Автор работы: t****************@gmail.com, 27 Ноября 2011 в 20:24, реферат
Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қазақстандығы
сирек кездесетін
жануарлар мен
өсімдіктер
Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта
пайда болған әрбір түр өзінші
бірегей және ешқашан қайталанбайды,
сондықтан да оның жойылуы- орны қайта
толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту
қауымдастықтың бүтінділігі мен
табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына
әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде
табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік
мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл
әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде
қаралады.
ҮТҚОРЕКТІЛЕР
1. Жоңғар сальпинготусы 7. Тас сусары
2. Жалман 8. Шұбар күзен
3. Роборовский атжалманы 9. Түркістан сілеусіні
4. Сары алақоржын 10. Қазақстан арқары
5. Қызыл қасқыр 11. Алтай арқары
6.
Сабаншы
ҚҰСТАР
1. Қызғылт бірқазан 18. Жекдуадақ 35. Жұртшы
2. Бұйра бірқазан 19. Тарғақ 36. Ақсұңқар
3. Жалбағай, қалбағай 20. Кіші шалшықшы құс 37. Ителгі
4. Қара дегелек 21. Сүйір тұмсықты шалшықшы құс 38. Лашын
5. Қоқиқаз 22. Қарабас өгіз шағала 39. Тұрымтай
6. Сұңқылдақ аққу 23. Қарамойнақ шағала 40. Үкі
7. Кіші аққу 24. Қарабауыр бұлдырық
8. Қутұмсық қаз 25. Ұбақ, қолаңтөс
9. Қызыл жемсаулы қарашақа 26. Балықшы тұйғын
10. Қара тұрпан 27. Жыланшы қыран, бүркіт
11. Дөңтұмсық тұрпан 28. Бақалтақ қыран
12. Ақбас үйрек 29. Дала қыраны
13. Алтай ұлары 30. Қарақұс
14. Ақ тырна 31. Бүркіт
15. Ақбас тырна 32. Ақиық субүркіт
16. Дуадақ 33. Аққұйрық субүркіт
17.
Безгелдек 34. Сақалтай, қозықұмай
БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР
1. Шұбар батбат кесіртке 4. Шұбар кесіртке
2. Зайсан батбат кесірткесі 5. Жолақты әбжылан
3.
Үлкен көз кесіртке
ҚОС
МЕКЕНДІЛЕР
1.Даната
құрбақасы
БАЛЫҚТАР
1.Таймен
Сирек түр
Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия
Сирек
түр(Вид редкий) - тікелей жойылып
кету қаупі жоқ, бірақ дарактары
немесе популяциясы шектелген аймақта
және мекендеудің ерекше жерлерінде аз
мөлшерде кездесетін түр, сондай-ак ол
тез жойылуы мүмкін. Халықаралық табиғатты
және табиғи қорларды қорғау одағының
(ХТҚО) сирек және жойылатын түрлер бойынша
комиссиясының 2 — категориясы. Сирек
түрді міндетті түрде Қызыл кітапқа енгізеді.
Қазақстан жануарлары
Уикипедиядан
алынған мәлімет, ашық энциклопедия
Қазақстан жерінде
"Қазақстан жануарлары"
Қазақстанның
солтүстігіндегі орманды дала белдемінде
бұлан, елік, ақ қоян, сұр тышқан, су
егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық,
ақ кекілік, көл айдындарын су құстары
– аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ
мекендеген. Еділ өзенінің жағалауынан
Алтай тауы бөктеріне дейінгі астық тұқымдас
шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде
суыр, дала алақоржыны, сүйірбас сұр тышқан,
кәдімгі сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ,
ал құстан – дуадақ, безгелдек, жылқышы,
сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала
құладыны кездеседі. Көктемнен күзге дейін
бұл жерлерде ақ бөкен үйірлері жайылады,
олар қысқа қарай шөлді аймаққа ығысады.
