Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 14:06, реферат
Бағаналы, Бәрібас деген байдың "Шаппайбер" атанған талай сәйгүлікке дес бермеген қара қасқа жорғасы болған.
Бір ұлан-асыр тойда жорғаға көзі түсіп қызыққан, қара қасканы қалап алуға көңілі кеткен хан қарамағындағы Мөңке, Құлтас, Жантас деген билерге "жорғаны сұрап келсеңдерші" десе, олар: "Тамырын басып көріейін", "Мә деп бере қойса, сұрайын", "Баруын барайын, бірақ сараң бай ұстаға салмайды ғой" деп салғырттанса керек. Олардың сыңайын сезген соң:
Бала би туралы әңгіме
Бағаналы, Бәрібас деген байдың "Шаппайбер" атанған талай сәйгүлікке дес бермеген қара қасқа жорғасы болған.
Бір ұлан-асыр тойда жорғаға көзі түсіп қызыққан, қара қасканы қалап алуға көңілі кеткен хан қарамағындағы Мөңке, Құлтас, Жантас деген билерге "жорғаны сұрап келсеңдерші" десе, олар: "Тамырын басып көріейін", "Мә деп бере қойса, сұрайын", "Баруын барайын, бірақ сараң бай ұстаға салмайды ғой" деп салғырттанса керек. Олардың сыңайын сезген соң:
- Қауқары тышқан аулауға ғана келетін баршын тарқан бүркіттей кәрі құлар не тындырар дейсің, - деп, хан бала кезінен сөз сайысына түсіп, талай шешенді мүдірткен, жалынды жас - Бала биді жұмсапты.
Бала би Бәрібастікіне барса, жоғарыда аты аталған үш би байдікінде қонақ болып отыр екен. Он жеті жасар бала жігітке бай:
- Қандай бұйымтайың бар еді, сөйлей отыр? - дегенде Бала би:
- Ханнан сәлем әкелдім,
Бағаналы Бәрібасым.
Қасым Жомарт сияқты,
Даңқың аян болғансын.
Қалауын айтты қармаулы,
Салмағы зіл қорғасын.
Берсін деді ренжімей,
Қара қасқа жорғасын.
Хан да жомарт өзіңдей,
Жанар таудың көзіндей.
Айтқан ғибрат халыққа,
Осы үш бидің сөзіндей,
Жорғаңыз да дүлдүл ғой,
Көздің жауын арбайтын.
Жауға мініп барсаң да,
Ешқандай мін таңбайтын,
Шыныдай мұзға салсаң да,
Тас тұяғы таймайтын,
Құбылып басып ойнайтын.
Қылығына құлындай,
Қарасаң көзің тоймайтын.
Тұғырдан ұшкан тұйғындай,
Деп екпінін ойлайтын.
Қашқан болсаң құтылып,
Қусаң жетпей қоймайтын.
Қарқынынан танбайтын,
Жыл мінсең арып-талмайтын,
Қара қасқа жорғаны,
Сыйладым деп өзің-ақ,
Жөнің бар ханға байлайтын,
- депті.
Сонда үш биді куә қылғандай Бәрібас бай:
- Мына билерге рай бермей отыр едім "Сұрауы келіссе, бермейтін дүние болмайды" деген рас екен. Жарайды. Ханның қалауын алып қайт. "Береген қолым - алаған" деген бар. Оның да бір қымбат-қимасы бар шығар... "Ханым да жомарт дедің ғой", - депті.
Бала би туралы әңгіме
Төрт кісі бірлесіп, бір ақсақ ешкіні семіртіп соймақ болып, кырманға жібереді. Және де сойғанда, кім қай аяғын алатынын алдын ала белгілеп қойса керек. Ешкі бір күні шүберек ораған ақсақ аяғын отқа тигізіп алып бақырып, қырманды айнала жүгіріп содан қырман өртенеді. Өртке кінәлі кім деп іздегенде үш сау аяқтың иесі:
- Отқа жұғысқан да, қырманға өрт қойған да шүберек байлаған ақсақ аяқ, - деп ауру аяқтын иесін айыпты ғып шығарады. Сонда Бименбет би:
- Ешкі бір аяғымен жүрмейді, үш аяғымен жүреді және ауру аяғымен жүрмейді, сау аяқпен жүреді. Ешкіні отқа айдаған да, отты қырманға әкелген де сау аяқтар. Сондықтан өртгін шығауына оның үш сау аяғы кінәлі, - деп ақсақ аяқтын иесін айыптаудан арашалап қалады.
Бала би туралы әңгіме
Досбол мен Бала би бір үйде түстеніп отырса керек. Үй иелері түетікке сүтке күріш бұқтырып, үстіне сары май салып әкеліп қояды. Бала би сонда сары майды өз жағына қарай жақындатуды ойлап:
- Досеке жасымыздан бірге өскен егіз едік. Атам өлді - келмедің, шешем өлді - келмедің, - деп күрішті бетінен өзіне қарай екі жол тартып қояды.
Жолдасының қулығын сезе қойған Досбол:
- Рас-ау, мен сені ұмытайын деп жүр деймісің. Жүргіншілік көп. Ел іші былай ұйқы-тұйқы болған кез ғой, - деп сары май мен күрішті араластырып жіберіпті.
Бала би туралы әңгіме
Жақсы дос қандай болады дегенде Бала би айтыпты:
Екі жақсы дос болса,
Біріне бірі өш болмас,
Бақ қонбайтын жігітке,
Іздегені дес болмас,
Бұлақсыз сай тасқынмен көл болмас,
Жаманның қанша айтқаны ем болмас.
Бала би туралы әңгіме
Бала би қартайған шағында халқын жинап:
Жерден ауыр не?
Судан терең не?
Оттан ыстық не?
Көктен биік не?
- деп төрт сұрақ берген екен. Ешкім шеше алмапты. Сонда Бала би өзі айтқан сұрақтарын өзі былай деп шешіпті:
Жерден ауыр дегенім - ақыл, білім,
Судан терең дегенім - оқу, ғылым,
Оттан ыстық дегенім - фәни, жалған, адамның өмірі,
Көктен биік дегенім - тәкаппардың көңілі.[2]