Биоақпараттану және синергетика технологиясы биология сабағында

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 14:20, статья

Описание

Қазіргі кездегі қоғамдағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламалар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды – машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Биоақпараттану және синергетика.docx

— 286.47 Кб (Скачать документ)

№2 М.П Русаков  атындағы мектеп-интернат

 

 

 

 

«Биоақпараттану және синергетика»білім беру технологиясы биология сабағында

(статья)

 

 

 

                                                  Қарағанды облысы Балқаш қаласы 

                                                       №2 мектеп-интернат 

                                                 биология пәні мұғалімі Абеуова  М.Б

 

 

 

«Биоақпараттану және синергетика»білім беру технологиясы биология сабағында

Қарағанды облысы Балқаш қаласы №2 мектеп-интернат

                       биология пәні мұғалімі Абеуова  М.Б

       Қазіргі кездегі қоғамдағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламалар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды – машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

          Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын негізгі талап – оқытылатын материалдың мазмұны өмірмен байланысты болуы, ғылыми шындықты көрсетуі және сол ғылымның қазіргі заманғы даму дәрежесіне, ал оқыту әдістері – дидактиканың ең жаңа жетістіктері дәрежесіне сәйкес болуы.

         Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінде сапалы білім беруді басқару «БжС» технологиясын қолдану нәтижесі аса жоғары, үздіксіз тұрақты нәтижені алу мүмкіндіктерін көрсетті. Сол себептен де, технологияда оқытуға қажетті әдіс-тәсілдердің барлығы қамтылған. Сапаға ықпал етушінің бірі болып табылатын оқу үрдісінің негізі - өнімділік түсінігі. Ол әрбір оқушының әрбір сабақта қажетті сапаға жетуді меңзейді. БжС технологиясында өнімділік оқушылардың оқу жетістігінің 63% - ға шектелген., ол сабақ тақырыбын меңгеруде 5 ұпайды алуды міндеттейді. Мұндай нәтижеге жету дәстүрлі сабақта мүмкін емес. бұл тек «БжС» технологиясы негізіндегі технологиялық карталарды қолдану арқылы ғана жүзеге асырылады.

       Шын  мәнінде технологиялық карталардың  сипаттамасы мұғалім мен оқушылардың  (мақсатқа жету, ұйымдастыру, бақылау  және реттеу іс-әрекеті) іс-әрекеттерін  суреттей келе технологиялық  жобалау мен құрастыру деңгейінде  білім беру үрдісін елестету  болып табылады. Технологиялық карта оқу іс-әрекетін басқарудың негізі болып табылады.

      Мұғалімнің  сабаққа деген минималды уақытпен  дайындалған, кез келген сабақты  аса жоғары сапамен өткізуге  мүмкіндік беретін барлығы 11 технологиялық  карта құрылған.

Құрметті мұғалімдер, технология – бұл қажетті сапаны қаматамасыз  ететін, іс-әрекет бұйрығы мен жоспарын орындайтын технологиялық регламентпен шектелген, іс-шаралар мен үрдістен тұратын жүйе. Технология 1999 жылдан бастап өңделуде. Осыған орай технологиялық  карта бойынша жұмыс жасау  барысында оқушыларды мұғаліммен бірге  жалпы мақсатқа, нәтижеге жетуге жетелейтіндей  баулуды қажет етеді. Карта бойынша  жұмыс жасау ережесімен оқушыларды таныстыруды, және де пәнді меңгеруде  сабақ барысында олардың ойларын  дамытуға мақсатталғаны жайында  хабардар етуді қажет етеді. Мысалы: барлық сабақ барысында балалар  жасайтын шапалақ олардың зейіндерін арттыруға қызымет етеді.

     Барлық сабақ барысында балалар сабақта берілгендердің түсінбеген жерлерін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ СҰРАУЫ және орындалған тапсырмаларды талдағанда мұғалімге өз қателерін нақты түрде көрсетіп анықтап беруі тиіс. Әрбір кезең соңында мұғалім балаларға материалдарды меңгеру пайызын хабарлап, материалды меңгеру сапасының өсімін айтып қызықтырып және мадақтап отыруы тиіс. Міндетті түрде барлық сынып ұжымдарының жетістіктерін айқындап және сынып көшбасшысына көңіл аударуы тиіс..

