Биологиялық мембраналар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 06:21, реферат

Описание

Ж.Ж. Руссо баланың табиғатпен байланыста жетілетінін жақтады. Оның пікірінше тәрбие, "Баланың табиғи ерекшелігіне араласпай, оның өсуіне ерік беруі қажет" деді. Оның айнала қызығушылығын, еліктеушілігін, дарындылығын табиғи тұрғыда зерттеуді ұйғарды. Руссо тәрбиедегі қаталдықты (ұрып соғу, зомбылық), сүйіспеншілікпен ұштастыруды ұйғарды. Тәрбиедегі жоғары идеалдықты жақтады. Тәрбиешінің қолы, қолөнершінің қолындай, ол оның басының жұмыс істеуі - (ақылы, дарыны, ой-өрісі) сол дәуірдегі философтардан бір кем болмауын уағыздады. Оның теориясы - оқу тәрбие туралы өзінен бұрынғы ілімге негізделіп жасалды. Ең бастысы ол баланың айнала ортаға, өмірге ерекше білім құмарлығының болуын, оның өсуін, дамуын ұдайы мұғалім бақылап отыру тәсілдерін ұсынды. Тәрбие нәтижесі - білімді меңгеру процесінен туындайтынын атап көрсетті. Қол өнермен айналысу, пайдалы заттарды жасау, қоғамдық пайдалы еңбекпен айналысу - бұл таза, адал еңбек жалғасы болып есептеледі. Оның еңбек туралы ойлары прогрессивтік бағыт ұстады.

Работа состоит из  1 файл

Жан жак руссо.doc

— 38.00 Кб (Скачать документ)

Жан - Жак Руссоның педагогикалық теориясы

1. Жан  - Жак Руссоның әлеуметтік саяси көзқарастары. 
2. Еркін т
әрбие теориясы. 
3. Руссоны
ң педагогикалық теориясының мәні.

"Болжамалы,  болжам! Мен қайталап айта бергім келеді. ешқашан тоқталмаспын, біз сөздің маңызына ерекше, артық тоқталып жүрміз. Біздің бос сөзділігіміз, құрғақ жаттауымыз, мылжың сөздігіміз, тәрбиеміз - тек мылжыңдар тәрбиелеуге жарап жүр". (Ж. Ж. Руссо). 
Педагогикада
ғы догматизммен, схоластикамен, бос сөзділікпен - XVII ғасырда француз материалистері және ағартушылар Д.Дидро (1713-84), К. Гелвеций (1715-1771), Л.Гольбах (1723-1789), әсіресе Ж.Ж. Руссо (1712-1778), қажымай күрес жүргізді.

Ж.Ж. Руссо  баланың табиғатпен байланыста жетілетінін жақтады. Оның пікірінше тәрбие, "Баланың табиғи ерекшелігіне араласпай, оның өсуіне ерік беруі қажет" деді. Оның айнала қызығушылығын, еліктеушілігін, дарындылығын табиғи тұрғыда зерттеуді ұйғарды. Руссо тәрбиедегі қаталдықты (ұрып соғу, зомбылық), сүйіспеншілікпен ұштастыруды ұйғарды. Тәрбиедегі жоғары идеалдықты жақтады. Тәрбиешінің қолы, қолөнершінің қолындай, ол оның басының жұмыс істеуі - (ақылы, дарыны, ой-өрісі) сол дәуірдегі философтардан бір кем болмауын уағыздады. Оның теориясы - оқу тәрбие туралы өзінен бұрынғы ілімге негізделіп жасалды. Ең бастысы ол баланың айнала ортаға, өмірге ерекше білім құмарлығының болуын, оның өсуін, дамуын ұдайы мұғалім бақылап отыру тәсілдерін ұсынды. Тәрбие нәтижесі - білімді меңгеру процесінен туындайтынын атап көрсетті. Қол өнермен айналысу, пайдалы заттарды жасау, қоғамдық пайдалы еңбекпен айналысу - бұл таза, адал еңбек жалғасы болып есептеледі. Оның еңбек туралы ойлары прогрессивтік бағыт ұстады.

Француз буржуазиялық революциясы кезінде оның ең революцияшыл партиясы якобиншілер Руссоны өздерінің идеялық көсемі ретінде бағалады. Руссо өлгеннен кейін оның саркофагіне "Бұл жерде табиғат пен шындықтың адамы жатыр" деген сөздердің жазылуы кездейсоқ беріле салған баға емес еді. Француз бен швейцар еңбекшілерінің атынан ұлы ойшылға асқан құрмет ретінде әдейі сол екі елде де (Франция, Швейцария) Руссоға ескерткіш орнатылған, кейін оның аты бүкіл дүние жүзіне әйгілі болды. 
Саяси пікірлерінде Руссо батыл т
үрде ескі қоғамның негізіне қарсы, әділетсіздік, екі жүзділік атаулыға қарсы қажырлы күресші ретінде көрінді. Өзі төменгі сословиеде шыққан Руссо қарапайым еңбеккерлерді ғана сүйіп, басқалардың еңбегі арқылы өмір сүруші арамтамақтардан жаны түршіге жиіркенді.

Руссо өзінің саяси пікірлері баяндалған "Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы" атты еңбегінде теңсіздік цивилизацияның дамуымен күшейе бермек деп дәлелдеді. "Қоғамдық шарт" деген шығармасында Руссо мемлекеттің пайда болуы жөніндегі бұрыннан ұсынылып келе жатқан қоғамдық шарт теориясы дегенді қолдай отыра, феодалдық қоғамға өзінің болжаған бір қоғамы - "Адамдардың табиғи жағдайда болуы" дегенді ұсынады. Оның ойынша, бұл қоғамда адамдар бірімен-бірі тең және бостандықта болуға тиіс, ал олар кейіннен өздерінің "табиғи праволарын", еңбекке негізделген меншіктерін қорғап сақтау үшін ғана уақытша өз еріктерінше праволарынан бас тартқан.

Осы ойымен байланыстыра отыра, Руссо асқан жігерлілікпен, бойды кернеген ызамен тирандықты, эксплуататорлардың озбырлығын әшкереледі; халық тілегін қанағаттандырмайтын үкімет заңсыз, себебі ол қоғамдық шарт негізінде адамдардың өзі қалаған халыққа қызмет етеді деп сенген үкімет, сондықтан да ол үкіметке шарт бойынша адамдар өз праволарын тапсырған. Ал қазір сол бастапқы қоғамдық шарт бұзылып отыр, егер үкімет халыққа қызмет ете алмаса, үкіметгің халыққа қажеті де жоқ деп дәлелдеді.

Информация о работе Биологиялық мембраналар