Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 09:18, курсовая работа
Адам – биосфераның құрамдас бөлігі және оның жемісі. Адам алғаш рет пайда болғанда өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей тәуелді болып өмір сүрді. Бірте-бірте адам санының артуы, еңбек құралдарын жетілдіріп, құрлықта кеңінен тарала түсуі адамның табиғат байлықтарын пайдалануын және оны игеруін жеделдете түсті. Бұрын игерілмеген жерлер игерілді, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтары пайдаға аса бастады.
1. Биосфера туралы түсінік.
2. Табиғатты қорғау.
3. Биосферадағы табиғи әрекеттерді басқару.
Биосфера және адам.
Жоспары
1. Биосфера туралы түсінік.
2. Табиғатты қорғау.
3. Биосферадағы табиғи әрекеттерді басқару.
1. Адам – биосфераның құрамдас бөлігі және оның жемісі. Адам алғаш рет пайда болғанда өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей тәуелді болып өмір сүрді. Бірте-бірте адам санының артуы, еңбек құралдарын жетілдіріп, құрлықта кеңінен тарала түсуі адамның табиғат байлықтарын пайдалануын және оны игеруін жеделдете түсті. Бұрын игерілмеген жерлер игерілді, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтары пайдаға аса бастады. Әсіресе минералды байлықтарды игеру өнеркәсіп салаларының дамуына әсер етсе, ал жерді пайдалану ауыл шаруашылығының дамуына негіз болды. Ең алғашқы кезде адам өзінің өмір сүруіне қолайлы ірі өзендер мен көлдердің маңына қоныстанды. Сондай-ақ өзендер арқылы бір жерден екінші жерге баруға да ыңғайлы болды. Бірте-бірте адамның іс-әрекеті табиғатты кеңінен игеруге ұмтылдырды. Жаңадан суқоймалар, каналдар қазу, су арнасын бұру, тоғандар салу арқылы табиғатқа әсері де күшейе түсті. Адамзат өнеркәсіпті өркендету арқылы жануарлар әлемінен бөлініп оқшаулана түсті. Материалдық байлықтарды игеру мақсатымен биосфераны өз мүддесіне сай өзгерте түсті. Көрнекті ғалым В. И. Вернадскийдің айтуы бойынша адам қуатты геологиялық күшке айналды. Техникалық дамыту және энергияның жаңа көздерін пайдалану, ауыл шаруашылығын өркендету, ғылым салаларын меңгеру адамзаттың табиғатқа ықпал етуіне жол ашты.
Қазіргі кезде биология ғылымдарының да көптеген жаңа салалары – бионика, биофизика, биотехнология және гендік инженерия, т.б. салалары қарқынды түрде дамып келеді.
Адамның осындай қуатты ықпалы, ақыл-ой, санасы және оның білімі биосфераның жаңа деңгейге көшкенін көрсететінін В. И. Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде ерекше атап көрсетті. Ол биосфераның мұндай ең жоғарғы деңгейін ноосфера деп атады. Ноосфера грекше саналы қабықша деген ұғымды білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, ноосфера адамзаттың ғылыми ой-санасы және еңбегі арқылы өзгерген биосфераның жаңа деңгейі болып саналады.
Ноосфера – биосфераның жаңа жағдайда көшкен деңгейі, онда адамның саналы ақыл-ойы табиғаттағы барлық әрекеттерді айқындайтын негізгі
Фактор болып есептелінеді. В. И. Вернадский ноосфера ұғымына толық түсінік берді. Оның ілімі бойынша адамзаттың ғылыми ой-санасы және еңбегі арқылы биосфераны жасампаздықпен өзгерте отырып көркейту, яғни адамзаттың өзі және келешек ұрпағы үшін сақтап қалу, әрі тіршілік атаулыға барынша қолайлы жағдай жасау болып табылады. Қазіргі кезде бүкіл Жер бетіндегі халықтарды толғандырып отырған мәселе – биосфераның тепе-теңдігін сақтай отырып, оны көркейту болып отыр.
