Қазақтардың мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 19:50, реферат

Описание

Қазақтардың мәдени - этникалық дәстүрлерінен мұра болған рухани саладағы төзімділік қазіргі уақыт пен келешекте азаматтық әлемді сақтаудың берік негізі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы 40 -тан астам конфессия мен деноминация өкілдері, сондай-ақ 130 ұлт пен этникалық топ өкілдері бейбіт және өзара түсіністікте өмір сүре алатындығының бірден бір мысалы.
Қазақстандағы әрбір ұлттың өзінің этноқұрылымдары бар, 22 республикалық және аумақтық ұлттық-мәдени орталықтары құрылған. Әзербайжан, грек, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтары жанында жексенбілік мектептер жұм

Работа состоит из  1 файл

Қазақтардың мәдени.docx

— 14.38 Кб (Скачать документ)

Қазақтардың мәдени - этникалық дәстүрлерінен мұра болған рухани саладағы төзімділік қазіргі уақыт пен келешекте азаматтық әлемді сақтаудың берік негізі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы 40 -тан астам конфессия мен деноминация өкілдері, сондай-ақ 130 ұлт пен этникалық топ өкілдері бейбіт және өзара түсіністікте өмір сүре алатындығының бірден бір мысалы.   
Қазақстандағы әрбір ұлттың өзінің этноқұрылымдары бар, 22 республикалық және аумақтық ұлттық-мәдени орталықтары құрылған. Әзербайжан, грек, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтары жанында жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. 1 наурызда  "Қазақстан халқының Ассамблеясы" (ҚХА) құрылды. 
 
ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақтастықты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстар жасау, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу. Ассамблея мәдени-ағартушылық , атап айтқанда, тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту мен насихаттау; тәрбиелік, яғни қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру; ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады. 
 
Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды ынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктері, Ассамблея Кеңесінің мүшелері тең арақатынас қағидасы бойұсынады. ҚХА-ның төрағасы- ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар ардагерлер кеңесі өкілдерінен, Кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді.  
 
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан барлық мұсылман, православтар, католиктер, протестанттар, иудейлердің дін уағыздау еркіндігін қамтамасыз етті. Діни институттардың елеулі сандық және сапалық дамуы басталды. Бүгінгі күні діни қоғамдастықтар саны 4173, ал 1990 жылы олардың саны небәры 670 болатын.  
 
Діни бірлестіктердің иеліктерінде 3129 табыну құрылымы, олардың ішінде 2229 мұсылман мешіттері, 258 православие және 93 католик шіркеулері, 6 синагога және 500-ден астам протестант шіркеуі мен намаз оқу үйлері бар.  
Құрбан айт пен Рождество Христово сияқты діни мейрамдар Қазақстанда демалыс күндері деп жарияланған.  
 
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астанада 2003, 2006, 2009 жылдары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өтті. Бұл форумдар елдің сыртқы саяси бағдарының дұрыстығын көрсетіп қана қоймай, конфессияаралық ынтымақтастықтың бірегей қазақстандық үлгісінің куәсі болды.  
 
Қазақстанда құрылған мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынастар діндарлардың құқығы мен еркіндігін құрметтеудің демократтық қағидаттарына, қоғамдық және діни мүдделердің теңдігіне, серіктестік пен өзара түсіністікке ұмтылу қатынастарына негізделген.  

Информация о работе Қазақтардың мәдениеті