Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2012 в 17:05, реферат
Жер – сан жеткізгісіз көптеген космостық объектілермен әрекеттес жалпы заңдарға бағынатын шексіз тұрақсыз Әлем дүниесінің бөлігі. Жерді тұтастай немесе оның қабығын жекелей зерттеу, оның әлем дүниесіндегі орнын қарастырмай, космостың әсерінің есебінсіз зерттеу мүмкін емес.
Тақырыбы : Жер-тірі материяның тіршілік ету орны.
Мақсаты: Жер плантасның химиялық құрамы, оның күн жүйесіндегі алатын орнын түсіндіру
1 Жер планетасы Күн жүйесінің құрамына кіретін планеталар қатарында.
2 Жер планетасының химиялық құрамы.
3 Жер планетасында болатын химиялық элементтер формалары.
халықтың денсаулығын және тұрмысын жақсарту.
Республикамыздағы алуантүрлілікті сақтау саласында да БҰҰДБ қалыптасқан жағдайға талдау жасап, оны жақсарту үшін өткізілетін іс-шараларды айқындады. Осы мәселе бойынша қоғамда кеңінен ақпарат таратылып, есептер дайындалды. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі тарапынан биоалуантүрлілікті сақтау мен тұрақты пайдаланудың Ұлттық стратегиясы мен әрекеттер жоспары мақұлданды. Ендігі жедел атқарылар мәндеттемелердің бірі – биологиялық алуантүрлілікті сақтау шеңберінде өтетін Халықаралық конвенцияға арналған ұлттық есеп дайындау және тарату.
3.«ХХІ ғасыр күн тәртібі» экологиялық бағдарламасы
«ХХІ ғасыр күн тәртібі» экологиялық бағдарламасы қабылданды. Бұл конференцияда тұрақты дамудың қоршаған ортаны сақтау тұрғысындағы бағыттары жан-жақты көрсетілді:
1 мәселе – кедейшілікпен күрес.
2 мәселе – тұтынудың құрылымын өзгерту.
3 мәселе - халық және тұрақтылық.
4 мәселе – адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту.
5 мәселе – тұрақты тұрғын жерлер, урбанизация. Қоғамның урбанизациясы, экономикалық даму процесінің бір бөлігі болып табылады.
6 мәселе – Атмосфераны қорғау – атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергия өндіру мен тұтыну.
7 мәселе – Жер ресурстарын тиімді пайдалану.
8 мәселе – ормандарды жоюмен күрес.
9 мәселе – шөлдену мен құрғақшылықпен күрес.
10 мәселе – мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану.
11 мәселе – тұщы су қорғау және тиімді пайдалану.
12 мәселе – Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру.
13 мәселе – қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою.
14 мәселе – радиоактивті қалдықтар жою.
15 мәселе – балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз ету рөлі.
16 мәселе – тұрақты даму мақсаттарындағы білім мен ғылым беру.
Климаттың өзгеруі туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Рамалық конвенциясы
Осы конвенцияға қатысушы жақтар.
