Қамыстыбас питомнигі өндірісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 11:28, реферат

Описание

Көкарал бөгетіне салынған тоспаға балық қорғау құрылымның салынбауынан су тастау барысында Кіші Арал теңізінен Үлкен Теңізге балықтар кетіп, өлу қаупі туындады. Осыған байланысты ұйымдастырылған мелиоративтік балық аулау, құтқару шаралары жыл сайын табиғат пайдаланушылардың күшімен іске асырылуда.

Содержание

І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Қамыстыбас.doc

— 64.50 Кб (Скачать документ)


«Қамыстыбас питомнигі өндірісі»

ЖОСПАРЫ:

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Көкарал бөгетіне салынған тоспаға балық қорғау құрылымның салынбауынан су тастау барысында Кіші Арал теңізінен Үлкен Теңізге балықтар кетіп, өлу қаупі туындады. Осыған байланысты ұйымдастырылған мелиоративтік балық аулау, құтқару шаралары жыл сайын табиғат пайдаланушылардың күшімен іске асырылуда.

Балық қорын молайту жұмыстарының тұрақты жүргізілуі нәтижесінде Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы су тоғандарында балықтың бірнеше түрі қалыптасты. Қазіргі уақытта Қамыстыбас балық питомнигі 2 балық өсіру питомнигін біріктіреді. Аудан орталығынан 120 шақырымдағы Қосжар ауылында орналасқан Қосжар балық өсіру питомнигі мен аудан орта­лығынан 220 шақырымдағы Тастақ ауылында орналасқан Тастақ балық өсіру питомнигінде арнайы инкубациялық цехтар бар. Оның 1-еуі гуманитарлық көмек арқылы Израильден әкелінген, қазіргі заманға сай құралдармен жабдықталған.

Облыс көлеміндегі табиғи су айдындарының балық қорын көбейту мақсатында республикалық бюджет қаржысымен Қамыстыбас балық питомнигі үстіміздегі жылы бір жаздық 12,8 млн. дана ақ амур, дөңмаңдай, тұқы балықтарының шабақтарын және осы балық түрінің екі жаздық 420 мың данасын өсіріп, Сырдария өзеніне және Арал ауданындағы Лайкөл көліне жіберді.

Гендік қоры жойылып бара жатқан Арал, Түркістан қаязын қалпына келтіру үшін 2009 жылға облыстық бюджеттен 7 млн. теңге бөлініп, қаяз шабақтары қолдан өсіріліп, оның 10 мыңы Сырдария өзені арқылы Кіші Арал теңізіне жіберілді.

Аймақта тауарлы балық шаруашылықтарын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 2010-2020 жылдар аралығында 25 млн. теңге бөлу жоспарлануда. Балық шаруашылығымен айналысатын тұлғаларға мемлекет тарапынан бөлінетін жеңілдіктер мен субсидиялар тоған және тауарлы көлдердегі балық шаруашылығының дамуына оң ықпал етері сөзсіз.

Қамыстыбас балық питомнигі мемлекеттік тапсырыс бойынша жыл сайын 15 млн. майда шабақтар өсіріп, көлдер мен теңізге жіберіп отыр. Сонымен бірге «Шаркент ата» бірлестігі Арал теңізінде құрып кеткен қаяз балығын өсіруді қолға алды. Бағалы өнімді өсіруге облыстық бюджеттен 7 млн. теңге бөлінген болатын. Көлдер мен теңіз айдындарындағы балық қорын зерттеумен республикалық ғылыми-зерттеу орталығының аудандық бөлімшесі айналысады. Соңғы жылдары теңіз жағалауындағы Қаратерең, Бөген, басқа да іргелі балықшы ауылдарының әлеуметтік жағдайы көтеріліп келеді. Мұның бәрі Елбасының тікелей қамқорлығымен жүзеге асырылып жатқан САРАТС жобасының жемісі екені белгілі. Халықаралық жобаның екінші кезеңінің қолға алынуы аралдықтарға зор сенім ұялатады. Облыс әкімі Болатбек Қуандықов аймақтың үш басым бағытының бірі ретінде балық шаруашылығын дамыту мәселесін ұсынып отыр. Бұл мақсатта саланы өркендетудің нақты шаралары белгіленіп, жүзеге асырылуда.

  Жалпы, еліміздегі үлкен инвестициялық жобалардың біздің ауданымыздың аумағынан өтетіні қуантады. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік жолы іргелі істерді күтеді. Қазіргі таңда «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбырының құрылысы жүріп жатса, алдағы уақытта «Бозой-Самсоновка» газ құбырының салынатыны тұрғындардың әлеуметтік жағдайына елеулі ықпал етеді деп отырмыз. Мұнан әрі «Сексеуіл-Жезқазған» темір жолының жобасы да біздің өңірдің әлеуметтік-экономикалық қуатына жаңа серпін беретініне сенімдіміз.

  -Аймақта төрт түлік малдың басы тұрақты өсіп келеді. Бүгінгі деректерге сүйенсек, 150 мыңға тарта қой, 16 мыңнан астам жылқы және 19 мыңға тарта түйе өсірілуде. Бұл түліктің барлығы дерлік жекенің қолында болғанына қарамастан өңірде саланы дамытуға тұрақты көңіл бөліп келеміз. Мал тұқымын асылдандыру жұмыстары «Құланды» және «Қарақұм» серіктестіктерінде қолға алынып, өнімдерін өңдеу шаралары жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсатуға кәсіпкерлік нысандары белсене араласа бастады. Соның нәтижесінде қымыз, сүт, жүн өңдеу цехтары жұмыс істейді. Жалпы, аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік саласы жыл басынан бері 526 млн. теңгенің өнімін шығарып, жергілікті бюджетке 114 млн. теңге қаржы құйды. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда, 12,5 пайызға артық.

Облыс әкімі Болатбек Қуандықов Арал өңіріне сапар барысында Кіші Арал теңізінің Көкарал бөгетінде Қамыстыбас балық өсіру питомнигінің 45 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға қатысты. Аймақ басшысы мен мереке меймандарына аудан әкімі Нәжмадин Мұсабаев балық шаруашылығы өндірісінің көрмесін таныстырды. Көрмеге байырғы балықшылар пайдаланған құрал-жабдықтар қойылыпты.

Мерекелік шара театрландырылған «Көк теңіз» атты қойылымнан бастау алды. Салтанатты шарада сөз алған аймақ басшысы Болатбек Қуандықов ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отырған биылғы балықшылар қауымының төл мерекесімен және Қамыстыбас балық өсіру питомнигінің 45 жылдығымен өңіріміздің құттықтап, халық шаруашылығының маңызды саласы болып табылатын балық шаруашылығын дамытуға үлес қосып жүрген еңбек ардагерлеріне «Құрмет» грамотасы мен алғыс хаттар табыс етті.

Балық шаруашылығының ардагерлерімен, маман балықшылармен жүздесуге облыс әкімі САРАТС жобасының маңызы, Қосжар және Тастақ елді мекендеріне орналасқан Қамыстыбас балық өсіру питомнигіне мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлудің нәтижесінде биылғы жылы Кіші аралға 15 млн дана балық шабақтары жіберілгенін атап өтті. Мұның бәрі Елбасы мен Мемлекет тарапынан ел игілігі үшін атқарылып жатқан шаралар екеніне тоқталған аймақ басшысы ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне аралдықтардың еселі еңбекпен жеткен тартуы екенін де жеткізді.

Бұл шараның негізгі мақсаты - тәуелсіздігіміздің 20 жылы көлемінде Елбасының тікелей қолдауымен өмірге қайта келген Кіші арал теңізінің бүгінгі жай-күйімен танысу және аймағымыздағы балық шаруашылығының өркендеп келе жатқанын көрсету. Мәселен, 2005-2006 жылдары балықтың 3-4 түрі ғана болса, нақты кезеңде теңіздегі балықтардың түрі 26-27-ге жетті.

Бүгінде «Арал-Сырдария» балық инспекциясының материалдық-техникалық жағдайы да жақсарған. Мұнда қазір 800-ге тарта кіші қайықтар, бұған қоса, балық қорын қорғауға арналған 3 жүзу кемесі бар. Облыс басшысы мен мереке қонақтары балық қорын қорғауға арналған жүзу кемесінің теңізде жүзу ресми рәсіміне қатысып, ашық теңіз үстінде БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