Ол үшін бүкіл адамзат бірлесе отырып ынтымақтастықпен жұмыс істеуі шарт. Сонымен бірге, тығыз байланыс жасай отырып, өзара үнемі пікір алысып, биосферадағы тіршілікке зиянды әсері жоқ энергия көздерін тауып пайдалану қажет. Бұл арада күн, жел және теңіздердің қайтуы мен тасуы кезіндегі, энергияларды пайдалану тиімді.
Қазіргі кезде көп мемлекеттерде Күн энергиясын пайдалвну арқылы теңіз суын тұщыландыру, ауруларды емдеу және басқа да шаруашылық салаларында пайдалану жұмыстары қолға алынған. Ғалымдардың деректері бойынша қазіргі кездегі қоры белгілі дүние жүзіндегі жылу және электр энергиясымен 80 жылға және әлі ашылмаған жер қойнауындағы қорларды есептегенде 140 – 160 жыл мөлшерінде қамтамасыз етуге ғана жетеді екен. Олай болса келешекте әрі арзан, әрі табиғатты ластамайтын энергия көздерін пайдаға асыру мәселесі тұр. Мұндай табиғи энергия қорлары Қазақстанда да кездеседі. Тек қана Алматы мен Талдықорған облыстарында техника жағынан игеруге ыңғайлы, әрі арзан табиғи энергия көздері баршылық.
Бұл арада Іле және Жоңғар Алатауынан Басталатын үлкенді-кішілі жүздеген өзендерді атауға болады. Олардың жыл сайын 8 млрд. Киловатт-сағат энергия беретіні есептеліп шығарылған. Сондай-ақ бұл өңірде жел энергиясын да игеруге мүмкіншіліктер бар екені анықталды. Оған Алакөл ауданындағы Жоңғар қақпасын, Шелек аңғарын атауға болады.
Қазіргі кезде адамзат тек Жерді ғана игеріп қойған жоқ, сондай-ақ ғарыш кеңістігін, Айды, Шолпанды және басқа ғаламшарларды игеруге қадам жасап отыр.
2. Адам қоғамының қазіргі кездегі дамуы, оның алдына көптеген күрделі мәселелер қойып отыр. Олардың негізгілері дүние жүзілік деңгейде биосферадағы табиғи заңдылықтарға үйлесімді технологиялық өндірісті дамыту, энергия көздерін және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану болып отыр. Ауаның, судың және топырақтың тазалығын сақтау қазіргі күннің өзекті мәселесінің бірі деп саналады. Мұның өзі адамның денсаулығын сақтаумен өте тығыз байланысты.
Қазақстанда табиғат байлықтарын қорғауға байланысты арнайы заңдар қабылданған. 1991 жылы 18 маусымда “Қазақстан Республикасының айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы” заңы, ал 1992 жылы қаңтардың 18-інде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің “Арал өңірі халқының
Тіршілік жағдайларын түбірінен өзгерту жөніндегі шұғыл шаралар туралы” арнайы қаулысы қабылданды. Ірі өнеркәсіп орындарда қалдықсыз технологиялық әдістерді енгізу, тұйық жүйе бойынша істеуге көшу, жанармайлардың ауаны ластамайтын түрлерін пайдалану да ғылымның алдында тұрған кезек күттірмейтін мәселе болып отыр. Өндіріс орындарында табиғатты ластауға жол бермейтін құрылыс материалдарын ойлап шығару, оларды пайдаланудың мерзімін ұзартуға басты көңіл бөлінуде. Бұл салада Қазақстан ғалымдарының қосқан үлесі мол. Қазақстандық өнертапқыш ғалым Ғ. Наурызалин ауа, су өткізбейтін құрылыс материалын жасаудың жаңа әдісін тапты. Оның ойлап тапқан құрылыс материалы дүниежүзілік деңгейдегі материалдардан ең берік деп саналатын “Бетон-20”-дан 100 – 1000 есе сапалы болып шықты. Ал Қазақстандық орман шаруашылығы саласындағы ғалымдар терек ағашының әрі өсімтал, әрі құрғақшылыққа төзімді іріктемесін шығарып, оны Арал теңізінің суы тартылған сортаңды жерлерін бекіту үшін өсіруді ұсынып отыр. Сонымен бірге, “Қазақстан орманы” деген бағдарлама бойынша да 2010 жылға дейін республикадағы жасыл желекті алқапты 4,6 процентке жеткізу көзделуде, ал қазіргі кездегі орман алқабы республика жерінің 3,7 процентіне ғана тең. 1992 жылдан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына толық мүше болып кірді. Оған мүше 175 мемлекеттің ішінде жер ауқымы жөнінен Қазақстан 9-орында, халқының саны жөнінен 41-орында, ал ядролық қару-жараққа ие әлемдегі 8 елдің бірі болып отыр. Тіпті Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту БҰҰ-ның жанындағы айналадағы ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасына да енгізілді.
Қазіргі кезде Арал теңізін құтқарып қалу жолында Орталық Азия, Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында халықаралық қор құрылып, игілікті істерді қолға алып отыр.
Халықаралық деңгейде жүргізіліп отырған БҰҰ-ның басшылығымен жүргізілетін “Адам және биосфера” бағдарламасының жұмыстарына да Қазақстан ғалымдары белсене атсалысуда. Қазақстандағы Алматы, Ақсу-Жабағылы, Қорғалжын қорықтарының ғылыми қызметкерлері де бұл салада өз үлестерін қосуда. Қазақстанда қорғалатын территориялар жүйесін дамыту
ісі жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 1991 жылы Талдықорған облысында табиғаты өте ерекше “Алтынемел” ұлттық-мемлекеттік қорығы ұйымдастырылды.
1993 жылы Көкшетау облысында әйгілі Бурабай ұлттық тынымбағы, ал сол жылы Оңтүстік Қазақстан облысында атақты “Ордабасы” тарихи, әрі табиғи қорығы да ұйымдастырылды. Алдағы уақыттарда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиасының ұсынысы бойынша 2000-жылға дейін Қазақстанда 21 мемлекеттік қорықтар ұйымдастыру көзделіп отыр. Оның әрқайсысы Қазақстанның әр түрлі табиғи жағдайларының ерекшелігін ескере отырып ұйымдастырылады. 1994 жылы Қаратау және Торғай қорықтарын ұйымдастыру жұмыстарын аяқтау көзделіп, алдағы уақытта Алакөл қорығын ұйымдастыру жоспарда тұр.
3. Биосферадағы биомасса мөлшерін арттыру үшін, оның құрамды бөліктерінің тіршілігіне, оларда жүретін қоректік тізбекке қолдан қолайлы жағдай жасап отыру керек. Адамның тікелей іс-әрекеті арқылы жасалған биоценоздар агроценоз деп аталады. Оған егістік алқаптар, қолдан жасалған жайылымдықтар мен шабындықтар жатады. Егістік алқаптардың маңына қорғаныштық мәні бар жасыл желекті бұталар ағаштар отырғызу агроценоздың түсімділігінің артуына септігін тигізетіні іс жүзінде дәлелденіп отыр. Сондай-ақ эрозияға ұшыраған алқаптарда агротехникалық шараларды жүзеге асыруға ерекше мән берілуде. Бұл салада Ақмола облысындағы Шортанды астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Ол институтты дүниежүзіне белгілі ғалым Мехлис Сүлейменов игілікті істерімен басқарып келеді.
