Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 21:26, реферат
Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар.
Өткен тақырыпта бұдан 30-40 мвң жылдай бұрын Homo sapiens (ақыл-ойлы адам) қалыптасқаннан кейін адамның биологиялық эволюциясы мүлдем дерлік тоқтады дедік. Мұның себебі неде ?- деген сұрқ туады.
Адмның эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдрінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ қазіргі эволюция адам өмірінің әлеуметтік жағына қатысты, ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініп шықаннан кейін ол шешуші рөл атқармйтын болғаны сөзсіз. Енді адамның эволюциясына оның өмірін мәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдық өндірістің тәсілі, еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайлары тағы басқа шешуші әсер ететін болды. Тіпті денсаулығы әлсіз адамдарда медицинаның көмегі арқасында қоғам өміріне белсене қатыса алады.
А) гендерде хабарланған биологиялық нышандар;
ә) табиғи және әлеуметтік орта;
б) жеке адамның іс-әрекеті ;
в) ақыл-ой (сана, ойлау).
Адамның фенотипінің құрылысы күрделі екендігін негізге ала отырып, жоғарыда аталған евгеника ғылымының пәні тек бірінші ғана элемент екенін, яғни гендердегі биологиялық нышандар ғана екенін атап көрсеткен жөн. Евгениканың өкілдері дәл осы биологиялық факторды асыра дәріптейді. Фенотиптің әлеуметтік факторлары олардың назарынан мүлдем тыс қалған. Бұл теорияны жақтаушылардың қателігі міне осында жатыр.
Тұқым қуалау мен ортаның
адам дамуындағы өзара қарым-
Тұқым қуалау организмі қандай болуы мүмкін екенін анықтайды, бірақ адам екі фактордың-тұқым қуалаудың да, ортаның да бір мезгілде бірдей әсер етуі нәтижесінде дамиды. Адамның бейімбелуі тұқым қуалаудыың екі программасының: биологиялық және әлеуметтік програмалардың әсерінен жүзеге асатыны көпшілік мойындайтын ақиқатқа айналады. Кез-келген жеке адамның барлық қасиеттерімен белгілері, сонымен оның генотипі мен ортаның өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табыладыекен, тек қанының группасы, саусақ таңбалары сияқты биологиялық қасиеттері ғана ортаның әсеріне көнбейді. Сондықтан әрбір адам әрі табиғаттың бөлігі, әрі қоғамдық дамудың жемісі.
Бұл пікірмен бүгін таңда
ғалымдардың көпшілігі
Қысқасы, адамның ақыл-ой қабілетінің дәл және толық анықтау айтарлықтай қиын іс. Соған қарамай көптеген елдерде тәуелсіз жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері ақыл-ой қабілеттерінің деңгейі генетикалық тұқым қуалауға да және білім-тәрбие алған ортасына да байланысты екндігін дәлелдеді.
Адамның биологиялық жағынан тұқым қуалауы туралы әңгіме жасағанда ескеретін жағдай, адамның тек жақсы нышандары ғана емес, сондай-ақ ақыл-ой кемшіліктері де көп жағдайда генотиптен тәуелді болады. Мәселен ұрығы бірдей егіздердің біреуі шизофрения ауруымен ауырса, онда екіншісіде сол аурумен 69% аурады. Егер біреуінің ақылы 97% кем болса, онда бұл кемшілік екіншісінде де болуы да мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, ата-ананың біреуінің не екеуінің де ақылы кем болса, ақылы кем балалардың туу проценті жоғары болатыны анықталды медицинада. Өз ата-анасының ақыл-есі дұрыс болғанымен, кейбір кем ақыл балалардың арғы тегін зерттегенде, олардың ата-бабасы не әжесі жағында сондай ауру болғаны, ауру солардан тұқым қуалап келгені анықталуы мүмкін.
Социбиология бағытының адам туралы теориясы.
Адамның дамуы көп жағдайда биологиялық факторларға байланысты болғанымен, бірақ оны абсолюттендіріп, асыра бағалауға болмайды. Осы жөнінен алғанда соңғы кезде шыққан социобиология деп аталатын жаңа бағыттың адам жайлы теориясының көзқарастық қағидаларына талдау жасаудың сабақ боларлық мәні бар.
1975 ж. Американдық энтомолог Э. О. Уилсонның “социобиология : новый синтез” деген кітабы жарық көрді. Социобиологияның щығыуы осы кітаптың шығуымен байланысты болды. Бұл кітапта адамның моральдік, еркіндік, агрессивтік, эгоистік, альтруистік сияқты әлеуметтік сапаларын жануарлар биологиясы тұрғысынан жаңаша түсіндіру концепциясын түсіндіреді. Мұнда жануарлармен адам арасындағы мінез құлық ұқсастығының шекарасымен мүмкіндігін талдауға аса маңызды орын беріледі. Бұл мәселелерді шешудің кілтін дарвенизм ілімінің ұғымдары мен принциптерінен, атап айтқанда табиғи сұрыпталу ілімінен іздейді. Жануарларды зерттеудің нәтижесінде жасалған қорытындыларының адам мінезін түсіндіруге кеңінен қолданады. Методологиялық жағынан өарағанда, адамның мінез-құлық сапасы биологиялық және малекулалық генетика тұрғысынан тұрпайындылап түсіндіріледі, яғни антропология биологияға, ал биология малекулалық генетикаға жатқызылады.