      Мақсаты: өткен тақырып бойынша 63% -ға жеткен оқушылардың білім мен білілгін сөйлеу арқылы нақты бекіту. Балаларды бірыңғай ақпараттық кеңістік – ұжымдық парасаттылыққа кіріктіру. Сабақта, «оқы да - тоқы» ұстанымын жүзеге асыра отырып, оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталану. Міндеті: технологиялық карталардың регламентінің орындалуы.

 Күтілетін нәтиже: алға қойылған мақсатқа жету.

Осы технология бойынша биыл екінші жыл біздің мектеп те де эксперимент  жүріп жатқандықтан өз тәжірибемді  ортаға салайын ,технологияның тиімді жақтары туралы ой бөлісейін деп  отырмын.

Биология сабағы ауызша сабақ  болғандықтан

ІЗГІЛІКТІ БАҒЫТТАҒЫ БАЗАЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАЛАР СЕРИЯСЫ  «АУЫЗША САБАҚТАР»КАРТАЛАРЫН пайдаланған тиімді деп ойлаймын.

        Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілілгін дамыту. Сәттілікке жеткен тұлға көрсеткіші сияқты, пәнді сапалы түрде меңгеруге ынталану және қызығушылық таныту. Міндеті: технологиялық картаның регламаентін орындау.

«АУЫЗША САБАҚ-1»  КАРТАСЫНЫҢ СЫЗБАСЫ

1 тип Жаңа материалды  оқып және оны бекіту бойынша  сабақ келесі қисынмен жүзеге  асады: мотивация > оқушының  субъекті тәжірибесін өзектендіру  > қабылдауды ұйымдастыру > ұғынуды  ұйымдастыру > түсінуді біріншілік тексеру > біріншілік бектуді ұйымдастыру > талдау > түйсіну. 1  Ұйымдастыру кезеңі мотивация  Үй жұмысы тексерілмейді – бұл жаңа тақырып. Өткен тақырып аяқталған және түйсінуді талап етпейді. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты жылдық жоспар бойынша көрсетіледі. Мен тақырыптарды оқу барысында уақытты үнемдеуге және «Ауызша сабақ-1» картасында ойнау мүмкіндіктеріне мәлімет беремін.  Карта бойынша жұмыс жасау ретін түсіндіріп, бағыт беріп отырамын.Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. ООМ бойынша жұмыс.

2 Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру  Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі-қарсылы сұрақ қою. ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі .Біріншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

3  Қабылдауды ұйымдастыру. 2 сөзден тұратын түсінік екі сөз ретінде саналады. Жады бойынша рұқсат: бір сөз шегеріледі  Сабақ басталмас бұрын мұғалім тақтаға оқытылатын тақырып бойынша 7, 14, немесе 21 кілтті сөздерді жазады. 7 сөз бастапқы кезең. 14 сөз егер сынып 7 сөзді жеңіл естерінде сақтаса. 21 сөз егер сынып 14 сөзді меңгерсе. Тақырып ішінде  сөздердің мағынасын түсіндіремін. кілтті сөздер жабылады. Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс. Берілген уақыт аяқталысымен сөздерді жасырып қояды және оқушылар сол кеткен уақыт аралығындағыдай уақыт ішінде естеріне сөздерді түсіруі тиіс. Сұрақ-жауап жүргіземін, нормаға сай есте ақлған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына қосу белгісі қойып отырамын  Екіншілік белгілеу. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз – 30 сек. 14 сөз-1 мин-15 сек. 21 сөз – 2 мин-30 сек.

4  Ұғынуды ұйымдастыру  Оқушылар оқулықтың бір бет парағындағы мәтінді 3 минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алатыны жайында ескертуі тиіс.  1-2 сынып: 5 минут бір бет мәтінге; 3-4 және 7-11 сыныптар: 4 мәтіннің бір бетіне 4 минут; 5-6 сынып: мәтін бетіне 3 минут.

