Анатомияны тірі адамда оқу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:00, реферат

Описание

Қазіргі медицина дамуы кезеңінде антомия жүйелік,топографиялық, пластикалық,жас шамалық,салыстырмалы және функционалды болып бөлінеді.Бұл атлас медицина саласындағы студенттерге жүйелі адам анатомиясын,яғни организмнін құрылысын жүйе бойынша (сүйек,бұлшықет,қан,тамыр т.б)үйрену үшін оқу құралы болып табылады.Осыған орай адам құрылысын,олардың атқаратын қызметтері бірге қарастырылады.Адам организмінің мүшелері мен жүйелерінең құрыысы мен қызметтерін білу,наукас адамның организміндегі өзгерістерді терең түсінуге,денсаулық үшін күресуге негіз болып табылады

Содержание

Анатомияны тірі адамда оқу әдістері.
Антропометрия.
Дененің құрылысы
Сүйектердін құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторларының әсері.
5) Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

Анатомия сико номер 1.doc

— 100.00 Кб (Скачать документ)

               Жоспары:

 

    1. Анатомияны тірі адамда оқу әдістері.
    2. Антропометрия.
    3. Дененің құрылысы
    4. Сүйектердін құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторларының әсері.

     5) Қорытынды.                      

 

 

 

 

 Кіріспе

 

Қазіргі медицина дамуы кезеңінде антомия жүйелік,топографиялық, пластикалық,жас шамалық,салыстырмалы және функционалды болып бөлінеді.Бұл атлас медицина саласындағы студенттерге жүйелі адам анатомиясын,яғни организмнін құрылысын жүйе бойынша (сүйек,бұлшықет,қан,тамыр т.б)үйрену үшін оқу құралы болып табылады.Осыған орай адам құрылысын,олардың атқаратын қызметтері бірге қарастырылады.Адам организмінің

мүшелері мен жүйелерінең құрыысы мен қызметтерін білу,наукас адамның организміндегі өзгерістерді терең түсінуге,денсаулық үшін күресуге негіз болып табылады.Қалыпты адам организмін зрттейттетін жүйелі анатомияны соныменбірге қалыпты анатомия деп атауга болады.

Мүшенің немесе тіннің белгілі  аурумен зақымданғандағы құрылысын қарастырытын анатомия-патологиялық анатомия деп атаған.

Осыған байланысты адамның  мүшелері мен жүйелерінің

осындай құрылысын,организмнін  оптимальді өмір сүруі

толық қалыптастырылған құрылысы қалыпты деп санауға

болады.Осы кездеңдердде мөлшер көрсеткіштері(салмақ,

пішін,өлшемдер,және ағзалар  құрылысы)әрқашан нақты

бір шекарада,яғни максималдыдан  минималды мөлшерге дейнгі аралықта болады.Бул организмнін жеке құрылысына

оған сыртқы және тұқымқуалау  әсерлеріне байланысты.