Агроценоздардың түсімділігін арттыру жолында ауыспалы егіс жүйесін ғылыми негізде жүргізе білудің де маңызы зор. Ауылшаруашылық зиянкестерімен күрес жүргізгенде биологиялық әдістерге ерекше мән беру қажет. Әсіресе саңырауқұлақтардан, вирустардан басқа да ұсақ ағзалардан дайындалған биологиялық препараттарды және тікелей пайдалы жәндіктерді пайдаланған тиімді болады. Бунақденелілерге жататын жарғақ қанаттылар отрядының өкілі трихограмма деген жәндік өз жұмыртқасын 16 түрлі зиянкес жәндіктердің денесіне салып, оларды жойып жібереді, оны орамжапырақ, мақта көбелектеріне де қарсы пайдалануға болады.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша жыртқыш құстар мен аңдардың табиғаттағы қоректік тізбекте елеулі орын алатындығы, табиғатты тазартушы екендігі анықталып, қазіргі кезде оларды ретсіз атуға тиым салынды. Кейбір жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруіне де жол бермеу жағына басты назар аударылады.
Табиғат қорғау шараларын нәтижелі жүргізіп және биосферадағы заңдылықтарды бұзбау үшін биология ғылымдарын жан-жақты әрі мұқият түрде дамытуға жол ашу қажет. Қорыта айтқанда, ноосфера ғылыми ой-сананың және әлеуметтік қатынастардың бір мақсатқа негізделген қорытындысын көрсетуі тиіс. Ол адамдардың бойындағы шығармашылық күш-қуатын және бар қабілетін барынша аша түсуіне жағдай жасау болып табылады. Ноосфераның негізгі мақсаты, халықтың әл-ауқатын көтеру, жер бетіндегі барлық адамның теңдігіне жол ашу, соғыс атаулыны болдырмау, барлық адамдардың шығармашылық еңбегінің жемісті болуына жағдай жасау болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер:
↑ Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Аныктамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0
↑ Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-927-4
↑ Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-175-4
↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Биосфера.
Биосфера (гр. биос—тіршілік, ө
Биосфера [2] — тірі организмдер өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде организмдер тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий
Биосфераның негізгі үш қабаты.
Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су),ли
Биосфераның бөлімдері:
1. Тропосфера
2. Гидросфера
3. Литосфера
4. Ноосфера
Мазмұны[жасыр] 1 Биосфераның пайда болуы 2 Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар 3 Биосфера және адамзат 4 Биосферадағы тірі организмдердің қызметі o o o o o 5 Биосферадағы алғашқы шегіністер 6 Қосымша 7 Биосфералық қорық 8 Пайдаланылған әдебиет |
Жердің бөлімдері.
Биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. Биосфераның ертеден бері қарай құралып келе жатқанын дәлелдейтін палеонтологиялық м
Кембрий дәуірінде барлық өсімдіктер теңіз суларына өскен. Олар көк жасыл балдырлар болатын.
Силур кезеңінде өсімдіктер құр
Девонның аяқ кезінде бұлардан басқа қырықбуындылар, плаундар және папоротниктер қаулап өсе бастады. Өсімдіктер құрлыққа шыққаннан кейін фотосинтездің ықпалымен атмосфералық ауаның химиялық құрамы өзгеріп, құрлық жануарларының дамуына жағдай туды, өйткені фотосинтез процесі арқылы ауада оттегі көбейе түсті.
Тас көмір дәуірі (карбон) жылы және ылғалды болды. Мұның өзі құрлық өсімдіктерінің қаулап өсуіне мүмкіншілік жасады. Әсіресе сәнді орман ағаштарының көлемі үлкен аймақтарды қамтыды. Бұл дәуірдегі өсімдіктер негізінен плаундар, қырықбуындар және папоротниктер болды. Бұлар псилофиттен таралып, тас көмір дәуірінің басында солардың орнын түгелімен басты.