Едәуір
бөлігін Жайық өзенінің аңғарындағы
орман алып жатқан далалық белдемнің
батыс бөлігін бұлан, елік жайлаған,
мұнда еуропалық қара күзен, жұпартышқан,
орман сусары да кездеседі. Бұдан 200
жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын
қалған құндыз қайта пайда бола бастады.
Қосмекенділерден Жайық, т.б. өзендердің
аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседі.
Мұнда бұлдырық, сұр кекілік, тырна, бозторғай
көп. Далалық белдемнің шығысында суыр,
дала тышқаны, дала шақылдағы, ақ қоян,
сілеусін, елік, арқар мекендеген. Өсімдік
жамылғысы әркелкі шөлейт белдемде саршұнақтар
мен қосаяқтың, құм тышқаны мен қоянның
бірнеше түрі кездеседі. Мұнда ақ бөкен
де, сондай-ақ 20 ғ-дың 40 – 50 жылдарында
қарақұйрық та көптеп кездесетін. Бұл
белдемде құстан дуадақ, шіл, қылқұйрық,
бозторғай, т.б. бар. Қыста қар тоқтап, көктемде
қар суы жиналатын Үстірт пен Маңғыстау
жартастарының арасында кездесетін үстірт
арқары жұтаң өсімдіктермен қоректеніп,
ащы суды қанағат етеді. Үстіртте ұзын
инелі кірпі, қарақұйрық, шөл сілеусіні
– қарақал кездеседі.
Сазды
және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан
Қазақстаннан басқа жерде кездеспейтін
ерекше тұқымдас өкілі – жалманды
атап өткен жөн. Ол тек Бетпақдалада,
Балқаш көлінің солтүстік
Зайсан
қазаншұңқырынан оңтүстікке қарай
созылып жатқан тауларда [Сауыр, Тарбағатай,
Жетісу (Жоңғар) Алатауы] марал, елік, арқар,
сібір таутекесі, қоңыр аю, сілеусін, барыс,
ұзынқұйрық саршұнақ мекендейді. Жетісу
(Жоңғар), Іле Алатауы мен Талас Алатауында
көкшіл суырдың орнына қызыл суыр және
өте сирек кездесетін Мензбир суыры жерсіндіріле
бастады. Қазақстанның оңтүстік-шығыс
тауларында жыртқыш құстардан қозықұмай,
тазқара, бүркіт тіршілік етеді.
Кең байтақ Қазақстан жерін мекендеген жабайы жануарлардың тәжірибелік маңызы бар: олардың кейбіреулері (ақ бөкен, марал, жабайы шошқа, ондатр, суыр) ауланады, екінші біреулері – өсімдік пен жануар зиянкестері (саршұнақ, тышқан, т.б.) мал мен адам ауруларын таратады. Кемірушілер жазық және таулы жерлерде оба ауруын, тышқан тәрізді, кемірушілер туляремия, лептоспироз, қуқызба ауруларын таратады. Қансорғыш кенелер аталған аурулардың кең етек алуына себепкер болып, малға бірқатар қан-паразиттік аурулар жұқтырады.
