А вирусты гепатиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:13, реферат

Описание

А гепатиті-фекалды-оралды механизмі арқылы берілетін вирусты ішек инфекциясы.
РНҚ-лы вируспен тудырылатын жедел бауырдың қабынуы, әдетте өзіндік сауығумен аяқталады.
Этиологиясы. А гепатит вирусы (HAV) энтеровирустар тұқымдастығына Picornaviridae жатады. Кей кезде вирусты 72 типтегі энтеровирус деп те атайды. Ол дөңгелек, сәл жиектелген, көлденеңінен алғанда 27-32 нм бөлшек. Вирустың нуклеокапсидінің сыртқы қабығы және беткейлік шығыңқысы жоқ.

Работа состоит из  1 файл

А вирусты гепатиті.docx

— 36.43 Кб (Скачать документ)

А вирусты  гепатиті 

А гепатиті-фекалды-оралды механизмі арқылы берілетін вирусты ішек инфекциясы.

РНҚ-лы вируспен тудырылатын жедел  бауырдың қабынуы, әдетте өзіндік сауығумен  аяқталады.

Этиологиясы. А гепатит вирусы (HAV) энтеровирустар тұқымдастығына Picornaviridae жатады. Кей кезде вирусты 72 типтегі энтеровирус деп те атайды. Ол дөңгелек, сәл жиектелген, көлденеңінен алғанда 27-32 нм бөлшек. Вирустың нуклеокапсидінің сыртқы қабығы және беткейлік шығыңқысы жоқ.

saktaluii А гепатитінің вирусы суда ұзақ уақыт (3-10 ай) сақталуы мүмкін, топырақта, нәжісте (1 айға дейін), үй тұрмыс заттарында да сақталады. 100° С –та 5 мин қайнатқанда инактивирленеді. Вирус формалин мен УКС-не (УФО) сезімтал, салыстырмалы түрде хлорға төзімді, хлороформ мен эфирдің әсеріне инактивирленбейді.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі: сарғыштанбаған және субклиникалық, сонымен қатар аурудың манифестті түрімен науқастар жатады. А гепатит вирусы фекалды-оралды механизммен беріледі. Вирус сарғыштануға дейін 10-14 күн бұрын бөліне бастайды және сарғыштықтың 2-7 күнінде аяқталады. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.

А вирусты гепатитке қабылдаушылық  ортақ болады. Алайда 1 жастан үлкен  балалар (әсіресе, 3-12 дейінгі жаста) және жастар арасында бұл ауру жиі  тіркеледі.

А вирусты гепатитке маусымдылық (аурудың максимальді сырқаттанушылық  кезеңі күз-қыс айларында тіркеледі), кезеңділік тән.

Клиникасы. А вирусты гепатиті  айқын клиникалық белгілерімен (сарғыштық және сарғыштықсыз) және клиникалық белгілерінсіз өтуі мүмкін (инаппрантты түрі). Ауру түрлерінің  ажыратылуы:

-ағымы бойынша: жедел, жеделдеу, созылмалы;

-ауырлық дәрежесі бойынша: жеңіл,  орташа, ауыр.

Клиникалық белгілерімен өтетін гепатитке 4 кезеңнің ауысып ағуы тән: жасырын  кезең, продромалды, аурудың өршу кезеңі (сарғыштық), реконвалисценция.

Жасырын кезең 6-50 күн (жиі 15-30 күн).

   Продромалды (сарғыштық алды) кезең - 2-14 күн (жиі 5-7 күн). Продромалды кезең әр түрлі вариантпен өтуі мүмкін: грипп тәрізді, диспепсиялық, астеновегетативті, аралас.

Грипп тәрізді варианты жедел басталады, дене қызуы 38-39°С, 2-3 күн байқалады; басы, бұлшықеттері ауырады, катаральды белгілер болуы мүмкін.

Диспепсиялық вариантта тәбет төмендейді, эпигастрий аймағында ауырлық немесе ауру сезімі болады, оң жақ қабырға асты ауырып, науқаста кейде жүрек айну, құсу байқалады.

Астеновегетативті вариантта әлсіздік, ұйқышылдық, ашушаңдық, басы ауырып, айналып, жұмысқа қабілеті төмендейді.

Аралас түрінде бірнеше варианттардың симптомдары кездеседі.

Ауру басталғаннан кейін 2-4 күн  өткен соң несеп сарғаяды, түсі қою шай немесе сыра түстес болады, сонымен қатар үлкен дәреті түссізденіп, кейде консистенциясы сұйылады. Тексеру  кезінде науқастардың бауыры, ал 10-20% -да көкбауыры ұлғайғандығы және пальпация  жасағанда ауру сезім анықталады. Биохимиялық зерттеуде АЛТ белсенділігі жоғарылады.

Аурудың өршу кезеңі (сарғаю кезені) сарғаюдан басталады, ол шамамен 2-3 аптаға (орташа тербелісі 1 аптадан 1-2 ай) созылады. Сарғыштықтың бастау, максималды көріну және басылу кезеңі бір-бірінен ажыратылады. Әдетте, А гепатиті кезіндегі сарғыштық қарқынды болмайды. Билирубин қалыпты жағдайдан 4-5 еседен жоғарыламайды. Алғашқы 2-3 күнде сарғыштық көбейіп, қайта басылады.

А гепатиті кезінде аурудың жеңіл түрі - сарғыштықсыз және сарғыштық түрлері жиі кездеседі. Аурудың орташа  түрі науқастардың 1/3 –інде ал ауыр түрі  0,1- 0,3%-да кездеседі. Кейде өзгерістері бар бауырда аурудың күрт ағымды түрі байқалады. А гепатитіның фульминантты түрі 0,1-0,4 % науқастарда болады.

Аурудан айығу гепатит белгілерінің жойылуымен сипатталады. Науқастың тәбеті дұрысталады, астено-вегетативті белгілер азаяды, сарғыштық жойылады, бауыр мен көкбауырдың көлемі қалпына келеді.

Диагностикасы. А гепатиті диагнозы эпидемиологиялық (А гепатитімен науқаспен жанасқаннан кейін 7-50 күнде ауыруы), клиникалық белгілері (аурудың циклділігі симптомдардың алмасу заңдылығымен өтетін продромалды және сарғыштық кезеңі), лабораторлық зерттеу нәтижелеріне негізделеді.

Лабораторлық зерттеу келесі нәтижелерге  негізделеді:

    1. перифериялық қан анализінің өзгеруі
    2. пигмент тесттерінің өзгеруі
    3. бауыр сынамаларының өзгеруі
    4. серологиялық анализ
    5. аспаптық

Қанның жалпы анализінде лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, және моноцитоз байқалады.

Қалыпты жағдайда жалпы  билирубин 20,5мкмоль/л құрайды. Гепатит кезінде гипербилирубинемия тікелей фракция көбеюімен байқалады.

несепте уробилин пайда  болады. Гепатит кезінде АЛТ-нің салдарынан (қалыпта жағдайда 0,68%) гиперферментемия 2-5 есе көбейеді.

Гепатит кезінде қан ұюы факторының  ферменттер тобының синтезі төмендейді.

Бауыр сынамаларының тобына  мезенхималы  кіреді және олар ретикуло-эндотелиалды жүйесінің   зақымдануын көрсетеді.

Тимол сынамасы (қалыпты жағдайда 4-5 Ед) 10-20 есе көбейіп, сулемалық  сынама (қалыпты жағдайда 1,8-2,0 Бірлік) 1,7-1,6 есе төмендейді.

Салыстырмалы диагностикасы. А гепатитінің продромалды кезеңін салыстырады:

● тымаудан және басқа жедел респираторлы аурудан;

● энтеровирусты инфекциядан;

● сүзек топтас аурулардан;

● жедел ішек инфекцияларынан.

Сарғыштық кезеңінде А гепатитін  төменде аталған аурулардың

сарғыштық түрімен салыстырады:

● жұқпалы мононуклеоз;

● лептоспироз;

● псевдотуберкулез;

● гемалитикалық сарғыштық;

● токсикалық сарғыштық;

● механикалық сарғыштық.