Пермь дәуірінің бас кезіндегі өсімдіктерде тас көмір дәуіріндегі өсімдіктерге ұқсас көптеген белгілер болды. Бірақ пермь дәуірінің ортасында жер бетіндегі өсімдіктерге кенет өзгеріс кірді. Ағаш тәрізді плаундар, каламиттер, папоротниктер мүлдем жойылып кетті. Бұлардың орнына жалаңаш тұқымды өсімдіктердің тұқымынан өсіп шыққан қылқандылар, цикада тәрізділер және шикгалар өсе бастады.
Мезозой эрасы немесе орта тіршілік кезеңі бұдан 135 млн жыл бұрын басталып, 115 млн жылдан астам уақытқа дейін созылған. Үш дәуірге бөледі: триас, юра, бор.
Триаста тау құрылу процестері баяуланды. Бұл эраның құрлық өсімдіктері біркелкі болды.
Юра дәуірі жылы болды. Теңіз жағалауларындағы ормандарда папоротник, қырықбу
Мезозой эрасындағы, әсіресе соңғы кезінде – бор дәуіоінде, қазіргі флора қалыптасыдан бұрын, жер бетіндегі органикалық тіршілікке үлкен өзгеріс енді. Осы кезде теңіз сулары азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бор дәуірінің аяғында Шығыс Азиямен Америкадағы Анд аймақтары жоғары көтеріле түсті. Бор дәуірінде климат кенет өзгеріп кеткен. Профессор М.И. Голенкин бұл өзгеріс жерге түсетін күн сәулесінің интенсивті болуымен байланысты деп жорамалдайды.
Ауа райының бір мезгілде кенет өзгеруі өсімдіктер эволюциясында жаңа ароморфоз пайда болуына себеп болды. Бұларда көптеген жаңа прогрессивті белгілер жетіле түсті. Мәселен, аналықтың, сондай-ақ жеміс дамитын жотынның болуы, қосарлы ұрықтану, гүлдің пайда болуы және тағы басқа.
Кайназой эрасы бұдан 70 млн жыл бұрын басталған. Осы уақыттан бері барлық эралар бойынша қазіргі кезден флораның қалыптасу процесі жүрді. Кайнозой эрасы екі дәуірге бөлінеді. Ол үштік және төрттік кезеңдер.
Үштік дәуірде тау құрылу процесі дами түсті. Жер бетіндегі ең биік Альпы-Гималай таулары пайда болды. Осы кезде Қара теңіз бен Жер Орта теңіздері оқшауланып өз алдына бөлініп қалған.
Төрттік дәуір жер бетінде тіршілік дамуының ақырғы және ең қысқа дәуірі болып саналады. Ұзақтығы 1 млн жылдай ғана болды. Бұл дәуірге тән жағдай – сол суық кезеңдер және мұз дәуірі жылы ылғалды ауа райымен алмасып отырғаны байқалады. Өйткені өсімдік әлемі мен жер қыртысының даму процесі біркелкі емес. Мұздар жер бетін басқан кезде жылылықты сүйетін өсімдіктер оңтүстікке қарай ығысып кетті. Бірте-бірте ауа райы жылынып, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайлар туды.
Тірі организмнің анорганикалық материядан пайда болуы жайында тікелей экспериментті түрде алынған материал болмағандықтан мұны шешу ғалымдарға оңай түскен жоқ. Идеалистер ең алдымен діни ұғымдарды таратуға ұмтылды. Тірі организмдер құдайдың құдіретімен пайда болды деген терминді ұсынды. Өсімдіктерді, жан-жануарларды, адамдарды өлі инертті заттардан қазіргі біздің көріп жүргеніміздей толық бейнелі түрінде құдай жаратты деп соқты. Грек оқымыстысы Аристотель де тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болады дегеннен саяды. Адамзат құрттар, молюскалар немесе шіріген заттардан пайда болды деп түсіндірді. Бірақ Франческо Редидің жүргізген зерттеу жұмыстары, тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болды деген ұғымды жоққа шығарды. Ол жас етті алып, оны стаканға салып, бетін дәкемен жауып қойды. Ешбір тірі заттың пайда болғаны болмайтынын дәлелдеп шықты.