5  Түсінудің біріншілік тексеруі  Қарама-қарсы сұрақ қою. Мұғалім ООМ бойынша оқушыларды ретсіз түрде сабақтың тақырыбына байланысты кілттік сөздерді қоса сұрайды.  Үшіншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

6  Біріншілік бекітуді ұйымдастыру  Қарама-қарсы сұрақ қою. Мұғалім тақырыпқа сай ретсіз оқушыларды ООМ арқылы сұрайды. Сұрақтар меңгеру сапасын тексеруге арналған тұрғыда болғаны абзал. «Иа» немесе «Жоқ» деген жауап беретін сұрақтар болмауы тиіс.  Төртінші белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

7  Талдау Уақыт 5 минут  Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. шығарма түрінде жазуға рұхсат беріледі. Көмекші сөз және жалғау сөз болып саналмайды. ТСҚ нормативі төменде келтірілген.  Бесінші белгілеу барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

8  Түйсіну  1. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады.

9  Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады: - 4- 5 белгі – 5 ұпай. - 3 белгі – 4 ұпай. -2 белгі – 3 ұпай. -1 белгі – 2 ұпай.  Сапа нормативі: оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс. 3 кестені қара. 10 Үй тапсырмасы 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады. 

  «АУЫЗША САБАҚ-2» ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

Мақсаты: Оқу материалының оқушылар 63% өз бетінше шығармашыл-ізденіс жұмысы арқылы меңгеру. Баланың өз еңбегң нәтижесінде тұрақты оң мотивация мен түйсіну тудыру. Оқу техникасының көлемін, сапасын және шапшаңдығын арттыру. ойлау шапшаңдығын, жады мен зейінді дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру. Міндеті: Технологиялық картаның регламентін орындау. Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.

 Оқушылардың субъекті  тәжірибесін өзектендіру. «Ауз  саб-1» картасының ережесі бойынша  7, 14 немесе 21 сөз санын таңдау  Сабақ басында жаңа тақырыпқа кірспе түсініктеме беріп өтемін. Оқушыларды термин сздер мен түсініктермен таныстырамын. Оқушылар мәтінді бір бет параққа 3 минуттық есеппен көңіл аударып оқып, оның ішінен тірек сөздерді табуы тиіс. оқушылар мұғалімнің рухсатымен тапқан тірек сөздерін айтады. Мұғалім ООМ белгілейді. Тіпті оқушы бір-ақ сөз тапса да, ол да бір белгілеу алады. Мұғалім барлық оқушылардың тірек сөзді табуына белсенділік танытады. Мұғалім тірек сөздер эталонын сабаққа дейін тағайындап қояды.  1-2 сынып: 5 минут бір бет мәтінге; 3-4 және 7-11 сыныптар: 4 мәтіннің бір бетіне 4 минут; 5-6 сынып: мәтін бетіне 3 минут. қосу және алу белгісі. Біріншілік белгілеу.

3  Қабылдауды ұйымдастыру. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз – 30 сек. 14 сөз-1 мин-15 сек. 21 сөз – 2 мин-30 сек.  Кілтті сөздер жабылады. Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс. Берілген уақыт аяқталысымен сөздерді жасырып қояды және оқушылар сол кеткен уақыт аралығындағыдай уақыт ішінде естеріне сөздерді түсіруі тиіс. Сұрақ-жауап жүргіземін, нормаға сай есте ақлған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына екінші қосу белгісі қойып отырамын.  Екіншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

4  Ұғынуды ұйымдастыру  Қарама-қарсы сұрақ қою. Мұғалім ООМ бойынша оқушыларды ретсіз түрде сабақтың тақырыбына байланысты кілттік сөздерді қоса сұрайды.  Үшіншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

5  Түсінудің біріншілік тексеруі  Оқушылардың бірін бірі тестілеуі. Оқушылар өткен тақырып бойынша тестілер құрастырады және орынға отырғызу матрицасы арқылы сұралады. Өзге оқушының сайт номерін айту арқылы жүзеге асырылады. Бірін бірі тестілеу нәтижесі бойынша белгі қою ережесі: 1. Тестіні шешетін оқушы дұрыс жауабы үшін ООМ қосу белгісін алады. 2. Тестіні шешетін оқушы дұрыс емес жауабы үшін ООМ алу белгісін алады. 3. Тест құраушы оқушы ООМ қосу белгісін алады егер де, ол қойған сұраққа дұрыс жауап алынбаса. 4. Тест құраушы оқушы ООМ алу белгісін алады егер де, ол қойған сұраққа дұрыс жауап алынса.  Бірінші нұсқадағы оқушылар тест тапсырмаларын дайындайды, ал екінші нұсқадағылар жауап береді. Төртінші белгілеу .