"Ақсу-Жабағлы қорығы"
Жануарлар
түрлерінің қазіргі сипаты бірқатар
жағдайларға байланысты, олардың
аралығында, ең алдымен, жердің аса кең
аумақта игерілуі, осыған орай жер суару,
не керісінше, көптеген жайма су аңғарларын
құрғатып, тех. дақылдар егу нәтижесінде
жер бедерінің өзгеруі сияқты жағдайларды
атап көрсету керек. Мұның нәтижесінде
соңғы 150 – 200 жыл ішінде республика бойынша
керқұлан (Пржевальский жылқысы), қабылан,
тұран жолбарысы, тоғай бұғысы сияқты
түрлері жойылып кетті. Көптеген аса бағалы
аң түрлерінің азайғандығы соншалық, тіпті
оларға жойылу қаупі төнген. Бұлардың
қатарына қарақұйрық, үстірт арқары, арқар,
Мензбир суыры, ортаазия өзен құндызы,
қарақал жатады. Құстардың ішінде дуадақ,
безгелдек, жорға дуадақ, қоқиқаз, орақтұмсық,
жылан жегіш қыран, бүркіт, балықшы, кезқұйрықты
субүркіт саны тым азайып кетті. Олардың
бәрі Қазақстанның “Қызыл кітабына”
енгізілді. Сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл
кітабының” 3-басылымына қорғауға алынған
аңдардың 40 түрі, құстың 56 түрі, бауырымен
жорғалаушылардың 10 түрі, қосмекенділердің
3 түрі, балықтың 16 түрі енгізілді. Қорықтарда
көптеген сирек кездесетін жануар түрлері
мемлекеттік қорғауға алынды (қ. Ақсу-Жабағылы
қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын
қорығы, Наурызым қорығы, Марқакөл қорығы,
Үстірт қорығы). Республикамыздың қазіргі
жануарлар дүниесі алуан түрлі, ал оның
кең байтақ жерінде бұрын да көптеген
жануарлар мекендеген. Мұнда бір кезде
құрып кеткен омыртқалылардың 200-ден астам
түрі, көне дәуірдегі теңіз жайылмасында
тіршілік еткен бауырымен жорғалаушылардың,
балықтардың, омыртқасыз жәндіктердің,
мәселен, ұлулардың бірнеше жүздеген түрі
табылды.
Ерекше
қорғалатынтабиғи аумақтардағы
антропогендік әсерін
тигізу бағасы, сирек
кездесетін жәнежойылу
қаупі бар дала жануарларының
түрлері
БатысҚазақстан облысы аумағында сирек жәнежойылып бара жатырған дала жануарларының53 түрі бар олар: сүтқоректілер - жұпар тышқан, алып көртышқан, ормансусары, европа қара күзені, шұбаркүзен,; құстар - қызғылт бірқазан, сары құтан, кішкене ақ құтан, жалбағай,қарабай, қара дегелек, кәдімгі көкиқаз, сұнқұлдақ аққу, кішкене аққу,қызылжемсаулы қарашақаз,мөрмөр шүрегей, кәдімгі тұрпан, ақбас үйрек, ақ тырна,ақбас тырна, дуадақ, безгелдек, жекдаудақ,тарғақ, аққұйрық тарған, кішішалшықшықылан қарбас шағала, дала қыраны,қарақұс,бүркіт, кезқұйрықты субүркіт,аққұйрықты субүркіт, жұртшы, ақ сұнқар, ителгі,лашын, тұрымтай, үкі; балықтар-еділ майшабағы, каспий албырты, ақ балық, күтім; дөнгелек ауызды - каспийминогасы.
Жануарлардүниесінің табиғи сандары мен әртүрлілігі жойылу қаупі бар және сирек түрлерінің санатына жатқызу адамдардыңшаруашылық қызметтерінің жағымсыз әсерінің қортындысы болып табылады.Жануарлардың санының азайуына көптегенфакторлар әсерін тигізеді. Бұл барлау және пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары,астықты және жер жырту, жануарлар және балық ресустарын алуға шамадан тыс лимитберу, өндіріс қызметерінің зияндышығындарының қоршаған ортаны ластауы, орман және дала өрттері, өсіптұрған қоғалар мен қамыстарды жаппай жоюы, кішкене өзендерді бөгеу, далажануарларының және құстардың көбейуі және өсу кезінде қоректенуі орындарынаадамдардың болуы және тағы басқалар.
Қазіргі
заман уақытында саның көбейту
қоршағанортаға антропогендік әсер
ету, қазіргіуақытта бар ЕҚТА қорғау
және жаңадан резерваттар құру, қаумалдарды
қорыққаауыстыру жұмыстарын ұлғайту
ерекше қатаң болып тұр. Шаруашылық
және басқалайқызметтерге жерді адалау
кезіңде барлықтабиғат қорғау мекемелерімен
ұйымдармен міндетті түрде сарптпмадан
өткізіп келісім беру қажет, біз сол
кезде ғана ата бабаларымыздан қалған
байлықты сақтапқала аламыз.
Информация о работе Қазақстандығы сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер