Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 19:07, реферат

Описание

Тасыған дария тартылып, арнасына түскені сияқты 1774 жылы қырғыз басқыншылары да тәубасына келген еді. Ресейге қарасты Еділ қалмақтары Жоңғарияға 1771 жылы жөңкіле көшіп, жолындағы алаш баласын қырып-жойып келе жатқанда Абылай хан бастаған қазақ қолы амалсыз қарсы көтеріліп, қырғын соғыс болған еді. Осыны пайдаланған қырғыздар Аякөзден бергі Жетісуды, Шу, Талас бойын, тіпті Шолаққорған, Созақты, Қаратауды басып алғанды.

Работа состоит из  1 файл

Әулиеата қаласының тұрғызылуы.doc

— 66.50 Кб (Скачать документ)

А. Н. Добромыслов Әулиеата қарахан мазары маңына қазақтар өздерінің құрметті адамдарын жерледі деп көрсетсе, мұның шымыр-жаңабай Мәмбет Күнбасұлына да тікелей қатысы бар. Осы Мәмбет пен оның туысы Таңсыққожа туралы атақты Бұқар жырау: «Абылайдың қасында Таңсыққожа, Мәмбет бар» дейтіні белгілі. Соп сияқты ұлы Жамбылдың Сарыбас ақынмен «Жұлдыз» журналының 1998 жылғы №1 санында тұңғыш рет толық жарияланған айтысында Сарыбастың:

Шымыр деген  елімнен

Таңсыққожа, Мәмбет пен

Байзақ шықты басынан,

Ақмолда шықты жасынан, - деп көрсететін Таңсыққожа мен Мәмбет Әулиеата қапасын тұрғызуғә басқа да үйсіндермен қатар үлес қосқандығына күмән жоқ. 1957 жылы маусым айында Мәмбет батыр ұрпақтары Әулиеата қарахан маңында өзбек орта мектебі салынатын болғандықтан бабасының сүйегін қазып алып, Тектұрмастың түбіне қайта жерлеп, басына осыдан бір-екі жыл бұрын зәулім күмбез тұрғызғаны белгілі. Абылай сұлтан 1742-1743 жылдары жоңғар қонтайшысының тұтқынында болғанда Мәмбет батыр Ресей патшасының елшісі Карл Миллермен бірге Ұрғағ бар, қазақ билеушісінің құтылуына көп септігін тигізгені туралы мәліметтер архив деректерінде сақталған.

Міне, сондықтан да Абылай Мәмбетке Көкшетау керейлерінің сұлу қызы Жәмиланы өзінің өкіл қызы ретінде ұзатып, кейін одан атақты Байзақ датка өмірге келген еді. Байзақ датқа қоқандықтар илеуіне қарсы күресте қол бастап, 1847 жылы қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы қырғыздар қолынан қаза тапқанша тұтқында бірге болған еді. Бір айта кететін нәрсе - Кенесары хан мен Байзақ датқа жақын бөлелер болып келеді.

Әулиеата   қарахан   мазарының  түбіне   1836 жылы   қоқандықтар   опасыздықпен   өлтірілген Саржан   және   Есенкелді   Қасымұлдары   да қойылған еді. Қазақ өз шекарасын ата-бабасының молаларымен   және   ат,   құлан,   құлжа,   қозы бастарымен   белгілейтіндігігін   ескерсек, қарақалпақтар көтерген Әулиеатаны қоқандықтар әуелі   бұзып,   1826   жылы   қайта   салғанына қарамастан қазақтың төл қаласы деп қабылдау керек.  Ал,  бұл  қаланың  Наманган  көшесі деп аталғандығы   туралы   орыс   ғалымы   А.   Н. Добромысловтың   қазақ,   өзбек  халықтарының қалаларды кент, қорған, шаһар-шәрі деп немесе жәй ғана айтатын қағидасын білмегендігін көрсету керек.

Абылай ханның екінші әйелінен туған Әділ сұлтан ұлы билеушіміздің отыз ұлының екіншісі болатын. Сол Әділден туған Абылай, Ералы, Құлан, Тезек және Әбілез сұлтандар кейін Жетісу жайлаған ұлы жүз тайпаларын билеген еді. Олар 1821 жылы Ресей императорына оңтүстік қазақтарын да өз қарамағына алу туралы арыз жазғаны деректерден мағлұм. Сондай мұрагат деректеріне сүйенсек, сұлтан Тезек Абылайханов орыс армиясының полковнигі шенін де алған. Тезек сұлтан қазақтың атақты Сүйінбай, Бақтыбай, Түбек сияқты атақты ақындарымен сөз жарыстырған айтыскер ретінде де белгілі. Мәселен, Тезек төре жалайыр Бақтыбай ақынмен айтысқанда өзінің атасы - Абылай, әкесі Әділ екендігін мақтанышпен жырлайды. («Айтыс», А., «Жазушы», 1965ж., І-том, 104-12466.). Міне, осы Тезек теренің қарындасы Айсараға Шоқан Уәлиханов үйленгендігі белгілі. Егер Тезек төренің әкесі Әділ сұлтан 1815 жылы Ташкент түбінде қаза болғандығын ескерсек, Шоқан Уәлиханов 1864 жылы үйленген Айсара ару Тезек ақынмен шешелес болғанмен әкесі бөлек екендігін білуге болады. Шоқан Уәлиханов Абылай хан туралы мақаласын 1864 жылы Әулиеата қаласына орыс әскерлерімен бірге келместен әлдеқайда бурын дайындаса, қырғыздар туралы Тезек сұлтанмен кездескеннен кейін жазғаны белгілі. Ол Абылайдың Талас өзені жағасында қала тұрғызғаны, Әділ сұлтан туралы өз деректерін осы қаламызды қайта салушыларды өз көздерімен кергендермен әңгімелескен соң жазды деп айтуға толық негіз бар.

Сонымен, Шоқан Уәлихановқа пен өзбек тарихшылары Молда Әлім Махмуд қажы мен молда Ныязи Мұхаммед бен Ашурға сенсек, ұлы ханымыз Абылай Талас өзенінің жағасында қираған Тараздың орнына 1774 жылы Әулиеатаны салып, Қазақстанның ең ежелгі қаласының үзілген тарихи жібін, қайта жалғағандығы даусыз ақиқат.

Ал, 1774 жылы жеңіске масайраған Абылай хан бастаған бабаларымыз бір Алла ғана болмаса, кейін осындай оқиғалар болатынынан еш хабарсыз еді...



Информация о работе Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу