Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 16:28, лекция
Биологиялық әралуандылық (Биологическое разнообразие) — түрлердің белгілі бір аумақта, экожүйеде немесе тіпті планета бетіндегі әралуандылығы (әртүрлілігі). Қазіргі кезде әлемде 2,5 млн-дай түр белгілі, оның 74%-ы тропиктік белдеуде, 24%-ы қоңыржай аймақта болса, тек 2%-ы полярлық белдеуде тараған. Дегенмен, ғалымдардың болжауынша, бұл деректер әлі толық емес. Себебі майда жәндіктер түрлері олі толық анықталмаған. Түрлердің ішіндегі ең көп тарағаны — жәндіктер, олардың түрлері 1 млн-нан астам. Дегенмен соңғы жылдардағы әлемдік ғылыми-техникалық үдеудің нөтижесінде адам қоғамының табиғатқа зиянды әсерлерінің көбеюінен түрлер саны жыл сайын азаюда. Қазір дүние жүзінде жыл сайын 1-ден 10-ға дейінгі жануарлар түрі жойылады екен. Ескеретін жағдай, өсімдіктің бір түрінің жойылуы майда жәндіктердің бірнеше түрлерінің жойылуына апарып соғады. Бұл жағдай әлемдегі биологиялық тепе-теңдікті бұзып, көптеген экологиялық келеңсіздікке әкелуі мүмкін.
Биологиялық әралуандылық (Биологическое разнообразие)
— түрлердің белгілі бір аумақта, экожүйеде немесе тіпті планета бетіндегі әралуандылығы (әртүрлілігі).
Қазіргі кезде әлемде 2,5 млн-дай түр белгілі,
оның 74%-ы тропиктік белдеуде, 24%-ы қоңыржай
аймақта болса, тек 2%-ы полярлық белдеуде
тараған. Дегенмен, ғалымдардың болжауынша,
бұл деректер әлі толық емес. Себебі майда жәндіктер түрлері олі толық анықталмаған.
Түрлердің ішіндегі ең көп тарағаны — жәндіктер, олардың түрлері 1 млн-нан астам.
Дегенмен соңғы жылдардағы әлемдік ғылыми-техникалық
үдеудің нөтижесінде адам қоғамының таб
Биоалуантүрліліктің экожүйедегі
байланыстарының толық болуының шарты
және негізгі факторы бола отырып, оның
ең маңызды қасиеті – тұрақтылықты қамтамасыз
етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін)
экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен
олардың түрлік құрамымен анықталады.
Ал ең ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің
артуына оларға кіретін кіші деңгейдегі
экожүйелердің маңызы артады. Биосфераның
геологиялық тарихының барысында онда
тіршілік ететін ағзаларының түрлерінің
саны тұрақты болмаған. Әрбір түр белгілі
бір уақыт қана өмір сүреді. Шамамен 10-30
млн жыл түрлерінің ішінде өмірі өте қысқа
(бірнеше мың) және ұзақ өмір сүретін түрлер
– тірі қазбалар да бар. Мысалы, мүктер
өзгермеген қалпында шамамен 500 млн жыл
, жалаңаш тұқымды ағаш – гингко дәуірінен
бері 150 млн жыл тіршілік етіп келеді. Жануарларының
ішінен тірі туатын балық латимерияны
атауға болады. Ол 60 млн жыл бұрын жойылып
кеткен деп есептелінді. Бірақ 1938 жылы
Комор аралдарының маңынан табылған.
Экология ғылымы ең маңызды биоалуантүрлілік
туралы ғылымды зерттейді. Табиғаттағы
барлық биологиялық процестер биосфера
мен экожүйелерден тыс жүрмейді. Осыдан
биоалуантүрліліктің үш үлкен бұтағы
тарайды. Әрбір бұтағы деңгейлерге бөлінеді.
Биоалуантүрліліктің әр деңгейі бөлімдерге
бөлінеді. Бұл бөлімдерде биоалуантүрлілік
әртүрлі тірі ағзалардың арасындағы ерекше
туындысы ескеріледі. Олардың арқасында
көрсеткіші құрылады, қоршаған ортаға
төзімділікті қамтамасыз етеді. Биоалуантүрліліктің
жоғары деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер
және ландшафтар орналасады. Табиғатта
біртекті мекен орталары болмайды.