Жер климаттың өзгеруі және оның қолайсыз нәтижелері адамзатты алаңдатып отырған мәселе екенін мойындай отырып, атмосферада адамзат іс-әрекетінің нәтижесінде буланған газдар концентрациясының айтарлықтай дәрежеде көбейіп отырғанына, мұндай көбею табиғи булануды күшейтетіне, сөйтіп бұл жағдай орта есеппен алғанда Жер бетін және атмосфераны қосымша жылытатынына, оның адамзат пен табиғат экожүйесіне қолайсыз әсер етуі мүмкін екеніне алаңдай отырып, буланған газдардың ауқымды ең көп бөліну мөлшері бұрын да және қазір де дамыған елдердің үлесіне тиетіндігін, салыстырмалы түрде дамушы елдерде жан басына шаққанда мұндай бөлінудің төмен екендігін, бірақ дамушы елдерде әлеуметтік қажеттілік пен тұтынушылықтың өсуіне байланысты мұндай орасан зор бөлінудің мөлшерін арта беретінін белгілей отырып,
жер бетінде және теңіз экожүйесінде буланған газдарды жұтытындырдың және жинайтындардың рөлі мен маңызын ескере отырып,
климаттың өзгеруін, анығырақ айтқанда, оның мерзімі, ауқымы және аймақтық ерекшеліктері бойынша болжам жасаудың мәлім емес сәттерінің көптігін біле отырып,
климат өзгерістерінің орасан зор мөлшері барлық елдердің мейлінше жан-жақты қарым-қатынас жасауын, олардың іс-әрекетін және икемдігін халықаралық көлемде ортақ іске жұмылдырып, бірақ олардың жеке жауапкершілігі мен нақты мүмкіндіктерінің, сондай-ақ әлеуметтік және экономикалық жағдайларын ескерудің қажеттілігін мойындай отырып,
1972 жылы 16 маусымда Стокгольмде қабылданған адамды қоршаған ортаның мәселелері туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Конференциясының Декларациясындағы ережелеріне сүйене отырып,
БҰҰ-ның Жарғысына және халықаралық құқық принциптеріне сәйкес мемлекеттер қоршаған орта және даму бойынша өз саясатына лайық өзінің ресурстарын игеруге тәуелсіз құқы бар екенін және өз юрисдикциясындағы немесе ұлттық юрисдикция қызметінен тыс жерлердің қоршаған ортасына зиянын тигізуге болмайтынын ескере отырып, қоршаған орта бойынша мемлекеттердің тиімді заңдарды іске қосуын, басқару саласындағы қалыпты орта мен дамудың жақтарына сай болуын, кейбір елдерде қолданылатын қалыпты өлшемдердің басқа елдердің, әсіресе, дамушы елдердің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы тұрғысынан қарағанда орынсыздығын және негізсіздігін мойындай отырып, қоршаған орта және даму бойынша БҰҰ-ның Конференциясы туралы 1989 жылғы 22 желтоқсанда Бас Ассамблеяның 44/228 қаулысына және адамзаттың қазіргі және болашақ ұрпағының мүддесі үшін орасан зор климатты қорғау туралы 1988 жылғы 6 желтоқсандағы 43/53 қаулысына, 1989 жылғы 22 желтоқсандағы 44/207 қаулысына және 1991 жылғы 19 желтоқсанындағы 46/169 қаулысына сүйене отырып, 1989 жылы 22 желтоқсандағы Бас Ассамблеясының аралдар мен жағадаудағы аймақтар, әсіресе төмен орналасқан жағалаудағы аймақтарда теңіз көтерілгенде болуы мүмкін қолайсыз жағдайлар туралы 44/206 қаулысына, 1989 жылғы 19 желтоқсандағы Бас Ассамблеяның Қуаңшылыққа қарсы күресу бойынша әрекет етудің жоспарын жүзеге асыру туралы 44/172 қаулысына сүйенді.
Сол қаулыға байланысты озон қабаттарын қорғау туралы 1985 жылғы Вена конвенциясына және озон қабаттарын бұзатын заттар туралы 1987 жылғы Монреаль хаттамасына, оның 1990 жылғы 29 маусымдағы өзгертілген және толықтырылған нұсқасына сүйене отырып, 1990 жылы 7 қарашада Дүниежүзілік климаттық конференцияда қабылданған министрлердің Декларациясын қаперге ала отырып, климаттық өзгерісі бойынша көптеген мемлекеттердің іске асырып отырған аналитикалық жұмыстарының жұмыстарының бағасын, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымдардың, қоршаған орта бойынша БҰҰ Бағдарламасының және басқа мекемелердің, БҰҰ-ның органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ басқа да халықаралық және мемлекетаралық органдардың ғылыми зерттеуінің нәтижелерін алмасу және зерттеулерді үйлестіру процесінде қосқан маңызды үлестерін сезінді.