Бұл мүше құрылысына қалыпты  деп жиі көрінетін ауытқу

түріндегі вариациялар  туралы айтылады.Қалыпты жағдайдан

айқын туа біткен ауытқу,бірақ  атқаратын қызметінің бұзылуына әкелмейтін ауытқу аномалия деп аталады.Қазіргі кездегі анатомияда адам денесі құрылысын зерттеудін түрлі әдістері бар.Зерттеу әдісін таңдап алу зерттеу мақсатына байланысты.Ең ескі,бірақ әліде маңызын жоғалтпаған,ғылымға ат берген (грекше anatemno-кесу,бұтарлау),препараттау.Бул әдіс ірі түзілістердің сыртқы құрылысы мен топографиясын зерттеуде қолданылады. 20-30есе үлкейткенде көрінетін обьектілерді макро және микропрепараттағаннан кейін сипаттап жазуға болады.Бул әдістін бірнеше түрлері бар:түсіп келе жатқан тамшы астында,су қабаты астында препараттау.Оны түрлі қышқылдармен дәнекер тканьдікопсытумен,зерттелетінқұрылымдардың(нервтердін,бездерд-ін) таңдап бояулармен түтікті жүйелерді (қан тамырлары,өзектерді)боялған массалармен толтырумен (иньекциялаумен)толықтыруға болады.Иньекция әдісі,егер иньекциялык масса рентген сәулелерін тұтатын болса,рентген-графиямен,егер арнайы өңдеуден кейін обьект мөлдірленіп,ал иньекцияланған тамырлар мен өзектер контрастанып,лайланатын болса,жарықтандырумен ұштастыра қолданылады.Кейіннен тканьдерді қышқылдарда еріте отырып,тамыр,өзек,қуыстарды иньекциялау (коррозиялық әдіс)кеңінен қолданылады.Бұның нәтежесінде мүшенің (тамыр,нерв және т.б)баска анатомиялык түзілістерге қатысты орналасуына тоңазытып қатырылған дененің арамен кесілген жерінен зерттейді.Осы аралап кесу әдісін бірінші рет қолданған Н.И. Пирогов.Егер қалындыгы микрометрлермен өлшенетіндей кесінді даярлап,оны гистологиялық бояулармен толықтыруга болады.Бул әдіс гистотопография деп аталады.Бірқатар анатомиялық міндеттерді шешу үшін гистологиялык және гистохимиялык әдістер қолданылады.Бул жағдайда зерттеу обьектісі жарык микроскопынан көрінеді. Жұқалығы соншалық,жарық микроскопынан көрінбейтін құрылымдарды көруге мүмкіндік беретін электрондык микроскопия анатомияга кеңінен енгізілуде.Аз және көп үлкейткенде де зерттеу обьектісінің көлемдік кескінін беретіндей скаанирлеуші (обьектіні толык біртіндеп бөлшектеп көрсететін) электрондық микроскопия әдісің болашагы зор. Бул аталған әдістердің барлығы өлікпен,өлген адамның денесімен жұмыс істегенде қолданылады.Алайда П.Ф.Лесгафт-айтуынша «анатомияны зерттегенде негізгі обьект әруақытта тірі организм болуы тиіс,ал өлі препарат тірі организмді тексергендегі деректерге қосымша болуы керек».Қазіргі кездегі техника тірі адам денесінің құрылымын терең зерттеуге әлі де болсада мүмкіндік бермейді,өлікті зерттеу анатомияда жетекші бағыт болып қалып отыр.Сонымен қатар өлікті де,тірі адамды да зерттеу үшін қолданылатын әдістер (рентгенография)және эндоскопия (арнаулы приборлардың,мысалы,гастроскоптың,бронхоскоптың және т.б. көмегімен ішкі мүшелерді зерттеу).Бул әдістерді диагнозды дәлдеп нақтылау қажет болғанда ғана қолдануға болады.Рентгенологиялык зерттеудің ең жаңа әдістері мыналар:

1.Жұмсақ тканьдердің(терінің,терасты клетчаткасының,сіңірлердің,шеміршектердің,паренхимиялық мүшелердің және т.б.)рентгендік кескіндерін алуға мүмкіндік беретін электрорентгенография. Бул кескіндер әдеттегі рентгенограммаларға айқындалмайды,өйткені рентген сәулелерін ұстамайды.

2.Томография әдісінің көмегімен белгілі жазықтықта жатқан,рентген сәулелерін ұстайтын кескіндерді алуға болады болады.

3.Компьютерлік томография әдісі көптеген томографиялык кескіндерден жинақталған кескінді телефизор экрандарында көруге мүмкіндік береді.

4.Рентгеноденсиметрия-сүиектердегі минерал тұздардың мөлшерін органзим тірі жағдайында анықтауга мүмкіндік береді.Анатомиянын көптеген мәселері жануарларға экспримент жасау арқылы шешіледі.Мұндай эксприменттер жекеленген мүшелердіғң де сондай-ақ тұтас организмнің де құрылысы мен қызметін танып білуде қолқабыс тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Антропометрия — адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Антропометрия тәсілінің негізін алғаш француз антропологтары (19 ғ.) қалаған. Антропометрия өлшеу балдық бағалар арқылы жүргізіледі. Этник. антропологияда тірі адамның бас, бет, дене салмағы, бойы т.б. түрлі өлшемдер бойынша анықталады. Сонымен қатар бассүйек, қаңқа сүйектерге, көз, шаш, тері түстеріне де өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Сөйтіп, А-лық материалдарға жан-жақты статистик. сипаттамалар беріледі. А-ның қолдану салалары өте көп: адамға киім тігу, аяқ киімдерін, өндіріс станоктарын, жиһаздардың түрлерін т.б. адам денесіне ыңғайлы етіп жасау кезінде антропометриялық деректер ескеріледі. Криминалистикада антропометриялық деректер қылмысты адамды тануда кең пайдаланылады.

 

 

Еркек тұлғаның антропометриялық мiнездемелерi.