6  Біріншілік бекітуді ұйымдастыру Уақыт 5 минут  Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. шығарма түрінде жазуға рұхсат беріледі. Көмекші сөз және жалғау сөз болып саналмайды. ТСҚ нормативі төменде келтірілген. Бесінші белгілеу барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

7 Түйсіну 

8 Талдау 

9 Бағалау Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады: - 4- 5 белгі – 5 ұпай. - 3 белгі – 4 ұпай. -2 белгі – 3 ұпай. -1 белгі – 2 ұпай.  Сапа нормативі карта бойынша орындалды деп есептеледі егер де,: оқушылардың 63% 5 ұпайдан алса. 10 Үй тапсырмасы 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.

 «Ауызша сабақ-3» картасы

. 1 Ұйымдастыру кезеңі Мотивация  Үй жұмысы тексерілмейді- бұл жаңа тақырып. Сынып өз бетінше үштікке бөлінеді. Әрбір үштікте үш роль: «Орындаушы»- тапсырманың дұрыс орындалуына жауап береді; «Сыншы»-қатені табуға жауап береді; «Шабыттандырушы»-топтың сәтті жұмыс жасауына жауап береді. Әрбір үштік өз аттарын қояды. Карта бойынша жұмыс нәтижесін ендіретін тақтадан әрбір үштік үш ұяшықты алады. Оқушылар мотивациясы топпен ізденіс жұмысын жүргізу.  Карта бойынша жұмыс ретін түсіндіреді. Сыныпты белсендіру үшін сынып көшбасшысына сөз беріледі. Жауап үшін ұяшыққа ұпай саны немесе алу белгісі қойылады.

2  1 кезең Іс-әрекет тәсілдері мен білімдер кешенін өзектендіру  Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. шығарма түрінде жазуға рұхсат беріледі. Көмекші сөз және жалғау сөз болып саналмайды.  Уақыт 5 минут. Норма: - үштікке және оқушы ұяшығына бір ұпай қойылады. Бірінші белгілеу.

3  2 кезең Ұқсас және жаңа жағдаяттарды шешуге өз бетінше білімдерін қолдану  Тірек сөздерін іздеу. Ол мәтінмен жұмыс жүргізу барысында жүргізіледі. Мәтінмен жұмыс жасау уақытының жаңа нормативтері ендіріледі. Үштіктің тақтаға жазылған әр бір кілт сөзі үшін бір ұпай алады. Ұпай тек, қол көтеріп, өздерінің кілт сөзінің жаңа нұсқасын ұсынған жағдайда қойылады. Кілт немесе түйін сөздерінің сапасы сабаққа дейінгі мұғалімнің жасаған түйін сөздер тізімімен сәйкес келуі тиіс. Жеке үштіктің беретін түйін сөз саны – 3 кем болмауы тиіс. Тірек сөздерінің эталонын мұғалім сабаққа дейін дайындайды. 2 сөзден құралған мағыналы сөз екі сөз ретінде есептелінеді.  1-2 сынып: 5 минут бір бет мәтінге; 3-4 және 7-11 сыныптар: 4 мәтіннің бір бетіне 4 минут; 5-6 сынып: мәтін бетіне 3 минут Әр сөз үшін үштік мүшенің біреуі 1 ұпай алады. Екінші белгілеу.

4  3 кезең өздік бақылау .  Есте сақтап тірек сөздерді жазу Сөз саны – 21, рухсат 19 сөз. Әр үштік 3 ұпай алуға құқылы, орындалған нормативтер үшін әр бір мүшесіне бір ұпайдан алады. Үштіктер арасында өз-өздерін тексеру жүргізіледі. Тексеріп болғаннан соң, нәтижесін үштіктер мұғалмге ұсынады.  Үшінші белгілеу. топ ұяшығына бір санын және алу белгісін қояды.

Информация о работе Биоақпараттану және синергетика технологиясы биология сабағында