Климаттық өзгеру мәселелерін түсіну және шешу іс-шараларының экологиялық, әлеуметтік және экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда тиімді болуы үшін тек қана соған лайықты ғылыми, технологиялық және экономикалық ізденістердің негізінде, әрі осы салада қол жеткізген жаңа нәтижелердің барысында әрдайым қайта қаралғанда іске асатынын мойындай отырып,
Климаттық өзгеру мәселелерін шешу бойынша сол іс-шаралардың өз экономикасының мүмкіндігіне негізделгендіктен, сондай-ақ олардың басқа экономикалық мәселелерді шешуге ықпал ету қасиетін мойындайды.
Климаттық өзгеру нәтижесінде қолайсыз жағдайларға айрықша сезімтал жерлер, ойпаттар мен шағын аралдағы елдер және төмен орналасқан жағалаулар, қуаң және жартылай қуаң аймақтар, сондай-ақ су тасқынына, қуаңшылыққа, шөлге бейім жерлер мен құбылмалы таулы экожүйесі бар дамушы елдер екенін мойындап келді.
Буланған газдардың бөлінуін шектеу шаралары бойынша бірқатар елдердің, нақтылай айтқанда, экономикалық негізінен қазба отынның түрлерін экспортқа шығаратын және тұтынатын өндіріс әсіресе, соған байланысты дамушы елдердің айрықша қиын жағдайын мойындай келді.
Климаттың өзгеруіне сезімтал болу шаралары әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жалпы комплексті шаралармен үйлестіріліп отырылуы тиіс екенін, оған қолайсыз жағдай тудырмаудың қажеттігін, қайыршылықты жойып, орнықты экономикалық өркендеуге қол жеткізу ісінде дамушы елдердің аса маңызды заңды қажеттілктерін есепке ала отырып, барлық елдердің, әсіресе, дамушы елдердің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу үшін ресурстарды алуға зәру екенін, дамушы елдердің осы мақсатқа қарай бағытталуын, олардың отынды пайдалануда қажеттіліктерінің артып, жоғары тиімділікке жету мүмкіндігін және уланған газдардың бөлінуіне қарсы күрестің күшейетінін, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алғанда жаңа технология пайдаланудың ұтымды болатынын мойындай отырып, қазіргі болашақ ұрпақтың мүддесі үшін климат жүйесін қорғауға белді келісімге келді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Қоршаған ортаны қорғау саласныдағы қандай халықаралық ұйымдарды білесіз?
2. БҰҰ бағдарламалары қандай
Әдебиеттер тізімі:
1.Асқарова У. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау А. 2004
2.Молдахметов З.М., Газалиев А.М., Фазылов С.Д. «Экология негіздері». Қарағанды, 2002
3.Дарибаева А.О., Оразбаева Р.С. «Экология негіздері». Астана, 2001
4.Ә. Бейсенова , А. Самақова «Экология және табиғатты тиімді пайдалану»Алматы, 2004
Лекция 12.
Қоршаған ортаның аймақтық проблемалары
Мақсаты: Студенттерді қоршаған ортаның аумақтық мәселелрімен таныстыру
1.Арал мәселесі
2.Балқаш мәселесі
3. Семей полигоны проблемалары.
Арал, Балхаш және Семей полигоны өңіріндегі (немесе Қазақстанның өзге де нақтылы аймақтарындағы) қоршаған ортаны қорғау проблемалары. Булінген экожүйелерді калпына келтіру. Атмосфералық ауа, жер асты және жер беті суларының ластануьшың алдын-алу. Радиоактивті қалдықтарды көму. Арал аймағы эклогиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы: Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 7-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7-8, Жапонияда – 5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24-25 болған.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Арал мәселесінің себебі неде?
2. Семей полигонының қазіргі таңдағы мәселелері?
Әдебиеттер тізімі:
1.Асқарова У. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау А. 2004
2.Молдахметов З.М., Газалиев А.М., Фазылов С.Д. «Экология негіздері». Қарағанды, 2002
3.Дарибаева А.О., Оразбаева Р.С. «Экология негіздері». Астана, 2001
4.Ә. Бейсенова , А. Самақова «Экология және табиғатты тиімді пайдалану»Алматы, 2004