 

 

 

 

 

 

Денесінін сырткы кұрылысына белгілі бір ішкі кұрылысы сәйкес келеді .Осындай корреляцияның аркасында дененің сырткы құрылысына карап ішкі құрылысының ерекшеліктерін елестетуге болады.Дәл диагноз кою үшін сол накты адамнын дене кұрылыс типін ескеру манызды.Дене кұрылыстын үш типін бөліп көрсетеді.

 

1.Долихоморфты –биік немесе ортадан биіктеу бойлы,тұлғасы

біршама қысқалау,көкірек  шенбері тарлауі орта немесе қушық

иыкты,аяқтары ұзын,жамбасының көлбеу бұрышы кішкене.

 

2.Брахиморфты-орта немесе ортадан аласалау бойлы,тұлғасы

біршама ұзындау,көкірек  шенбері үлкен,біршама кең 

иықты,аяқтары қысқа,жамбасының көлбеу бұрышы үлкен.

 

3.Мезоморфты аномалиялар. Адам организмі қалыптасу процесінде өзін қоршаған ортаға бейімделді. Соның нәтежесінде организм мен сыртқы дүниенің нақтылы жағдайлары арасында белгілі бір тепе-теңдік орнады.

Адам еңбек үрдісінің  қол,аяқ,саусақ,бақай және т.б.осы  сияқты өзінің табиғи құралдарын іс-қимылға  қосады.Енбек құралдарын жасау арқылы ол дененің табиги мүшелерінің құрылысын өзгерте отырып,олардың толықтыра.ұзартатын жаңа жасанды құралдар алады және адамның өзі «сонымен бір мезгілде өз табигатын өзгертеді»Демек ,енбек үрдістері тұтастай адам денсінеісүйек жүйесін қоса оның қозғалыс аппаратына едәуір әсерін тигізді.Қаңқага булшыкеттрдің жұмысы күшті әсер етеді. Сіңірлердін бекитін жерлерінде бұдырлар(төмпешік,өсінді,бұдыр),ал булшыкет будаларының бекіген жерлерінде тегіс немесе ойыс беттер(шұңқырлар) түзіледі.Бұлшықет неғұрлым дамыса,олардың бекіген жерлері сүйекке соғұрлым айкын білінеді. Міне ,сондықтан бұлшықеттің бекуімен байланысты сүйек бедері балага караганда ересек адамда,әйелге қарағанда еркек адамда күштірек байкалады.Бұлшықеттің ден жаттыгулары мен кәсібеи жұмыс кезіндегідей ұзақ және жүйелі жиырылуы біртіндеп нерв жүйесінің рефлекстік мехнизмі арқылы сүйектегі зат алмасуын өзгертеді,соның салдарынан сүйек затының жұмыстық гипертрофиясы деп аталатын ұлғаюы байкалады. Бұл сүйектердің үлкен-кішілігі,пішіні және құрылысының өзгеруіне себеп болады,оны тірі адамдардан рентген арқылы оңай анықтауга болады.Дене шынықтырумен айналасытындардың қаңқасы онымен шұғылданбайтындарға қарағанда қаңқасы едәуір дамыган. Дене бітімі мықтылау балаларда дене бітімі әлсіздеу балаларға карағанда канка жүйесі әлдекайда жаксы жетіледі.Тиімді дене жаттыгулары,қимылдары арқасында баланың қанқасы,кеуде торына қоса барлық бөлімдрі жақсы дамып,мұның өзі олардың ішінде жайғасқан өмірлік маңызды ағзалардың (жүрек,өкпе)дамуына қолайлы әсер етеді.Демек,қанқанын дамуы туралы дерктер мектеп гигенасы үшін маңызды.Дене кимылы әсерімен сүйектрдін өзгеруі функционалдык жагдайлардың нәтижесі болып табылады.Бұган мынадай дәлдеп келтіруге болады.Егер симметриялы аяк-колдарга бірдей қалындайды.Егер оң немесе сол қолға оң немесе солаяққа көбірек жүк түссе,онда ауырлык көбірек түскен аяк не кол көбірек жуандайды.Демек,сүиек затының дамуы дәрежесінде туа біткен факторлар (оңқаилык,солакаилык) гана емес,сонымен бірге туганнан кейінгі адамның бүкіл өмір бойы дене енбегінін сипаты да шешуші рөл атқарады.Бұл зандылык физикалык жаттыгулар аркылы сүйектердің өсуіне бағдарлы әсер ете отырып,адам денесінің үйлесімді дамуына көмегін тигізді.Сүйектердін практиалык әсері де осныда жатыр.Сүйектердің закымдануларынан бітіп жазылуына көмектестін емдік дене шыныктыру да осы заңдылыкка негізделген. Сүйектің форма түзілудегі функциянын рөлінін жаркын мысалына сыныктан кейінгі патологиялық буынның түзілуіне жатады.Сүйек сынықтарының бітіспеуі жағдайында олардың ұштары ұзак уакыт бір-біріне үйкелуі нәтижесінде бұлшықеттердің жиырылуы әсерімен тегіс буын беттрі пішіндеріне ие болып бұрынғы сынған жерде жалған буын кұрады.Немесе баска бір мысал. Егер асык жіліктін бөлігін баска,токпан немесе ортан жіліктің орнына қондырсақ,онда ауыстырылып кондырылган сүиек бөлігі біртіндеп  сол кондырылган сүйектін құрылысына ие болады.Ауыстырылып кондырылган бөліктін архитектоникасы трансплантатка койылатын жана функциялык талаптарга сәикес каита кұрылады.Қанка жүиесінің дара өзгергіштігі биологиялык та,әлеуметтік те факторларга байланысты.Организм сырткы орта факторларын биологиялык жагынан қабылдап,ол қаңқанын қаита құрылуына әкеледі.Сүйек тінінін каита кұрылуы аркылы өзгеріп отыратын функциялык кажеттілітерге бейімделу кабілеті сүйектердің биологиялык өзгергіштігінін себебі,ал жүктеме сипаты,енбектің ауыр-жеңілдігі адамнын тұрмыс тіршілігін калыпты және баска әлеуметтік себептері болып табылады.Сонымен сүйек дегеніміз өте бір пластикалы мүшелердің бірі ,ол ішкі және сырткы факторлардын әсерімен едәуір өзгерістерге ұшырайды.Бұл өзгерістердің көбісі рентген аркылы айқындалады да сондықтан қанқанын рентгендік көрінісі бірсыпыра денгейде организм тіршілігін бейнелейтін айна тәрізді.Енбек және тұрмыс жағдайларын есепке ала отырып,сүйектердің калыпты курылымын зерттеудің нормадан тысқары күшті манызы бар.Анатомия ғылымынын мұндай бағыты түрлі кәсіби адамдар анатомиясы деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