Емі. А гепатитінің еміне төсек режимі, “жартылай” төсек режимі, тиімді тамақтану және витамин емі сияқты емдеу шаралары жатады. Аурудың жеңіл және орташа ауырлығында науқастар «жартылай» төсекте жату керек, ал ауыр ағымында - төсек режимі. Ауруханадан шыққан соң 6 айға дейін ауыр жұмыс істеуге болмайды.

№5-емдәм үстелі (Певзнер бойынша), ауыр қорытылатын майлы тамақтарды (сиыр, қой, шошқа еті), қуырылған, ащы  тағамдарды жеуге болмайды. Ауруханадан  шыққан соң 6 айға дейін емдәм сақтау керек.

Дезинтоксикация мақсатымен науқасқа тәулігіне 1,5-2,0 л сұйықтық беріледі. Анорексия белгісімен, қайта-қайта құсатын науқастарға парентералды жолмен глюкоза, Рингер сұйықтығы құйылады.

Аурудың жеңіл ағымында дәрумендер, энтеросорбенттер (микрокристалды целлюлоза 2,0-3,0 г; гидролизді целлюлоза-полифепан, билигнин 0,5-1,0 г/кг- түнге соңғы тамақтанудан кейін 2-3 сағаттан соң беріледі) тағайындалады.

Аурудың орташа ауырлық ағымында жоғарыда аталған емге қосымша асқазан  мен ұйқы безінің қорыту жұмысын  жақсарту үшін фермент препараттарын (панкреатин, креон, мезим форте, фестал) береді.

Инфузиондық-дезинтоксикацаялық ем ретінде қан тамырға тамшылап 5%  глюкоза ерітіндісін, гемодез (400 мл күнара), рибоксин (20-30 мл), 5% аскорбин қышқылын құямыз.

фенобарбитал тағайындалады.

Болжам. Қолайлы. Науқастардың  90%-да толық айығып, қалғандарында аурудың “қалдық” белгілері болады. А гепатитіның өлім-жітім саны 0,04%-дан артпайды.

Алдын алу шаралары. Санитарлық - гигиеналық шараларға фекалды - оралды механизмін үзу жатады.

Эпидемиялық ошақта А гепатитімен  ауырған науқас анықталғанда, күнделікті және қорытынды дезинфекция жасалады, науқасты оқшаулап (үй жағдайында қалдыруға  болады), ауруханаға жатқызады.

Науқасты оқшаулағаннан соң, жанасқандарды 35 күн бақылап, биохимиялық тексеруден өткізеді.

А гепатитіның алдын алу мақсатымен донорлық иммуноглобулинді (1,5-4,5мл бұлшық етке) енгізеді, қайта енгізу 4 реттен көп болмауы керек. Енжар (пассивті) иммунитет 4 ай сақталады. А гепатитінің  вакциналық алдын алуы “Хаврикс-А” (Havrix-A), “Аваксим” (Avaxim) вакциналарымен жасалады. Бұл вакциналарды адамдарға  А гепатиті-бойынша қолайсыз аймақтарға барар бұрын (туристер, сапар шегушілер, әскери қызметкерлер және т.б.) бұлшық етке 2 мәрте (аралығы 6-12 ай) енгізеді. Вакцинациядан  кейінгі иммунитет 10 жыл сақталады.

Е вирусты гепатиті

         Е вирусты гепатиті кұрамында  РНҚ бар вируспен тудырылады (HEV).  Бұл гепатиттiң таралу механизмі–  фекалды-оралды.

Е гепатиті, ДДҰ мәлiметтерi бойынша тропикалық және субтропикалық  аумақтарындағы (Индия, Непал, Бирма, Орта Азия, Латын Америкасы,т.б.) ересек турғындарының  арасында ең жиi кездесетiн жедел  вирусты гепатиті болып табылады. Бiрақ Е гепатитімен аурушылдық Европа мен Ресейде де кездеседi.          