Социобиологтардың пікірінше, адамның табиғаты жайлы түсінікті негізінен өзгертетін біріккен гендік-мәдени эволюция теориясы блуы тиіс. Бұл теорияның мәні мынада: адамның бойындағы органикалық және мәдени эволюциялар процестері бірге жүруі керек, өйткені гендер мен мәдиниет бұл эволюцияда өзара айырғысыз байланыста. Бірақ жетекші рөлді гендер атқарады. Адамның көптеген іс-әрекеттерінің түпкі себебі солар болып табылады. Сондықтан адам іс жүзінде алдымен биологиялық танымның Обьектісі болады. Осыдан келіп Уилсон социобиологияның міндеті “барлық жануарлардың, адамды қоса алғанда, әлеуметтік мінез-құлқының барлық формаларының биологиялық негіздерін зерттеу болуы тиіс ” деп тұжырымдайды. Оның теориясының басты қағидасының мәні мынада: адамның биологиялық табиғатынан тыс, одан бұрын пайда болған “трансцендельтальды” мақсаттары болуы мүмкін емес.
Гендік-мәдени коэволюция
Адам мен табиғаттың дамуында
биологиялық пен әлеуметтік
Алайда социолобиология
Адамның биологиялық
Сонымен, биологиялық және әлеуметтік факторларының адам дамуындағы рөлін түсіндірген кезде панбиологизм және пансоциологизм сияқты сыңаржақ теориялардан аулақ болған жөн, өйткені панбиологизмді бетке ұстаған кезде адам жануарлар деңгейіне дейін төмендетіледі, ал екінші сыңаржақ бағыты ұстанғанда адам түрінде көрінеді де оған сыртқы орта оның даму барысын жазады.
Адам-жеке адам және тұлға ретінде
Жоғарыда айтқандай, адамның екі түрлі жаратылысы бар- ол биоәлеуметтік жан. Онда биологиялық сапа, қасиеттермен әлеуметтік сапа, қасиеттер де бар. Әлеуметтік болмыс деңгейде және әлеуметтік теория тұрғысынан адам проблемасы жеке адам және тұлға ұғымдары арасындағы қарым-қатынас проблемасына айналады, яғни биологиялық жаратылысы жағынан адам ең алдымен жеке адам, ал әлеуметтік жаратылысы жағынан тұлға болып табылады.
Жекек адам туралы әңгіме болғанда, адамзат тегінің жеке бір өкілін түсіну қажет. Жеке адам- көптің бірі, ол әлі тұлға емес. Осы мағынада алғанда “жеке адам” және “тұлға” ұғымдары көлем жағынан да, мазмұны жағынан да бір-біріне қарама-қарсы болып табылады. Жеке адам ұғымында адамның ешбір жекеше ерекше әлеуметтік белгі, сапасы бейнеленбейді, сондықтан оның мазмұны аса кедей болады, бірақ көлемі кең, өйткені әрбір адам- индивид. Егер біз жеке адам десек, онда ақыл-ойлы адамның жеке бір түрін ғана, адам тегінің бір өкілін ғана алып отырмыз. Ал егер оның қайсы бір ерекше белгісін, сапасын атап көрсетсек, онда ол ұғымның көлемін кішірейтіп, бір әлеуметтік тобын бөліп аламыз. Бірдеде формальдық логиканың ұғымының мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас заңын көреміз. Мысалы бай адам немесе кедей адам десек біз адамдардың белгілі бір тобын басқаларынан бөліп көрсетеміз, сөйтіп ұғымның көлемін азайтып, нақтылаған сайвн оның айырмаылық белгілері көбейіп, мазмұны баии түседі. Сөйтіп адам көлемінің мазмұнын азайтып, жекелеген сайын бір ғана жеке адамды білдіретін ұғымға жетеміз. Осылайша шегіне жеткізе жекеклендірген адам тұлға деп аталады.
Сонымен, тұлға дегеніміз әлеуметтендірілген жеке адам деуге болады. Мұнда адам тек жалпы және ерекше әлеуметтік қасиеттері тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ өзіндік әлеуметтік рухани сапасы жағынан да қарастырылады.
Тұлғаның адамдық құрылысы
аса күрделі, сондықтан оны
түрліше тұлғадан қарастыруға
болады. Мәселен, жалпы психология
ғылымы тұлға деп түрлі
Адамға тән ең жалпы белгі- оны басқа дүниеден ажыратып тұратын әлеуметтік іс-әрекет, еңбек. Адам дегеніміз ең алдымен белсенді түрде әрекет етуші, өзінің өмір сүру жағдайларын өзгертуші әлеуметтік субъект, әлеуметтік ақыл-ой және әлеуметтік сезім иесі- мұның бәрі өзара іштей бірлікте болатын және іске асатын сапалық белгілер. Адамның бұл сапалары оны әлеуметтендірудің негізін құрады, ал әлеуметтендірудің негізінде адам тұлғасы қалыптасады. Әлеуметтендіру адам қоғамдық тәжірибені меңгерген сайын, белгілі бір қоғамдық қатынастарға және іс-әрекеттерге араласқан сайын тездей түседі.
Әлеуметтендіру филогенезде де және онтогенезде жүзеге асады. Бұл екі процестің екуіндеде тұлға жеке адамның әлеуметтенуінің нәтижесі болып табылады. Бұл жөнінде белгілі психолог А.И.Леонтьев адам тұлға болып тумайды, тұлға болып қалыптасады деген болатын. Әлеуметтену үздіксіз жүріп отыратын, процес болғандықтан, тұлғада үздіксіз қалыптасушы әрекет. Қалыптасуы тоқтап қалған тұлға, тоқыраушы тұлға. Жекек адам басқа біреудің ырқынан шыға алмай аған толық бағынса, өзіндік еркі болсада, тұлғаның тоқырауы болады. Бөтенің ырқына толық бойұсынған, өз ой-пікірі, дүниеге көзқарасы жоқадам тұлға болудан қалады.
Тұлғаны сипатаушы аса бір
сапасы – оның рухани
Информация о работе Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар