PocketBook Reader, iRex iLiad және тағы басқа осылар тектес электронды кітап платформалары бәсекелестік туғызады. «Kindle 2» және «Kindle DX» ұлтаны(firmware) Linux 2,6 сериясы ядросы негізінде ARM платформасы үшін жасалған.

  1. Ең бірінші Kindle қондырғылары 2007 жылы Amazon интернет-дүкендерінде пайда бола бастады. Бағасы 399 доллар болатын. Барлық қондырғылар 5,5 сағат ішінде ғана сатылып кетті. Одан кейін сатуға тек 2008 жылдың сәуірінде шыға бастады. Ақырындап бағасы да түсе бастады, 359 доллар, кейін 299 долларға дейін.Құрылғы 6-дюймді қара-ақ төрт түрлі ашықтықтағы дисплеймен. 250 мб ішкі жады 200 кітап сиымдылығымен. Жадыны кеңейту үшін SD-карта ажыратулары бар. Бұл модель қазір сатыламда жоқ. Оның орнына Kindle 2 келді.
  2. 9 қаңтар 2009 жылы Amazon Kindle 2 модельін жариялады. Сатылуы 23 ақпан 2009 жылы 359 доллармен басталды.Жаңа модельде енді 16 түр ашықтық пайда болды, батарейде жұмыс істеу уақыты созылды, 20 % -ға беттің жаңаруы тездетілді, мәтінді оқу мүмкіндігі туды(text-to-speech), құрылғы қалыңдығы екі есеге азайтылды – 9мм болды. Ішкі жадысы 2 Гб болып, SD-карта айырғышы алынып тасталды.
  3. Жаңа модель 28 шілде 2010 жылы жарияланды. Сатып алуға үш түрде шыға бастады:
  • тек графитті түспен Wi-Fi модулімен(139 доллар);
  • тек графитті түспен Wi-Fi модулімен(114 доллар), бағасы скринсейверлердегі жарнамалар көрсетуден түсті;
  • ақ және графитті түсті 3G және Wi-Fi (189 доллар)

3G(және жаңа Kindle Touch 3G) үшін барлық дүниежүзі бойынша тегін интернет пайда болды. Рейсейде интернетке қосылу Билайн арқылы іске асады. Өндірушілердің айтуы бойынша қондырғыда E Ink жаңа дәуірдің экраны( Pearl) орнатылған. Және оның экран түсі 50% пайызға арттырылды және жылдамдығы да өсті. Тағы да, Kindle 2 мен салыстырғанда, Kindle 3 15% жеңіл және 21% кішкентай. Ішкі жады 4Гб-қа дейін кеңейтілген. Үшінші модельде қосымша шрифттер мен халықаралық Unicode символы пайда болды. Webkit атты интернет браузермен қоса плеері де бар. Оған қоса төменгі жағында микрофон да бар,алайда ол әлі қосылмаған. Өндірушілердің айтуы бойынша 3G және Wi-Fi қосылып тұрса да 1 айға жуық істеуі мүмкін. Қондырғы TXT, PDF(және AZW, MOBI мен PRC) форматтарын қамтыған және JPEG, BMP форматтарындағы суреттерді оқиды. Қазіргі кезде Amazon Kindle кітаптарын кейбір ТМД елдерінде сатып алуға болады. Әр елге әртүрлі комплектациямен сатылады.

Қағаз бетіндегі кітаптардан артықшылықтары мен кемшіліктері

Артықшылықтары :

  • көлемінің аздығы (электронды, оптикалық және т.б. тасымалдаушыда    ондаған           және жүз мыңдаған кітапты сақтау мүмкіндігі);
  • толықмәтінді іздестіру мүмкіндігі (кітап мәтіні оқылған немесе басылған     ғана болса);
  • гарнитура мен қаріп кеглін тез әрі оңай ауыстыра алу мүмкіндігі;
  • кітап мәтінін тыңдай алу мүмкіндігі (ағылш. text-to-speech, аудиокітап);
  • жарықтың жеткіліксіз деңгейінде кітапты оқи алу мүмкіндігі (көмескі жарығы бар құрылғыларда);
  • таралымның арзандығы (көп жағдайда компьютер желісімен таратылған    ақпараттың көлемі немесе физикалық тасымалдауыш, мысалға компакт-дискі бағасы есептеледі).
  • қағаз бетіндегі кітаптармен салыстырғанда шығару уақыты азырақ (салыстыру үшін:электронды кітап үшін - апта, қағаздағыға - жарты жыл)
  • экологиялық тазалығы әрі үнемділігі — ағаш жұмсалмайды.

Кемшіліктері :

  • материалдық және безендіру элементтерінің эстетикалық құрамдас бөлік ретінде жоқтығы;
  • жаңа аппараттық немесе бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарымен ықтималды сәйкессіздігі (осыны алдын-алу үшін қарапайым немесе стандартталған ашық форматтары қолданылады);
  • кейбір құрылғылардың дисплейлері көзді тез шаршатады;
  • бүгінгі күнге шаққанда көпшілік құрылғы дисплейлерінің рұқсаттығындағы «кескін сапасы» қағаз жүзіндегі баламамен салыстырғанда әлдеқайда нашар;
  • тасымалдауыш құрылғының жұмыс уақыты батареясының көлеміне байланысты шектеулілігі;
  • суретті қағаз басылымдарын электронды нұсқаға өткізу көптеген ыңғайсыздықтарды тудырады (мысалға, өнер тарихы, фотоальбомдар, карталар жинағы және т.б. сол сындыс шығармалар).

 

Әдебиеттер :

  • Вадим Ереминнің «Петя Колю перерос» атты электронды мультимедиялық кітабы,   «Вешние воды» баспасы
  • Лачин, В. И. “Электроника и микропроцессорная техника”
  • Сайын Мұратбеков  “Электроника”

 


Информация о работе Электронды кітап