Эпидемиологиясы. Е гепатиті А гепатитке ұқсас, фекалды-оралды механизммен тарайтын антропонозды инфекцияға жатады. Таралу жолы – көбiнесе  су арқылы, HEV-нi water born hepatitis virus деп атайды. А гепатитпен ерекше қатынастық-тұрмыстық жолмен сирек тарайды. Жанұялық ошақтар тiркелген емес. Бұны  HAV-мен салыстырғанда HEV-нiң нәжiстегi концентрациясы аз болатынымен түсiндiруге болады.

Е гепатиті көбінесе 15-40 жастағы  адамдарда тiркеледi. Ер адамдар жиiрек  ауырады. Жүктi әйелдерде ауру ағымы  ауыр, жоғары өлiм көрсеткiшiне әкеп соғады. Егер ауру жүктiліктiң екiншi жартысында пайда болса, науқастардың 20% өледi.

Е вирусты  гепатиттiң  эпидемиялық аумақтары Оңтүстiк-Шығыс  Азияда, Индияда, Орталық Америкада  тiркелген. Аурудың бiрен саран жағдайлары Америка мен Европада да кездеседi.

Патогенезі. Патогенез факторлары А гепатитке ұқсайды. HEV, HAV тәрiздi, цитопатиялық әсер етiп, гепатоциттердiң тiкелей вирусты цитолизiне әкеп соғады. Бiрақ, Е гепатиті кезiнде А гепатитке ұқсас жылдам иммундық жауап дамиды.

Реинфекция  болуы мумкiн. А вирусты  гепатиттен ерекше, Е  вирусты  гепатиттен кейiн өмiр  бойы сақталатын иммунитет болмауы  мүмкiн. Е гепатиті вирусының созылмалы  тасымалдаушылығы және аурудың созылмалы  түрлерi болмайды.

Е гепатитiнiң басқа гепатиттерден  ерекше, жүкті әйелдерде ауыр ағымы  және өлiм қаупі патогенездiң шешiлмеген сұрақтарына жатады.

Е гепатиті кезiндегi бауырдың патоморфологиялық өзгерiстерi  А  гепатитке ұқсас. Некробиоздық процесс  нүктелi  немесе дақты некроздың  дамуымен шектеледi; гепатоциттердiң  көбiсi зақымдалмайды. Осыған байланысты ауру көбiнесе жеңiл, сарғаюсыз немесе көмескi түрде өтедi. Е гепатиттiң  ауыр және фульминантты түрлерi дамыған  кезде (әсiресе, жүкті әйелдерде) бауырдың тараған көпір тәрiздi, субмассивтi немесе массивтi некроз белгiлерi анықталады.

Клиникасы. Инкубациялық кезең 10-60 күн (көбінесе 30-40 күн). Әдетте ауру бiрте-бiрте басталады.    Сарғаю алдындағы кезең 1-9 күн. Аурудың негiзгi белгiлерiне әлсiздiк, немқұрайлық, тәбеттiң болмауы, жүрек айну, құсу жатады. Науқастардың көбiсi эпигастрий аумағындағы және оң жақ қабырға астындағы ауру сезiміне шағымданады. Дене қызуы сирек жоғарылайды әдетте 38º С-ден жоғары емес. Сарғаю кезенiнiң ұзақтығы 1-3 апта. Вирусты А гепатиттен ерекше сарғаю пайда болған кезде интоксикация белгiлерi жоғалмайды.

Е гепатиті  көбiнесе жеңiл және орташа ауыр түрде өтiп, сауығумен аяқталады.

Е гепатиті ауыр және фульминантты түрде өтiп, жедел бауыр жетiспеушiлiгiне әкеледi де өлiммен аяқталады. бүйрек жетiспеушiлiгi және диссеминацияланған тамыр iшiлiк қанның ұю синдромы тән. Е гепатиті және созылмалы вирусты В гепатиттiң суперинфекциясы аурудын қолайсыз ағымына әкеледi. Бұл кезде өлiм көрсеткiшi 75-80% құрайды. Одан басқа жүктi әйелдерде (әсiресе III триместрде) жеңiл ағыммен (3,9%) салыстырғанда орташа ауыр (67, 9%) және ауыр (28,2%) түрлерi жиiрек кездеседi.

Фульминантты гепатиті жүктiлiктiн үзiлуiне (түсiктер, ерте босанау), 1-2 тәулiк iшiнде бауыр-клеткалық команын дамуына, босану кезiнде қан кетуге әкеп соғатын айқын геморрагиялық синдромға, ұрықтың антенатальды өлiмiне акеледi.

Жүктiлiк босанумен аяқталғандада нәрестелердiң жартысынан көбi бiрiншi ай iшiнде өлетiнi туралы айту керек.

Реконвалисценция кезендi 1-2 ай созылып, клиникалық-лабораторлық көрсеткiштер болу қалыптасады.

       Салыстырмалы  диагноз Агепатиті кезiндегiдей  өткiзiледi.

            Емi. Е   вирусты гепатиті  кезiнде жургiзiлетiн емдеу комплексi А вирусты гепатиті кезiндегi емге ұқсас.

Болжамы. Ауруханадан шығару ережелерi және диспансерлік бақылау А гепатитіне ұқсас. Е гепатиттiң натижелерi де А гепатитіне тән, бiрақ жүктi әйелдер арасындағы жоғары өлiм көрсеткiшi ерекше.

         Алдын алу шаралары. А  гепатитімен ауырушылдықты төмендетуге бағытталған гигиеналық  шаралар (соның iшiнде, түрғындарды сумен қамтамасыз етудi жақсарту), Е  гепатиті  кезiнде де эффективтi болып табылады. Қазiргi кезде вакцина өнделген емес.

Ботулизм

Анықтамасы. Ботулизм (аллантиазис, ихтиизм) – ботулотоксиннің әсерінен дамитын, сопақша ми және жұлынның зақымдануымен сипаталатын жедел токсико-инфекциялық ауру.

Ботулизм көп жағдайда өз уақытында  анықталмайды. Ботулизммен ауыратын науқастарға диагноз коюда жіберілген қателіктер мен емді кеш бастау аурудың  қолайсыз нәтижесінің себебі болуы  мүмкін.

Тарихи мәліметтер. Қанды шұжық қолдануына байланысты, ауру Византияда ІХ-Х ғғ белгілі болған. Шұжықтан улануды Германияда 1815 ж. Ю. Кернер анықтаған. Осы уақыттан бері бұл сырқат «ботулизм» және «аллантиазис»- деген атау алды (латынша – botulinum шұжық грекше - аІІапеtі asis - шұжықтық өнім). Ресейде 1818 ж. тағам ретінде тұздалған балықты қолданғаннан кейін паралитикалық (салданулық) ауру дамыған болатын және ол ихтиизм атауын алды. Бірақ ихтиизм термині аса көп қолданылмады және бүкіл әлемде тек ботулизм термині қолданылады.

Этиологиясы.   Қоздырғышы – Clostridium botulinum – Clostridium тегіне, Bacillacea тұқымдастығына жатады. Бұл қоздырғыш анаэробты, спора түзетін таяқша. Антигендік құрылымы бойынша токсиннің 7 түрін ажыратады А, В, С, Д, Е, Ғ, С. Соның ішінде адамға зиянды төртеуі ғана - А, В, Е, Ғ.

 Өсуі мен токсин түзуінің  оптимальді температурасы 28-35°С. Споралар өте төзімді: 100°С температурада 5сағаттан кейін, ал 120°С температурада 30 минут ішінде өледі. Клостридияның вегетативті түрі ботулотоксин бөледі. Қоздырғыштың вегетативті      түрлері   кайнатқаннан    кейін   2-5   минутта   жойылады.  

Эпидемиологиясы. Ботулизм сапрозооноздарға жатады. Ботулизм   кезінде  қоздырғыштың   негізгі резервуарлары:

а) жылықанды жануарлар (көбінесе шөпқоректілер)

б) салқынқанды (балықтар, шаян тәрізділер, моллюскалар)

в) сыртқы орта (жер қыртысы, көлдердің, теңіздердің лайы).

Ботулизмнің 3 түрі бар:

Информация о работе А вирусты гепатиті