       

 

 

 

Қорытынды

 

   Адам анатомиясы адам организмінің құрылысын,пішінін,оның қызметтерін және оны қоршаған ортаға байланысты  дамуын зерттейтін    ғылым.                                                                                                                     Қазіргі кездегі анатомияда адам денесі құрылысын зерттеудін түрлі әдістері бар. Сонымен қатар өлікті де,тірі адамды да зерттеу үшін қолданылатын әдістер (рентгенография)және эндоскопия (арнаулы приборлардың,мысалы,гастроскоптың,бронхоскоптың және т.б. көмегімен ішкі мүшелерді зерттеу).Бұл әдістерді диагнозды дәлдеп нақтылау қажет болғанда ғана қолдануға болады.

    Антропометрия — адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі.

Денесінін сырткы кұрылысына белгілі бір ішкі кұрылысы сәйкес келеді .Осындай корреляцияның аркасында  дененің сырткы құрылысына карап  ішкі құрылысының ерекшеліктерін елестетуге болады.Дәл диагноз кою үшін сол  накты адамнын дене кұрылыс типін ескеру манызды.Дене кұрылыстын үш типін бөліп көрсетеді.

Адам еңбек үрдісінің  қол,аяқ,саусақ,бақай және т.б.осы  сияқты өзінің табиғи құралдарын іс-қимылға  қосады.Енбек құралдарын жасау арқылы ол дененің табиги мүшелерінің құрылысын  өзгерте отырып,олардың толықтыра.ұзартатын жаңа жасанды құралдар алады және адамның өзі «сонымен бір мезгілде өз табиғатын өзгертеді»Демек ,енбек үрдістері тұтастай адам денсінеісүйек жүйесін қоса оның қозғалыс аппаратына едәуір әсерін тигізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Пайдаланған әдебиет.

 

 

  1. А.Б.Аубакиров, М.К.Жаналиева. «Адам анатомиясы атлас»
  2. Алшынбай Рақышев. «Адам анотомиясы»
  3. Интернет желісі     google.kz

 

 

 

 


Информация о работе Анатомияны тірі адамда оқу әдістері