- Міне, біз бүгін Елбасының ерекше назарында жүретін Арал теңізінің бойында балықшылардың төл мерекесі мен Қамыстыбас балық өсіру питомнигінің 45 жылдығы мерекесін қатар атап өтіп жатырмыз. Жақында «Сырдария арнасын реттеу және Солтүстік арал теңізін сақтап қалу» жобасы екінші кезеңінің техника экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптауға ұсынылды. Ол Үкіметпен мемлекеттік органдарға тиісті талқылаудан өтуде. Мұнда САРАТС жобасының екінші кезеңінде атқарылуға тиісті жұмыстарға өз тарапымыздан ұсыныстар қосылды. Біз Көкарал тоспасындағы қорғаныс бөгетін тағы да 6-7 метр биікке көтеру мәселесін көтердік. Егер ол Үкіметтен қолдау тауып жатса, осы күні өлі теңізге кетіп жатқан мол сумен Солтүстік Аралды толтырып, оны Арал қаласына дейін жеткізу мүмкіндігіне ие боламыз. Бізге қазіргі таңда екі деңгейлі емес, бір деңгейлі теңіз керек. Бүгінгі таңда балықшылар 3-4 тонна балықты аулайтын болса, келешекте оның көлемін 15 тоннаға дейін жеткіземіз. Әрине, ол Үкімет тарапынан қолдау табуы тиіс. Балық шаруашылығына қолдау көрсету - бұл елдің әлеуметтік жағдайының жақсаруына үлес қосады, - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар облыс әкімі сөз арасында балықшылар мерекесін жыл сайын тұрақты түрде облыс және аудан әкімшілігінің қолдауымен кең көлемде семинар немесе форум түрінде атап өтуді ұсынды. Мұны мерекеге жиналған өңірдің балықшылар қауымы қуана құптады.

- Болашақта балықшылар мерекесін Арал қаласының портында атап өтуге жазсын, - деп қорытындылады сөзін облыс басшысы.

Соңғы 4-5 жылдың бедерінде Кіші Арал теңізі аумағы 300 мыңнан 360 мың гектарға ұлғайды. Көлдер жүйесі суға толып, кезінде балық аулау кәсібін сырттан іздеп кеткен балықшылар туған өлкеге қайта орала бастады. Нақты кезеңде облыстық балық шаруашылығын 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы әзірленуде.

Облыс әкімі Б.Қуандықов Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мен ауыл шаруашылығы саласының мамандары және ғалымдарының қатысуымен өткізілген мал шаруашылығын дамыту жөнінде семинар-кеңеске қатысты. Аймақ басшысы семинардың негізгі мақсаты - Елбасымыздың дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауынан туындайтын міндеттерді бірлесе жүзеге асыру жолдарын пысықтау, мал шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылау және тәжірибе алмасу екенін атап өтті.

Облыс әкіміне елді мекенді электр қуатымен қамтамасыз ететін желмен электр қуатын өндіру және ауызсу тұщыту қондырғыларының жұмысы таныстырылды. Аудан орталығынан 175 шақырым қашықтықтағы бұл елді мекенде қазіргі күні барлығы 21 отбасы, 120 тұрғын тұрады. Ажарлықтардың негізгі кәсібі - мал шаруашылығы. Ауылдағы ағайын осы күнге дейін электр қуатының жоқтығынан қиналған. Қазалы ауданының Ажар елді мекенінде желді электр стансасын орнатуға өткен жылы облыстық бюджеттен 35,4 млн теңге қаржы қаралып, ашық байқау өткізілді. Нәтижесінде тендер жеңімпазы болып табылған «Дарын-Ж» ЖШС көп ұзамай жұмысқа кірісіп кетті. Ажар ауылында дәстүрлі емес қуат көзінің баламасы - желден қуат алатын аккумуляторлы-дизельді электрлі қондырғы жобасының құрылысын «Дарын-Ж» серіктестігінің құрылысшылары 2010 жылы бастады.

Облыс әкімі Болатбек Қуандықов желді электр стансасының ашылу салтанатына қатысып, аймағымызда ауылдық елді мекендерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асып жатқанын, биылғы жылдың өзінде республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге қаржы бөлініп, барлық аудандарға қосымша трансформаторлық кешенді стансалар қойылып, ескіріп-тозған электр желілері осы заманғы электр желілерін ауыстыру жұмыстары биылдан басталғалы тұрғанын, жалпы, облысымыздың энергетика саласы мұнан кейінгі уақытта да қайта жаңғыртыла беретінін жеткізді.

Облыс бойынша «Жол картасы» бағдарламасы аясында Ажар елді мекенін сумен жабдықтау жүйелерін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 17 млн 444 мың теңге қаржы қаралды. Осы қаржыны игеру мақсатында мемлекеттік сатып алу байқауы облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында өткізілді. Байқау жеңімпазы болып танылған «Ресмо» ЖШС мен 16,7 млн теңгеге келісім- шарт жасалып, аталған нысанның бір насос стансасы салынды. Сонымен бірге электр желілері жүргізіліп, дизельді электр стансасы орнатылды. Жерастынан шығып жатқан қайнар бұлақтың аумағы темір-бетон плиталарымен қоршалып, оған қақпа салынды. Бұған қоса, бір дана ЭЦВ - 6 насосы алынып, оның жанына Орал қаласынан әкелінген «Швей» су тұщыту қондырғысы орнатылды. Бұған дейін жерастынан шығатын ащы суды тұщытатын «Омега» қондырғысы тұрғындарға қызмет етіп келген еді. Қазіргі кезде электр жарығына, сапалы ауызсуға қол жеткізген ауыл тұрғындары жұмыс сапарымен арнайы келген аймақ басшысына алғыстарын жеткізді.