Біз биоалуантүрлілік жайында сөз еткенде,
ең біріншіден көптеген жануарлар, өсімдіктер,
саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін
жатқызамыз. Кез келген түр дараларды
құрады. Генетикалық жағынан бір біріне
өте жақын келеді. Олар еркін шағылысады
және өсімтал ұрпақ береді. Сол уақытта
кейбір даралар түрлері басқа даралар
түрлерімен еркін шағылыса алмайды. Ғалымдар
әрдайым жаңа жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар
және микроағзалар түрлерін сипаттап,
жаңа түрлерін атауда. Біздің планетамыздағы
түрлердің нақты санын ешкім келтіріп
бере алмайды. Алайда жануарлардың түрлері
өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың,
бактериялардың санынан әлдеқайда басым
түседі.
Егер ертеректе бір түр орташа алғанда
2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда
әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан
бастап омыртқалы жануалардың 173 түрі
(109 құстар және 65 сүтқоректілер) және өсімдіктердің
20 түрі жойылып кетті.
П. Ревелль мен Ч. Ревельдің болжамы бойынша
алдағы 20 жылда миллионға жуық түрлер
жойылып кетуі мүмкін. Олардың көпшілігі
тропиктік ормандарды мекендеушілер.
Түрлердің санының күрт төмендеуі мен
түрлердің жойылу себептері алуан түрлі.
Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі
немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы
жануарларға қатысты алсақ бұл факторға
түрлердің жойылуының 60 пайызы жағдайлары
сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс
пайдалану , содан кейінгі орында азық
қорының кемуі, зиянкестерді жою және
кездейсоқ жемтік тұр.
Экологиялық мәселелерді және биологиялық
алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы –
Қызыл кітап. Табиғи ресурстары мен табиғатты
қорғаудың халықаралық одағы (МСОП) бүкіл
планетаның Қызыл кітабын құрастырған.
Биоәртүрлілікті сақтау
Қазақстанның экожүйесі Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлілік бірегейлігімен ерекшелінеді.
Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоғалуы генетикалық деңгейдегі әртүрлілікті жоғалтуға және экожүйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі. Биоәртүрлілікті іc жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, ішкі және теңіз су айдындарының ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсімдіктер мен жануарлардың бөгде түрлердің жерсінуі де биоәртүрлілікті жоғалтудың алаңдатар жәйі деп танылды.
Биоәртүрлілікті сақтау үшін Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияны бекітті, биологиялық әртүрлілікті сақтау және теңгермелі пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-қимыл жоспарын әзірледі.
Биоәртүрлілікті сақтаудың неғұрлым тиімді шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9%-ін құрайды, бұл биологиялық әртүрліліктің экологиялық теңгерімін сақтау үшін тым жеткіліксіз және 10%-ті құрайтын әлемдік стандарттардан төмен.
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейін олардың алаңын 17,5 млн. гектарға дейін ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4%-ін құрайды.
Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында биоәртүрлілік объектілерінің жай-күйін бағалау және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін ұлғайту және қазіргі табиғи және антропогендік процестерді ескере отырып, оларды жасанды молықтыру және бұзылған аумақтарда қалпына келтіру жолымен табиғи популяциялардың сирек түрлерін сақтау, елдің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және «Адам және биосфера» бағдарламасы шеңберіндегі биосфералық аумақтар тізіміне енгізу жөніндегі шараларды іске асыру қажет.
Республика аумағының небәрі 4,2%-ін алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық, ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және мәдени мәнін, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің табиғи резерваттары ретіндегі олардың орасан рөлін ескере отырып, оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне көшіру жөніндегі шұғыл шаралар қабылдау қажет. Бұл үшін 2006 жылға дейін мемлекеттік биосфералық резерваттардың желісін қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу қажет.
Соңғы уақытта, әлемде кең таралған генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдерді әкелу Қазақстан үшін елеулі сыртқы қатер болып отыр. Бүкіл әлем бойынша генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдердің кең таралу қауіптілігін ескере отырып, Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияның Биоқауіпсіздік жөніндегі Картахена хаттамасы қол қоюға алынды. Қазақстанның Картахена хаттамасына қол қоюы өзге елдердің біздің еліміздің аумағында генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдерді трансшекаралық өткізуімен байланысты қызметті жүзеге асырудағы жауапкершіліктерін арттыруға, оларды елге әкелуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға, зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер ісінде өзара көмекті, сондай-ақ биотехнологиялар саласындағы ақпарат алмасуды қоса, халықаралық тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы Тұжырымдаманың айтылған ережелерін іске асыру қоршаған орта объектілерін сақтауды, оны белгілі бір тұрақтылық деңгейінде ұстап тұруды, өзін-өзі реттеу қабілеті мен жанды және жансыз табиғат түрлерінің, оның ішінде жойылу қаупі төнген тіpі организмдер геноқорының көптүрлілігін сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.