«Қамыстыбас» балық питомнигі т.б. жатады. Ауданда 1995 жылға дейін 25 ұжымшар, 16 балық зауыты, балық қабылдайтын 75 пункт, механикаландырылған 4 машина ст-сы болған. Жылына 500 т балық ауланып отырған. Еділ жағалауы өңіріне қуаңшылық пен аштық жылдарында (1930 – 40) Арал өңірінен 14 вагон балық жөнелтілген. Арал т. суының тартылуы және еліміздің нарық экономикасына өтуіне байланысты ауданның ауыл шаруашылық біршама өзгерістерге ұшырады. Қазір аудандағы а. ш-на пайдаланылатын жердің аум. 12,93 мың км2, оның ішінде ерекше қорғалатын жердің аум. 167,9 км2 (Барсакелмес қорығы), орман қорының аум. 6,37 мың км2, су қоры 22,3 мың км2, мемлекет жер қоры 10,86 мың км2. Ауданда 2001 жылдың басында а. ш-нда 101 агроқұрылым болды.

«Қамыстыбас балык питомнигі» РМҚК-на қарайтын екі елді мекеннің халқының келешегін ойлаған сол кездегі мекеме басшысы Ә.Әйімбетовтің сауатты ұйымдастыруының арқасында питомник теңізден екі орын алынды. Өзі үшін заңға қайшы алған жоқ. Халықтың игілігі үшін, жұмыстан бос ауыл жастары балық аулау үшін алынды. Жалпы келісімшарттағы міндеттемелері орындалмаса мемлекет ол екі орынды қайтып алатыны белгілі.

Сонымен қатар Арал ауданында Қамыстыбас балық питомнигінде болып, балықшылар арасында елімізде балық шаруашылығын тиімді дамытудың жолдарын сөз етті. М. Әбенов қазіргі таңда Парламент Мәжілісінің қабырғасында еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатқандығын айта келіп, жергілікті балықшылар тарапынан айтылған ұсыныстар мен талаптар жаңа заң жобасына енгізуді ұсынатынын жеткізді. Балық шаруашылығына қатысты қабылданатын заңнан қарапайым балықшы мен мемлекеттің мүддесі қатар көрініс табуы керектігіне тоқталды.

Айта кету керек, Қамыстыбас балық питомнигі 1966 жылы құрылған. Қазір мұнда 15 млн. майда шабақтар өсірілуде, бұл көрсеткіш 2000 жылмен салыстырғанда 5 есеге артық. Соңғы жылдары бекіре тұқымдас балық өсіру қолға алынып, жылына су айдындарына 30-50 мың бекіренің майда шабағы жіберіледі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Сырдария өзеніне 15 млн. балық түрлерін жіберуді жоспарлап отыр

 

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігі  балық ресурстарын қайта өндіру және сақтау мақсатында "Қамыстыбас балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан Сырдария өзеніне балықтардың құнды түрлерін жіберді.

 

Суға 25-30 гр. салмақпен 380 мың биылғы шабақтар және өсімдік қоректі түрлері түсірілді, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметінен.

 

Мұндай іс-шаралар ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап өткізілуде. Жалпы, "Қамыстыбас балық питомнигі" РМҚК табиғи ортаға 14,8 биылғы шабақтар, 400 мың екі жылдық тұқы және балықтардың өсімдік қөректі түрлерін жіберуді жоспарлап отыр.

 

Жыл сайын республика бойынша «Балық ресурстарын қайта өндіру»    бюджеттік бағдарлама шеңберінде ҚР АШМ Балық шаруашылығы Комитетінің кәсіпорындарымен су қоймаларын балықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

2011 жылы аталған бюджеттік бағдарлама шеңберінде ҚР АШМ Балық шаруашылығы Комитетінің кәсіпорындарымен 160 млн-ға жуық дананы құрайтын балық шабақтарының жіберілуі жоспарланып отыр.

 

Кіші Аралда Көкарал бөгетінің құрылысына байланысты су ағынының ұлғаюынан су қоймасының минералдану деңгейінің төмендегенін айтып кеткен жөн.  Сырдария өзенінің су өткізу қабілетінің ұлғаюы аймақта балық шаруашылығының дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерді ашатын 20-30 мың га. аумақтағы бірқатар көлдердің қалпына қайта келуіне ықпал етті.

Информация о работе Қамыстыбас питомнигі өндірісі